Главная страница

Политология эссе. ЭссеСаяси модернизацияны лгілерін тадау шарттары мен негізгі факторлары


Скачать 19.46 Kb.
НазваниеЭссеСаяси модернизацияны лгілерін тадау шарттары мен негізгі факторлары
Дата24.11.2021
Размер19.46 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаПолитология эссе .docx
ТипДокументы
#280738

ЭссеСаяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары

мен негізгі факторлары

Ең алдымен, модернизация ұғымының не екеніне тоқталып өтсем, Модернизация  технологиялық,  экономикалық,  саяси,  әлеуметтік  және  психологиялық  бағыттағы  өзгерістердің  кешенді процесі.  Қоғам өмірінің  кезкелген  саласындағы өзгерістердің бағытын айқындайды.  Модернизация  феномені – бұл саяси жүйені,  саяси қызметтің формасын,  әдісі мен құрылымын,  тәсілі  мен технологиясын,  сонымен бірге саяси мақсаттарды,  доктриналардыконцепциялар мен  бағдарламаларды  жетілдірудің,  жаңартудың,  өзгертудің  механизмі.  Модернизация  теориясы – батыстық  даму  деңгейіне  жетуге  бағытталған.  Оны  кейде  вестернизация  деп  те  атайды.

Мысал ретінде, Қазақстанды алып, саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлары туралы жазамын. Қазақстан  тәуелсіздікке  ие  болған  өткен  ғасырдың  тоқсаныншы жылдары  тарихқа  озғанына  да  көп  уақыт  өте  қойған  жоқ.  Сана  мен  сезімнің  ширығуы  жағынан  бұл  ерекше жылдар болды.  Бұл  мемлекетіміздің  алдағы  жүрер  жолын  айқындайтын  аса  маңызды  шешімдер  қабылданған  жылдар  болды,  сол  кезде  қабылданған  бір  ғана  дұрыс  шешім  еліміздің  жүрер  жолының  бағыт – бағдарын  елеулі  өзгеріске  ұшырату  әбден  ықтимал  еді.  Әлеуметтік – экономикалық  және   саяси ахуал  сын  көтермес  күйде  еді.  Қазақстанның  экономикалық  және  саяси  мүмкіндіктері  сырттан  осылайша бағаланды:  экономикасы  әлжуаз;  қазынасы  бос;  саяси  жүйесі  балаң;    Кеңестер  Одағы   заманының  Конституциясы  бойынша  өмір  сүріп жатқан,  одан  бар  болғаны  белгілі  бір  әскери  әлеует  қана  еншілеген  ел  саналдық.

Осыдан  он  жыл  бұрын  - 1997  жылы  Ел  Президентінің  Қазақстан   халқына  алғашқы  жолдауында   еліміздің  2030  жылға  дейінгі  дамуының  стратегиясы – қоғамымыздың  келешектегі  келбеті  мен  мемлекетіміздің  мақсат – мұраты  баян  етілді.  Бұл  ретте қандай  қоғам орнату,  дамудың самғау  сызығы  қандай  болу  керектігін  анық  білу,  айқын түсіну  маңызды болып табылды.  Басым мақсатты  дұрыс айқындап,  стратегияны таңдап,  тиісінше  ерік – жігер,  төзімділік  пен мақсаткерлік  таныту,  алда  тұрған  кез – келген  кедергілерді  ойдағыдай еңсеру   арқылы  Қазақстан өтпелі  кезеңнен  ойдағыдай өтіп,  әрі өз  дамуының  сапалық жаңа  кезеңіне  нық сеніммен  қадам басты. 

Осы  заманғы  қыр  көрсетулер  мен  қатерлер  әлеуметтік – экономикалық  және  қоғамдық – саяси  қатынастардың  жүйесін  неғұрлым  серпінді  жаңартуды  қажет  етеді.  Мұның  өзі  Қазақстанның  Кеңес  Одағы  тарағаннан  кейін  кеңістіктегі  әрі  Орталық  Азиядағы  көш  бастаушы  тұғырын  сақтап,  әлемнің  бәсекеге  барынша  қабілетті және  серпінді  дамып келе  жатқан  мемлекетінің  біріне  айналуына мүмкіндік береді.

Қазақстан  бүгінгі  таңда  әлеуметтік – экономикалық  жаңару  мен  саяси  демократияландырудың  жаңа  кезеңіне  қадам басты. Осы  тұрғыда  әлемдік  рейтинг  кестесінің  жоғарғы  бөлігіне  іліккен  елдер  тобының  ішінен  орын  алуымызға  мүмкіндік  беретін  басты  негіздер мыналар  деп  айтуға  болады:

Біріншіден,  өркенді  де  өршіл  дамып  келе  жатқан  қоғамның  іргетасы   тек  қана  осы  заманғы,  бәсекеге  қабілетті және  бір ғана  шикізат секторының  шеңберімен  шектеліп  қалмайтын ашық  нарық экономикасы бола  алады.  Бұл жеке  меншік  институтымен  келісімшарттық  қатынастарды  құрметтеу мен қорғауға  қоғамның барлық  мүшелерінің бастамашылығы  мен  іскерлігіне  негізделген  экономика. 

Екіншіден,  аға  ұрпақты,  ана  мен  баланы,  жастарды  қамқорлық  пен  ілтипатқа  бөлейтін  әлеуметтік  бағдарланған  қоғам,  ел  халқының  барлық  топтары  тұрмысының  жоғары  сапасы  мен  алдыңғы  қатарлы әлеуметтік  стандарттарын қамтамасыз  ететін  қоғам құру.

Үшіншіден,  еркін,  ашық  әрі  демократиялық  қоғам  орнату.

Төртіншіден,  дәйекті  түрде  саяси  тежемелік  пен  тепе – теңдіктің  үйлестірілген   жүйесіне  негізделген  құқықтық  мемлекет  құрып,  оны  нығайта  беру.

Бесіншіден,  барлық  діндердің  тең  құқығына  кепілдік  беру  және  Қазақстанда  конфессияаралық  келісімді  қамтамасыз  ету. Исламның  басқа  да  әлемдік  және  түрлі  діндердің  озық   үрдістерін  құрметтеп,  әрі  дамыта  отырып,  осы  заманғы  зайырлы  мемлекет  орнату.

Алтыншыдан,  қазақ  халқының  сан  ғасырлық  дәстүрін,  тілі  мен  мәдениетін  сақтап,  түлете  беру. Сонымен  қатар  ұлтаралық  және  мәдениетаралық  келісімді,  біртұтас  Қазақстан  халқының  ілгері дамуын  қамтамасыз  ету.

Жетіншіден,  елімізді  халықаралық   қоғамдастықтың  толық  құқылы  және   жауапты  мүше  ретінде  қарастыру,  ал  мұның  өзі  аса  маңызды  басымдықтардың  бірі.  Қазақстан   мұнда  геосаяси  тұрақтылықты  және  өңірдегі  қауіпсіздікті  қамтамасыз   ету  жөнінде  маңызды  міндеттер  атқарып  отыр.

Қоғамдық  тұрақтылық,  заңның  үстемдігі,  ұлтаралық  және  конфессияаралық   келісім,  сондай – ақ  Қазақстанның  жаңа  геосаяси  рөлі  мен   жауапкершілігі – бұлар  демократиялық  өзгерістердің  тиімділігінің  кепілі,  оның  басты  өлшемі  болып  табылады.  Елдегі  саяси  жаңару  үрдісі  бірте  - бірте,  қажетті  экономикалық  жағдайлар  жасалуына  қарай,  Қазақстанның  тәуелсіздік  алған  сәтінен  бастап – бүкіл  осы  жылдары  дәйектілікпен  жүріп  келе  жатқанын  атап  көрсеткен  жөн.  Бұл  ретте  біз   өзіміздің  дербес,  қазақстандық  даму  жолымен  жүріп  келеміз.  Әлемдік  практиканы  зерделеп,  талдай  келіп, біз   нақ   осы  эволюциялық   жолды  таңдап  алдық.  Біз  демократияны  жеделдете,  оның  үстіне  сырттан  ендіруге қарсымыз. Бұл  жолда  біз  бірнеше  кезеңдерді  өттік.

Бірінші  кезеңде – 1991 жылдан  1995  жылды  қоса  алғанға  дейін – нақты  тәуелсіздік  сәтінен  Егемен   Қазақстанның  Конституциясын  қабылдағанға  дейін дезинтеграциялық  үрдістерді  өзгертуге,  қазақстандық  мемлекеттің іргетасын қалыптастыруға,  бірпартиялық  өктемдіктен саяси плюрализмге көшуге,  демократиялық даму  негіздерін  құруға  шоғырланды.

Екінші  кезеңде – 1995 жылдан  2000 жылды  қоса  алғанға  дейін – осы  заманғы  демократиялық  институттарды  құрып,  нығайту,  1995 жылы  референдумда   халық  қабылдаған  Конституция  негізінде  жаңа  саяси  мәдениетті  қалыптастыру  негізгі  іс  болды.  Ел  Конституциясы  терең  экономикалық  қана   емес,  сонымен  бірге  саяси  өзгерістерге  байланысты  үлкен  жолдан  өтуімізге  мүмкіндік  берді.  Мұны  Егемен  Қазақстанның  жаңа  ұлттық  заңнамасы  дәлелдеп  шықты.  Нақ  сонымен  көмегімен  бұл  жылдары   Қазақстанды  нақты  демократиялық  институттар  әрекет  ететін,  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарына  кепілдік  берілетін  елге  айналдыру  үшін  берік  іргетас  қаланды.  Президенттік  республика  моделін  таңдап   алып,  посткеңестік  экономикалық  және  саяси бей – берекетсіздіктен  шығарды.  Саяси  тұрақтылық  сыртқы  инвесторлар  үшін  экономикаымыздың  тартымдылығын  қамтамасыз  етті,  олар  сол  кезеңде отандық  интустрияны  дамыту  үшін  капиталдың  негізгі  көзі  болды.  Экономика  көріле  бастады,  жаңа  инфрақұрылым  жасалып,  ауылшаруашылығы  дамуға  бет  алды.  Жаңа  жұмыс  орындары  дәйектілікпен  ашылып,  «орта  тап» құрыла бастады. 

Үшінші  кезең – 2001 жылдан  2006  жылды  қоса  алғанға  дейін -   стратегияның    дұрыстығының   айқын дәлелі  болды.   Бұл кезеңде әлеуметтік  - экономикалық  серпінді  секірісті қамтамасыз  етіп,  өңірлік көшбасшыға  айналып, мемлекеттілігіміз жүзеге  асты.  Қазақстандық  көпұлтты  және  көп конфессиялы қоғамың алғашқы демократиялық  дәстүрлері  орнықты.  Соңғы  жылдары  елді  одан  әрі  демократиялық  реформалаудың  барынша  тиімді  жолдарын  әзірлеу  жөнінде  жалпыұлттық  белсенді  үн  қатысу  жүріп  жатыр. Күн  тәртібіне  қағидаттық  тұрғыда  әлде  қайда  асқақ  қоғамдық  міндеттер  шықты.  Осы  заманғы  сынақтар  мен  қатерлер  әлеуметтік  -  экономикалық  және  қоғамдық – саяси  қатынастардың  бүкіл  жүйесін  әлде қайда  серпінді  жаңғыртуды  табандылықпен  талп  етті. Бастысы,  жалпыұлттық  саяси  реформалар  бағдарламысын  іске  асыру  Қазақстанды  демократияландыру  мен  саяси  жаңғыртудың  өзекті  құндылықтары  бойынша  кең  ауқымды  қоғамдық  консенсусқа  қол  жеткізуге  мүмкіндік  берді.

Қазақстан қоғамын демократияландыру қазіргі таңда  көптеген іс – шаралар атқарылуда. Қазақстанда демократиялық және саяси жаңғыртудың жаңа кезеңі басталды. Саяси реформалар бағдарламасы бұл уақыт сыны. Қазақстан дамуының заңдв белесі. Еліміздің бәсекелестікке қабілеттігі мен оның саяси мәдениетінің деңгейі, сосын « демократиялық сапасы» арасында  тікелей байланыс бар. Демократиялау саясатына өту бастамасы ол қоғамдық қатынастырды модернизациялау мен өмір сүруші қоғамдық құрылысының сипатына өзгеруден басталады. Демократиялық саяси модернизация қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа инститтутарының жүйесінің қалыптасуымен байланысты. Инсттитуттық өзгерістер нарықтық экономиканың қалыптасу мен әлеуметтік  стратификацияны бекіту мен тығыз байланыста. Сондықтанда модернизациялық  теориялар мен процестерді зерттеу өте маңызды.

Қазақстан дамыған елу  елдің қатарына кіру туралы ниетін жария етті. Сондықтан біз өзімізді әлемдік контексте қарастыруға тиіспіз. Әлемде орын алып жатқан оқиғаларды ойға тиюге тиіспіз. Қазіргі кезеңде әлемде демократия алапат дағдарысты басынан өткеруде!

Бүгінде ХХI ғасырдың –  буырқанған өзгерістер ғасырының, біз бәріміз бүкіл адамзатқа игілік әкелетін жаһандастыру ғасырының табалдырығында тұрған кездер үшін өзекті болып табылады деп ойлаймын. Дүниеде ғаламдық өзара тәуелділік сипат алды, онда ғаламдық әріптестік үстемдік етуші принципке айналуы тиіс.

Бұл бізге не үшін қажет? Менің ойымша, біздің әрқайсымызда ендігі жерде тек бүгінгі күннен ғана, ағымдағы міндеттерді толассыз шешумен  ғана өмір сүруге болмайтындығын терең түсіну сезімі пісіп жетіледі. Біз мұның іргетасын  тұрғымызғын келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетінін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз. Өзіміздің басты мақсатымызды дұрыс айқындап, страиегияларымызға таңдау жасап, осы жолмен жүру үстінде  ерік – жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң бұрылысты сенделістерден күш – қуатымызды уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетуден сақтандырамыз..


написать администратору сайта