Главная страница
Навигация по странице:

  • Тексерген

  • Қазақтардың халық ауыз шығармашылығы

  • Қазақ халқының жазба әдебиеті

  • Ұлттық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, салттар

  • Пайданылған әдебиеттер

  • Влвдслслввдслсавлс. Нұрланқызы Шұғыла ПИМНО. Эссе таырыбы Орта асырдаы азастан тарихы Орындаан


    Скачать 23.82 Kb.
    НазваниеЭссе таырыбы Орта асырдаы азастан тарихы Орындаан
    АнкорВлвдслслввдслсавлс
    Дата11.12.2021
    Размер23.82 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНұрланқызы Шұғыла ПИМНО.docx
    ТипДокументы
    #300061

    Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

    ЭССЕ

    Тақырыбы: Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы

    Орындаған: Нұрланқызы Шұғыла Бacтayыш oқытyдың пeдaгoгиkacы meн әдіcтemecі

    Тексерген: Мүтән Гүлнұр Қаирқанқызы

    ӨСКЕМЕН,2021

    Жоспар:

    1.

    Қазақтардың халық ауыз шығармашылығы.





    2.

    Қазақ халқының жазба әдебиеті. 




    3.

    Ұлттық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, салттар




    4.

    Діни сенімдері, ислам дінінің таралуы.




    5.

    Қазақтардың материалды мәдениеті.






    Қазақтардың халық ауыз шығармашылығы

    Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі – халықтың ауыз әдебиеті.

    Жазу – сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған.

    Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана сақтаған және оларды ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, алғашқысында жеке авторлар шығарған шығармалар кейіннен өңделіп, сұрыпталған, оған коллектив болып творчестволық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің, коллективтің әдебиетіне айналып кеткен. Қазақ ауыз әдебиеті(халық поэзиясы, фольклоры) — қазақ халқының бұқаралық көркем сөз шығармашылығы. Алғашқы нұсқалары ерте заманда, түркі тектес рулардың, тай-палардың сөйлеу тілі қалыптаса бастаған кезде пайда болған. Қ.а.өзенінің ежелгі үлгілері орхон ескерткіштеріндегі көне түркі жазуларынан да (7 ғ. соңы — 8 ғ. басы) кездеседі. Қазақстан мен Орта Азия, Алтай өңірі мен Еділ бойын мекендеген көшпелі түркі халықтарының кейбір ертегілері мен аңыздары, дастандары мен өлең-жырлары, мақал-мәтелдері мен жұмбақтарының негізі төркіндес екені мәлім.

    Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.

    Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) - мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы. Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, көбі мүлде ұмыт қалса, қолда бары баспа бетін көріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-көпті мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың алғаш өлеңдерін Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында жарияланса, кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Ұлы арман», Ленинградтан тұңғыш рет орыс тілінде жарық көген «Поэтика Казахстана», «Поэты пяти веков» жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі єдебиет» хрестоматиясында басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы азды-көпті болсын С.Сейфуллин, М.Мағауин, Є.Дербісәлин, Қ.Сыдыиқов, Х. Сүйіншәлиев, Ж. Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы ғалымдар қалам тербеді.

    Бұқар жырау Қалқаманұлы (1684—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана. Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды.

    Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Асан Қайғы тұрмыс мәселеріне тереңінен үңіле жырлаған данышпан әнші-жырау. Осыған орай, оның шығармашылығында: толғау, терме, нақыл сөздер мен афоризмдер секілді философиялық және дидактикалық жанрлар басты орын алды. Оның шығармаларын Шоқан Уәлиханов, Потанин секілді шығыстанушы-ғалымдар және белгілі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеев және тағы басқа ғалымдар жинаумен айналысқан.

    Халық ауыз әдебиетінің туындыларында көшпелі халықтың көзқарастары, ұғымдары, тұрмыс-тіршілігі және олардың ғасырлар бойы жинақтаған еңбеқ тәжірибесі жан-жақты бейнеленді. Еңбек жырларының ішінде төрт түрлік мал туралы өлендер кең тарады. Бұл өлендерде малды бағу мен күтіп ұстаудың және оның адам өміріндегі маңызы айтылды.Тұрмыс-салт жырлары мен өлеңдері және тақпақтары діни нанымдар мен әдеп-ғұрыптарға да байланысты дамыды. Орта ғасырларда бала туғанда, тойларда, үйленгенде, адам өлгенде, наурыз мерекесін қарсы алғанда айтылған салт-дәстүрге байланысты өлеңдер мен тақпақтар біздің кезімізге дейін жетіп отыр. Қазақтарда адамның, шаңырақтың, шаруашылықтың, табиғаттың әрбір елеулі оқиғасына ырымдар жасалып өлеңдер айтылып отырған

    Қазақ халқының жазба әдебиеті

    Қазақ әдебиетiнiң ежелгi бастаулары б.з.б. 3 — 1 ғ-лар аралығында пайда болған “Алып Ер Тоңға”, “Шу батыр” дастандарында жатыр. Осынау жазбалардағы оқиғалардың қазақ халқының арғы тарихымен тығыз байланыста өрбiгендiгi соңғы уақыттардағы ғыл. iзденiстер барысында толық дәлелдендi. Орхон-Енисей жазба ескерткiштерi ұлттық әдебиетке тiкелей қатысты үш түрлi мәселенiң басын ашып бердi. Бiрiншiден, қазақ жазба әдебиетiнiң түп-тамыры Түрiк қағандығы тұсынан басталатыны белгiлi болды. Екiншiден, өз дәуiрiнiң кескiн-келбетiне сай дамыған мәдениетi мен өнерiнiң болғанын айғақтады. Үшiншiден, жазба жәдiгерлер поэтик. қуатымен, тарихи шежiрелiк сипатымен және ой тереңдiгi, мазмұн байлығы, көркемдiк қасиетi жағынан түркi тайпаларында сөз өнерiнiң жоғары дәрежеге жеткенiн көрсеттi. Жазба әдебиетінің қалыптасуы дәуірі тудырған бір Абайдың өзі ұлт танымының кеңеюіне қаншама ұлы ықпал етсе, ХХ ғасыр басындағы жазба әдебиет өкілдерінің ел руханияты үшін қаншама істер атқарғандығы, бұл жұмыстардың жаңғырығы мен дәстүрі Алаш баласын өркениет өріне бастағандығы, сөйтіп Алаш зиялыларының ұлттық Жаңғыру дәуірін тудырғандығы, бұл ұғымның ішіне қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, әдеби, ғылыми мәселелер сиятындығы белгілі. Сондықтан да жазба әдебиетінің туу һәм қалыптасу тарихын қарастырғанда, біз оны әдеби тұрғыдан да және тарихи-мәдени жағынан да зерделеп, осы құбылыстың туу, қалыптасу себептерімен бірге оның ұлт руханиятындағы, жалпы ұлт тарихындағы орны мен маңызын танып лайықты бағасын бергеніміз абзал.

    Жазба әдебиетінің тууы, қалыптасуы, дамуы – ұлт руханиятындағы ұлы жаңалық, айрықша құбылыс. Сондықтан да осы үдерістің себеп-салдарларын саралау, оларға әдеби-тарихи һәм теориялық ғылыми баға беру басты әрі аса өзекті мәселе деп ойлаймыз. Біздің әдебиеттануымызда осы көкейкесті тақырыптың өзіндік өрісті боларлық ғылыми дәстүрлері баршылық. Қазақтың төл жазба әдебиетінің қашан және кімдерден басталатындығы жөніндегі әңгіме сонау 1920 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұхтар Әуезов тұсында басталып, 1930 жылдары Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтардан жалғасын тауып, одан кейінгі кезеңдерде Бейсенбай Кенжебаев, Қажым Жұмалиев, Әуелбек Қоңыратбаев, Мәлік Ғабдуллин тараптарынан 1940-50 жылдары біршама айтылғанымен, 1960-70 жылдары бұл мәселеге Ісмет Кеңесбаев, Құлмат Өмірәлиев, Рәбиға Сыздық сияқты тілші-ғалымдар үн қосқанымен, қазіргі кезде назардан тыс қалыңқырап жатқан жағдайы бар. Біз бұны уақытша жағдай ретінде ғана бағалаймызЖазба әдебиеттің тууы, жалпы, адам баласының жазуды қажетсінуі, оны ойлап табуы – белгілі бір сеніммен байланысты. Алдымен мифтік ойлау жүйесінде пайда болған қарапайым таңбалар – адам өмірі үшін қандай да бір шартты белгілер болса, кейінірек қалыптасқан әліпбилер ой мен ұғымды беретін сондай шартты белгілер болғаны белгілі. Әліпбидің пайда болуы – адам ойының, қандай да бір идеялардың көпшілікке таралуына, осы көпшілік тарапынан ұғынылуына кең мүмкіндіктер туғызып, хатқа түскен жазу – сол ой-идеялардың авторы мен көпшілік арасындағы рухани делдалға айналды.

    Ұлттық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, салттар

    Қазақстан территориясындағы жүздеген жылдар аралығында пайдаланған өзіндік заңы, әдеттегі құқық-рәсімдер мен салт-дәстүр заңдылықтары болды. Олар мемлекеттік билік арқылы бұзылмайтын негізде қаланып, қоғамдық қатынастарды қалыптастырды. Қазақтың әдеттегі құқы әдет немесе заң терминімен белгіленді. Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан әдет немесе заң көшпелі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық өмірлерінде негізгі тыныс-тіршілігімен байланысты дамыды ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақтың әдет-ғұрып құқығы төмендегідей негізден тұрады. Бірінші, әдет, заң; екінші, би билігі; үшінші, билер cъезінің ережесі. Қазақтар өздерін мұсылманмын деп санағанмен де олардың құқықтық жүйесінде шариат үлкен рөл атқармады. Ал, әдет-ғұрып, рәсім құқығы адамдар арасындағы қарым-қатынас ретінде ежелден тұтас қалыптастырылған іс-әрекетке жатты. Бұл қалыптасқан дәстүр ретінде көшпенділердің экономикалық тыныс-тіршілігінің негізін қалайтын жағдайлармен тығыз байланысты болды.

    Пайданылған әдебиеттер:

    1. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. Астана, 2000.

    2. Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. Алматы, 1995.

    3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Жазба_қазақ_әдебиеті


    написать администратору сайта