қарасан,сақау. Gangrena emphysematosa
Скачать 19.09 Kb.
|
Қарасан (Gangrena emphysematosa эмфизематозный карбункул) - жіті өтетін, жұғымтал емес, бұлшық еттердің басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Мазмұны 1 Тарихи деректер 2 Қоздырушысы 3 Індеттік ерекшеліктері 4 Дерттенуі 5 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер 6 Емі 7 Дауалау және күресу жолдары 8 Дереккөз Тарихи деректер Қарасан өте ерте заманнан белгілі, оны ұзақ уақыт топалаңмен шатастырып келді. 1870 жылы Ф.Шабер бұл екі жұқпалы аурудың клиникалық белгілерін талдап, бір-бірінен ажыратты. Қоздырушысының 1887 жылы С.Арлуэн мен Ж.Томас ашты. 1925 жылы Лекленш пен Валлэ вакцина ұсынды. Ауру бүкіл дүниежүзінде байқалды. Қоздырушысы Қоздырушысы - Clostridium chauvoei - түзу, аздап иілген таяқша, ұзындығы 2-8 мкм. Ұлпалардан алынған жағындыда жеке дара немесе қосарланып орналасады, қозғалады, жаңа өсіндіде грамоң, ескірген кезде грамтеріс боялады. Өлеске мен сыртқы ортада микробтың ортасында, болмаса шеткерірек орналасқан, оның диаметрінен үлкен спора түзеді, қауашақ түзбейді. Қоздырушысы табиғатта кең тараған, топырақта, көңде, түбі лай су қоймаларында кездеседі. Дені сау сиыр, қой, жылқы, т.б. жануарлардың ішектерінің ішіндегісінен бөліп алуға болады. Індеттік ерекшеліктері Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сирегірек қой, ешкі, бұланмен бұғы ауырады. Жас төл колостральдік иммунитеттің, ал сақа мал иммундеуші субинфекцияның әсерінен төзімді келеді. Негізінен коңды, бұлшық еттерінде гликоген мол жас жануарлар ауырады. Түйе мен шошқаға қолдан жұқтыруға болады. Зертханалық жануарлардың ішінде теңіз тышқаны аса сезімтал. Инфекция қоздыруысының бастауы - ауырған жануарлар, ал таралу факторларына ауру қоздырушысының спораларымен ластанған топырақ, жем-шөп, жайылым, батпақты, ағыны жоқ су көздері жатады. Ауру алиментарлық жолмен және зақымданған тері арқылы жұғады. Қоздырушысының денеге бойлауына ауыздың кілегейі қабығының бүлінуі, ішек-қарынның қабынуы, кейбір гельминтоз аурулары жағдай жасайды. Қойларға негізінен тері арқылы, қырыққан кезде жұғады. Дерттенуі Ішек-қарын немесе зақымданған тері арқылы микроб қанға өтіп, бүкіл денеге жайылады да, гликогені мол бұлшық етті мүшелерге тұрақтайды. Клостридиялар оттегі аз, зақымданған жерлерде тез өсіп-өнеді. Оның нәтижесінде токсиндер мен агрессиндер бөлінеді. Фагоцитоз тежеліп, ұсақ қан тамырлары зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ бөлініп шығады. Бұның нәтижесінде зақымданған телім домбығып, басып көргенде сықырлайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға өтіп, бүкіл ағзаны улайды. Бұдан барып дененің ыстығы жоғарылап, жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе, бауырдың қызметі бұзылады да, аурудың ақыры өлімге соқтырады. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер Егер қарасанға балау тірі кезінде қойылса, қоздырушыны тараптау үшін өлексені союға болмайды. Өлексе газдармен тарсиып кеуіп жатады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық ағады. Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды. Ондай бұлшық еттерді тілгенде түсі қара қошқылданып, газ көпіршіктері көрінеді, күйген қоңырсық иіс сезіледі. Маңындағы сөл түйіндері ұлғайып, тілгенде қара-қошқыл түсті, қанталаған ошақтары болады. Қан қара-қошқылданып ұйиды. Көкірек және құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл-сарғыш түсті күңгірт сұйық іркіледі. Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп, болбырайды. Бауыры ұлғайып, өлі еттенген телімдер пайда болып, газ көпіршіктері байқалады. Мұндай өзгерістер бүйректерінде де кездеседі. Сірі қабықтары әдетте қабынып, фибрин қапшықтары пайда болады. Емі Ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбінесе нәтиже бермейді. Тек қана уақытылы, алғашқы белгілері біліне бастағанда жүргізілген ем нәтижелі болады. Емдеу үшін антибиотиктер қолданылады. Пенициллинді 5-9 мың ӘБ/кг дозада етке 0,5% новокаин ерітіндісімен әрбір 6 сағ. сайын күйі жақсарғанға дейін жібереді. Биомицинді 3-5 күн сайын 3-5мг/кг мөлшеріне бұлшық етке, дибиомицинді де осы жолмен 40% глицеринмен жібереді. Соңғы антибиотиктің емдік концентрациясы ағзада 9 күндей сақталады. Қабынған етке бойлата 3% карбол қышқылы немесе лизол, 1-3% сутегінің асқын тотығы, 0,1% калий перманганатын жіберу дерттің бәсеңдеуіне көмектеседі. Дауалау және күресу жолдары Ауруды болдырмау үшін малды балшықты, ағынсыз су көздерін суаруға, сазды жайылымдарға жаюға, топырақпен былғанған жемшөп беруге болмайды. Ферма мен жайылым территориясының санитариялық-гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап, жануарларды жарақаттанудан сақтау керек. Сау емес шаруашылықтарда сиыр малын 3 айдан 4 жасқа дейінгі аралықта, қойды 6 айдан жоғары жаста егу қажет. Әдетте жайылымға шығар алдында егеді. Егер жайылым маусымы ұзақ болса 6 айдан соң қайталап егеді. Қарасан жиі байқалатын жерде бұзауларды 2 рет 3 және 6 айлығында егеді. |