Главная страница
Навигация по странице:

  • Хетт мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты

  • Срс. История древ мира 6. ГеографияТарих Рамазанова Айнр Хетт патшалыыны рылуы. Хеттерді мірі мен трмысы. Хетт мдениеті


    Скачать 18.43 Kb.
    НазваниеГеографияТарих Рамазанова Айнр Хетт патшалыыны рылуы. Хеттерді мірі мен трмысы. Хетт мдениеті
    Дата28.02.2022
    Размер18.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИстория древ мира 6.docx
    ТипДокументы
    #377300

    География-Тарих Рамазанова Айнұр

    Хетт патшалығының құрылуы. Хеттердің өмірі мен тұрмысы. Хетт мәдениеті

    Хетт патшалығы — б.з.б. 18 — 12 ғасырлар аралығында Кіші Азияда өмір сүрген ежелгі мемлекет. Б.з.б. 20 — 19 ғасыларда құрамына хетт, хатти этникалық топтары кірген кішіазиялық саяси бірлестіктердің (Канес, Хаттусас, Бурушханда) негізінде құрылған. Хетт патшасы Куссар Анитастың кезінде (шамамен б.з.б. 18 ғасыр) оған дейін Ассирияға бағынған кішіазиялық елді мекендердің өзара бірігуі басталды. 

    Б.з.д. III мыңжылдыққа қарай – ақ Кіші Азияның шығыс бөлігінің төбелерінде орналасқан бекіністі мекендеген Кіші Азия тайпаларының экономикалық, саяси және мәдени өмірінің орталықтары болып табылады. «Ерте қола дәуірі» деп аталатын осы уақытта Шығыс Анатолия қола дәуірінің экономикасы үшін қажет ресурстарға ие болып қана қойған жоқ, сонымен бірге оларды пайдалану технологиясын да білді.Соның арқасында Шығыс Анатолия бүкіл Кіші Азияда маңызды орын алды. Кіші Азия түбегінің ең ірі мемлекеті – Хетт патшалығы бірнеше ғасыр өмір сүрді. Ол б.з.д. XVIII – XVII ғғ. бірнеше әр түрлі этникалық топтардың бірігуі нәтижесінде қалыптасты. Б.з.д. XII ғ. Ұлы Хетт державасы бірнеше ұсақ мемлекеттерге ыдырап, бұлар да бірнеше ғасыр ғана өмір сүріп, тарих сахнасынан біржолата кетті.

    Хетт мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты

    Хетт патшалығы б.з.д. XVIII –XV ғасырлар аралығы. Б.з.д. II мың жылдық басында “хетт”-палайлықтарда, Кіші Азияның шығыс бөлігінде мемлекет жарқыншақтары байқала бастады. Олардың Цалпе, Канише және басқаларының арасында бөлінетін Куссаре – ішінде жатжерліктердің тобы “неситтіктер” басқарды. Бұларды қазір “хеттер” деп атаймыз. Б.з.д. XX – XVIII ассириялық (Ашшурлақтар) сауда колониялары,аморейлер, Ефрат бассейі хуриттері Кіші Азияның кейінгі дамуында маңызды рөл атқарды. Олардың арасынан орталық орынды бүкіл факторияны басқарған Канише сауда коллониясы атқарды. Бұл коллонияларыдың барлығы номолық мемлекеттердің территориясында болып олардың патшаларына бағынды, бірақ олар негізінен өз – өзін билеулеріне толық құқықтары болды. Олардың бойымен халықаралық сауды жолдары жүрді, және бұл жағдайда бір жағынан Ашшур екінші жағынан Галиса бассейні және Туз көлі үлкен пайдаға кенелді. Ассириялық – аморейліктердің арқасында жергілікті билік өкілдері көз тартар асыл бұйымдарға кенеліп Месопотамия бойының мәдениетімен танысты. Колонияның құрылуының өзі жергілікті халықтың халықаралық саудаға араласуына, жергілікті өндірістің дамуына, класс аралық қатынастардың қалыптасуына көп жәрдем берді. Жиелеген соғыстар көп орын алды. Осындай жағдайда б.з.д. XVIII ғасырда Шығыс Кіші Азияның ірі бөлігінің Куссар патшаларымен – Птихан және Аниттамен бірікті. Біріншісі “хеттердің” ірі орталығы Неса қаласынан орын теуіп оны астанасы етсе, екіншісі Цальпуды бағындырып хатт тайпаларынмен соғыста олардың астанасын Хаттусаны алды. Бурусханда билеушісі Аниттаның билігін өзі мойындап оған өз байлығын – тақпен алтын скипетрді табыстады. Сонымен Анитта “Хетт” патшалығының негізін қалаушы болып саналды.

    Тұрмысы

    Кіші Азияның табиғаты мал өсіруге ыңғайлы болғандықтан, елдің басты байлығы мал, оның ішінде қой болды. Сонымен қатар төрт түлікке қатысты заңдар өте көп және әсерлі болды.

    Шағын өзендер бойындағы жазықтықтар егістік үшін пайдаланылды. Бау бақша, көкөніс өсіру мықтап қолға алынған еді. Хэтт жерінде металдар қоры көп болғандықтан, халық олардан түрлі әшекейлер мен құралдар жасап басқа елмен сауда саттық қарым қатынас жасады.Бұның әсерінен елде жекелеген мамандықтар пайда болы. құмырашылар, ұсталар, ағаш шеберлері, етікшілер, тігіншілер, тоқымашылар.

    Мұнымен қатар хэттерде рулық құрылыс ұзақ сақталды.Егер біреу қылмыс жасаса, ол үшін бүкіл ру немесе қауым жауап берді.

    Мәдениеті

    Хэттердің діни түсініктері бейнелеу өнерінде үлкен орын иеленді. Оларда табиғаттың анасы сопақша бас киім киеген, ұзын көйлек киген ана бейнесіндегі құдай болып есептелінді.Олар бұдан басқа да құдайларға табынды. Хэтт құдайларының бейнесі әдеби шығармаларда да кездесті.Мысалы, көктем құдайы телепинге арналған шығарма.Хэттер көптеген вавилондық шығармарды білген және оны өз тілене аударған.

    Хэттік құрылыс өнерінің бір ерекшелігі қаланың екі қатар дуалмен қоршалуы.


    написать администратору сайта