Главная страница

сауат ашу. Фонетика тіл


Скачать 22.22 Kb.
НазваниеФонетика тіл
Анкорсауат ашу
Дата02.03.2022
Размер22.22 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файласауат ашу.docx
ТипДокументы
#379966

Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала екені мәлім. Тіл дыбыстарының қолданылуы, жасалу ерекшелігін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Мектеп оқушылары 4-5 сыныптарда фонетиканы меңгеру арқылы әдеби тілдің жасалу нормасы мен айтылу нормасын игереді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық ерекшеліктерін оқушыға жете түсіндіру қажет. Дыбыстарды дұрыс айта білу – түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты болып табылады. Тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше.

Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Оқушы дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланса, онда ол өз ойын еркін жеткізе алады. Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де бірдей болады. Әр тілдің дыбысталу заңдылықтары мен ерекшеліктері – тарихи тұрғыдан қалыптасқан, тұрақталған, табиғи қасиеті сақталған күрделі құбылыс.

Фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады. Бірініші сабақта сөздің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс үйретілмесе солай қалыптасып кетеді. Ол әдетке айналады да, оқушы басқаша айту нормасын қабылдамайды. Сонымен қатар фонетикалық дағдыларды игеру әдістері қанша жақсы нәтижеге жетсе де, үнемі қайталанып, іске асырылып отыруы керек. Мұғалім дыбыстардың жасалуын оқытқан кезде олардың жасалуына қатысатын дыбыстау мүшелері мен сөйлеу мүшесінің де қимыл-қозғалысын үйретеді. Сөйлесім әрекетінің тілдесім, айтылым, тыңдалым түрелері арқылы іске асуы дыбыстардың артикуляциялық базасына қатысты болады. Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшін, графикалық талдау дұрыс жүргізілуі қажет. Мұғалім оқушының жазбаша да, ауызша да сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлгені дұрыс.

Оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет. Фонетикалық ерекшеліктерді меңгеру оқушының әдеби тілдің сөйлесу нормасын дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану да өз нәтижесін береді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық аспектілерін негізге ала отырып, дыбыстарды оқытудың маңызы ерекше.

Тіл кемістігі бар оқушылардың жүйелі сөйлеуін дамыту және оның қарым – қатынас құралы екенін ұғындыру, байланыстырып сөйлей білуге дағдыландыру арнайы мектептің оқыту үрдісіндегі ең күрделі мәселелер болып табылады.

Логопедиялық сабақтағы мақсаттардың бірі- оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын жетілдіру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.

Сабақта оқушыларға берілген жаттығулардың тек грамматикалық материалдар көлемімен шектеліп қалмай, логикалық ойын, тілін дамыту, сонымен бірге жан – жақты білім беру жағы да ескеріледі. Сондықтан, тапсырмалар қызықты, тартымды, мазмұны терең болуы, оқушылардың жас ерекшелігіне сай келуі көзделеді.

Түзету оқуының ең басты бағыттары:

  1. Дыбыстарды дұрыс айтылуын қалыптастыру(арнайы логопедиялық әдістерді қолдана отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, дыбыстардың артикуляциясын анықтау)

  2. Фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру (дыбыстарды ажырата білуге, есте сақтауға үйрету, артикуляциялық дағдыларды және фонематикалық қабылдауын дамыту, дыбыстық талдау және жинақтау қабілетін дамыту)

  3. Сауат ашу оқуына дайындық (оқу мен жазу)

  4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының мақсаты – балаға хат таныту, яғни оқу мен жазуды үйрету. Тілі дамымаған баланың басқа да психикалық қызметтері дамымайды. Әсіресе , жазба тілді дамыту маңызды, әрі күрделі мәселе. Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа жазу тілдің бұзылуы болады. Қандай да болмасын еш уақытта бірден дұрыс жазып және оқып кете алмайды. Балалардың барлығы оқу мен жазуды үйренуінің алғашқы сатысында азды – көпті қателерді жібереді. Сөйлеу тілі дұрыс жетілген балалар мектепке дейінгі жастарында қажетті сөздік қорларын игереді, сөйлеу тілінің грамматикалық түрлерін меңгереді, сөздерге дыбыстық талдау жасай алады. Ал, сөйлеу тілдерінің түрлі патологиялары бар балаларда бұлардың даму барысы кешеуілдеп артта қалып қояды.

Жазуының кемістігі бар балалардың айтылған сөздердің мағыналарын дұрыс түсінбеулерінің салдарынан жазған жазуларын түсіну өте қиын. Оқу мен жазу бір – бірімен тығыз байланысты болғандықтан, жазуыындағы кемістіктер оқуында да қатар жүреді.

Қазіргі уақытта балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктер сөйлеу тілінің фонетика – фонематикалық және лексико – грамматикасының барлық сыңарларының жалпы толық дамымауы салдарынан жиі болатындығы анықталады. Дисграфия мен дислексия жалпы сөйлеу кемістігінің ауыр түрлеріне (1-2 деңгей) оқуы мен жазуды меңгеру мүлде мүмкін емес. Бұндай балаларда жазуға үйрету үшін бірнеше жыл бойы олардың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастырумен айналысу керек.

Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Тіл – ойдың құралы деп аталады. Біз сөздің жәрдемімен ойлай аламыз. Адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана туып және де сол арқылы қолданылады.Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан баланың тілін дамытумен бірге біз оның ойын да дамытамыз. Олай болса баланың таза, дұрыс сөйлеуінің оның ойының дамуы үшін де үлкен маңызы бар.

Сынып оқушыларының сөйлеу тіліндегі мүкістіктің ішкі сырының ерекшелігін және оның ауқымдылығын анықтай білу қажет. Мүкістіктер сөйлеу тілінің фонематикалық, лексикалық, және грамматикалық жақтарын қамтиды. Сонымен бірге оқушылардың оқуы мен жазуын да тексеру қажет.

Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы өз бетімен дербес болып келуі белгілі, бірақ ол көп жағдайларда сөйлеу тілінің фонетикалық жағын, кейде фонетика – фонематикалық және лексико – грамматикалық жақтары сияқты жалпы дамуын да қамтитын бұзылудың күрделі нышанын білдіретін ақаулықтарға сай келуі мүмкін. Сөйлеу тілі дыбыстарын естіп қабылдауының, ажыратуының жеткіліксіз дамуы жекелеген дыбыстардың айтылуындағы бұзылуына және баланың фонематикалық түсінігінің кешеуілдеп қалуына себепші болуы мүмкін. Сондай – ақ ол сөйлеу тіліндегі дыбыстардың талдауының қалыптаспауына, демек оқуы мен жазуын меңгеруіне де әсер етуі мүмкін. Баладағы дыбыстардың айтылуын, сөздік қорын, грамматикалық құрылысын, жазуы мен оқуын тексерген кезде әр түрлі тәсілдерге және нақтылы әдістерге сүйенеміз.Тәсілдің немесе әдістің қайсысын болмасын біреуін қолданғанымен сөйлеу тілі бұзылуының ерекшелігі туралы бірден қорытынды жасауға болмайды. Тек тексерудің нәтижесін салыстыру және талдау арқылы сөйлеу тілінің ақаулығы туралы анық айтуға болады.

Сөйлеу тілін тексермес бұрын ата - аналармен әңгіме өткізілу қажет. Әңгімелесудің барысында баланың қандай аурумен ауырғаны, жарақаттанғандығы және сөйлеу тілінің дұрыс қалыптаспауына зиянын тигізетін тәрбие жағдайлары анықталады (анамнез жинақтау).

Мектепке келген балалардың сөйлеу тілінің жалпы жағдайынан түсінік алу үшін қарапайым жеңіл әңгімелер өткізіледі. - Атың кім? - Әкеңнің аты кім?

  • Шешеңнің аты кім? - Қайда тұрасың? - Әпкең, қарындасың, сіңлің, інің, ағаң бар ма? Олар туралы айтып бер. -Мектепте кіммен достасып жүрсің? -Бұл жерге немен келдің? -Тағы қандай көлікті білесің?- Сен хайуанаттар паркінде болдың ба?- Қандай аңдарды көрдің? және т.б.

Әңгімені тек сұрақ – жауаппен шектеп жүргізуге болмайды. Балаға бейнелі сурет бойынша қысқа әңгімені ауызекі айтып беруді ұсынуға болады. Берілетін тапсырманың түрі мынандай болу керек. «Мына бейнедегі суреттелген көріністерді айтып бер». Бала оқиға желісін еркін әңгімелей алатындай етіп бейнелі суреттер баланың жас ерекшелігіне сай арнайы іріктеліп алынады. Бейнелі сурет бойынша әңгімелеумен бірге, ертегі немесе бала өзі күнделікті естіп жүрген қарапайым жеңіл әңгімені айтқызу тәсілін қолдану қажет. Осындай тәсілдерді қолданғанда баламен алдын - ала әңгімелесу кезінде оның дыбыстарды айтуын қаншалықты меңгергенін және қандай ақаулықтарын бар екенін алдын ала білуге мүмкіндік береді.


написать администратору сайта