Главная страница
Навигация по странице:

  • Аурудың химиялық қоздырғыштары

  • Аурудың биологиялық қоздырғыштары

  • Ауруларды н әлеуметтік себептері

  • Дене қимылыньщ кемдігінен (гипокинезия) пайда болатын аурулар

  • Дененің шамадан тыс қрзғалысы немесе гиперкинезия

  • Аурудың ішкі себептері

  • Конституция

  • спорттық медицина. спорт мед каз 1. Этиология


    Скачать 54.45 Kb.
    НазваниеЭтиология
    Анкорспорттық медицина
    Дата21.04.2022
    Размер54.45 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласпорт мед каз 1.docx
    ТипДокументы
    #488828

    1. Этиология

    ЭТИОЛОГИЯ - аурудың себебі жэне оның пайда болып одпн әрі дамуы туралы ғылым. Этиологиялық факторлар деп - ауруды тудыратын себептерді айтады. Аурудың себептерін ашып зерттеу оның алдын-алуға жол ашады. Ауру көбінесе организмге қоршаған ортаның қандай да бір қоздырғыштарыньщ әсерінен пайда болуы мүмкін. Патологиялық жағдайлардың іыггей жэне сырттай пайда болатын себептері өзара тығыз байланысты. Сырттай эсер ететін себептерге өте қатгы суықтау, күн көзінің өтіп кетуі, жөнді тамақтанбау және т.б. жатады. Ол организмнің ішкі ортасына өзгеріс енгізеді. Содан соң ауруға қарсы күресу қасиеті төмендеп ауру туады. Мысалы, екі тауыққа холера вибрионымен эсер еткенде алдын-ала денесін әдейі суықтатқан тауық холера ауруныа шалдыққан да екіншісі ауырмағандығы белгілі болады. Әртүрлі сырттай эсер ететін себептерден тканьдар мыжылады және оларға қан кетеді. Іштей пайда болған себептер оларды қабындырады.

    Ауруларды зерттеу барысында оның сырттай немесе іштей эсер ететін қоздырғышын организмнің қасиеттерінің өзгеруін, кез-келген жай қоздырғыштарға қарсы тұра алу шамасьш білу керек. Кей кезде аурудың тууына сыртқы ортаның қоздырғыштарының әсері мен организмнің жағдайының тура келуі себеп болады. Мысалға, жұқпалы аурулардың эпидемиясы кезінде бірінші болып қажыған адам ауырады. Бірақ қажыған организмге микроб түспесе адам ауырмайды. Бұл жерде организмнің қажуы аурудың тууына қолайлы

    жағдай туғызып отыр. Сыртқы ортаның факторлары да ауруға қолайлы жағдай туғызуы мүмкін (мысалы, дененің суықгауы, қатты қызуы, қажуы). Қосымша жағдайлардың әсерінен организмдегі өзгерістер күшейеді немесе баяулайды.

    Аурудың сыртгай туатын себептері. Сыртқы ортаның кез-келген қоздырғышы қолайлы жағдайда аурудың тууына себепкер бола алады. Сырттай эсер ететін қоздырғыштарды бірнеше топқа бөледі: оларға физикалық, химиялық биологиялық , элеуметгік дене қимылының аз болуына байланысты - гипокинезия шамадан тыс дене қозғалысынан - гиперкинезия, психикалық әсерлер жатады.

    Аурудың физикалық қоздырғыштарына жоғарғы немесе төменгі температура, шұғыла энергия, электр тогы, төмен жэне жоғары атмосфера қысымы жатады. Механикалық ұрыну, шаншылу, қысылу, кесілу сияқты факторлар буының шығуы, сүйектердің сьшуы, дененің көгеруі сияқты зақымдар тугазады. Осындай зақымдар спортта көптеп кездеседі. Жарақат алған кезде тканьдар мен органдардағы жергілікті өзгерістермен қатар жалпы өзгерістер пайда болады. (естеп арылу, жарақат шоғы). Ал тіршіліктің негізін қүрайтын органдар зақымданғанда (ми, жүрек, бауыр, бүйрек) адам өледі. Атмосфераның жоғары жэне төмен температурасының әсері дененің шамадан тыс ысуына немес суықтауын туғызады. Сонымен қатар денеде үсік пен күйік сияқты жергілікті өзгерістер пайда болады. Шүғыла сәуленін биологиялық әсері оның түріне жэне эсер ету үзақтығына байланысты. Күннің инфрақызыл сәулесі теріде күйіктер мен мидың шамадан тыс қызуын туғызады.

    Ультракүлгін сәулелер - теріні қыздырады, күйдіреді жэне жалпы көріністер туады. Оған дел-сал болуы, ыстықгың көтерілуі, бастың ауруы кіреді. Рентген шұғыласы мен радиоактивтік заттардың иондаушы сәулелерінің эсері органдар мен тканьдарда терең патологиялық өзгерістер туғызады. Олардың әсерінен шүғыла зақымдары мен шұғыла аурулары пайда болады. Ол қан мен қан жаслатын органдарды зақымдап, организмнің тұрақтылығын кемітіп аурулардың тоқтаусыз дамуына себепкер болады. Электр тогының организмге түсіретін әсері оның күшіне қысымына, түріне, үзақтығына, таралу жолына, организмнің қызмет атқару қалпына байланысты. Ол организмде жергілікті жэне жалпы өзгерістер туғызады. Электр тогының ауыр зақымдарына байланысты адам есінен танып тынысы тоқтап сал болып өліп те кетеді. Электр тогының тиген әсері әртүрлі (күйік, жарақатт.б.). Себебі ол эсер еткен

    жерін қоздырып, химиялық, механикалық өзгерістерге ұшыратады. Атмосфераның қысымы төмендегенде ауаның құрамындағы оттегінің азаюына байланысты организмде оттегінің жеткіліксіздігі туады. Атмосфераньщ қысымының жоғарлануына байланысты Кессон ауруды туады. Ол су астында жұмыс істейтін және су асты спортымен айналысқандар бірден жоғары қысымнан төменгі қысымға өткенде газдардың қанға өтуі төмендеп, қанға газдың түйіршіктері пайда болуынан шығады. Газдың түйіршіктері мвдағы, жүректегі, өкпедегі қан тамырларының жолын бөгеуінен адам бірден өліп кетеді. Немее сал болады.

    Аурудың химиялық қоздырғыштары

    Ауруды туғызатын химиялық қоздырғыштарда сыртқы ортадан түсетін және ішкі ортада пайда болатын химиялық улы затгар жатады. Сыртқы ортадан түсетін химиялық улы заттарды экзогенді, ал ішкі ортада пайда болатын улы заттарды эндогенді деп атайды. Эндогендік химиялық заттармен уландыруды өзін-өзі уландыру дейді. Организмде патологиялыө өзгерістердің шығуы химиялық заттардың көлеміне, ішкі орта ерігіштік қасиетіне, түсу жолына және дененің оған қарсы түрақтылығына байланысты. Химиялық заттардың көлдеміне қарай олар бірдей емдік, бірде уландырғыш қасиет көрсетеді. Шығу тегіне байланысты уландырғьш заттарды органикалық немесе бейорганикалық химиялық заттар деп екі түрге бөлінеді. Бейорганикалық қоздырғыштарға қышқылдар, сілтілер, қорғасын, сынап , хлор йод, бром жэне т.б. жатады. Органикалық улы қоздырғыштарға өсімдіктер мен жануарлар тектес жаттар жатады. Химиялық қоздырғыштардың құрамына жатпай қыратын эскери улы заттарды (эприт, зарин, замон, би-зет) кіреді.

    Аурудың биологиялық қоздырғыштары

    Биологиялық қоздырғыштарға ірі микроорганизмдер жатады. Олар әртүрлі жолмен организмге неіп аурулар туғызады. Биологиялық қоздырғыштар жэндік тәріздес, есімдік тәріздес жэне вирустар деп бөлІнеді. Жәндік тәріздес биологиялық қоздырғыштар бір клеткалы организмдер (Безгек тудыратьш қарапайым, дизентерия туғызатын қарапайым амеба), әртүрлі ішек құрттары (аскарида, бәсір, таспақұрт, эхикко ауруын туғызатын құрттар) организімді

    уландырып, оның жұмыс істеу қасиетін төмендетеді. Өсімдік тәріздес паразитерге бактериалар мен уақ саңырау құлақтар жатады. Бактериалар - бір клеткалы бөліну арқылы тез көбиетін өсімдіктер организімі. Олардың сырыт пішіні әртурлі болады және жәй көзге көрінбейді. Тек микроскоппен бірнеше мың есе улкейтеді жылдам қозғалатын организім екендігі байқалады. Бактериалар денесінен бөлінетін улы заттардың қасиетіне байланысты патогенді (ауру туғызғыш) және бипатогенді (ауру туғызбайтьш) деп екіге бөледі. Патогенді микробтар адам организімінде қолайлы жағдай туған кезде инфекциялық аурулар тудырады. Бірақ ол үшін микробтар өте жоғары ауру тығызғыштық күшпен организмнің қорғанысын бұзып өтуі мүмкін. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары организмге қоршаған ортадан тамақпен, сумен, ауамен немесе аурумен қолма-қол араласқан кезде беріледі. Бірталай жағдайда микробтарды жәндіктер мен жануарлар (бүргелер, масалар, шыбындар, тышқандар, дала тышқандары жэне т.б.) тасымалдайды. Өте майда саңырауқұлақтар микроскоппен ғана көрінетін бір немесе көп клеткалы организмдер. Олар өздеріне тән аурулар (эпидермофития деген спортшыларда жиі кездесетін терідегі сағырауқұлақ туғызатын ауру) туғызады.

    Вирустар аса майда дене жэне оларды жәй микроскоптармен көру мүмкін емес, тек электронды микроскоптардың көмегімен көруге болады. Вирустар көптеген жұқпалы инфекциялық аурулар (қызылша, көкжөтел, тұмау т.б.) туғызады.

    Ауруларды н әлеуметтік себептері

    Бұл себептер аурулардың тууында үлкен ролб атқарады және адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайына байланысты. Іш сүзегі, дизетерия, туберкулез аурулары мәдениеті төмен, гигиенадан хабары аз, оқымаған адамдарда, ал СПИД, СИФИЛИС, психикалық аурулар қаланың наркоманиямен айналысатын жүмыссыздарында көптеп кездеседі. Біздің қазақ елінде де бұрынғы ғасырларда оба, іш жүзегі, туберкулез ауруы өлімінің негізгі бөлігін қүраған. Халқымыздың санасының, мәдениетінің және санитарлық білімінің өсуіне, медицианлық дамуына, мемлекетіміздің халықты әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөлуіне байланысты аты аталған аурулардың көлемі анағұрлым азаяды.

    Дене қимылыньщ кемдігінен (гипокинезия) пайда болатын

    аурулар

    Гипокинезия адам денсаулығына, әсіресе жүрек-қан айналу жүйесіне зиянды эсер етеді. Қазіргі заманда өндірістің ауыл шаруашылығының механикаландыруына өзін-өіз басқаратын жүйелердің қолданылуына байланысты, адамдардың көбісі аз қозгалатын тұрмыс кешуде. Соңғы кезде адамдардың жүрек пен қан айналу жүйелеріндегі аурулардың көбейіп кетуінің бірден-бір себебі гипокинезияға байланысты. Гипокинезияның салдарынан адам қажиды да кез-келген органында ауру қозады. Мысалға, қатерлі өскіндерді қояндардың денесіне еккенде ауыр жұмыс істеуге жаттыққан қояндарда қатерлі өскін баяу, ал жаттықпаған күші жоқ қояндарда жылдам дамиды. Дене қозғалысының көлемі азайғанда іппсі органдардың, жүйелердің қызметі де баяулап, қоздырғыштарға қарсы күресі нашарлайды, ауыру туады.

    Дененің шамадан тыс қрзғалысы немесе гиперкинезия

    Гиперкинезия адам организміне зиянды әсерін тигізеді. Дененің шамадан тыс қозғалысы немесе денеге аса ауыр физикалық салмақтың түсуі деп - адамның қайратынан анағұрлым жоғары салмақтың түсуінен қажуын айтады. Бір адам үшін бүгін қайраты жететін ауыртпалық, бір аптадан кейін организмнің қызметінің нашарлауына байланысты шамадан тыс деп бағалауы мүмкін. Шамадан тыс түскен ауыртпалық организмнің кез-келген жүйесін патологиялық өзгеріске үшыратады. Мысалы, жүрек, нерв, ас қорыту, зэр шығару, тірек-қимыл мүшелерінде ауыртпалықтардан туған аурулар жиі кездеседі. Спортшыларға шүғыл немесе созылмалы түрде эсер еткен шамадан тыс ауыртпалықтан жүректің, бауырдың бүйректердің ауруы пайда болады. Қажығанда, шаршағанда организмнің ауыруға тұрақтылығы төмендеп, инфекциялардың немесе басқа қоздырғыштардың әсеріне тез шалдығады. Инфекциялық ошағы бар организмнің қажуы өте қауіпті. Бүл жағдай патология тез қалыптасып ауыр дамиды.

    Оған орталық нерв жүйесінің жұмысын істен шығаратын себептер жатадьг. Нерв жүйесінің әртүрлі аурулардың қальштасуындағы ролі көптеген зерттеулердің барысында дәлелденеді. Мысалы, адамды гипноздық жағдайға енгізіп, суық темірмен эсер еткенде, оған керісінше ыстық темірмен эсер етуіміз деп сендірген жағдайда, денесінде күйіктер пайда болағн. Психикалық жарақаттың әсерінен қажыған орталық нерв жүйесінің жұмысы мидың қыртысы мен оның төменгі бөлігінің ара қатьшасын өзгереді. Содан барьш ішкі органдардың қызметі бұзылады. Өзін-өзі сендірудің немесе сенгіпшктің әсерінен организмнің жүйелерінде ауыр да терең өзгерістер туады. Кейде ауру дәрігердің абайсызда айтқан сөзінен де пайда болуы ықтимал. Оны Ятрогенді аурулар (ятрос-дәрігер) деп атайды. Бұл жағдайда тез сенгіз адам өзінен туберкулез, қатерлі өскін, жүрек ауруларын табады. Адамдарда сол ауруларға тэн шығымдар пайда болып, еңбекке жарамсыздық туады. Оларды керісінше сендіру оңайға түспейді.

    Аурудың ішкі себептері

    Аурудың ішкі себептері (эндогенді) кей кезде аурудың тууына кейде басылуына эсерін тигізеді. Аурудың пайда болуына себепші факторларға: тұқым қуалаушылық, дене құрылысы, организмнің қоздырғыштарға қарсыласу күші жэне жэне жұқпалы ауруды қабылдағыштығы (иммунитет) жат белокты сезінуінің күшеюі (аллергия) жатады.

    1. Тұқым қуалаушылық. Бұл жалпы организмдерге тән дене құрылысы мен даму қасиеттерінің атадан балаға берілуі. Тұқым қуалаушылық қасиеті қоршаған ортамен тығыз байланыста, бірте- бірте дамиды. Тұқым қуалаушылық қасиет организмнің тұрақтылығына тікелей байланысты. Онсыз жер бетінде жан- жануарларының түрлерінің сақталуы мүмкін емес. Иоган Грегор Мендель ашқан. Адамның көзге көрінетін (құлақтың сырт шшіні, көздің жэне шаштың түсі) және көзге көрінбейтін (ішкі органдардың құрылысы, тканьдардың өзіндік қасиеттері, зат алмасу т.б.) қасиеттері бірдей тұкым қуалайды.

    2. Сонымен қатар организмінің қалыпты қасиеттері мен бірге ауру туғызатын қасиеггері де беріледі. Одан әртүрлі тұқым

    қуалайтын аурулар туады. Тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттейтін ғылымды генетика деп атайды. Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың туу себептері мен даму жолдарын зерттеп, олардың алдын-алу шаралары мен емдеу эдістерін жүйелейді. Түқым қуалаушылық тек қана қасиеттердің атадан балаға берілуі ғана емес, ол ол биологиялық молекулярлық шифр. Ол шифрда клетканың ядросы мен цитоплазмасы арасындағы, клеткалар мен қоршаған ортада аралығындағы зат алмасу жүйелерінің қоды жазылған. Аурудың шығуында тұқым қуалаушылықтың атқаратын ролі қандай деген сұрақ туады. Медицинада 1500 астам тұқым қуалайтын аурулар белгілі. Бір жағдайда жыныс клеткалары дүрыс бөлІнбейді. Хромосомалардың саны 46 емес 47 болады. Өткен ғасырда дэрігерлер жаңа туған балалардың есінің дұрыс болмауы клеткалардағы хромосомалар саныньщ 47 болуынан туатындығьш анықтады. Тұқым қуалайтын аурулар хромосоманың кейбір гендерінің дұрыс орналасуынан (мутация) туады. Гендердің мутациясы сыртқы қоздырғыштардың әсерінен пайда болуы мүмкін (мысал, физикалық, химиялық әсерлер, радиация, маскүнемдік). Бұл әсерлер радиацияны бөле айтуға болады. Адам денсаулыгын сақтауды атом қаруының жарылыстарын тоқтатудың маңызы үлкен. Медицинада тұқым қуалайтын аурулардың есебі көп. Оған көпсаусақтылық, қысқа саусақтылық , шаштың жэне терінің пигментінің жоқтығын (альбинизм) түрлі түсті көреалмаушылық (дальтонизм), гемофилия (қанның үйғыштығының төмендеуіне байланысты қан кетуі), кереңдік және есіртпе ауруы (шизофрения) жатады. Түқым қуалайтын аурулар көбінесе сырттай жэне іштей туатын себептердің қолайсыз жағдайынан туады. Жас өспірімдерге қолайлы жағдай жасалынса, түқым қуалайтын аурулар шықпауы мүмкін. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге болады, Ал кейбіреулері емадеуге аса көне қоймайды. Соңғы жағдайда медицина генетикасы алдын ала ауру баланың туылмауына әрекет жасайды. Ондай ата-аналарға Санитарлық білім беріп, туатын қиыншылықтармен таныстырады.

    Конституция

    Организмнің туа біткен жэне даму барысындағы қалыптасқан морфологиялық және жұмыс істеу ерекшеліктерін конституция деп атайды. Ол тұрақты қасиет және сыртқы ортаның

    қоздырғыштарының әсерінен, жеке алғанда дене тәрбиесінің жаттығуларының әсерінен өзгеруі мүмкін. Сонымен конституциялық ерекшелік туа бітіп, өмір сүру барысыңда сыртқы ортаның әсерінен өзгеріске ұшырайды. Адам үшін әлеуметтік ортаның эсері ерекше. Конституцияның көптеген классификациялары бар, бірақ оньщ ішінде кеңінен қолданылатыны М.В. Черноруцкийдің классификациясы. Ол үш түрлі конституциялық құрылысты айқындайды. Оған гиперстениялық, астениялық жэне нормостениялық қүрылыстар жатады. Бүл классификацияда организмнің морфологиясы мен жұмыс істеу ерекшеліктері толығанан есепке альшған. Гиперстениялық дене құрылысына байланысты адамның көлденең өлшемдері ірі, бас домалақ, беті жалпақ, мойны қысқа, іші үлкен жэне аяқ қолдары қысқа, терісі қалың болып келеді. Олардың жүректері үлкен, асқазандары кең, қанның қысымы жоғары ішектері үзын, зат алмасу процесінің жылдамдығы аз жэне ассимиляция күштірек жүреді (ас сіңіру).

    Астениялық дене құрылысына тэн қасиет дененің ұзына бойындық өлшемдерінің артық болуы. Олардың беттері сопақ мойыны үзын, жіңішке кеудесі ұзын да қушиған, іші кішігірім, аяқ- қолы үзын жэне жіңішке, бүлшық еттері нашар дамыған, өңі жұқа да сұп-сұр жүрегінің көлемі кішігірім, өклесі ұзынан созылған және үлкен, ішегі қысқа келеді. Оларда қан қысымы біршама төмен зат алмасу күшті. Астың сіңірілуінен бөлшектенуі жылдамдау (диссимиляция) келеді.

    Нормостениялық дене қүрылысы. Организмнің барлық өлшемдері бір-біріне сай жэне зат алмасу процестері толық қалыптастырылған болады. Бүл дене қүрьшыстары өмірде жазылғандай болып сирек кездеседі. Аурудың пайда болып дене құрылысының түрі біршама әсерін тигізеді. Астениялық дене құрылысына байланысты өкпенің іуберкулезі ас қорыту жүйесінің қабынуы, жаралары жиі кездеседі. Гиперстениялық дене құрылысы бар адамдардың зат алмасу жүйесінде, бауырында, қан алмасу жүйесінде ауру жиі пайда болады. Бір түрлі ауру әртүрлі дене құрылысты адамдарда әрқалай жүреді. Бірақ дене құрылысы аурудың себебі болуы мүмкін емес.

    1. Реактивтік организмнің сыртқы ортаның қоздырғыштарына алу қасиетін реактивтік деп атайды. Ол организмнің сыртқы ортаның жағдайына өзінің ішкі ортасына өзгеруі арқылы бейімделуін көрсетеді. Әртүрлі реактивтік ауру тудыратын қоздырғыштарға түрліше сезінгішіктерІн туғызады. Мысалы, түмаумен жаппай ауру басталғанда кейбір адамдаржа ауру өте ауыр, біреулерде өте жеңіл түрде жүреді. Өмір сүру барысында адамның реактивтігі өзгеріске ұшырап отырады. Реактивке орталық нерв жуйесінің жағдайы (жүлын, вегативтік нерв) жэне ішкі бездердің жұмысы әсерін тигізеді. Мысалы, қант дйабеті ауруьшап байланысты ішкі бездердің секрециясы нашарлап, ірінді жара туғызатын микробтарға жауап беру қасиеті төмендейді. Реактивтікке жастың ұлғаюы да өзгеріс енгізеді. Кейбір аурулар тек жас балаларға ғана тэн (қызылша, көкжөтел). Кэрі адамдардың жасына сай аурулар пайда болады (атеоросклероз, цереброклероз), сынықтар ұзақ қалыптасады. Сыртқы ортаның жағдайлары да организмге эсер етіп, реактивтігін өзгертеді. Ол тамақтанудың түріне, ортаның температурасына шұғыла энергиясының әсеріне байланысты. Мысалы, организмге белоктың жетіспеушілігі, адамньщ ауруға қарсы тұрақтылығын төмендетеді, жарақатгардың жазылуын нашарлатады. Дененің бірден суықтауы тұмауға, өкпенің қабынуына және басқа ауруларға оның тұрақтылығын кемітеді. Арақпен улану орагнизмнің жалпы қуаттылығын азайтады. Біздің жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысымыздың қорьггындысы бойьшша салауатты өмір салтын сақтап, спортпен айналысып жүргендермен салыстырғанда, дертке шапдығушылық, ішімдіктерге әуестерде 24,9 процент, ал салынып ішетіндерде 37,1 процент артық болып шықты. Ауруға қарсы түратын қауқары кем маскүнемдерде сырқат 2 есе ұзақ және ауыр жағдайда өтетін болып шықты. Дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданған адамның реактивтік қасиеті жоғарылайды да, ауру жеңіл түрде өтеді. Бірақ жаттығуларды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оньщ төмендеуі де ықтимал. Ультракүлгін шұғыласының шамалы дозасы организмнің инфекцияға қарсыласу күшін көбейтіп үлкен дозасы темендетеді. Денсаулыққа иондаушы радиация өте зиянды эсер етеді. Шүғыла ауруы туған шақта организмнің реактивтігі шамадан тыс төмендеп, кез-келген инфекцияға қарсы тұра алмайды. Реактивтіктің сыртқы ортаның қоздырғыштарының әсерінен өзгергіпггігі, оған күшейту енгізуге жағдай туғызады.

    2. Иммунитет. Бұл организмнің реактивтік қасиетінің бір көрінісі. Иммунитет дегеніміз организмнің әртүрлі қоздырғыштарға беретін жауабы. Бүл жағдайда көбінесе инфекция тудыратын микробтар сөз болады. Бірақ иммуниттің мағынасы одан кеңдеу. Иммунитеттің қоздырғыштарға жауабы толық жартылай немесе

    мүлдем болмауы мүмкін. Аурудың дамуы мен бітуі иммунитеттің дәрежесіне байланысты. Иммунитеттің туа және жүре пайда болған түрлері бар. Туа пайда болатын иммунитет тірі организмдердің жеке түрлеріне тэн қасиет. Мысалы, бірде-бір жануар қалыпты жағдайда холера, сифлис немесе дифтерия ауруымен, ал адамдар жануарлардың ауыратын кейбір жұқпалы инфекциялық аурулармен ауырмайды. Жүре пайда болатын иммунитет табиғи немес қолдан жасалынған деп екіге бөлінеді. Табиғи активті иммуниттер жұқпалы инфекциялық аурумен ауырғаннан кейін пайда болады (қызылша, дифтерия, іш сүзегі жэне т.б. аурулар). Табиғи пассивті иммунитет жаңа туылған балаларға анасының бұрында сондай инфекциялық аурумен ауыруына байланысты беріледі. Қолдан жасалған автивті иммунитетті денеге өлтірілген немесе күші кеткен микробтардың вакциндерін (немес олардьщ уларын) ендіру арқылы тудырады. Бүл жағдайда микрооргнизмдер ауру тудыра алмайды, бірақ организмде иммунитет пайда болуынажағдай жасайды. Қолдан жасалған пассивті иммуниеттің эсер ету мерзімі қысқа және сарысудың сыртқы ортаға шығарылуымен тоқтайды. Керісінше активті иммунитет үзаққа созылады да, кейбір ауруларға қарсы өмір бойы сақталады.

    Орыстың ұлы ғалымы И.И. Мечников иммунитетті дене жат белоктардың клеткалардың ішінде қорытылуы деп түсіндіреді. Қазіргі кездегі алынған мәліметтерге қарағанда иммунитеттің механизмІ одан тереңде жатыр. Кейбір клеткалардың денеге түскен жат белоктарды ұстап алып қорытып жіберу қасиетін фагоцитоз деп атайды (фагео - жеу цитос -клетка) Фагоциторлық қасиет қанның лейкоциттерінде (микро жэне макрофаг) бауырдың, көк бауырдың, сүйек кеміктерінің лимфа бездерінің клеткаларында бар. Осы клеткалардың бәрі «ретикулоэндотелии жүйесі» деген атпен белгілі. Фагоцитоз жалпы қасиет. Себебі фагоциттер кез-келген микробтарды ұстап денесінде қорыта береді. Бірақ иммунитет пайда болған жағдайда фагоциттер тек бір түрлі микробтарға қарсы күрес жүргізуі мүмкін. Инфекциямен күресте фагоцитоздан басқа өте активті заттар - антителалар іске кіріседі. Олар қанның құрамында болады жэне ауру тудыратын микробтар мен токсиндерді залалсыздандырады. Антителаларда тудырып, олармен реакцияға қатысатын денелерді антигендер деп атайды. Антигендерге микробтар, токсиндер, организмдерге жат белоктар жатады. Антителалар ретикулоэндотелиялық жүйелерде жаслады. Олар глобулиндер, турасын айтқанда қанның белоктары, бірақ антигендердің әсерінен

    құрамын өзгерткен глобулиндер. Антителаньщ бірнеще тұрі болады: антитоксиндер улы заттардан істен шығарады; лизиндер микробтарды ерітіп жібереді; агглютинидер мен преципитаттар микробтары өзіне жабыстырып тұндырады; опсониндер микробтарды элсіретіп фагоцитозды жеңілдетеді. Барлық антителалар тек өзіне тән микробтар токси ндерге ғана эсер етеді.

    АЛЛЕРГИЯ. Иммунитет сияқты аллергия да организмнің реактивтігін көрсетеді. Аллергия - денеге енгізілген инфекциялық немесе басқа қоздырғыштарға организмнің өте кұшті жэне қасиеті өзгерген сезІмталдылықпен берген жауабы. Денеге жат белоктар, микробтар, олардың уы жэне бөлінген заттары, кұрамы белоктардан тұрмайтын заттар аллергендер деп аталады. Антигендерге қарағанда аллергендер өздеріне организмнің синсибилизациясын (өте жоғары сезімталдығын) туғызады. Сондықган аллерген антителаньщ кездесуі ауыр жэне қызу, жалпы жергілікті реакциялармен жүреді. Осындай қызу реакцияны анафилаксия немес анафилактикалық шок деп атайды. Мысалы, ақ тышқанньщ терісіне кез-келген жат белокты (жұмыртқа немесе аттың сары суынан алынған белок) енгізсе, бастапқыда ешқандай кеселді жағдай тумайды.

    Бірақ осы тышқанның қанында антитела пайда болған уақыттан кейін (10-12 күннен кейін) қайтадан жат белокты ендірсе, оған қарсы қызу да ауыр түрде жүретін жалпы реакция басталады да, оның өлімімен аяқталады. Себебі, бірінші рет ақ тышқанның денесіне ендірілген белок, оның денеге қайта ендірілуіне сезімталдығын арттырады. Адам организмінде жүретін сары су ауруы өзінің көріністерімен анафилаксияға өте ұқсас келеді. Ол емдік сары судың денеге қайта егілген емдік сары суға жоғары дәрежедегі сезімталдықпен жауап береді. Сондықтан емдік сары суды қайта еккенде, оган организмнің сезімталдығын тексерту керек. Тексеру үшін сары судың өте аз мөлшерін егу қажет. Бұл тексеруді жүргізбесе сары су ауруы пайда болуы мүмкін. Температура көтеріліп қышыма пайда болады. Денені бөртпе басып, ерін мен бет ісінп құсады. Аллергиялық аурулар белгілі бір заттың денеге қайта енуін организмнің жоғары сезімталдық көрсетуінен туады. Осы ауруларға тэн нәрсе - терінің ісінуі, онда күлдіректердің, жаралардың пайда болуы, көзден жас ағып, мұрнына су кетуі, бронхалардың бұлшық еттері жиырылып-демікпе пайда болады. Демікпе ауруын тудыратын аллергендер тыныс жүйесі мен бронхаларға жетеді. Олар белоктардан немесе басқа белоксыз заттардан құралуы мүмкін.




    написать администратору сайта