Документ Microsoft Word. Этиологиясы
Скачать 24.95 Kb.
|
№1 Билет 1.Бронх демікпесі - бронхтардың экзогенді немесе эндогенді факторларға жоғары сезімталдығымен бронхоспазм нәтижесінде пайда болған ұстамалы ауру. Аллергендердің тыныс жолына түсуімен , шаң- тозаңға, айналаның ластануымен байланысты. Науқастың клиникалық сипаттамасына жөтел, ентігу, ұстамалы тұншығу, алыстан естілетін сырылдар тән. Әдетте, бронхиалды астма ұстамасы аллергенмен қайта кездескенде , суық ауа жұтқанда, физикалық күш түскенде аяқ асытынан басталады, түнгі ұстамалар типті, құрғақ жөтел ұстамадан бұрын мазалайды, науқас мәжбүр халде болады. Науқастың дем алуы жиіленіп, экспираторлы ентігу тән, кеудеден ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Біраздан соң ұстама басылып ылғалды қақырық пайда болады, дем шығару фазасы қысқарып, дем алу актісі жеңілдеп және сирей бастайды. Этиологиясы: Экзогенді факторлар: Ø Инфекциялық аллергендер Ø Инфекциялық емес аллергендер (өсімдік тозаңдары, шаң, өндірістік аллергендер, дәрмектер, тағамдар,микроскопиялық кенелер Ø Механикалық және химиялық тітіркендіргіштер ( кәсіптік шаңдар, химиялық булар) Ø Метеорологиялық факторлар Ø Стресстік, психикалық факторлар, физикалық күш түсу Эндогенді факторлар:иммундық, эндокриндік, вегетативтік нерв жүйесінің, бронхтар реактивтілігінің және сезімталдығының, мукоцилиарлық аппаратының, өкпе тамырларының туа кемістіктері. Ең басты эндогендік фактор – атопия. Атопия аллергендермен жанасқанда IgЕ шамадан артық түзілуіне туа біткен бейімделік. Клиникасы.Үш негізгі синдром дамиды: Ø Бронхообструкция синдромы – экспирациялық ентікпе мен ұстамалар, тыныс шығарудың ұзаруы, құрғақ ысқырық сырылдар,ФӨТС,Тиффно көрсеткішінің төмендеуі, пневмотахометрияда – тыныс шығарудағы бронхтық кедергінің күшеюі. Ø Қабыну синдромы – қызудың көтерілуі, қақырық бөлінуі, ЭТЖ жоғарлауы, солға ығысумен лейкоцитоз, интоксикация белгілері. Ø Аллергиялық синдром – ринопатия, есекжем, қышыну, терілік оң сынамалар, эозинофилия, қан мен несепте биологиялық белсенді заттардың болуы. Диагностикасы:ЖҚА, ЖЗА, ҚБА, , қақырықтың жалпы анализі, кеуде қуысының рентгенографиясы, спирография, тері сынамалары. Емі.Препараттар екі топқа бөлінеді: жалпы ауру белгілерің жеңілдетін дәрілер (симптоматикалық ем) және негізгі (базисті) препараттар (глюкокортикостероидтар) 2. Жедел жәрдем: - ыңғайлы жағдай жасау (науқасты отырғызу) - эмоционалды және физикалық тыныштық тағайындау - таза ауамен қамтамасыз ету - 0,5 мг нитроглицеринді тіл астына немесе - изокет спрейдің 0,4 мг ингаляциясын, әсері болмаса 3 -5 минуттан кейін қайталау (АҚ бақылауымен, барлығы 3 таблеткадан көп болмау қажет) (перифериялық вазодилятатор, антиангиналды препарат) Жағдайы жақсарман жағдайда кардиологиялық бөлімге жеткізу. 3.Тұншығу ұстамасы кезінде мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру I. Медбикелік диагноз: Тұншығу ұстамасы (бронх демікпесі). II. Мақсат: тұншығуды жою (уақыт индивидиуалды). III Медбикелік іс-әрекеттер: дереу дәрігерді шақырту (бұл жағдай білікті медициналық көмекті қажет етеді); таза ауамен қамтамасыз ету; пациентке қолдарына тірелумен жартылай отыратын қалып беру, тар киімнен босату (бұл қалыпта тыныс алуға қосымша тыныс бұлшық еттері қосылады); ылғалды оттегімен ингаляцияны қамтамасыз ету, таза ауа жіберу; пациентке ыстық аяқ ваннасын қамтамасыз ету; бронхолитик пен қалталы ингаляторды қолдану ("Астмопент", "Сальбутамол", "Беротек") 3 реттен артық емес; дәрігер келгенге дейін төмендегілерді дайындау: бронхолитиктер- теофедрин, 2,4% эуфиллин ерітіндісі, 5% эфедрин ерітіндісі, баралгин; гормоналді препараттар - преднизолон, гидрокортизон, жүрек гликозидтері т.б. пациенттің жағдайын (тыныс алу, пулъс, АҚ, тері жамылғыларының түсі) бақылау. лабораториялық зерттеу үшін қақырықты жинауға үйрету; №2 Билет 1. Асқазан және он екі елі ішек ойық жара ауруы.Патогенезі: онекі елі ішектің ойық жара ауруына әкелетін факторлар: 1 асқазан гиперсекрециясы. 2 асқазан онекі елі ішек дисмоторикасы яғни, химустың жылдам эвакуациялануы. 3 онекі елі ішектің шырышты қабатының қарсы тұру қабілетінің төмендеуі. 4 психосоматикалық факторлар. 5 тұқым қуалаушылық. 6 жастық нейрогендік өзгерістер. 7 физикалық және химиялық факторлар. 8 өмір салты. Этиологиясы: Жара ауруының этиологиясында негізгі рөлді H. Pilory алады. Асқазан жарасында 70 пайыз онекі елі ішек жарасында 90 пайыз кездеседі. Олар асқазанның анталды бөлігінде орналасып созылмалы қабыну туғызады. Онекі елі ішек ауруында асқазан эпителиінде ошақтар табылыды. Олар клетка метаплазиясынан яғни, асқазан сөлінің көп бөлуінен пайда болады. Бұл жерде микроорганизмдер көбейіп шырышты қабықтың қабынуын туғызады. Н.р қышқыл ортада тіршілік ету ерекшелігі уреаза ферментінбөлуіне байланысты. Ол мочевинаны ыдырата алады. Айналасында көмір қышқылы мен аммиактан тұратын зат түзеді. Ол асқазан қышықылының нейтрализдейді. Клиникасы. 12- елі ішектің жара ауруы негізінен жастық және орта жаста пайда болады. Ауру көбінесе ер адамдарда кездеседі. 12- елі ішектің жара ауруында негізгі симптом эпигастрий тұсындағы ауырсыну. Бұндағы ауырсыну симптомы жыл мезгіліне және күн мерзіміне байланысты. Әсіресе тамақ қабылдағаннан кейін 1,5-3 сағаттан соңпайда болады. Басты белгілерінің бірі түнгі аштық ауырсыну. Зерттеу диагностикасы 1. лабораториялық: ЖҚА, ЖЗА, капрограмма, биохимиялық. 2. Аспаптық: - ФГДС. Бұл арқылы 12-елі ішіктегі өзгерісті анықтауға болады. Асқазан қышқылдық қасиетін анықтау. 3.Рентгенологиялық. Негізгі белгісі (ниша). Буылтығының тыртықтануы. Емі. 1. Консервативті. 2. Хирургиялық. 12-елі ішектің жара ауруында хирургиялық емге көрсеткіш: 2. |