Главная страница
Навигация по странице:

  • Лиазалар

  • Лиазалар Декарбоксилазалар (карбокси-лиазалар) Дегидратазалар (гидро-лиазалар )

  • НSKoA құрамы

  • Аминотрансферазалар (трансаминазалар)

  • Фосфотрансферазалар (киназалар)

  • 2. Протеинкиназалар

  • 2. Фосфор қышқылының доноры – жоғары энергетикалық фосфатты қосылыстар.

  • БӨЖ тапсырмасы,Жумасейт Аружан. Ферменттер Лиазалар жне трансферазалар Орындаан Жумасейт Аружан


    Скачать 0.5 Mb.
    НазваниеФерменттер Лиазалар жне трансферазалар Орындаан Жумасейт Аружан
    Дата06.12.2021
    Размер0.5 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаБӨЖ тапсырмасы,Жумасейт Аружан.pptx
    ТипДокументы
    #294034

    Ферменттер Лиазалар және трансферазалар

    Орындаған:Жумасейт Аружан


    С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Унивеситеті

    ЖОСПАРЫ:

    • Лиазалар. Құрылысы, жіктелуі.
    • Трансферазалар.Өкілдері,құрылысы,катализдейтін реакциялары.

    Лиазалар


    Лиазалар – судың қатысуынсыз субстраттан белгілі бір топтардың (NH3, СО2, альдегид, т.б) бөліну немесе қос байланысқа атом топтарын енгізу реакцияларын катализдейтін ферменттер класы. Барлық лиазалар екікомпонентті жасушалық ферменттер

    Лиазалар

    Декарбоксилазалар (карбокси-лиазалар)

    Дегидратазалар

    (гидро-лиазалар )

    Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары

    Амин қышқылдарының декарбоксилазалары

    Екікомпонентті,

    Ко тиаминдифосфат

    (В1 вит. + 2 Н3РО4)

    Екікомпонентті,

    Ко пиридоксальфосфат

    (В6 вит. + Н3РО4)

    Декарбоксилазалар

    ӨКІЛДЕРІ

    • 1.пируватдекарбоксилаза (ПДК) пируватдегидрогеназды мультиферменттік комплекстің құрамына кіріп, ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді.
    • 2. α–кетоглутаратдекарбоксилаза (α-КГДК). α-кетоглутаратдегидрогеназды мультиферменттік комплекстің құрамында α-КГ-ң тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді.

    Трансферазалар


    Атом немесе атом топтарын бір қосылыстан екіншісіне тасымалдау реакцияларын катализдейтін ферменттер класы.

    Көбі екікомпонентті, жасушалық ферменттер, тасымалдайтын топтарының ерекшелігіне қарай 8 топқа бөлінеді. 4 тобын қарастырамыз:
    • метилтрансферазалар,
    • ацилтрансферазалар,
    • аминотрансферазалар,
    • фосфотрансферазалар.

    Метилтрансферазалар

    • Метилтрансферазалар организмде бір атомды көміртек қалдықтарын (метил, метилен, метин, оксиметил, формил және т.б. топтарын) бір қосылыстан екіншісіне тасымалдау реакцияларын тездетеді. Метилтрансферазалар нуклеин қышқылдары мен белок синтезіне, кейбір АҚ-ның алмасуына қатысады.

    Ацилтрансферазалар

    • Карбон қышқылдарының, әсіресе, сірке қышқылының қалдықтарын тасымалдайды.(сірке қышқылының қалдығын тасымалдаса, ацетилтрансферазалар деп атайды).
    • Ацилтрансферазалар - екікомпонентті, Ко – кофермент А немесе коэнзим А (НSKoA). НSKoA-ң құрамын Ф.Линен анықтады.
    • Ацилдеуші кофермент деген ат бұл қосылыстың ацетил және ацил қалдықтарының активтенуі мен тасымалдануын катализдейтін реакцияларға қатысуымен байланысты

    НSKoA құрамы:
    • 3/- фосфоаденозин-5/-дифосфат,
    • пантотен қышқылы (В5 витамині),
    • тиоэтиламин.

    Ацилтрансферазалар
    • май қышқылдарының β-тотығуы мен синтезіне;
    • кетоқышқылдарының (ПЖҚ, -КГ) тотығудан декарбоксилденуіне;
    • бейтарап майлардың,
    • фосфолипидтердің,
    • стероидты гормондардың,
    • Нb гемінің,
    • ацетилхолиннің және т.б. синтезіне қатысады.

    Мысалы:

    Май қышқылының АТФ есебінен активтенуі:

    Аминотрансферазалар (трансаминазалар)


    Амин қышқылдарындағы амин тобын кетоқышқылдарына тасымалдап, жаңадан сәйкес амин қышқылы мен кетоқышқылын түзеді. Аминотрансферазалар – екікомпонентті, Ко – пиридоксальфосфат (В6 витамині + Н3РО4):

    Аминотрансферазалар катализдейтін реакцияларды қайта аминдену (трансаминдену) деп атайды, реакциялар – қайтымды. Аминотрансферазалардың 20-н астам түрі бар, 2 өкіліне тоқталамыз:

    1.Аланинаминотрансфераза (АлАТ) аланин мен α-кетоглутар қышқылы арасындағы қайта аминдену реакциясын катализдеп, реакция нәтижесінде глутамин қышқылы мен пирожүзім қышқылы түзіледі:

    аланин + α-КГ глутамин қ. + ПЖҚ

    2. Аспартатаминотрансфераза (АсАТ) аспарагин қышқылы мен α –кетоглутар қышқылы арасындағы қайта аминдену реакциясын катализдеп, реакция нәтижесінде глутамин қышқылы мен қымыздықсірке қышқылы түзіледі:

    аспарагин қ. + α-КГ глу. + ҚСҚ

    аспартат α-КГ

    Глутамат ҚСҚ

    Фосфотрансферазалар (киназалар)


    Фосфор қышқылының қалдығын бір қосылыстан екінші бір қосылысқа тасымалдау реакциясын катализдейтін ферменттер тобы. Олар:

    бір компонентті;

    көпшілігінің төртіншілік құрылымы бар (бірнеше суббірліктен тұрады);

    аллостерикалық орталығы бар (зат алмасуда лимиттеуші роль атқарады);

    aктивтенуі үшін магний ионы (Mg2+) қажет.

    Белгілі бір затқа фосфор қышқылын қосу фосфорлану деп аталады. Бұл реакцияларда субстраттың құрылымы өзгеріп, ол активтенеді де, реакцияға түсуге қабілеттілігі артады, сондықтан фосфотрансферазаларды киназалар деп те атайды. Ферментті атағанда субстраттың атына киназа жалғанады.

    Фосфор қышқылының қалдығы макроэргиялық байланысты () сақтап тасымалданса, реакция – қайтымды; байланыс сақталмаса – қайтымсыз.

    Киназалар катализдейтін реакцияларда фосфор қышқылының доноры:


    • АТФ;
    • жоғары энергетикалық субстраттар.

    1. Фосфор қышқылының доноры – АТФ:


    а) қайтымсыз реакциялар:

    1.гексокиназалар (көптеген жасушаларда кездеседі, бауырда – глюкокиназа), көмірсулар алмасуында маңызды, гексозалардың фосфорлануын катализдейді:

    глюкоза + АТФ глюкоза + АДФ

    2. Протеинкиназалар жасушадаактивсіз күйде болады,активтенген кезде белоктарды (ферменттерді) фосфорлайды:

    3.Глицеролкиназа глицериннің фосфорлану реакциясын катализдейді:

    Глицерин глицерофосфат

    АТФ АДФ

    Б. қайтымды реакциялар:

    1.креатинкиназа креатинфосфаттың түзілу реакциясын катализдейді, АТФ те, креатинфосфат та жоғары энергетикалық қосылыс болғандықтан, реакция қайтымды.

    АТФ мөлшері жеткілікті болғанда, тура реакция, ал аз болғанда, кері реакция жүреді:

    АТФ АДФ

    Креатин Креатинфосфат

    АТФ АДФ

    2. Фосфор қышқылының доноры – жоғары энергетикалық фосфатты қосылыстар.


    Бұл реакциялар субстраттан фосфорлану деп аталады. Бұл жағдайда фермент реакция өніміне киназа сөзі жалғануы арқылы аталады.


    написать администратору сайта