Главная страница

Фотодиод. Фотодиод, светодиод ф отодио_д. Фотодиод, светодиод ф отодиод


Скачать 120.41 Kb.
НазваниеФотодиод, светодиод ф отодиод
АнкорФотодиод
Дата13.10.2022
Размер120.41 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаФотодиод, светодиод ф отодио_д.docx
ТипДокументы
#732163

Фотодиод, светодиод
Ф отодио́д - оптикалық сәулелену қабылдағышы, ол бетіне түскен жарықты p-n-ауысу процестері есебінен электр зарядына түрлендіреді.

1-сурет. Фотодиод және сұйық кристалл
Егер фотодиод (1-сурет) жұмысы фотовольттық эффектке негізделген болса (p-n-аумағында электронда мен кемтіктер бөлініп, нәтижеде заряд пен ЭҚҚ пайда болады), онда сол фотодиодты күн элементі деп аталады.
p-n-диодтар жарықты тек қана электр зарядына түрлендіреді,ал фототранзисторлар мен көшкін (лавинный) диодтар сонымен қатар жарықты күшейтеді.


2-сурет. Фотодиод құрылымы.

1 — жартылай өткізгіш кристалы; 2 — контактілер;
3 — шығыстар; Φ — электромагниттті шығару ағыны; Е — тұрақты ток көзі; RH — жүктеме.

Фотодиодтың жұмыс принципы. Сәуле кванттары түскендебазада бос тасымалдаушылар генерациясы пайда болып, олар p-n- ауысу шекарасына қарай ұмтылады. База ені (n-аумақ) кемтіктер р-аумаққа ауысуға үлкерметіндей етіп таңдалады. Фотодиод тогы негізгі емес тасымалдаушылар тогымен (дрейфті) анықталады. Фотодиод жылдамдығы p-n-ауысу өріс тасымалдаушылар жылдамдығымен Cp-n аумақ сыйымдылығымен анықталады.
Фотодиод екі режимде жұмыс атқарады:

  • фотогальваникалық — сыртқы кернеусіз




  • фотодиодты — сыртқы кері кернеумен Ерекшеліктері:




  • жасау технологияның қарапайымдылығы




  • жоғары сезімталдық пен жылдамдық

  • базаның кіші кедергісі

  • кіші инерциялылық


3-сурет. Светодиод пен фотодиодтың схемадағы берілуі
Светодио́ немесе свет (жарық) шығарушы диод (СД, СИД, LED ағыл. Light-emitting diode) — электр тогы өткенде оптикалық сәуле шығаратын электрондық – кемтігі бар жартылай өткізгіштік прибор. Шығарылатын жарық спектрі өте жіңішке. Оның спектралды сипаттамалары жасалған материалдардың химиялық құрамына байланысты. Басқаша айтқанда, светодиод кристалы нақты светты шығарады, кең аралықтағы спектрді шығаратын лампаға қарағанда (5.4-5.7 суреттер).







5.4-сурет. Пластикалық корпусы бар светодиод

5.5-сурет. Сахыналық жарықталуға арналған светодиодты фонарь





5.6-сурет. Қазіргі заманғы қол электр фонаріндегі люминофорлы светодиод(қуаты 15 Вт)

5.7-сурет. Қазіргі замаңғы өте қатты жарығы бар светодиодтар



Светодиодтың вольт-амперлі сипаттамасы (ВАС) түзу бағытта бейсызықты. Диод белгілі бір шекті кернеуден бастап токты өткізе бастайды. Ол кернеу жартылай өткізгіш матералын дәл анықтауға жеткілікті.
Қазіргі заманғы қатты жанатын светодиодтар кәдімгі диодтарға қарағанда өткізу қабілеті төмендеу.



написать администратору сайта