Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындаған

  • 2022-202З оқу жылы

  • ІІІ Қорытынды

  • Негізгі бөлім

  • Сыни ойлаудың тұлға дамуындағы ролі

  • «Сыни көзқарас психологиясы»

  • Сыни көзқарас психологиясы»

  • Тұлғаның сыни ойлауының қалыптасу деңгейлері

  • Р. Декарттың “күмәндану” принципiнiң маңыздылығы

  • Дүниенің ғылыми,философиялық,діни бейнелері

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Философия таырыбы Философияны пні мен дісі


    Скачать 36.23 Kb.
    НазваниеФилософия таырыбы Философияны пні мен дісі
    Дата17.03.2023
    Размер36.23 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаDOC-20230316-WA0020..docx
    ТипДокументы
    #997891

    С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
    ФИЛОСОФИЯ

    Тақырыбы: «Философияның пәні мен әдісі»

    Орындаған: Мейырбеков Азамат

    Тексерген:Муканова Балауса Алимжановна


    2022-202З оқу жылы

    Философияның пәні мен әдісі

    Жоспар:

    І Кіріспе

    ІІ Негізгі бөлім

    • Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану

    • Философиялық мәселелердің тұлғалық сипаты.

    • Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері.

    ІІІ Қорытынды
    Кіріспе
    Философия ұғымы грек тілінен аударғанда даналыққа деген сүйіспеншілдікті білдіреді («филиа» — сүю, «софиа» — даналық). Бұл сөзді ежелгі грек ғалымы Пифагор қолданысқа енгізді, бірақ оның кең колданылуы б.д.д. V ғ. басталды. Бұл уақыттары Грекияның -жоғары дамыған мәдениеті бар, бай гүлденген аймақта, өздерін софистерміз (яғни даналармыз) деп айтатын адамдар болды. Олар тек ойлап, әңгімелесіп қана қойған жоқ, сонымен қатар даналыққа оқытты және оған деген сұраныстар да өте жеткілікті болды. Бірақ даналыққа оқытудьщ, кәсіпке оқытудан көрі көп ерекшелігі бар еді. Онда, адам бірдеңеге үйренді ме, әлде жоқ па, тексеруге болады. Ал, даналыққа оқытудың нәтижесін іспен көрсету қиын. Әрине оқыту үшін аз ақша алынбайтын. Осы жағдайда, табыс табу жолында адамдардың аңқаулығын пайдаланатын, өздерін даналармыз деп атайтын, алдамшылар да жеткілікті болды. Нәтижесінде ел кезуші софистер әзіл-мазақтың объектісіне айналды. Нағыз дана адамдар ақшамен оқытудан алшақ болды. Олар өздерін сыпайы түрде философпын деп атап, біз тек қана даналықты сүйеміз, деп айтатын.

    Осындай философтардың алғашқыларының бірі Сократбіз данамыз деп атайтындарды кекетіп: «Мен ештеңе білмейтіндігімді білемін» деп жиі қайталаған, Платонның айтуынша Сократ «философия» терминін даналыққа құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты белгілеу ретінде пайдаланған. Олай болса, философия өзінің даналығына деген шүбәланушылықтан және оған сүйіспеншілікпен ұмтылудан басталады.

    Философия ақиқатқа талпыныс қана деп түсінілді. Мыс. Платонның ойынша философ әруақытта білім мен білімсіздіктің ортасында болады, ол аз жетілген білімнен жетілгендікке, білімсіздіктен білімге шығуға талпынады. Оның ойынша табиғаттың және адам өмірінің құпияларын ашатын, өмірдің талабына сай әрекет етуге және табиғатпен жарастықта өмір сүруге үйрететін адамдарды философ дейді.

    Даналыққа деген сүйіспеншілік мағынасын Платонның диалогы «Пир» шығармасынан көруге болады, онда даналық — адамның жеке өзіндік физикалық бар болуынан көрі және жеке дара шектелген тұлғалығынан бас тарту арқылы жоғарылыққа бағытталған рухани ұмтылысы.

    Ежелгі грек философы Аристотель, даналық дегеннің өзі: бәрі де солардан шығатын бірақ оларды басқа жалпылықтардан шығарып алуға болмайтын «бірінші себептермен және басталыммен шұғылданады», деп жазды. Ондай білім, «адам мүмкіншіліктерінен жоғары» деп жалғастырады Аристотель. Шындығында ақырғы ақиқатты білу мүмкін емес, сондықтан Аристотель қойған талаптай адамның данышпан болуы да мүмкін емес, бірақ болуға тырысу даналыққа деген сүйіспеншілдік — философ. Даналық деген белгілі бір жағдай емес, ол мақсат. Жалпы, даналық тұтас болмысқа және өмірдің мәніне бағытталған.

    Негізгі бөлім

    Философия – ақыл-ой мәдениеті

    Философия ойлау мектебі ретінде әрекет етеді. XVII ғасырдағы ағылшын философы Томас Гоббс: «Философия сенің ойлауыңның жемісі болып табылады… және сенің өзіңде өмір сүреді» деген тұжырымды бекерден-бекер жасамаған. Ол іштей әркімге тән. Өйткені жұмыр басты пенденің ешқайсысында өмірдің, азаттықтың әділеттілік пен мәңгіліктің мәні, мағынасы туралы ойлану құқығынан айыра алмайсың. Адамның ақыл-ой мәдениетінің негізінде нақ осы пайымдау жатыр.Ұғымдар, категориялар мен ұстанымдарды пайдалана білу өнері – туа біткен қасиет емес. Сондай-ақ ол тек қана ойшылдардың артықшылығы және үлесі болып табылмайды, өйткені білімді, білімсіз, ақылды және ақымақ, жас және кемелденген адамның бәрі әр нәрсеге баға береді, ойланады. Алайда пайымдаулар мен дәлелдердің дәйектілігі, ақиқатты іздестірудегі дұрыс әдіс әркімге беріле бермейді. Бұл жерде логикалық ойлауға басымдылық берілгені жөн. Бұл, өз кезегінде, ойлау мектебі ретіндегі философияның алдыңғы дәрежелі рөлін растайды.Мәселе философияның зерделеу объектісі нақтылы зат емес, зат туралы ойлау, ұғымдар, пайымдар, ой қорытымдар және т.б. формасындағы (ал бұлардың көмегімен жекенің ғана емес, жекедегі жалпының да қасиеттері бейнеленеді) ойлау қызметінің заңдары екендігінде. Табиғаттың қоғамның және ойлаудың дамуының жалпы заңдары философияның пәні болып табылады.Ақыл немесе зият (интеллект) (лат. Intellectus) сөзі – зерделеу, түсіну, танып білу, пайымдау дегенді білдіреді. Бұл – сананың рационалды (пайымды және зерделі) ойлауға қабілеттілігін анықтайтын құрылымы. Ойлау адам санасының объективті дүниені ұғымдар, пайымдар, теориялар және т.б. арқылы бейнелеумен, әлдебір міндеттерді шешумен, шындықты тануды жалпылаумен және тәсілдеуімен байланысқан белсенді әрекеті болып табылады.Ойлау үдерісінің нәтижесі әрдайым қандай да бір ой болып табылады. Мәнді іздестірудің ерекше саласы ретінде философия ой формасында әрекет етеді. Ол ұғымдар мен категориялардағы таным болып табылады. Категориялар – бұл жалпыға ортақтық және қажеттілік мәртебесін иеленетін барынша жалпы ұғымдар. Ұғымдарды философиялық-логикалық қолдану қажетті байланыстар мен себептерге тәуелділікті анықтауға, кездейсоқтыққа толы өмірлік әсерлерді ретке келтіруге әкеледі.Ойлаудың жоғары мәдениетін қалыптастырудың маңызлдылығы өте зор. Сыни жағдайларда ой мектебінің жоқтығы байбалам салудың талдаушылықты, жек-көрініштің ізгі ойды жеңумен мәндес болады. Философиялық дайындықтың жоқтығы яғни ойлаудың дәріптелген формаларының жоқтығы зияны бастан асатын ойсыздықтың, пайдакүнемдіктің, қарабайырлықтың, түсінбеушіліктің өрістеуіне әкеп соғады.Біздің уақытта да, яғни ғылымды көп қажетсінетін өндірістер және жоғары технологиялар дәуірінде де философ Эпикурдың: «Әзірше жас болып тұрғаныңда, ешкімде философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын» деген сөзі өзекті болып табылады.
    Сыни ойлау

    Қоғам дамуының әрбір кезеңінде адамдардың ақыл ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым – қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, өндірістің жетілдіруі, әлеуметтік прогресс педагог қызметінің мазмұндық сипатына да тікелей ықпал етеді.

    Заман талабына сай қазіргі білім беру үрдісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Дәстүрлі біліміміз оқушылардың дамуына көп мүмкіндік бермейді. Сондықтан білім беруде жаңашылдық қажет. Осы жаңашылдықты енгізу үшін мұғалім кәсіби білікті маман болу керек. Оқытудағы Кембридж тәсілінің білім беру жүйесі педагог қауымға осы оқыту бағдарламасын жан – жақты қарастыратын маңызды міндеттер мен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау үлкен мүмкіндіктер береді. Сыни ойлау жаңа идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған кезде пайда болады.

    Дэвид Клустер, АҚШ профессоры, сыни ойлауды былай деп анықтайды:

    - Сыни тұрғыдан ойлау бұл – өзіндік, жеке ойлау;

    - Сыни тұрғыдан ойлауда ақпарат тұйықталушы емес аттандырушы пункт болып табылады;

    - Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;

    - Сыни тұрғыдан ойлау адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;

    - Сыни тұрғыдан ойлау – әлеуметтік ойлау.

    Онда маңызды сұрақ туады: осы жоғарыда көрсетілген теориялық көрсеткіштерді күнделікті өмірде қалай пайдалануға болады? Жауап жобаның философиясында жатыр деп ойлаймын. Ал мәселені шешу жолдары мен құралдары сыни тұрғыдан ойлау әдістерінде.
    Қазіргі білім беру саласында болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер мұғалімдерге үлкен міндет артады. Мұғалімдерді толғандыратын негізгі мәселе: оқушыларды қалай біз өзгермелі өмірге дайындай аламыз. Ол үшін еркін, өзіндік ой-пікірі бар, сенімді, сыни пікір - көзқарастары дамыған тұлғаны қалыптастыру керекпіз. Ал оқушылар үшін басты мәселе – сыни тұрғыдан ойлауды үйрену, яғни оқушы жаңа ақпаратты қабылдап, оны саналы түрде зерттеп, сын елегінен өткізуі қажет. Оқушылар ақпаратты және идеяларды өз бетімен түсініп қабылдап қоймай, өзіне пайдалысын алу керек. Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету маңызды болғандықтан оны жүйелі түрде жаттықтырып отыру керек. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту – күрделі міндет, көбінесе дамыту мұғалімнің қойған сұрақтарына да байланысты болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлауды дамытуда сұрақтардың маңызы ерекше.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады. Оқушылардың жауап беретін сұрақтары бір немесе екі сөзбен шектелсе, ондай сұрақтар төмен дәрежелі сұрақтар болып табылады. Төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық», «жай», деп те атайды. Мысалы, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясында бұндай сұрақтар «жіңішке» деп беріледі. Жай сұрақтар нақты ақпараттарды қажет ететін сұрақтар болып табылады, көбінесе жаттап еске сақтауды талап етеді. Төмен дәрежелі сұрақтар ешқандай ойды топтастыра алмайды, толғаныс тудыра алмайды. Ондай сұрақтарға жауап беру үшін тақырыпты түсіну жеткілікті. Оқушылар жай сұрақтарға жауап бергенде нақты ақпараттарды қолданады, ал сол ақпараттарға қатысты негізгі идеяның, сол фактілердің шығу себептерін түсіндірмейді және түсінбеуі де мүмкін. Себебі берілген фактілерді жаттап алып-ақ, жауап бере алады. Оқушылардың ойлауын шектеп, жатқа айтуға бағытталған сұрақтар оқушылардың ойлауын дамытпайды. Сонымен қатар, жай сұрақтар оқушылардың әңгімелесуіне, яғни диалог құруына мүмкіндік бермейді, мәнерлі сөйлеуін шектейді, қысқа ғана жауап беруге баулиды, сол себептен шығармашылығы да дамымайды. Біздер, мұғалімдер, қашан да жай сұрақтарды қоюға әуесқоймыз. Ойыма менің мына оқығаным түсіп отыр. «Джон Дьюи сыныпқа –«Жерде шұңқыр қазсаңыз не табасыз?» деген сұрақ қойғанда, сыныптағы бірде-бір оқушы жауап бере алмады. Сұрақты қанша рет қойса да, бұл сұраққа жауап ала алмады. Сонда сол сыныпқа сабақ беретін мұғалім: «Сіз сұрақты дұрыс қойған жоқсыз», деп Дж. Дьюге реңіш білдірді. Сыныпқа қарап мұғалім: «Жердің кіндігі (ортаңғы нүктесі) қандай формада/ қалыпта?» деген сауал қойғанда, сынып жаппай «Біртекті құрылым (сплав)», деп жауап берді.» Көп жағдайда қазіргі таңда осындай мысалдар біздің мектептерде жиі көрініс алады.
    Сыни ойлаудың тұлға дамуындағы ролі

    Қазіргі заманғы әлем — әр тұлға үшін белгілі бір орынды алатын динамикалық дамып келе жатқан жүйе екенін ғылымдарда, ғалымдарда растайды. Жеке тұлға ретінде өмірде кәсіби және жеке, шығармашыл және барлық бағытта табысты болу үшін үнемі дамып, жетілуіміз керек.Сыни ойлау дағдылары мен қабілеттерінсіз, бұл мүмкін емес. Ойлау қабілеті жақсы дамыған адам күрделі мәселелер мен проблемаларды тудырады, оларды анық және айқын тұжырымдайды; ақпаратты тиімді жинау үшін дерексіз идеяларды қолданады; ақылға қонымды қорытындылар мен шешімдерге, оларды критерийлер мен стандарттарға сәйкес тексеруге; альтернативті ойлау жүйелері шегінде ашық ойлана отырып, олардың жорамалдарын, қатысуын және практикалық сәйкестігін мойындайды, шешімдер қабылдағанда басқалармен тиімді қарым-қатынас жасайды. Сын тұрғысынан ойлау адамның даму кезеңдерінде әрқашан сабақтасып дамып отырады, бірақ оның дұрыс қалыптасуы үшін адамның жеке тұлға болып қалыптасу кезеңінде уақыт бөлген маңызды пайымдаулар бар. Cын тұрғысынан ойлау дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру қазіргі қоғамда жиі кездеседі, алайда бұл адам жеке тұлға болу кезеңінде, өмірлік позицияны қалыптастырып, білім алуда ерекше рөл атқарады. Д.Халперндың айтуынша, «болашаққа арналған білім екі абайсыз қағидаттарға негізделуі керек: ақпараттың қарқынды дамып келе жатқандығын тез тауып, ақиқатты тауып, оны түсіну және қолдану қабілеті» Студенттер дамудың жаңа сатысына көшкен кезде, университеттік білім беру сатысында, сыни ойлау қабілеті белсенді түрде қалыптасады. Жоғарыда айтылған мәлімдемеге келіспеу мүмкін емес, себебі қазіргі заманғы жоғары білім жүйесі және бүкіл оқу процесі елеулі өзгерістерге ұшырауды. Егер бұрын аудиториядағы жетекші рөл мұғалімге ие болса, негізгі ақпарат көзі бола тұра, студенттердің әрекеттерінің үйлестірушісі, қазіргі уақытта бакалавриат жүйесіне көшуіне байланысты оқушыларға оқулықтарды таңдауда, ақпарат іздеуде және оларды өңдеу жолдарында үлкен еркіндік беріледі. Дәл осы жағдайда сыни ойлау дағдыларына ие болу қажет, бұл «не болып жатқанына мұқият қарау» дегенді білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті бар студент ақпараттық хабарламаны түсіндіру мен бағалаудың әртүрлі әдістеріне ие, ондағы құрылымдардың қайшылықтары мен түрлерін айқындауға, өздерінің көзқарастарын дәлелдеуге, логикаға ғана емес, сонымен қатар әңгімелесушінің көзқарасына сүйенуге қабілетті. Мұндай студент ақпараттың әртүрлілігімен жұмыс істеуге сенімді, түрлі ресурстарды тиімді пайдалана алады. Мәндер деңгейінде сыни тұрғыдан ойлау қабілетті студент ақпараттық кеңістіктермен өзара әрекеттесе алады, қоршаған әлемнің көп полярлықты түбегейлі қабылдай алады, жалпыға ортақ адами құндылықтар шеңберінде түрлі көзқарастардың өмір сүру мүмкіндігін растайды және қабылдайды.
    «Сыни көзқарас психологиясы»
    Сыни ойлау теориясының беталып, дамуына елеулі үлес қосқан, танымал американдық психолог Д.Халперн өзінің «
    Сыни көзқарас психологиясы» атты жұмысын жариялады. Онда Д.Халперн критикалық ойлауға мынадай түсіндірме береді — бұл «қажетті нәтиже алу ықтималдығын арттыратын танымдық техниканы немесе стратегияларды қолдану». Аталған анықтамада ойлауды басқару қабілетіне, негізділігіне және мақсаттылығына қарай ерекшеленетін нәрсе ретінде сипаттайды. Д.Халпернның пікірінше, бұл «мәселені шешуде, тұжырымдарды қалыптастыруда, ықтималдық бағалауда және шешім қабылдауда қолданылған» деген ойдың түрі. Бұл жағдайда ойшыл нақты жағдай мен шешілетін мәселенің түрі үшін негізделген және тиімді болатын дағдыларды пайдаланады. Сын тұрғысынан ойлау тұжырымдамасы Д.Клустердің еңбегінде терең сипатталған, өз еңбегінде Д.Клустер сыни ойлаудың бес таңбалық белгілерін қарастырады. Ең алдымен, автор сыни ойлаудың тәуелсіздігін көрсетеді. Бұл сипаттама сыни ойлаудың жеке сипатын білдіреді, сонымен қатар «сыни ойлаудың түпнұсқа болуы міндетті емес: біз басқа адамның идеясын немесе наным-сенімін өзіміздікі ретінде қабылдауға құқығымыз бар» дегенді білдіреді. Екіншіден, ақпарат сыни ойлаудың соңғы нүктесі емес, бастапқы нүктесі болып табылады. Сыни ойлаудың нәтижесінде жаңа идеяларды шығару кейбір фактілерге, мәтіндерге, теорияға, деректерге негізделгендігін бекітеді. Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтарды қоюдан басталады және шешілуі керек мәселелерді түсінеді. Алайда кез-келген кезеңде шынайы когнитивтік процесс проблемаларды шешуге және өз мүдделері мен қажеттіліктерінен туындайтын сұрақтарға жауап беретін когнитивті ұмтылумен сипатталады. Төртіншіден, сыни ойлау дәлелдемелерді дәлелдейді. Сыни ойшыл бұл мәселеде өз шешімін табады және бұл шешімді негізді, ақылға қонымды дәлелдермен қолдайды. Сондай-ақ, ол бір проблемаға басқа шешімдердің мүмкін екенін түсінеді және ол таңдаған шешімнің басқаларға қарағанда қисынды және ұтымды екенін дәлелдеуге тырысады. Бесіншіден, сыни ойлау — бұл әлеуметтік ойлау. Ең соңында, кез-келген сын ойшыл белгілі бір қоғамда жұмыс істейді және өз жеке басын қалыптастырудан гөрі кең проблемаларды шешеді делінген. Отандық зерттеулерде сыни ойлау мәселесін А.Алимовтың еңбектерінде Сыни ойлаудың мынандай жағдайларда болатыны айтылған: − кез келген проблема не ақпаратпен өздігімен жұмыс жасағанда; − кез келген проблема не ақпаратты өзіндік тәжірибе (өмірлік, кәсіби) тұрғысынан қарастырғанда; − кез келген проблема не ақпарат туралы өзіндік (дербес) пікір қалыптастыру барысында; − өз пікірі мен көзқарастарын тұжырымдап, оларды дәлелдеуде; − кез келген проблема не ақпаратты жан-жақты тұрғыдан қарастырғанда; − бірлесе жұмыс жасағанда (топта, жұпта, командада); − өзгелердің пікірлерін бағалап, қабылдағанда. Бұл орайда түйіндейтін болсақ, тұлғаның жеке іс-әрекеті, өз тәжірибесіне сүйеніп мәселеге сыни пікір білдіріп, сонымен қатар пайымдарын дәлелді тұырымдармен жан-жақты жеке және топ ішінде басқалардың пікірін ескеріп, бағалап қабылданған шешімдер деп білеміз.
    Тұлғаның сыни ойлауының қалыптасу деңгейлері

    Тұлғаның сыни ойлауының қалыптасу деңгейлерін А.Алимовтың еңбегінде төмендегідей деңгейлерге бөліп қарастырған екен:
    Бастапқы деңгей:

    өз көзқарасы мен ұстанымын жан-жақты тұрғыдан қалыптастыра алмайды,

    өз ұстанымын толық дәлелдей алмайды, оның артықшылықтарын толық көрсетпейді,

    жан-жақты салыстырмайды,

    ұтымды мысалдар келтірмейді,

    себеп-салдарын дәлелді түрде келтіре алмайды,

    талдау мен синтездеуді толық жасамайды,

    жан-жақты баға бере алмайды.
    Орта деңгей:

    ойлау қадамдарын ретімен қолданады,

    өз көзқарасы мен ұстанымын қалыптастырғанымен оларды ұтымды түрде дәлелдей алмайды,

    өз ұстанымдарын өзгелермен салыстырады, оның артықшылығы мен кемшіліктерін ажыратады,

    өзіне айтылған сынды сабырмен қабылдай алмайды,

    өзге ұстанымдарды жан-жақты талдамайды, олардың олқылықтарын ажырата алмайды,

    өзге ұстанымдарды өз мақсатында пайдалана алмайды,

    өз ұстанымын икемді түрде өзгерте алмайды.
    Жоғары деңгей:

    негізгі ойлау қадамдарын ретімен, логикалы түрде және тереңінен қолданады,

    өз көзқарасы мен ұстанымдарын ұтымды түрде дәлелдей алады,

    өзіне өзі нақты баға бере алады,

    өзге пікірлерді бағалай біледі,

    ұсыныстар мен гипотезалар жасай біледі,

    айтылған сынға байыппен қарайды: өз ұстанымдарын икемді түрде өзгерте алады,

    өз жұмысын жақсарту жолдарын іздестіреді.

    Жоғары оқу орнының білімгерлері, болашақ мамандар ЖОО тәмәмдағанда сыни ойлаудың жоғары деңгейіне сәйкес болуы шарт. Ал бұл мамандардың осы деңгейге жетіп шығуына жағдай жасау тікелей оқу орнынының профессорлық-оқытушылық құрамына байланысты. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, сыни ойлау арқылы студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетінің жоғары деңгейін анықтайтын қасиеттер мен дағдыларды біріктіруді білдіреді.

    Р. Декарттың “күмәндану” принципiнiң маңыздылығы

    Рене Декарт (1596-1650) – көрнекті француз философы және математигі, жаңа европалық рационализмнің негізін қалаушы. Жастайынан ақиқат білімді өтірік білімнен ажыратуға күш салды. Өзінің алдына қойған мақсатын орындауға бағытталған ережелерді ойлап тапты. Оның өзінің сөзі бойынша, философияның жарты бөлігі мынадай ойларға сүйенді:

    1. Ақиқатты іздестіру барысында тек ақылды басшылыққа алу керек. Еш қандай беделге, дәстүрге, кітапқа, сезімге сенуге болмайды.

    2. Сондықтан бұрынғы барлық білімдер мен икемділіктерді ығыстырып, олардың орнына жаңадан табылған немесе бұрынғы, бірақ ақылмен ойластырылған, тексерілген білімдерді қою қажет.

    3. Ақиқатқа тек қана ақылдың күшімен, оның дұрыс пайдаланумен ғана жетуге болады.

    Осы қағидалардан – ақ Декарттың таным туралы ілімінің Ф.Бэкон ілімінен түбегейлі айырмашылығын көруге болады. Өйткені, білімнің негізі, ақиқаттың қайнар көзі - адам ақылы деп Декарт рационализмді жақтады.

    Декарт білім алуға оңтайлы әдіс ұсынған. Оның төрт маңызды ережесі бар:

    1) күмәндануға жол бермейтін анық нәрсені ақиқат ретінде қабылдау;

    2) күрделі мәселелерді қарапайым, ұсақ бөлшектерге жіктеу;

    3) қарапайым, ұсақ бөлшектерден тұратын бірінен бірі туындайтын тізбек құру;

    4) осы бөлшектердің ешқайсысын қалдырмай толық есепке алу.

    Білімнің ақиқаттығының өлшемі – ақыл.
    Декарт философияны ағаш сияқты жүйе деп есептеді. Бұл ағаштың тамыры философия, діңі – физика, ал сабақтары – басқа ғылымдар: медицина (адамдардың денінің сау болуына жол ашады), механика (тұрмысты оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған білімді береді), этика (ізгілікті өмір сүрудің жолдарын анықтайды)Ағаштың діңі мен сабақтары тамырынсыз өсіп – өне алмайтыны сияқты философиясыз ешбір ғылым дами алмайды.Ғылымдар жүйесі үшін философия өте маңызды, сондықтан оның алғашқы бастаулары мен түп неігздерін әруақытта біліп отыру қажет.Осы мақсатты орындау үшін Декарт арнайы тәсіл ойлап тауып, оны картезиандық күмәндану деп атады. «Күмән келтіру» принципін Декарт былай деп суреттеді. «Егер мен күмәнданатын болсам, онда менің ойлағаным. Егер мен ойланатым болсам, онда менің өмір сүргенім». Декарт осы принципі арқылы әлем мен философияның ескі көзқарастарынан арылып, жаңалыққа бой ұруына жол ашты.Ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қисынсыз қағидаларды талқандай отырып, рационалдық методтың тууына себепкер болды. Декарт ақыл – парасатты аса жоғары бағалап, оны білімнің қайнар көзі деп есептеді.Жалпыдан жекеге өту арқылы логикалық тұжырым жасау керек деп Декарт дедукциялық әдісті дамытты.Р.Декарт дуалистік ілімнің өкілі болды. Өйткені ол әлемнің, дүниенің түп негізі ретінде екі бастаманы, яғни материалдық және рухани бастамаларды мойындады.Р.Декарттың іліміндегі материалдық субстанцияның негізгі сипаттары созылмалық және бөлінгіштік. Ал рухани субстанцияларға ойлау қабілеті тән, сондықтан олар бөлінбейді. Декарт туа біткен идеялар туралы ілім ұсынған, көптеген білімдер таным мен дедукция арқылы пайда болады. Бірақ ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін білімдер де бар. Олар бірден тікелей белгілі, ұрпақтан ұрпаққа берліп отырады. Бұл идеялар екі түрде болады: ұғымдар және пікірлер. Туа біткен ұғымның мысалы: Құдай (бар), сан (бар), «ерік», «тән», «жан».Туа біткен пікірдің мысалы: «Бүтін өзінің бөлшегінен үлкен», «ештеңеден ештеңе туындамайды».


    Өмір философиясы мен Гуссерль феноменологиясында негізгі қаланған үрдістерді дамыта отырып,  ХХ ғасырдың 30 – жылдары Германияда Шелер мен Плеснер жұмыстары арқасында адам проблематикасымен айналысатын ерекше философиялық пән – философиялық антропология қалыптасты.
    Тұлға мәселесі философияда және жаңа заманғы қоғамдық практикада маңызды мәселе болып табылады. Тұлғаның даму деңгейіне көбінесе олардың жалпы адамзаттық мақсаттарын түсіну мен өздерінің қоғамдық функцияларын атқарудағы жауапкершілік қатынастары әсер етеді.
    Тұлға ұғымының мазмұны адам , индивид деген ұғымдармен тығыз байланысты, бірақ олармен тең емес. Адам жалпы тектік статусты бейнелесе, индивид   текке индивидуальдық тұрғыдан қатыстылықыты бейнелейді. Тұлға    ұғымы өте терең және күрделі, сондықтан адамның өмірлік қызметіндегі қоғамдық көрсеткіштердің байлығын, яғни оның әлеуметтік мәнін бейнелейді. Сондықтан тұлғаның қалыптасуында әлеуметтік ортаның маңызы зор. Сонымен бірге тұлғаның қоғамнан салыстырмалы тәуелсіздігін ескеру керек,өйткені бұл тұлғаның қалыптасуындағы қажетті шарт болып табылады.
    Тұлға қоғамдық өмірдің объектісі және субъектісі ретінде көрініс беруі мүмкін. Тарихтың барысында тұлғаның ролі көбінесе қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты болып, адамның ерекше белгісі ескерілмеді. Тұлғаның жан-жақты дамуы гуманистік идеал және адамзат тарихының мән-маңызын құрайтын бастама ретінде көрініс береді. Сондықтан, қоғамдық дамудағы тұлғаның еркіндігі мен тарихи қажеттіліктің диалектикасын ескерту өте маңызды. Қоғамдық өмірдегі еркіндік пен қажеттіліктің диалектикасы адамның еркіндігі мен жауапкершілігінің диалектикасында көрініс береді.
    Тұлға мәселесін, оның сыртқы және ішкі еркіндігін қарастыру кезінде жатсыну мәселесін, оның себебін, мәні мен тарихи формаларын философиялық тұрғыдан талдау өте маңызды. Осы мағынада тұлғаның еркіндігін жатсынуды болдырмау, жою процесі ретінде қарастыру керек.

    Дүниенің ғылыми,философиялық,діни бейнелері

    Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды,заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды. Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады. Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, діни көзқарастар үлкен рөл атқарады.

    Дүниенің ғылыми бейнесі - ол фундаменталды ғылыми анықтамалар мен қағидаларды жалпылау жəне синтездеудің нəтижесінде құрылған нақты дүниенің қасиеттері мен заңдары туралы тұтас жүйе. Дүниенің ғылыми бейнесі фундаменталды теорияны құру шеңберінде эвристикалық рөлді атқарады. Олар дүниеге көзқараспен тығыз байланыста болған соң қалыптасуында содан негіз алады.
    Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді. Ғылыми дүниетаным объективті нақты болып табылады (шынайы, материалистік). Ғылыми дүниетаным дүниенің ғылыми бейнесіне, ғылыми талдаулар негізінде жасалған қорытындылар мен негіздеулерге және табиғи және қоғамдық құбылыстардың дамуын сипаттайтын, себеп-салдарын теориялық ұғынуларына сүйенеді.Ғылыми дүниетаным алдын ала көрудің, сол және одан басқа да құбылыстардың, процестердің дамуын және оларды саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді. Ғылыми дүниетаным негіздеріне сыртқы қоршаған ақиқат дүниеге бағдарлауы, қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзінің өмір сүруінің маңыздылығын түсінуі, өз өмірін саналы түрде құруға деген терең әлеуметтік қажеттіліктері жатады.


    Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты,сонымен дүниеге деген көзқарас,дүниесезімнің жаңа түрі қоғамға келді.Дін де мифологияға ұқсас табиғатымен,сонымен қатар Дүниені фантастикалық бейнелеумен ерекшеленеді.Дінде ең құдіретті ол-Құдай.Ол табиғаттан жоғары және бөлек тұрады.Құдайды ғылыми жолмен танып білу мүмкін емес,ол адамға аян арқылы беріледі де адамның жан-дүниесінде терең сенім-сезім туғызады.

    Діни сенімнің қайнар көзі-адамның дүниені сезімдік-құндылық тұрғыдан игеруінде,ал дүниеге деген ақыл-ой,парсат арқылы келген қөзқарастарға дін қарсы келді.Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер жағалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күрделі өзгерістер діннің өрісін тарытып,оның ғылымғы жақын түрлерін тудырады. Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады. Мифология мен діни сананың кемшіліктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.

    Келесі тарихи қылыптасқан дүниеге көзқарастың формасы ретінде философия болып табылады.Ол мифология мен діннен дүниенің пайда болуы рационалды бағалаудан туындады.Философия-ол теориялық құрылған дүниеге көзқарас.Ол негізгі дүниетанымдық мәселелерді ойлау арқасында шешуге тырысады,ол ұғым мен пікірге сүйенеді.Философия дүниеге көзқарастың интеллектуалдық аспетілерін бірінші орынға қойды,қоғамдағы дүние мен адамды танудағы қажеттіліктің өсуін білім тұрғысынан көрсетті.Философия-ол болмыстың жалпылы негізін тану формасы.Ол мәдениеттің барлық тарихында жалпылы білім немесе рухани-адамгершілік өмірдегі жалпылы принциптерді жасауға ұмтылған.Философия алғашқыда-ақ күнделікті сананы,дәстүрлі құндылықтарды және адамгершілік нормаларды сынай бастаған. Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.
    Философияның дүниетаным ретіндегі эволюциясы 3 кезеңнен өтті:

    1)    космоцентризм; 

    2)    теоцентризм; 

    3)    антропоцентризм.
    Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары-сыртқы күштердің-Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т.б. шығыс елдеріне және Ежелгі Грецияға тән).
    Теоцентризм - бүкіл болмыс, тіршілік - тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (ортағасырлық Европаға және таяу Шығыс елдеріне тән).
    Антропоцентризм - орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі (Қайта Өрлеу дәуіріндегі Европаға, Жаңа Заманға, қазіргі заманғы философиялық мектептерге тән).

    Философиялық дүниетанымның діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы:

    1)    нақты ұғымдар мен категориялардан құралады;

    2)    қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді;

    3)    рефлексивті (ойдың өз- өзіне бағытталуы);   

    4)    қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелікке негізделеді).
    Осылайша философия - рационалдылықпен, жүйелілікпен және қисындылығымен ерекшеленетін дүниетанымның жоғарғы деңгейі мен түрі.


    Пайдаланылған әдебиеттер:



    1. Мерзлякова Т. Ю. Критическое мышление. Что это? — Режим доступа:

    2. URL:http://festival.1september.ru/articles/415219.

    3. Халперн Д. Психология критического мышления, СПб, 2000–512 с.

    4. Белогрудова В. П., Кузьминых О. Ю. К критическому мышлению через критическое письмо // Проблемы романо-германской филологии, философии и методики преподавания иностранных языков: Сб. научных трудов. — Пермь: ПГПУ. — 2004. — С. 98–105

    5. Robert H. Ennis Critical Thinking Dispositions: Their Nature and Assessability. Informal Logic Vol. 18, Nos. 2&3(1996): 165–182, стр. 166.

    6. Клустер Д. Что такое критическое мышление. — М.: ЦГЛ, 2005.

    7. Әлімов А. Сыни ойлау туралы.- Алматы,2016ж.


    написать администратору сайта