Ооооо. Гиппократ задания каз. гиппократ республикалы ашыты олимпиадасы
Скачать 1.02 Mb.
|
«ГИППОКРАТ» республикалық қашықтық олимпиадасы Медицинада кездейсоқ адамдар қызмет етуге тиісті емес… Тапсырма №1. Медицина саласының белгісі тостағанға оратылған жылан екені белгілі. Сұрақ: тостағанға оратылған жылан неліктен медицинаның символы болып табылады? Аталған логотип нені білдіреді? Жауабын жауап парағында көрсетіңіз. Авиценна – атағы әйгілі алғашқы дәрігер. Кейбір дереккөздерге сәйкес, «медицина» термині латынның «мадад Сина» (аудармасы – Синаның емінен сауығу) немесе қысқартылған түрде «Сина әдісі» дегеннен шықты деген болжам бар. Қызықты дерек Тапсырма №2 Медицина қызметкерлері неліктен Гиппократ антын береді? Бұл ант не туралы? Жауабын жауап парағында көрсетіңіз. Медицина шындағында барлық өнердің ішіндегі ең мейірбаны. (Гиппократ) Тапсырма №3 «Медицина қызметкерінің күнделігі» Сізге «Медицина қызметкерінің күнделігіне» бірлескен автор болуды ұсынды. Сіздің алдыңызда медицина саласын енді меңгеріп келе жатқан, жас қызметкерге арналып кеңес түрлері берілген «Қателерден үйрену» тарауын жазу тапсырмасы тұр. Әр кеңесті қысқа да нұсқа әрі түсінікті етіп, «ма, ме, ба, бе, па, пе» болымсыздық етістіктерін қолдана отырып бір сөйлеммен беру қажет. Мысалы, «жалған құжаттарды жасама». Жауабын жауап парағында көрсетіңіз. Медицина қызметкерлерінің кәсіби одағы Ежелгі Римде пайда болған. Бұл одақтың мүшесі атану үшін білім мұқият тексеріліп, арнайы емтиханнан өту қажет болатын. Емтиханнан сәтті өткен жағдайда талапкерге «мемлекеттік дәрігер» атағы берілген. Қызықты дерек Тапсырма №4 Медицина тарихынан… Қажетті сөздерді орнына қойып, жауап парағына көшіріңіз: А) XV ғасырда адамдар бұл түстің емдік қасиеті бар деп есептеген. Науқастар осы түстен киімдерді киіп, айналасын осы түспен қоршаған. Бұл қандай түс? Аталған түсті қандай ауру түрлерін емдеу үшін қолданған? Б) XIX ғасырдың ортасына дейін Еуропада тіс ауруы мен ауырсыну түрлерін емдейтін мамандандырылған тіс дәрігерлері болмаған. Тіс дәрігерінің қызметін тек тіс жұлу ғана жұмысымен шұғылданған жалпы бейіндегі дәрігерлер мен ..... маманы атқарған. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді табыңыз. С) Ежелгі Египет хирургтарының хирургиялық құралдары металдың қай түрінен жасалған? Медицина қызметкерлері неге ақ түсті халат киеді? Халат неліктен ақ түсті? Түстерді зерттейтін колометрия ғылымының пайымдауына сай, ақ түс адамның сана-сезімін жан тәнімен беріліп жұмыс істеуге, пікірді ашық және толық жеткізуге, ұйымшылдыққа және бірлікке және т.б. бағыттайды. Яғни бұл түс пациенттерге оң әсерін тигізеді деген сөз. Ақ халаттағы адамдар пациенттер қауымында ерекше сенімділікті қалыптастырады. Қызықты дерек Тапсырма №5 Матаның атауын тауып, жауап парағына жазыңыз: Бұл матаның жаңа түрі болып табылады, артықшылықтары басым. Бертін пайда болғанына қарамастан, матаның осы түрі қазіргі кезде танымал атанды. Аталған мата медицина саласында ортопедиялық бұйымдар, бандаждар, медициналық қолғаптар, корсет және арнайы киімдерді және т.б. жасау үшін материал ретінде қолданылады. Мұхамеджан Қарабаев – қазақтан шыққан алғаш дәрігер. Ресейдің үздік оқу орындарының бірі– Қазан университетінің студенті атанған. 1888 жылдың маусым айында уезд дәрігері лауазымын алып, қызметтік сапарға аттанған. Ауыл аймақтарда шұғыл хирургиялық оталар жасаған, әйелдерді босандырған, шешек, тырысқақ және қотыр сынды ауру түрлерімен күресу жұмыстарын жүргізген. Қызықты дерек Тапсырма №6 Берілген сипаттама бойынша ауру түрін анықтап, жауап парағына жазыңыз: Қара субстанцияның дофаминергиялық нейрондары дофаминның көмегімен, ағзаның қозғалысын белсенді етіп, оны бақылайтын базальды ганглияға белгі береді. Бұл нейрондардың қызметі бұзылғанда дофамин ағзада жеткіліксіз болып жетіспейді, соның салдарынан қимыл-қозғалыс өзгереді, қимыл саны төмендейді, бұлшықеттің құрысуы басталады. Кеңес Үшбаев – фармацевтика ғылымдарының докторы дәрежесін алған алғаш қазақ. 150 астам ғылыми жұмыстар мен көптеген монографиялардың авторы. Қызықты дерек Тапсырма №7 Қандай мемлекет онкологиялық ауруларды емдеуде қолданатын инновациялық әдістерінің арқасында, қатерлі дертке шалдыққан пациенттердің өміршеңдігі көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр? Жауабын жауап парағында көрсетіңіз. Қазіргі Қазақстанның аумағындағы алғаш дәріханалар ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болды. Негізінен бұл әскери госпитальдар мен ауруханалар жанында жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелер болатын. Ең бірінші жеке меншік дәріхана Верный қаласында (қазіргі Алматы қ.) 1882 жылы ашылған. Қызықты дерек Тапсырма №8 Автокөлік бөлшектері тәрізді, дене мүшелері де тозады. Әдетте ағза бұл проблеманы регенерацияның көмегімен оңай шеше алады. Бірақ кейде оның да мүмкіндіктері жетіспейді, соған сәйкес органның қызметі бұзылып «істен шығады». Соның барысында емдеу жұмыстары да үнемі көмектесе бермейді, осы сәтте органды ауыстыру яғни – трансплантация қажет етіледі. Органдарды ауыстыру кезінде жанама реакциялардың екі түрі болады. Олар қандай? Донор органын ауыстыруда болатын жанама реакцияның екі түрін атап жауап парағына жазыңыз. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның азаматтық денсаулық сақтау саласының медицина қызметкерлері алғаш рет Қызыл Әскердің жаралы жауынгерлері мен командирлерін емдеуге тартылды. Үкіметтің айрықша тапсырмасы бойынша барлық 14 облыста және Алматы қаласында қысқа мерзім ішінде шұғыл түрде эвакуациялау госпиталінің желісі ұйымдастырылды. Бұл соғыстың барлық төрт жылында Қазақстанның кең аумағында әрекет етіп тұрған көпсалалы мекемелер болатын. Жараланған солдаттардың өмірін сақтау және денсаулықтарын қалпына келтіруде госпитальдің медицина қызметкерлері аянбай еңбек етті. Қызықты дерек Тапсырма №9 Жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, жауабын жауап парағында көрсетіңіз: 1-Науқастың жөтелі бар, бірақ дене температурасының көтерілуі байқалмайды. Аталған жағдайда физиотерапияның қарапайым жылу әдістерін тағайындауға болады ма? 2-Үйдің шатырын сырлау кезінде жұмысшының аяғы тайып, жерге құлады. Жұмысшының оң жақ жіліншігі кесіліп кетіп, жараланған жерден алқызыл түсті қан аға бастады. Қан кетудің түрін анықтаңыз. Аталған қан кетуді уақытша тоқтату әдісін көрсетіңіз. 3-Бірін-бірі танымайтын медицина қызметкерлері өз әріптестерінің түсініксіз жазуын еш қателеспей бірден оқи алатыны қызықты. Медицина қызметкерлерінің жазуы неліктен түсініксіз? Ал сіз қалай ойлайсыз? Өз ойыңызбен бөлісіңіз. |