Эссе Атмосфералық шептер. Эссе Атмосфералы шептер Атмосфера шебі немесе Атмосфера фронты
Скачать 14.72 Kb.
|
Эссе Атмосфералық шептер Атмосфера шебі немесе Атмосфера фронты — атмосферадағы өтпелі белдем немесе екі ауа массасының (шартты түрде) арасындағы жігі, әр түрлі ауа массаларының шектесу полюстері мен бөліну зоналары. А. ш. белдемінің көлденең бағыттағы ені бірнеше ондаған км-ге, тік бағыттағы қалыңд. бірнеше жүз м-ге дейін жетеді. Тропосферада А. ш. жаңадан пайда болып, ауысып және жойылып отырады. Шеп белдемінде температура т.б. метеорол. өлшемдердің көлденең градиенттері шұғыл өседі. Басқаша айтқанда, шеп белдемінде бір ауа массасынан екінші ауа массасына өтер кезде бұл өлшемдер секірмелі түрде өзгеріске ұшырайды. Егер жылы ауа салқын ауа жағына қарай ауысса, күн жылынады. Мұндай А. ш-н жылы шеп дейді. Жылы шептер өткенде оның үстінде жүздеген шақырымға жететін жауын бұлты пайда болып, жауын-шашын жауады. Ал салқын ауа массасы жылы ауаны ығыстырып, ілгерілегенде, шеп өтетін жердің ауа райы салқындайды. Сондықтан оны салқын шеп деп атайды. Қазақстан жеріне жеткенде жылы ауаны ығыстырып жоғары көтеріледі, соның нәтижесінде жел соғып, найзағай жарқылдайды. Жолында кедергі жасайтын таулар болмағандықтан, Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасқан арктикалық шеп оңтүстікке қарай ауыса отырып, биік тауларға жетіп тоқтайды.Ауа фронты зонасында суық ауа жылы ауаның астына ұзындығы бірнеше мың километрдей, ал көлденеңі бірнеше ондаған километрдей қуалай еніп температураны, желді, ылғалдықты, тағы басқа ауа райы элементтерін тіке өзгертеді. Жылы ауа мен суық ауаның шекарасында атмосфера фронтын бойлай циклондар түзімен олардың ағыны пайда болады. Атмосфералық фронттар. Өздерінің физикалық қасиеттері жағынан әр түрлі ауа массалары, олардың үнемі орнын ауыстыруы нәтижесінде жақындаса түседі. Жақындасу зонасында (өтпелі зонада) энергияның көп қоры шоғырланады да атмосфера процестері ерекше белсенді келеді. Жақындасатын ауа массаларынң арасында метеорологиялық элементтердің күрт өзгерістерімен сипатталған әрі фронттық беттер немесе атмосфералық фронттар деп аталатын беттер пайда болады.Фронттық бет төселме бетке әрдайым бұрыш жасап орнадасады да жылы ауаның астына сүйірленіп кірген суық ауа жаққа қарай көлбеу келеді. Фронттық беттің еңкею бұрышы өте аз, әдетте 10 – тан кіші келеді. Бұл фронттық бет 200км аралықта фронт сызығынан не бары 1-2 км биіктікте тұрады деген сөз. Фронттық бет орта ендіктерде 8-12 км-ге дейін көтеріледі, ол көбінесе тропопаузаға дейін жетеді. Фронттық беттің Жер беті мен қиылысуынан атмосфералық фронт сызығы түзіледі. Жерге жақын қабатта атмосфералық фронттың ені бірнеше км-ден ондаған км-ге дейін, ұзындығы бірнеше жүзден бірнеше мың километрге дейін болады. Суық ауа әрдайым фронттық беттің астына, жылы ауа оның үстіне орналасады. Еңкейген фронттық беттің тепе – теңдігін Кориолис күші ұстап тұрады. Кориолис күші болмайтын экваторлық ендіктерде атмосфералық фронттар пайда болмайды.Егер ауа ағындары екі жақта да фронт бойымен бағытталса және фронт суық ауа жағына да, жылы ауа жағына да елеулі орын ауыстырмаса, ол стационар фронт деп аталады. Егерде ауа ағындарының фронтқа перпендикуляр құраушысы болса, фронт екі ауа массасынан қайсысының белсендірек болуына қарай не ол жағына не бұл жағына қарай ығысады. Осыған сәйкес фронттар да жылы фронт және суық фронт болып бөлінеді. Жылы фронт суық ауа жаққа қарай орын ауыстырады, өйткені бұл жағдайда жылы ауа массасы анағұрлым белсенді болып шығады. Жылы ауа бөлу жазықтығы бойынша жоғары қарай жаймен көтеріліп (ұлғаймалы жылу) шегінген суық ауаның үстіне шығады да адиабаттық жолмен суиды, бұған қоса –қабат оның ішіндегі ылғал конденсацияланады. Суық ауа шегінгенде оның төменгі қабаттары бетке үйкелуінің нәтижесінде біраз қалып қояды да фронт өте жазық көтеріледі. Жылы фронт жылылық әкеледі. Жылы ауа баяу көтерілгенде кәдімгі бұлт системалары қалыптасады. Суық фронт жылы ауа жаққа қарай орын ауыстырады да суық әкеледі. Суық ауа жылы ауадан (оның астына тығыла және жоғары көтере отырып) тезірек қозғалады. Мұнда суық төменгі қабаттары өзінің қозғалысында жоғары қабаттарынан қалып қояды да (бұлар тіпті төмен қарай құлай да алады), фронтальдық бет төменгі беттен біршама тік көтеріледі. Жылы ауаның тұрақтылық дәрежесіне және фронттардың қозғалу жылдамдығына қарай суық фронтты бірінші және екінші текті деп ажыратады. Бірінші текті суық фронт баяу қозғалады, жылы ауа жаймен көтеріледі. Бұлттылығы жылы фронт бұлттылығына ұқсас, бірақ жауын–шашын зонасы тар (фронталдық беттің біршама көбірек еңкеюі салдарынан). Екінші текті суық фронт тез қозғалмалы келеді: Төменгі бөлігінде байқалатын жылы ауаның өрлей қозғалуы біраз биіктікте төмендей қозғалуымен кездесіп инверсия туады. Фронт алдында будақ жаңбырлы бұлттар, дауылды жел, нөсер болады да фронттан кейін атмосфера өте тез ашылып кетеді.Жылы және суық фронттар түйіскенде күрделі фронт – окклюзия фронты пайда болады. Фронттардың түйісуі суық фронт жылы фронттан тезірек орын ауыстыра отырып, оны қуып жететіндігінен болады. Екі фронт арасындағы кеңістікте қалған жылы ауа жоғары қарай ығыстырылады да, екі фронттың суық ауа массалары қосылады. Қосылатын екі массаның қайсысы жылырақ екендігіне қарай окклюзия суық типі бойынша (жылы фронттың ауасы жылырақ) немесе жылы типі бойынша (суық фронттың ауасы жылырақ) өтеді. |