Галогендер. Галогендер. Хлор Сабаты таырыбы Галогендер. Хлор Сабаты масаты
Скачать 22.08 Kb.
|
Галогендер. Хлор Сабақтың тақырыбы: Галогендер. Хлор Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға галогендердің, хлордың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері, қолданылуы туралы мағлұмат беру. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Химиялық тәжірибелер арқылы теория мен практиканы ұштастыру. Тәрбиелік: оқушыларды топпен жұмыс жасауға қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: дәріс – сұхбат, түсіндіру, өзіндік жұмыс, тәжірибе. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпалар, тұз қышқылы, металл үлгілері Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау І топ: SO2 алынуы, қасиеттері. Күкірт қышқылының қолданылуы. ІІ топ: SO3 қасиеттері. Күкірт қышқылының қасиеттері. ІІІ. Жаңа сабақ «Қызығушылығын ояту» Сөзжұмбақ шешу. «Мағынаны тану» І топ «Галогендердің периодтық жүйедегі орны» ІІ топ «Хлордың периодтық жүйедегі орны» ҮІІА топшасы элементтерінің қасиеттері
Хлордың табиғатта кездесуі: Табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі (жер қыртысындағы үлесі 0,2% ) Физикалық қасиеттері. Хлор – белсенді элемент. Ауадан 2,5 есе ауыр. 1VН2О : 2,5V Cl Химиялық қасиеттері. Күн сәулесі әсерінен хлор сутекпен қопарылыс түзе әрекеттеседі: H2 + Cl2 = 2HCl 2Sb + 5Cl2 = 2SbCl5 Cu + Cl2 = CuCl2 2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3 2Na + Cl2 = 2NaCl Қолданылуы. Хлор – маталарды ағартуда, ағартқыш әк, тұз қышқылын алуда, ауылшаруашылығы зиянкестеріне қарсы күресте пайдаланылатын заттарды алуға, ауыз суын тазартуда қолданылады. Хлорды уландырғыш заттар алуда да қолданылады: Фосген СОCl2, иприт (С2 Н4 Cl)2 S, хлорпикрин CCl3 NO2 т.б (видео көру) Алынуы. Алғаш рет 1774ж швед химигі К.Шееле тұз қышқылымен МnО2 – ге әсер етіп алды. Зертханада. МnО2 + 4HCl = MnCl2 + Cl2↑ +2H2 O 16HCl + 2KMnO4 = 2MnCl2 + 5Cl2↑ +8H2 O + 2KCl 6HCl + KClO3 = KCl + 3Cl2↑ +3H2 O СaОCl2 + 2HCl = CaCl2 + Cl2↑ +H2 O Өнеркәсіпте. 2NaCl + 2H2 O → H2 ↑ + Cl2↑ + 2NaOH Хлорсутек, тұзқышқылы және хлоридтер. HCl – өткір иісті, тыныс алу жолдарын тітіркендіретін газ. Ауадан 1,26 есе ауыр. Суда жақсы ериді. Оның судағы ерітіндісі тұз қышқылы деп аталады. Алынуы. NaCl + H2 SO4 = NaHSO4 + HCl NaHSO4 + NaCl = Na2 SO4 + HCl H2 + Cl2 = 2HCl Химиялық қасиеттері. Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2 ↑ MgO + 2HCl = MgCl2 + H2 O NaOH + HCl = NaCl + H2 O AgNO3 + HCl = AgCl↓ + HNO3 Тұз қышқылының тұздары хлоридтер деп аталады. AgNO3 + HCl = AgCl↓ + HNO3 Қысқартылған иондық теңдеуі: Cl- + Ag+ = AgCl↓ NaCl – тамақ өнеркәсібінде қолданылады. KCl – маңызды минералды тыңайтқыш ZnCl2 – ерітіндісін теміржол шпалдарына сіңіріп, шіруден сақтау үшін, сондай – ақ дәнекерлеу кезінде қолданылады. CaCl2 – суытқыш қоспа дайындауға қажет. Сусыз CaCl2 газдарды кептіру үшін қолданылады. ІІІ. «Ой толғаныс» І топ. NaCl → Cl2 → HCl → AgCl ІІ топ. NaCl → Cl2 → HCl → Cl2 → FeCl3 Семантикалық карта
IV. Қорытынды V. Бағалау VІ. Үйге: |