Физика 8 сынып Теориялы сайыс
Скачать 15.11 Kb.
|
Физика 8 сынып Теориялық сайыс Жолаушы 2 сағат велосипедпен, содан кейін 6 сағат жаяу жүрді. Оның бүкіл жолдағы орташа жылдамдығы жаяу жүргендегі жылдамдығынан неше есе артық? Велосипедпен жүргендегі жылдамдығы жаяу жүргендегі жылдамдығынан екі есе үлкен. Массалары 270 г алюминий және 445 г мыстан тұратын қорытпаның тығыздығы қандай? М8900 кг/м3. А2700 кг/м3. U тәрізді қатынас ыдыстың біреуінің диаметрі екіншісінінен екі есе үлкен. Ыдыстарға сынап құйылды. Сынаптың үстіне ыдыстың жіңішке түтігіне бағанының биіктігі h250см су құйылса, ыдыстардағы сынап деңгейі қалай өзгерер еді? су103 кг/м3, сын13,6103 кг/м3. Тіктөртбұрышты параллелепипед пішінді ыдыстың ішіне салмақтары бірдей сынап және су құйылған. Сынап қабатының биіктігі 6 см болса, су қабатының биіктігі қандай болады. сын13,6103 кг/м3, су103 кг/м3. Тығыздығы белгісіз сұйықтың және қатты дененің тығыздығын анықтау үшін, динамометрге ілінген біртекті денені сұйыққа батырғанда динамометрдің көрсетуі Р11,66Н болды. Ал вакуумда (ауасы сиретілген газ) Р21,8Н, суда Р31,6Н болса, сұйықтың тығыздығын 1 және қатты дененің тығыздығын 2 анықта. Эксперименталдық сайыс Білеуше мен қағаз арасындағы үйкеліс күшін анықтау. Құрал жабдықтар: білеуше, қағаз, линейка. тапсырма1. Экспериментті сипаттау. тапсырма 2. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижесін көрсету. |