Ккелісім Шарт. Фоб001210 ожа Ахмет Ясауи атындаы Халыаралы азатрік университеті білім алушыларын зерттеу, ндірістік практикалардан ткізу туралы келісімшарт
Скачать 26.03 Kb.
|
Ф-ОБ-001/210 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті білім алушыларын зерттеу, өндірістік практикалардан өткізу туралы КЕЛІСІМ-ШАРТ № _____ Түркістан қаласы «___»__________ 2022 жыл Бір жағынан Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің атынан, бұйрық негізінде әрекет ететін университет вице-ректоры Э.К.Идрисова бұдан былай «Университет» және екінші жағынан Түркістан қаласы, «Инновациялық технологиялар және жаңа материалдар институты» ЖШС басшысы Ш.Р.Курбанбеков былай «Мекеме» деп белгіленіп, бірлесе «Тараптар» деп аталып төмендегідей өзара келісім-шартқа отырды: 1. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ МӘНІ 1.1.Университет оқу үрдісі барысында алған білімдерін бекіттіру, практикалық дағдылар мен озық практиканы игерту мақсатына бағытталған зерттеу, өндірістік практикалардан өтуге білім алушыны ары қарай Келісім-шарт негізі бойынша жібереді, ал мекеме қабылдайды. 2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 2.1. Университеттің міндеттері: 2.1.1. Практиканың басталуынан екі ай бұрын практикадан өту бағдарламасы мен күнтізбелік кестесін мекемеге беруге; 2.1.2. Оқу жылына бекітілген академиялық күнтізбе бойынша практиканың басталу мерзіміне сәйкес білім алушыны мекемеге жіберуге; 2.1.3. Университет тарапынан әдістемелік көмек көрсетуге; 2.1.4. Тікелей мекемеде практиканың өтуін бақылау жасауға міндетті. 2.2.Университет құқығы бар: 2.2.1. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес кадрларды даярлау бағытының 7M054-Математика және статистика, 6В054-Математика және статистика білім беру бағдарламасы бойынша оқу жылына бекітілген академиялық күнтізбеде көрсетілген мерзімде зерттеу, өндірістік практикалардан өту үшін білім алушыны мекемеге жіберуге; 2.2.2. Мемлекеттік білім стандарты практика бағдарламасына және талаптарына сәйкес практикадан өткізуге жетекшілік жасауға; 2.2.3. Практика мерзімі біткенге дейін білім алушының жұмыс сапасы мен қатысуы туралы ақпаратты алуға құқылы. 2.3. Мекеменің міндеттері: 2.3.1. Білім алушыны осы келісім-шарт тәртібі бойынша қабылдауға; 2.3.2. Білім алушыны практикадан өту кезеңінде жетекшілік жасау үшін тиісті біліктілігі мен еңбек өтілі бар мамандармен қамтамасыз етуге; 2.3.3. Білім алушыға коммерциялық құпия болып табылмайтын әдебиеттер және басқа да құжаттар мен құрал-жабдықтарды пайдалануға мүмкіндік беруге; 2.3.4. Білім алушыларды қауіпсіз және еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық талаптарына сай жағдаймен қамтамасыз етуге; 2.3.5. Білім алушының практикадан өту кезінде еңбек уақытын есепке алуды қамтамасыз етуге; 2.3.6. Практикадан өту кезеңінде білім алушыны жұмыс орнымен, қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге; 2.3.7. Практикадан өту үшін қауіпсіз жағдай жасау, қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті нұсқаулық өткізуге; 2.3.8. Білім алушының мамандығына қатысты емес, сонымен бірге бағдарламада қарастырылмаған жұмыстарды орындауына жол бермеуге; 2.3.9. Практика аяқталған соң, әрбір практикадан өтуші білім алушының орындаған жұмысына мерзімі көрсетіліп, дайындаған есебі бағаланып мінездеме беруге міндетті; 2.3.10 Мекеме білім алушы практика мерзімі басталған уақыттан негізсіз үш күн кешіккен жағдайда растайтын құжаттарды ұсынуға жазбаша түрде университетке хабар беруге; 2.3.11 Мекеме білім алушы практика мерзімі көрсетілген уақытта техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау ережелерін, ішкі тәртіпті бұзса жазбаша түрде университетке хабар беруге. 2.4. Білім алушының практикадан өту кезеңіндегі міндеттері: 2.4.1. Зерттеу, өндірістік практика бағдарламасын толық орындауға; 2.4.2. Мекеменің қолданысындағы еңбек және ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға; 2.4.3. Өндірістік тазалық пен техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау ережелерін білуге және қатаң сақтауға; 2.4.4.Зерттеу, өндірістік жетекшісіне бекітілген үлгі бойынша барлық тапсырмалардың орындалуы туралы жазбаша түрде есепті тәжірибе базасының жетекшісі растап, қол қойған күнделікпен практика бағдарламасына сәйкес есепті қорғауға міндетті. 3. КЕЛІСІМ-ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ МЕРЗІМІ 3.1. Осы Келісім-шарт Тараптар қол қойып, тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және «31» желтоқсан 2027 жылға дейін қолданыста болады. 4. ТАРАПТАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 4.1. Шарт талаптарын орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайларды Тараптар шартта көрсетілген ҚР Заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады. 5. БАСҚА ДА ТАЛАПТАР 5.1.Осы келісім-шарт 2 данада жасалады, әрқайсысы заңдық күшке ие, Тараптарға бір-бірден беріледі. 5.2. Осы келісім-шартта көрсетілген барлық мәселелер бойынша тараптардың толық келісімін көрсетеді. 5.3. Осы келісім-шарттан туындаған даулар мен шағымдарды Тараптар келіссөздер арқылы шешеді. 5.4. Келіссөздер арқылы келісу мүмкін болмаған жағдайда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі. 5.5. Егер келісім-шарттың қандай да бір ережесі өз күшін жойып, заңсыз жарамсыз болып келсе немесе қандай да бір себептермен орындала алмайтын болса, келісім-шарттың басқа ережелерінің жарамдылығы немесе заңдылығына әсер етпеуі тиіс. Мұндай жағдайларда тараптар жарамсыз ережелерді заңды күші бар ережелермен ауыстыра алады. 5.6. Келісім-шартта нақты көрсетілмеген барлық қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасын басшылыққа алады. 6. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ МЕН БАНКТІК РЕКВИЗИТТЕРІ Университет Мекеме
|