Главная страница

Қоғамдық есеп. есеп. Есепті шарты бойынша халы саны90000


Скачать 14.39 Kb.
НазваниеЕсепті шарты бойынша халы саны90000
АнкорҚоғамдық есеп
Дата15.05.2021
Размер14.39 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаесеп .docx
ТипДокументы
#205337

1. Есептің шарты бойынша халық саны-90000 оның ішінде 30-34 жас аралығындағы әйелдер саны -4000, туылғандар саны-1530,оның ішінде 30-34 жас аралығындағы әйелдер саны-380 .Ең алдымен бала тууының жалпы көрсеткішін анықтамыз.Ескеретін жағдай- өмір сүру көрсеткішінен басқа көрсеткіштер промиллемен өлшенеді.

1)Туу көрсеткішін табу үшін = 1жыл ішінде туылғандардың санын 1000 көбейтіп,бір жылдағы халықтың орташа санына бөлуіміз керек-(1530*1000) / 90000 =17 ‰

2)Әйелдердің өсімталдығын есептеу үшін бір жыл ішіндегі туылғандардың санын 1000 көбейтіп ,30-34 жас аралығындағы әйелдер санына бөлуіміз керек-(380*1000) / 4000 =90 ‰

2.Тұрғындардың табиғи қозғалысы.Тұрғындардың табиғи қозғалысының зерттеу әдістері

Қоғамның табғи қозғалысын демография ғылымы зерттейді. Сондықтан халықтың қоғамдық дамуы туралы ғылымды зерттейтін саланы біз -демография деп атаймыз. Медициналық демография -бұл халықтың механикалық ,табиғи қозғалысын және әлеуметтік- факторлардың әсерін зерттейтін ,көрсеткіштерді бағалайтын сала болып табылады. Ал демографиялық көрсеткіштерге -тұрып жатқан тұрғындардың денсаулығы, көбею заңдылықтарын, денсаулық сақта ұйымын жоспарлау ,арнайы жүргізілетін шаралар жатады десек болады. Демографияқұрылымына қарай жынысты яғни жасы , отбасы жағдайы , шығу тегін ,туу, өлу және миграцияны бақылайды.

Халықтың табиғи қозғалысы дегеніміз- халықтың туу және өлім көрсеткіштерінің есебінен сандық өзгеріс болып табылады. Статистикада халықтың табиғи өсімінің көрсеткіші кеңінен қолданылады, ол арқылы белгілі уақыттағы тірі туылғандар мен өлгендер санының айырмашылығын анықтауға болады яғни оң жауап болу керек. Ал оң жауап дегеніміз- туылғандар саны өлгендер санынан көп болуы керек. Егер айырмашылық теріс болса- онда халықтың табиғи азаю көрсеткіші болады.Демографиялық күрт өсу- әлеуметтік экономикалық жағдайлардың жақсаруымен байланысты халықтың санының күрт өсуі болып табылады. Халықтың табғи қозғалысы абсолютті көрсеткіштер және салыстырмалы көрсеткіштер болып бөлінеді.Абсолюттік көрсеткішке ,мысалы ретінде- осы кезеңдегі туылғандар саны, осы кезеңдегі өлгендер саны , халықтың табиғи өсімі, өлгендер мен туылғандар санының айырмашылығы. Ал салыстырмалы көрсеткішке- халықтың қозғалысының - туылу ,өлім табиғи өсу ,өмір сүру көрсеткіштері жатады. Өмір сүру көрсеткішінен басқа көрсеткіштердің барлығы промилле өлшенеді, яғни 1000 адамға шаққанда , ал өмір сүру көрсеткіші процентпен өлшенеді.Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи қозғалысты тағы да екі типке -байырғы және қазіргі деп бөледі. Байырғы табиғи өсім-12 промилледен көп, аз болса қазіргі деп аталады.

Демографияны екіге бөлеміз -статика және динамика.Статика дегеніміз- халық санының белгілі бір уақытқа сәйкес жынысын ,жасын, әлеуметтік , топтық ,кәсібін , қызметін зерттейді.Динамика болса- халық санының өзгерушілігін зерттейді.

Тірі туылған деп жүктіліктің 22 аптасынан немесе одан жоғары мерзімді ,дене салмағы 500 грамм болып ұрықтан шығарылуын айтсақ болады.Тіршілікке қабілетті деп туылу кезінде тыныс алу белгілері бар нәрестені айтамыз.Ал өлі туылған дегеніміз- жүктіліктің 22 аптадан төмен ,өмір белгілері жоқ ұрықтан шыққанға дейінгі өлімін есептейді.Әйелдердің бала туу көрсеткішін бір жылдағы тірі туылғандар санын бала тууға қабілетті әйелдер санына бөліп-1000 көбейту арқылы анықтайды.Жасына ,жынысына ,кәсібіне байланысты өлім көрсеткішін есептеу үшін- белгілі бір жастағы өлгендер санын 1000 көбейтіп, сол жастағы халықтың орташа жылдық санына бөледі.

Қазіргі таңда сәбилер өлімі көрсеткіші көп. Оның негізгі себептері- перинатальды кезеңде туындайтын жағдайларды, туа пайда болған ақаулар,тыныс алу жүйесінің аурулары, қайғылы жағдайлар, улану, жарақаттар ,инфекциялық аурулар жатады.

1.Ерте неонатальді өлім көрсеткіші- туылғаннан кейін 7 күн аралығында қайтыс болған балалардың санын 1000 көбейтеміз,тірі туылғандардың санына бөледі

2.Неонатальды өлім көрсеткішіуне- алғашқы 4 аптасында қайтыс болған балалар санын 1000 көбейтіп ,тірі туылғандар санына бөлеміз.

3.Кеш неонатальды өлім- өмірінің 2,3,4 аптасында қайттыс болған баларды 1000 көбейтіп, ,тірі туылғандардың 1 аптасында қайтыс болған балалар санына бөледі.

4.Постнеонатальды өлім көрсеткіші-өмірінің 29 күнінен 1 жылға дейін қайтыс болған балалардың санын 1000 көбейтіп, тірі туылғандардың алғашқы 4 аптасында қайтыс болған балалар санына бөлеміз.

Жас құрылымында 14 жасқа дейін балалар басым болса- онда ол үдемелі, ал 0-14 жасқа дейін балалардың басым болуы- регрессивті, 14 жастан 50 жас немесе одан жоғары болса стационарлы тип болып табылады

Біріккен Ұлттар Ұйымы шкаласы бойынша айтатын болсақ- 65 жас және одан жоғары- жас халық, 4-7 процент арасы болса- қартаю табалдырығында ,7 проценттен жоғары болса- қарт халық деп есептелінеді.

Қорытындылай келе демография саласының маңыздылығы- халықтың табиғи қозғалысынан туындайды десек болады. Халықтың дамып, көбейіп отырғаны мемлекет үшін өте маңызды. Демографиясы жақсы елдің болашағы зор.


написать администратору сайта