Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.Ішкі жыныс мүшелерінің қан айналымының жедел бұзылуы

  • Жүктіліктің түтікте даму себептері

  • Ішкі жыныс мүшелерінің инфантилизмі

  • 3.Түтіктегі жүктіліктің үзілуі 2 түрде болады

  • 4.Жатырдан тыс жүктілік көбіне үзілгеннен кейін анықталады

  • Қосымша тексерулер: Лапароскопия- қәзіргі уақытта қолданатын негізгі қосымша тексеру әдісі

  • Жатырдан тыс жүктілікке күдік туғандағы шұғыл көмек

  • Алдын -алу

  • Аналық без ісігінің түйілуі немесе аяғының бұралуы.

  • Анықталуы

  • іштеспе. 13.Гинекологиядағы іштеспе. Гинекологиядаы іштеспе


    Скачать 108.68 Kb.
    НазваниеГинекологиядаы іштеспе
    Анкоріштеспе
    Дата26.01.2022
    Размер108.68 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла13.Гинекологиядағы іштеспе.doc
    ТипДокументы
    #343185

    Гинекологиядағы іштеспе.

    1. Гинекологиядағы іштеспе туғызатын аурулар.

    2. Жатырдан тыс жүктілік,оның себептері.

    3.Жатырдан тыс жүктіліктің үзілу себептері.

    4.Жатырдан тыс жүктіліктің клиникасы, анықталуы.

    5.Жатырдан тыс жүктіліктің емі.

    1.Гинекологиялық аурулардың ішінде құрсақ қуысындағы шұғыл көмек көрсетуді қажет ететін аурулар тобы кездеседі.Оларды гинекологиядағы іштеспе деп атайды.Бұл аурулар патогенезі бойынша екі үлкен топқа бөлінеді.

    1.Ішкі жыныс мүшелерінен жедел қан кетулер:жатырдан тыс жүктіліктің үзілуі,аналық бездің апоплексиясы.

    2.Ішкі жыныс мүшелерінің қан айналымының жедел бұзылуы:аналық без ісігінің аяғының оратылып қалуы,т.б.

    2.Жатырдан тыс жүктілік.

    Жатырдан тыс жүктілік ұрықтың жатырдан басқа жерге бекініп дамуы.Жиі кездесетіні (98%) ұрықтың жатыр түтігінде қалып дамуы.Сирек жағдайда ұрық аналық безде(0,1-0,7%),құрсақ қуысындағы кез келген мүшеге (бауыр,талақ,асқазан)(0,3-0,4%) жабысып немесе рудиментті жатырда(0,1-0,9%) дамуы мүмкін.Жасы 25-30 -ғы әйелдерде жиі кездеседі.

    Жүктіліктің түтікте даму себептері:_ьpar 1)Жыныс мүшелерінің қабынуымен болған түтіктегі өзгерістер - түтіктің қатты тарылуы,кілегейінің жабысып ,түтік бойының бітелуі.Бұл жағдайда ұрықтың жолында кедергі пайда болады да ұрық жатырға жете алмай,түтік бойында бекініп дамиды.

    2)Ішкі жыныс мүшелерінің инфантилизмі - бұнда түтік иретілген ұзын,өзегі тар болады да ұрық сол ұзын жолды игере алмай , түтік бойында қалып дамиды.Жатырдан тыс жүктілік дамығанда әйел организмінде қалыпты жүктілікке тән күмәнді белгілер пайда болады.Бірақ,түтіктің жатырдай созыла алмауына байланысты жүктілік тек 6-8 аптаға дейін дамып үзілуі.

    Түтіктегі жүктілік үдемелі түтіктегі жүктілік және үзілген түтіктегі жүктілік болып бөлінеді.

    Үдемелі түтіктегі жүктілік кезінде әйел организмінде жүктілікке тән өзгерістер болады: етеккірдің тоқтауы, сүт бездерінің үлкеюі, уыз бөліну, жүрек айну, тәбеттің болмауы кездеседі.

    Тексеруде жатыр үлкейеді, жұмсарады,қынап пен жатыр мойны көгереді. Кейде іштің төменгі жағы толғақ тәрізді анда - санда ауырсынады.Бұл кезде диагноз қою қиын, науқасты стационарға жатқызып қатаң бақылау керек.

    3.Түтіктегі жүктіліктің үзілуі 2 түрде болады:

    а)Түтіктегі түсік.Ұрықтың түтікке бекінген беті сылынып түсіп,ұрық түтіктің салпыншақ бөлігінен құрсаққа түсік болып қалады.Бұндай үзілуде қан кету баяу болады. Егер қан кету баяу, аз болса, онда әйелдің жалпы жағдайы өзгермейді, егер қан кету 500 мл –ден көп болса, онда ауырсыну қатты болып, жауырын астына, бұғанаға беріледі.

    Жүктіліктің дамуына байланысты етеккірдің бірнеше аптаға кідіруінен кейін , әйелдің қынабынан қою түсті қан кетеді,ішінің төменгі жағы оң немесе сол жақ бүйірі толғақ тәрізді бүріп ауырады,әлсіздік болып,басы айналады, немесе есінен танып қалады.Қан аздыққа байланысты терісі бозарып,көзінің ағы сарғаяды, қан қысымы төмен, пульсі әлсіз, жиі со_яяя'3fады.

    б)Түтіктің жарылуы:Түтіктің ұрық бекінген жері жарылып,тамырлардың үзілуіаен көп қан кетеді.Әйелдің іші кенет қатты ауырып ,асқазан тұсына беріледі.Қанның көп мөлшерде кетуіне байланысты геморрогиялық шок белгілері пайда болады:терісі бозарып,тамыр соғуы жиілеп,әлсізденеді,қан қысымы төмендеп,тынысы жиілейді,есінен танады.Дене қызуы қалыпты немесе сәл төмен болады.Ішін басқанда тақтай тәрізді қатайып ауырады.Щеткин-Блюмберг симптомы оң болады.Ауырсыну тік ішекке ,жауырынға,иыққа,бұғана астына беріледі. Ішті палпация жасағанда күрт ауырсыну, іш перденің тітіркенуі анықталады.

    4.Жатырдан тыс жүктілік көбіне үзілгеннен кейін анықталады:

    Анамнезінде жыныс мүшелерінің қабыну аурулары,босану,аборттан кейінгі асқынулар,етеккірдің 6-8 аптаға кідіруі,жүктілікке тән белгілер болғаны анықталады. Негізгі гинекологиялық тексеруде қынаптың кілегей қабаты көгеруі, жатырдың ұлғайғандығы, жұмсақтығы, тым қозғалғыштығы («Жүзіп жүрген жатыр» симптомы), жатыр мойынын қозғағанда күрт ауырсынуы, қыныптың артқы күмбезінің айқын ауырсынуы мен салбырауы болады («Дуглас айқайы»). Түтіктің жарылуында клиника айқын болғандықтан қосымша тексеруді қажет етпейді. Диагнозды өткір аппендицит, жартылай түсік, кіші жамбас қуысының қабыну ауруларымен салыстырады (өткір аппендицит пен қабыну ауруларында әдетте ауырсыну үнемі, бірте-бірте күшейеді, дене қызуы жоғары, бұғана тұсы ауырсынбайды, қынаптық тексеріс ауырсынусыз өтеді, жыныс мүшесінен қанды бөлінді бөлінбейді, қан анализінде лейкоцитоз бен СОЭ жоғарылайды, интоксикация белгілері бар, жүктіліктің белгілері жоқ, етеккір кідірмеген).

    Қосымша тексерулер: Лапароскопия- қәзіргі уақытта қолданатын негізгі қосымша тексеру әдісі,УЗИ,қынаптың артқы |7eaүмбезі арқылы құрсаққа пункция жасап-қан сорып алу, күдікті сейілтеді.Бұл ауруды аналық бездің апоплексиясымен, өткір апендициттен (қабыну белгілерінің болуы) айыру керек. Түтіктегі түсікті анықтаудың ең нақты әдісі лапараскопия болып табылады.

    5. Жатырдан тыс жүктілікке күдік туғандағы шұғыл көмек:

    Жатырдан тыс жүктілікке күдік туғанда әйелді дереу гинекология бөліміне жеткізу керек.Тасымалдау -қатты зембіл (носилкаға) басын сәл төмен түсіріп жатқызып тасымалдайды.Спазмолитиктер, анальгетиктер, мұзды мұйық қолданбайды, себебі олар дәрігерлік қателіктерге соқтыруы мүмкін.

    Емдеу: тек стационарда, операция арқылы жүзеге асады. Құрсақ қуысын жарғаннан кейін, қан тоқтату үшін қысқыштың біреуін тездетіп түтіктің жатырлық жағына, біреуін мезосальпинкске салады да қан кетуді тоқтатады. Операция кезінде мезосальпинкстен түтікті жатыр бұрышынан аздап ала отырып кеседі де, тігістер салады. Лапароскопиялық операция жатыр түтікшесінің диаметрі 5 см-ге дейін болса, жатыр түтікшесінің истмикалық немесе ампулярлы бөлігінде жүргізіледі. Лапаротомия – егер науқас жағдайы ауыр болып,лапароскопиялық операция жасау қиын болғанда жүргізіледі. Кейбір жағдайда мүшені сақтау үшін консервативті – пластикалық операцияларды орындайды. Жүктілік түтікшенің ампулярлы бөлігінде орналасса, ұрық жұмыртқасын сығып алып тастайды. Сальпингэктомия– ұрық жұмыртқасын жатыр түтікшесінен тіліп алып тастау. Операциядан кейін репродуктивті жүйе қызметін сақтау үшін, реабилитациялық шаралар жүргізіледі. Оған операциядан кейінгі жабысқақтардың (спайкалар) алдын алу үшін физиотерапиялық ем, биостимуляторлар, витаминдер, темір препараттары тағайындалады. Жүктіліктен сақтану операциядан кейін 6 айдан кем болмауы тиіс.

    Алдын -алу:Қабыну ауруларын, агалық без ауруларын уақтылы анықтап,емдеу.Жасанды түсікті болдырмау,жүктіліктен сақталу әдістерін қолдану.

    2.Аналық без ісігінің түйілуі немесе аяғының бұралуы.

    Аналық без тканінің өскен кистома ісіктері аналық безге ұзын немесе қысқа аяғымен (түбірі,сабағы)жалғасып жатады.Ісік аяғының бойында қан,лимфа тамырлары өтіп,ісік тканің қоректендіріп отырады.

    Оқыс қимылдан (артқа немесе алға қатты еңкею) немесе құрсақ қуысындағы қысым артқанда, қатты күшенгенде ісік түбірімен 180-360 %С-қа бір өсте, бір бағытта толық немесе жартылай бұралып қалуы мүмкін.Бұралу түбірдегі қан,лимфа тамырлары қысылып,ісіктің қоректенуі бұзылады,ісік ісініп,шіри бастайды.Толвқ 360%- қа бұрылуда,әйелдің іші кенеттен қатты аурып,тақтай тәрізді қатаяды.Щеткина-Блюмберга бедгісі <оң> бағаланып,әйелдің жүрегі айнып,құсады,үлкен дәреттің қатуы,ішекке жел жиналу байқалады.Әйел жағдайы күрт нашарлайды,терісі бозарып,салқын тер шығады,дене қызуы көтеріліп,тамыр соғуы жиілейді,қан қысымы төмендейді.Ісік үлкейіп ісінеді,басып қарағанда аурады.

    Емі:әйелді жедел операцияға дайындау.

    Операция - ісікті бұралған күйі тарқатпастан кесіп алып тастау.

    Ісік 90 %-қа бұралғанда - клиникалық белгілер мардымсыз болып,кейде ешқандай емсіз өзі жазылып кетеді.

    Анықталуы:анамнез (ісік бар),клиникалық белілер,қынапты екі қолмен тексеру,УЗИ арқылы анықталады.

    3.Аналық без апоплексиясы дегеніміз - аналық безден өткір қан кету (синонимдер : аналық бездің жыртылуы, аналық без гематомасы).

    Себептері :Қабыну процесінен кейін аналық без қан тамырларының қатайып өзгеруі немесе кеңеюі.Бұл сары дененің гематомасының немесе фолликуланың гематомасының жарылуына байланысты.

    Ауру көбіне 20-35 жастағы әйелдерде кездеседі.

    Ауруға екі белгі тән: әйелдің бүйірін ауырлынуы және құрсаққа қан жиналудан болған қаназдық белгілері.

    Ауырлану -кенет өткір басталады,әйелдің көбіне оң жақ бүйірі қатты аурады,ауырсыну тік ішекке, аяққа берілуі мүмкін. Ішін басып қарағанда,тақтай тәрізді қатаяды.Әйелдің жүрегі айнып, құсады,терісі бозарып,қан қысымы төмендейді,тамыр соғуы жиілейді.Қынапқа қол салып қарағанда,аналық без шар тәрізді үлкейген,жұмсақ,басқанда аурады.Кеткен қан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін.

    Анықталуы:көбіне диагноз болжамалы,анамнез,ішкі-сыртқы гинекологиялық тексерулер арқылы анықталады.Егер фолликуланың жарылуынан болса, етеккір циклының қақ ортасында, егер сары дене жарылуынан болса етеккір циклының соңында немес етеккір кезінде болады.

    Емі: егер диагноз бірден анықталып,қан кету шамалы болса-консервативтік ем:тыныштық іштің төменгі жағына мұз басу,жүргізіледі.

    Көп қан кетуде - хирургиялық ем - жыртылған аналық безді тігу немесе алып тастау жүргізіледі.Операция үстінде жатыр түтіктерін,соқырішекті тексеріп,патологиялық өзгерістері болса,емдеген жөн.


    написать администратору сайта