Главная страница

эссе. Эссе Мен тадаан маманды


Скачать 13.64 Kb.
НазваниеЭссе Мен тадаан маманды
Дата23.11.2021
Размер13.64 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаэссе.docx
ТипДокументы
#280249


№10 С.Мұқанов атындағы орта мектептің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Имашев Гадилбек Нуржанович

Эссе
Мен таңдаған мамандық

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Өмір-арман, өмір-мақсат, өмір-ұстаным!Бұларсыз адамзат баласының «Адам» деген Ұлы есімге лайық болуы мүмкін емес.Талай ұлылар жазып кеткендей, «Өмірге адам боп келдің бе, адамша өмір сүр!». Абайша өрнектесек, «адам бола тұра, адамзаттың ісін істемесең, хайуаннан айырмаң жоқ».

Осынау ой толғауымның негізгі өзегі сол арманмен ұштасқан мақсат туралы болмақ.Өйткені, кезі келгенде мен де армандаймын.Осы өз арманымды тарақтаған кезде «Кім болам?» деген сауалдың да көңілге келгені ақиқат.Уақыт өте келе, өзіме ләззат сыйлап, ғұмырыма негіз болар мақсатқа ғана бет бұрмай, ел үшін еңбек қылар кісіліктің де жетегінен ұстаған жөн деп ойладым. Иә, шынымен де өзім үшін үйрене отырып, өзгеге үйрету, өз білгеніммен, өзгеге нәр беру, бір сөзбен айтқанда, адамдық пен кісілікті жас өркеннің бойына сіңіру-менің өмірлік мақсатыма айналды.Жай ғана сөзбен үйрету емес, іспен толықтыру мақсатында адамның ақыл-ойынан кейінгі кезекте тұрған дене бітімінің сымбатты, таза, дені сау ұрпақ тәрбиелеу менің өмірлік мақсатыма айналды.Салауатты өмір ұрпақ өміршеңдігінің кепілі екендігін жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында дене тәрбиесі білім ордасында алғашқы орында тұрса, ақыл-оймен астасқан сыр мен сымбат жас ұрпаққа нағыз керек нәр деген ұстанымға тоқтадым.Бұл жолдағы тоқтаусыз ізденіс, шексіз еңбек өз нәтижесін де берді.Мен оны мақтанышпен айта аламын.Менің ұстанымымдағы басты бағыт- дене тәрбиесін ұлттық ойын түрлерімен жандандыру, ата-бабамыздың ұлт тәрбиелеу жолындағы сан ғасырлық тәжірибесін заман ағымымен, сұранысымен ықпалдастыра отырып дамыту, оқу процесін осы осы негізде ұйымдастыру. Ал мақсаттың орындалуына жетелер бірден-бір құбылыс-ұстаным.Алаш зиялылары айтқандай, «тірі жүрсем-халқыма қызмет етпей қоймаймын»-деп, елге қызмет етудің ең адал да таза жолы ұрпақ тәрбиесі екенін түсіндім.

Сөз соңын ХІХ ғасырдағы «Адамзаттың Абайы» атанған ұлы тұлғаның: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-демекші, адамзатқа жақсылық себуші «Ұстаз» атанғаныма өзімді бақытты сезінемін деп аяқтағым келеді.


написать администратору сайта