Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың мақсаты мен міндеттері

  • Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары

  • Деңгейлік тапсырмалар

  • Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

  • Оқытушымен бірге білім алушының өзіндік жұмыстарының (ОБӨЖ) *Бронхтық демікпе ұстамасы кезінде мейірбикелік қызметтердің алгоритмі.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі

  • Негізгі әдебиеттер

  • Электронды оқулықтар: 1.

  • прпактика. 13 практика. Фоб012060 13 практикалы саба Таырыбы Ота алдылы дайынды жне отадан кейінгі ктім. Саба жоспары


    Скачать 26.03 Kb.
    НазваниеФоб012060 13 практикалы саба Таырыбы Ота алдылы дайынды жне отадан кейінгі ктім. Саба жоспары
    Анкорпрпактика
    Дата26.12.2021
    Размер26.03 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла13 практика.docx
    ТипДокументы
    #318381

    Ф-ОБ-012/060

    13 практикалық сабақ
    Тақырыбы: Ота алдылық дайындық және отадан кейінгі күтім.
    Сабақ жоспары:

    1.Науқасты хирургиялық операцияға дайындау

    2.Ішкі мүшелердің қызметі;

    3.Ерте күтім кезеңдегі жалпы міндеттер

    4.Операциядан кейінгі ұзақ уақыт өткендегі күтім.

    5.Ішкі мүшелерінің қызметі бұзылған науқастарды күту.

    6.Таңғыштарды бақылау

    7.Ішкі мүшелері бұзылған науқастардың диеталық стол түрлері.
    Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Студенттерге ота алдылық дайындық және отадан кейінгі күтім көрсетуді үйрету.

    Сабақтың мазмұны:

    Науқасты хирургиялық операцияға дайындау: Негізгі тексерулерді емханада өткізу керек Науқасқа аспаптық тексерудің алдында жүргізілу тәртібімен таныстыру Хирургиялық араласудың түрі мен әдістемесімен таныстырылу. Операциядан 6-8 сағат бұрын ас қабылдауды тоқтату. Асқазан-ішек жолын тазарту,қуықты босату. Оперциялық алаңды құрғақ қырудан аулақ бол. Премедикация жасау Психологиялық қолдау

    Ерте күтім кезеңдегі жалпы міндеттер: Хирургтің тағайындағанын орындау және медицина қызметкерлер жағынан күтуді қамтамасыз ету. Науқастың жалпы жағдайын бақылау және мүмкін болатын асқынулардың алдын алу,дамыған асқынуларды мезгілінде диагностикалау жіне оларды емдеу. Тері жамылғысын бақылауда терідегі ойық жараларды және трофикалық жараларды болдырмау. Жүрек қан тамыр,тыныс алу,асқазан ішек жолдары,зәр шығаратын жүйелерді бақылау.

    Операциядан кейінгі кеш күтім кезеңнің міндеттері: Науқастың жағдайын бақылау,пайда болған бұзылыстарды түзеу.Осы мақсатта,термометрия жасалады,қан және зәр анализдері алынады,тамақтануы және сәйкес диетаның сақталуы қадағаланады.Өздігінен тамақтана алмайтын науқастарды медицина қызметкері өзі тамақтандырады.

    Операциядан кейінгі ұзақ уақыт өткендегі күтім. Бұл кезеңнің міндеттері науқасты реабилитациялық шараларды орындау үшін амбулаториялық емге дайындауға бағытталған.

    Науқастың жалпы жағдайын бақылау Кезекші дәрігер және пост мейірбикесі операциядан кейінгі кезеңде науқастың жалпы жағдайын әрдайым бақылап отыру қажет.Сыртқы пішіні,тері қабатының жағдайы мен түсі,температурасы,тамыр соғысы,тыныс алуына шағымдарына көңіл аударылады.Науқастың бірінші шағымдары операциялық жарадағы ауру симптомы,ауыздың кебуі және шөлдеу болып табылады.

    Операциядан кейінгі асқынулар. Ерте асқынулар:Науқастың температурасы көтеріліп,қан анализінде өзгерістер дамиды:лейкоциттер мөлшері жоғарылайды,ЭТЖ,тромбоциттер және басқа қанның формалық элементтері көбейеді.Су тұз алмасуы бұзылады:шектен тыс сұйықтық жоғалтады,шөлдейді,аузы кебеді.Освндай асқынуларды алдын алу үшін көктамырға сұйықтықтар мен қаналмастырғаштарды жібереді:полиглюкин,гемодез,полидез,физиологиялық ерітінді.

    Теріні бақылау,ойық жаралардың алдын алу. Әдетте операциядан кейін терінің жамылғысының түсі бозарған болады,тек 2-3 күннен кейін ғана қалпына келеді.Егер,терінің бозарған түсі сақталса,ол ішекке қан кетудің немесе басқа асқынудың белгісі ретінде көңіл аудару қажет. Ойық жаралардың алдын алуы қарапайым:қызарған теріні камфор спиртімен сылау,терінің әрдайым бататын жерін резеікелі шеңбер немесе жұмсақ материалдармен қорғау,науқастың қалпын жиі алмастыру.

    Емдәм. Науқасқа тамақтандыруды ұйымдастыру өте маңызды.Ірі клиникаларда науқасты тамақтандыру дәрігер диетологтың кеңесімен,ауруханаларда аға мейірбике және мейірбике диетолог кеңесімен реттеледі.Хирургиялық науқасты операциядан кейін тамақтандыру мейірбикенің міндетіне жатады.Науқастарды қоректендіретін 15 түрлі диета үстелі тағайындалған.

    Таңғыштарды бақылап тұру. Операциядан кейінгі науқастың таңғыштарын мұқият бақылау керек.Егерде,таңғыш дымқылданып жатса,дереу хирургқа хабарлау керек.Гипс таңғыш салынған науқастардың аяқ қолдың саусақтарының түрін мұқият бақылап тұру керек:егерде ол көгеріп,бозданып тұрса,ол қан айналымының бұзылуының нақты белгісі болып табылады,сондықтан дереу хирургқа хабарлап,гипсты таңғышты босатып,қыспайтын қылып қайтадан таңғышты салу керек.
    Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер
    Сабақтарды өткізу тәртібі:

    - сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау;

    - білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау;

    - оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау;

    - семинар – «дөңгелек стол».
    Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін):

    І-ші деңгей:

    1.Науқасты хирургиялық операцияға дайындау

    2.Ішкі мүшелердің қызметі;

    3.Ерте күтім кезеңдегі жалпы міндеттер

    ІІ-ші деңгей:

    1.Операциядан кейінгі ұзақ уақыт өткендегі күтім.

    2.Ішкі мүшелерінің қызметі бұзылған науқастарды күту.

    ІІІ-ші деңгей:

    1.Таңғыштарды бақылау

    2.Ішкі мүшелері бұзылған науқастардың диеталық стол түрлері.

    Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (30 ұпай дейін):

    1. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету кезінде мейірбикелік қызметтердің алгоритмі. - презентация.

    Оқытушымен бірге білім алушының өзіндік жұмыстарының (ОБӨЖ)

    *Бронхтық демікпе ұстамасы кезінде мейірбикелік қызметтердің алгоритмі.
    Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:

    Негізгі әдебиеттер:

    1. Оқулық. Клиникаға кіріспе. 2017ж. Н. Қ. Төлежанов, М.С. Жунусов, Е.Н. Тулежанов, Ф.Ж. Мусабекова,. Турсынбаева Г.А.

    2. Оқу құралы. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, 2016ж. К. У. Жолдас

    3. Оқулық. Клиникаға кіріспе. 2018ж. Е.Н.Тулежанов, Ф.Ж.Мусабекова, Ә.Н. Төлежанова.

    4. Сөздік. Коммуникативтік дағдылар. 2015ж. Мациевская Л.Л., Абильдина Н.Т

    5. Оқу-әдістемелік құрал. Коммуникативтік дағдылар. Туркестан, 2018ж Жолдас К.У

    6. Оқу-әдістемелік құрал.Коммуникация негіздері. Қарағанды «Ақ-нұр» 2012ж.


    Электронды оқулықтар:

    1. Клиникаға кіріспе. Кіші мейірбике көмекшісі. Түркістан, Тұран, 2017. Н. Қ. Төлежанов,

    М.С. Жунусов, Е.Н. Тулежанов, Ф.Ж. Мусабекова. http://lib.ayu.edu.kz

    Қосымша әдебиеттер тізімі:

    1. Жедел медициналық жардем Тұрманов К.М Алматы, 2011

    2. Практические новынки и умения медсестры педиатрической профиля С. П.

    Виникова, И. Н. Дыгало Ростов-на-Дону: "Феникс", 2010

    3. Интегрированная медицинская помощь: Состояние и перспективы.К. А. Тулебаев,

    Б. С. Турдалиева, Г. Д. Кузиева, К. К. КуракбаевАлматы : Кітап, 2017

    4. Общий уход за больными терапевтического профиля: Учебное пособие. В. Н.

    Ослопов, О. В. Богоявленская ГЭОТАР-Медиа,Кітап,2017

    5. Скорая медецинская помощь: национальное руководство. Под ред. С.Ф. Багненко,

    М.Ш. Хубутия, А.Г. Мирошниченко, И.П. иннуллина. ГЭОТАР-Медиа,Кітап,2015

    6. Методология научных исследований в клинической медицине. Н.В. Долгушина и

    др., ГЭОТАР-Медиа,Кітап,2016

    7. Жедел медициналық жәрдем Қ. М. Тұрланов Алматы, "Эверо",2010

    8. Жедел медициналық жәрдем Қ. М. Тұрланов, С. А. Қалқабаева Алматы,

    "Эверо",2011

    9. Жарақат алған науқастарды амбулаториялық жағдайда емдеуде қолданылатын

    қосымша әдістер М. Т. Әбілмәжінов Алматы., Эверо",2014

    10. Шұғыл жағдайларда жедел медициналық көмек М. А. Сарбасова Түркістан, Әлем,

    2018

    11. Клиникаға кіріспе. Кіші мейірбике көмекшісі. Н. Қ. Төлежанов, М. С. Жунусов [и

    др.] Түркістан, Тұран,2017

    12. Клиникаға кіріспе. Палаталық мейірбике көмекшісі (жеке бөлім). Е.Н.Тулежанов,

    Ф. Ж. Мусабекова, Ә. Н. Төлежанова Түркістан, Тұран,2017

    13. Жедел және шұғыл медициналық жәрдем. Оқу құралы. Н. Ж. Қарабаева, Ш. Б.

    Татыкаева Түркістан, Тұран,2018

    14. Мейірбикелік іс негіздері пәнінен практикалық басшылық. Оқу құралы Қазақ тіліне

    ауд. және ред. Қ. Ж. Ахметов ГЭОТАР-Медиа, Кітап,2014

    Ф-ОБ-012/062

    15. Дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек. Оқу құралы. Жауапты ред. А. Н.

    Саржанова. Қазақ тіліне ауд. Г. Ж. Сағындықова ГЭОТАР-Медиа, Кітап,2014





    написать администратору сайта