Главная страница
Навигация по странице:

  • Факультеті «Ақпараттық технологиялар»

  • Салт-дәстүрлері Спорттағы жетістіктері Өнер индустриясы Қорытынды Қазақстан тарихы

  • Өнер индустриясы Бейнелеу өнері

  • Қорытынды Қазақ мәдениеті

  • пппп. Азамат мәдениеттану. Фараби атындаы аза


    Скачать 0.95 Mb.
    НазваниеФараби атындаы аза
    Дата30.10.2022
    Размер0.95 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАзамат мәдениеттану.docx
    ТипДокументы
    #761967

    Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

    Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті




    Факультеті «Ақпараттық технологиялар» Кафедрасы «Ақпараттық жүйелер»
    СӨЖ

    Тақырыбы: Қазақстан


    Орындаған: Тыныштық Азамат

    Тексерген:

    Жоспар:

    1. Қазақстан тарихы

    2. Салт-дәстүрлері

    3. Спорттағы жетістіктері

    4. Өнер индустриясы

    5. Қорытынды

    Қазақстан тарихы
    Қазақ хандығы (1465-66)
    XIV — XV ғасырларда барлық қазақ тайпалары ұлан-байтақ аймақты мекендеп жатты. Ертістен Оралға, Алтайдан Каспийге, Қараталдан Сырдарияға, Тянь-Шань тауларынан Қаратауға дейінгі аумақты қамтыды. Қазақ даласын мекендеген негізгі тайпалар: үйсін, қаңлы, қоңырат, найман, керей, маңғыттар болды.
    Қазақ даласындағы көшпенді тайпалар, сол кездегі үш ірі мемлекет — Ноғай Ордасы, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы немесе Өзбек Ұлысының құрамында болды. Бірақ олардың қайсысы болмасын, күнделікті өмірде қажетті қауіпсіздік пен этникалық аймақтың бірлігін қамтамасыз ете алмады.
    Әбілхайыр хандығы экономикалық және саяси құлдырауды бастан кешіп жатқан еді. Мемлекеттің ішкі саясаты негізінен, билікке таласып жатқан Жошы ұрпақтарымен күресуге бағытталды. Күннен-күнге күшейген феодалдық езгімен, хан билігінің қысымына шыдамаған халық көтеріле бастады.



    Жағдай, 1457 жылы Әбілхайыр ойраттардан жеңіліс тапқан соң тіпті ушыға түсті. Бұл жайт, халықты Әбілхайыр билігінен құтқарар, билеуші іздеуге мәжбүр етті. Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтан, қазақ тайпаларының мұң-мұқтажын жеткізуші, көсемдерге айнала бастады.
    Әбілхайыр ханмен күресуге лайықты сәт таппаған, Керей мен Жәнібек туған далаларын тастап шығып, өздерін құрмет тұтқан Моғолстанға кетуге мәжбүр болады. Моғолстан билеушісіЕсен-Бұға қазақ сұлтандарын сый-құрметпен қарсы алып, Шу өзенінің жағасынан жер береді.



    Есен-Бұға қазақ сұлтандарына жер бере отырып, ойраттар жиі шабуылдап жатқан шекарасын бекітпек болады. Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазуынша осылайша 1465 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығының іргетасын қалады. Бірінші хан болып, Керей сайланды.

    Айта кету керек, ру-тайпалардың өзара бөлініп, басқаларға қосылуы ол заманда қалыпты құбылыс болып саналатын. Бірақ, ру-тайпалардың Әбілхайыр аймағынан жаппай қоныс аударуы, билік үшін соғысып жатқан Шыңғыс ұрпақтары арасында аймақта ерекше жайт болды.
    Оқиғаның салмақ алып бара жатқанын түйсінген Әбілхайыр, Моғолстанға жорыққа жақсылап дайындала бастайды. Алайда, жорық үстінде ауырып, қайтыс болады.
    Әбілхайыр өлімі мен Өзбек ұлысының күйреуі, қазақ сұлтандарына Дешті Қыпшақ даласына қайта оралып, сайын далада билік үшін жүріп жатқан күреске араласуға, мүмкіндік берді. Олардың басты ойы, бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығын айналдыру болатын. Сол кезден бастап, далалық тайпаларды бағындыру олардың саяси, әскери қызметтерінің негізіне айналды. XV ғасырдың70-80-ші жылдары Жәнібек пен Керей, кейінірек таққа отырған Бұрындық хандардың бар күштері жаңа мемлекеттің іргесін кеңейтіп, күшейтуге жұмсалды.

    Салт-дәстүрлері

    Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені  әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», - деп жазды. Олай болса, әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн.

    Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.



    Спорттағы жетістіктері



    Еліміз егемендік алғалы ғаламның ғаламат бәсекелерінде өзіне тән бәсіресінен қағылып көрген жоқ. Мейлі қай салада болса да Қазақстанның жеткен жетістігі аз емес. Ел дамуының ерекше белгілерінің бірі – спорт саласындағы жетістік деп есептеп жүрміз ғой. Ендеше, тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан сәл ғана асқан ел үшін спорт саласындағы бүгінгі жетістіктеріміз аз емес.

    Әлемдік ареналарда жеңіп алған жүлделер ел мерейін үстем етуге септігін тигізетіні шын. Спортшыларымыз халықаралық ірі додаларда топ жарған кезде бөркімізді аспанға атып қуанатынымыз осының дәлелі. Спорттағы жетістікті ел дамуының ең маңызды көрсеткіші дей алмаймыз. Бірақ әлемдік жарыстарда жүлде алу оңай шаруа емес. Тіпті кейбір дамыған алпауыт елдердің өзі спорт саласында Қазақстанның шаңына ілесе алмайды.

    Спорттағы ең биік шың -  Олимпиада ойындары. Аталған дүбірлі дода төрт жылда бір өтеді. Әлемнің әр түкпірінен келген мыңдаған спортшы дәл осы биікті бағындыру үшін барын салады. Олимпиада ойындарына еліміз спортшылары тәуелсіздік алғалы алты мәрте қатысты. Әрі ешқашан алтын медалсіз қайтып көрген жоқ. Айта кетейік, 1992 жылғы Барселонадағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар ТМД-ның біріккен құрамасы сапында өнер көрсетті.

    Еліміз спортшылары жазғы Олимпиада ойындарында 1996 жылдан бері жалпы 64 медаль жеңіп алды. Бұның 19-ы алтын, 20-сы күміс, 25-і қола медаль. Ал қысқы Олимпиадаға 1994 жылдан бері қатысып жүрміз. Бұл жарыста қазірге дейін жеті жүлде жеңіп алдық. Атап айтқанда 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медалге қол жеткіздік.

    Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді. Содан бері өткен алты кезекті Азиадада еліміз спортшылары жалпы 557 медалге қол жеткізді. Бұның ішенде 155 алтын, 158 күміс, 244 қола медаль бар. Ал қысқы Азия ойындарындағы көрсеткішіміз мынадай: 69 алтын, 51 күміс, 44 қола жиыны 164 медаль.

    Енді жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алған спортшылардың есімін атай кетейік. Бұл ең ірі әлемдік додада жүлде салған жүйріктерге деген құрмет әрі ел мақтаныштарының есімін барлығы біле жүрсін деген ниет.

    Қазақстан тәуелсіз ел ретінде қатысқан алғашқы Олимпиада - 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен XVII  қысқы Олимпиада ойындары болатын. Қазақстанның әнұранын Олимп шыңында тұңғыш рет Владимир Смирнов шырқатты. Атақты шаңғышы сол кезде бір өзі бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алды.

    Өнер индустриясы
    Бейнелеу өнері

    Қазақ жерінде кезігетін бейнелеу өнерінің алғашқы нұсқалары палеолит дәуіріне жатады. Олар Қаратау мен Хантау тауларында тасқа қашалған жан-жануарлар тұрпаты түрінде кездеседі. Неолит және қола дәуірінде тасқа бедерленген Баянауыл үңгіріндегі (Павлодар облысы), Таңбалы аңғарындағы (Алматы облысы) бейнелер (бұғы, арыстан, садақты аңшы, арбаға жегілген бұқа, сиыр, т.б.) мен Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы жақпар тастардағы суреттер (келіншектің қасындағы екі ер кісінің жекпе-жек қылыштасуы, т.б.) қазақ жерін мекендеген тайпалардың негізгі кәсібін, әдет-ғұрпын баяндайды. Көптеген шекіме суреттердің сюжеті жыртқыш аңдардың аша тұяқтыларға шабуылына, діни нанымға құрылған. Суреттер нобайына ішінара қына түсті бояу жағылған ( Қаратау шимайлы тастары). Андрон мәдениеті мұрасына саналатын геометриялы өрнекті қыш ыдыстар, қалыптау арқылы жасалған бұйымдар, күн шапағы бейнеленген қола құрал-жабдықтар Орталық, Солтүстік және Батыс Қазақстан аумағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ашылды.

    “Таңбалы тастағы” (Алматы облысы) б.з.б. 2 ғасырдағы тасқа бедерленген Будда бейнелері (көп қолды Чон-Рай-Сик, Мун-Сақ Будда, Манла Будда) шекіме суреттердің озық үлгілерінің бірінен саналады. Осы жартастарда 16 – 17 ғасырларда салынған суреттер де бар. Діни нанымдағы суреттер Алтай мен Тарбағатай аймағында да ұшырасады. Қола мәдениетінің соңғы кезеңіне саналатын Беғазы-Дәндібай мәдениеті тұсында (б.з.б. 9 – 8 ғасырлар) көне өнер түрлері жаңа үлгілермен толыға түскен. Б.з.б. 7 ғасырларда көшпелілер одағының нығайып, әлеуметтік құрылысы мен шаруашылықтың дамуына байланысты б.з.б. 4 ғасырларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері гүлденді. Қол өнері мен сән өнерінің ағаш ұқсату, зергерлік өнері, кесте және кілем тоқу салалары дамыды. Ертіс, Шідерті, Өлеңті, Сілеті, Есік, Түрген, Іле өзендері және Орталық Қазақстан мен Сыр бойындағы, Баянауыл, Сауыр тауларының етегіндегі обалар мен қорымдардан табылған көне заман бұйымдары, жиһаздық заттар көшпелі тайпалар өнерінің даму кезеңін көрсетеді.

    Скифтердің аңдарды бейнелеу нақышы Қара тау үстіртіне қарағанда қазақ жерінде бұрын дамығанын дәлелдейді. 1970 жылы Алматы облысындағы Есік қала маңынан табылған алтын бұйымдар (“Алтын адам”, бұғы, арқар, жолбарыс, жылқы, барыс бейнелері) да – б.з.б. 6 – 5 ғасырларда қазақ жерін мекендеген тайпалардың өнер үлгілері. Ежелгі зергерлік өнері бұйымдарын асыл таспен әшекейлеу алғаш ғұн, үйсіндерде, кейіннен оғыз, қыпшақтарда қолданылған. Сақ дәуірінде бұл әдіс көп тарамаған. Үйсін зергерлік өнерінде көркем оймыш, бедерлеу және инкрустация тәсілдері басым пайдаланылды. 6 – 8 ғасырларда байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері негізінде байырғы түрік өнері дамыды. Бейнелеу өнерінің кейбір салаларының аттары қалыптасты. Қолөнеріне маманданған шеберлер (зергер, бәдізші, сәулетші, т.б.) шықты. Суреттер сюжеттік жағынан байи түсті. Жұмырлап жасалған тас мүсіндер, тастан қашалған құс пен балық бейнелері, барельефтер, ағаш, сүйек, ою, асыл тас жұмырлау өркендеді. Байырғы түрік өнері кезеңінен бастап қазақ жерінде мүсін өнері кең етек алды. Мүсіндер Торғай өзенімен мен Ұлытау төңірегінен бастап, Сарыарқадан күншығысқа қарай созылып, АлтайТарбағатай тауларына дейін, Оңтүстік Қазақстанда Қаратаудың екі жақ етегінде, Бурылтау, Талас тауларының, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсіндер Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар), қыпшақ заманы (7 – 13 ғасырлар) кезіндегі мүсін тастар болып екі топқа бөлінеді.

    Көпшілігі адам бейнесінің нобайын ғана көрсететін дөрекілеу түрде жасалғанымен, ішінара бет әлпеті мен тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсіндер ( Қарқаралы тас мүсіндері) де кездеседі. 16 – 18 ғасырларда тас мүсін қашау жойылып, оның орнына ою-өрнек және араб жазуларымен әсемделген құлпытастар көптеп жасала бастады. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде кілемдер мазмұнға құрылған суреттермен әсемделсе, 5 – 7 ғасырларда көп тараған қазіргі қазақ кілемінің үлгілері қалыптасты ( Қазақ кілемі). Ясы, Отырар, Сығанақ, Тараз, Сайрам, Құлан, Мерке, Баласағұн, т.б. қалаларда 8 – 12 ғасырларда өнердің көптеген салалары (көзешілік, бедерлеу, көздеу) өркендеді. Осы заманның киіз үй түріндегі қыш ыдыстары; бедерлеу, кесу, жапсыру арқылы жасалып, түрлі түсті бояумен (қара, қоңыр, сары, қызыл) жылтыратылған қабырға өрнектер мен су құбырлары; ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ұлттық ою-өрнектермен әсемделген теріден, металдан жасалған бұйымдар – өркендеген өнердің дәлелі. Архитектуралық құрылыстардың сыртқы қабырғалары, ішкі еңселері мен күмбездері ғимарат құрылымымен үндес тартымды ою-өрнектермен әсемделіп отырды ( Қазақ сән өнері). Азия мен Еуропадағы күмбезді архитектуралық құрылыстар секілді қазақтың киіз үйі ежелгі замандардан қазірге дейін халық қол өнерінің үздік үлгілерін жинақтаған қазына іспетті ( Қазақ архитектурасы). Киіз үйдің іші мен сырты, бау-басқұры секілді жиһаздық заттары тартымды әрі биязы ою-өрнекпен әсемделді. Сәндік, тұтыну заттарынан басқа да басқұр, алаша, тықыр кілем, кебеже, т.б. қолөнері бұйымдары киіз үй ішін безендіруде басты орын алады. Алтын зер және жібек жіптермен кесте тоқу, ағаш ұқсату өнері, ағаш пен сүйекті жымдастыру арқылы көркемдеу, тері ұқсату, зергерлік өнері де күшті дамыған ( Қазақ қол өнері). 19 ғасырларда Қазақстанда болған орыс суретшілерінің (В.В. Верещагин, т.б.) қазақ халқының өмірі мен тұрмысын бейнелеген картиналары өмірге келді. 1847 – 57 жылдары қазақ жеріне жер аударылған Т.Г. Шевченко дала өмірінің көріністеріне құрылған сериялы суреттерінде жергілікті халық тұрмысын шыншылдықпен бейнеледі. Ағартушы ғалым, әрі қазақтың тұңғыш суретшісі Ш.Ш. Уәлихановтың сулы бояу және қаламмен салған портреттері мен суреттері (“Үлкен Орданың қазақтары”, т.б.) 19 ғасырдың ортасында салынды; Қазақ бейнелеу өнері.

    Музыка мәдениеті

    Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән музыкалық дәстүрі дүниеге келді; соның нәтижесінде бай музыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-жоралар әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Халық музыкалық шығармашылығы негізінен пентатоникалық белгілері басым жеті тонды диатоникалық мажор мен минорлық ырғақтарға негізделді. Эпостық жырлар речитативті әуенде жырланды. Қазақ халқының тарихи қалыптасу ерекшеліктеріне қарай муз. шығармалардың әуендік сипаты түрліше әрі әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрінде де айырмашылықтары болды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері: домбыра немесе қобыздың сүйемелімен ән салу, музыкалық аспаптарда күй тарту, т.б. “жар-жар”, “сыңсу” сияқты тойларда айтылатын әндердің қайырмалары көп дауыспен орындалды. Шығармалар тақырыбы мен музыкалық айшығына орай: космологиялық (жұлдыз, Ай, Күн және басқа планеталар жайлы), демонологиялық (жалмауыз кемпір, жын-шайтан, пері, т.б.), бақсылардың емдік әндері, эпикалық әндер, ертектер, мысалдар, еңбек әндері, тұрмыс-салт әндері, лирикалық әндер, тарихи әндер, т.б. болып жіктеледі. Аспаптық музыка үзінділерінде соғыс көріністері, батырлар сайысы, бәйге, қыран құстың самғауы, қасқырдың ұлуы музыкалық тілімен бейнеленді. Халық музыкасы мазмұнына қарай әр түрлі қызмет атқарды. Әсіресе бөбектер ойынын бейнелейтін музыка өзінің ықшам, қысқа, бір ырғақты, шағын көлемді, диапазоны мен формасының қарапайымдылығымен үй ішінде орындауға ыңғайлы болса, лирикалық және әлеуметтік, тарихи тақырыптағы әндер мен күйлердің әуендік диапазонының кеңдігі, мәнерінің әртүрлілігі, ырғақтық құрылысының күрделі болуы орындаушыдан үлкен шеберлікті талап етті. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердің өшпейтін классикалық шығармаларын тудырған дарынды күйші-композиторлар шықты. Аты аңызға айналған Қорқыт (8 – 9 ғасырлар), музыкалық нота жазуының алғашқы үлгілерін ойлап тапқан Әбу Наср әл-Фараби (870 – 950), 15 ғасырларда өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы – қазақтың өткендегі дамыған музыкалық мәдениетінің дүлдүл өкілдері; Қазақ музыкасы.

    Би өнері

    Қазақ халқының би мәдениеті ежелден-ақ белгілі болған. Би – ұлттық өнердің басқа да түрі сияқты халық тұрмысына берік еніп, олардың әдет-ғұрып ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін өнерге айналды. Бұрыннан сақталып келген еңбек қимылын көрсететін халық биі “Өрмек би”, аңшылар өмірін бейнелейтін “Қоян би”, әзіл-сықақ пен күлкіге құрылған “Аю биі”, “Насыбайшы”, “Ортеке”, “Қаражорға”, “Тепеңкөк” билері – ежелгі би мәдениетінің куәсі. Би қазақ халқының тұрмыстың болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түседі. Музыкалық фольклорда сахнада өлең айту, би билеу, билеп жүріп ән айту, т.б. сақталған. Халық арасында еңбек жылын қорытындылауға байланысты мереке өткізу, салтанат құру кең етек алды. Той-думандарда өнерпаздар би арқылы өнер жарысына түсіп, көрермендерге өздерінің бишілік шеберлігін көрсететін болған. Қазақтарда өзбек, тәжік және басқа мұсылман дінін ұстаған шығыс халықтарында сирек ұшырасатын қыз бен жігіттің қосылып билейтін жұп билері (“Қоян-бүркіт”) кездеседі. Бишілік өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, әр тайпаның өз өнер шеберлері болды. Олар сарайда және көпшілік алдында өнер көрсететін сайқымазақ-қуақы ретінде танылды. Қазақтың халық билерінің канондық түрі болған жоқ. Би өнері импровизациялық тұрғыда орындалды. Би сайыстарында эмоциялық жарқын сипат хореогр. көріністермен ұштастырылды. Бұл ерекшеліктер “Ұтыс” және “Сылқыма” билерінен көрінеді. Ат үстінде билеу өнерінің де өзіндік ерекшеліктері болды. Ерттеулі аттың үстінде тұрып билеу, атты өзінің ырғақ сазына бағындыратын нағыз кәсіби бишінің ғана қолынан келетін; Қазақ биі.

    Ұлттық театр өнерінің белгілері халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (беташар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алтыбақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуақыларының өнеріне, ақындар айтысы мен шешендік өнерге саяды. Қазақ театр өнерінің тууына Орал, Орынбор, Омбыда орыстың кәсіби театрларының ашылуы ықпал жасады; Драматургия, Қазақ театры.

    Кино

    Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанда барлығы 13 жекеменшік кино залы жұмыс істеді. Олар негізінен ірі қалаларға (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола (Астана), Қостанай, Ақтөбе, т.б.) орналасты. Верный (Алматы) қаласында бірінші киносеанстар 1910 жылдан көрсетіле бастады. Киноның алғашқы белсенді насихатшыларының бірі – Ә.Жангелдин болды. Ол 1913 жылы Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиялық, тұрмыстық мазмұндағы 40-қа жуық лента мен жылжымалы кинопроектор алып келді. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің 5-съезін Мәскеу киношежірешілерінің пленкаға түсіруі Қазақстандағы бірінші кино түсіру қадамы болып саналады. Сол жылы орталық “Культкино” студиясы жасаған “ҚАССР-нің 1 жылдық мерекесі” атты тұңғыш деректі фильм шықты (қ. Кино). Киноның негізгі түрлері: көркем фильм, ғылыми-көпшілік кино, деректі кино және мультипликациялық кино, әдеби шығармашылықтың бір саласы, фильмнің әдеби, көркемдік негізі болып табылатын – кинодраматургия, кино өнерінің жанры, бейнелеу құралдарының бірі – киномузыка және тұтастай кино өнері мен оның ерекшеліктерін, түрлерін және жанрларын зерттейтін ғылым саласы – кинотану ғылымы дамыды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақ киносы өзінен бұрынғы дәстүрді лайықты жалғастыра отырып, әлемдік кино өнері туындыларының байқауларында жүлделі орындарға ие болды; қ. Кинофестиваль, Қазақ киносы, “Қазақфильм”.

    Қазақ цирк өнері көшпенді тіршіліктің ыңғайымен біте қайнаса дүниеге келді. Ат құлағында ойнап өнер көрсету, айтар ойды ыммен білдіріп, түрлі дене қимылдарымен жұртты күлдіру, салдық құрып, ел аралау, қуақы, әзіл-ажуа сөздермен көпшіліктің көңілін көтеру, бақсылық құру, т.б. жораларда цирк өнерінің алғашқы нышандары көрініс берді;
    Қорытынды
    Қазақ мәдениеті - Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады


    написать администратору сайта