Главная страница
Навигация по странице:

  • «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»

  • 4.Ситуациялық есептер

  • 1 тапсырма (2) (1). Гистология кафедрасы


    Скачать 113 Kb.
    НазваниеГистология кафедрасы
    Дата01.02.2022
    Размер113 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла1 тапсырма (2) (1).doc
    ТипДокументы
    #348184





    «С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
    НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»



    Гистология кафедрасы


    Цитология бойынша әдістемелік нұсқау

    Редакция: 1

    беттің беті




    1. Ауызша немесе жазбаша сұрақтар:


    1. Жасуша қосындыларының түрлері.

    2. Ядроның құрылысы. Қызметі

    3. Интерфаза кезінде ядроның құрылысы.

    4. Митоз. Митоз кезеңдері.

    5. Жасушаның тіршілік циклы.

    6. Жасушаның реактивтілігі мен өлуі.


    2. Кестелер

    1. Ядроның негізгі құрылымдық элементерін атаңыздар және құрылымдық, функциональді ерекшеліктерін жазыңыздар. (Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. Гистология, цитология и эмбриология. // М.- 2002.- 725 б. )


    Жасуша ядросының құрайтын элементтері

    Құрылымдық және функциональді ерекшеліктері




    1. Кестені толтырыңыздар (Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. Гистология, цитология и эмбриология. // М.- 2002.- 725 б. )

      Интерфазадағы ядроның құрылымдық элементтер

      Олардың қызметтері






    2. Митоздағы жасушалардың бөліну кезеңдерінің сипаттамаларын дәптерге жазыңыздар. (Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. Гистология, цитология и эмбриология. // М.- 2002.- 725 б. )

    Фазалары

    Негізгі процестері

    Профаза

    Метафаза

    Анафаза

    Телофаза




    4.Ситуациялық есептер

    1. Жасушаларда дене белсенділігінің жоғарылауымен трофикалық қосылыстардың мөлшері азаяды. Мұның себебі неде?

    2. Күнге күю кезінде тері жасушаларында пигмент түйіршіктері пайда болады. Бұл түйіршіктер қандай құрылымдық элементтер болып табылады

    3. Препаратта митоздық бөлінудің әртүрлі кезеңдеріндегі жасушалар көрінеді. Жасушалардың бірінде тығыздалған хромосомалар айқын көрінеді; ядро мембранасы мен ядрошық ажыратылмайды. Бұл өзгерістер митоздық бөлінудің қай кезеңіне сәйкес келеді?

    4. Препаратта митоздық бөлінудің әртүрлі кезеңдеріндегі жасушалар көрінеді. Жасушалардың бірінде барлық хромосомалар клетканың экватор жазықтығында орналасады. Бұл өзгерістер митоздық бөлінудің қай кезеңіне сәйкес келеді?

    5. Препаратта митоздық бөлінудің әртүрлі кезеңдеріндегі жасушалар көрінеді. Жасушалардың бірінде хромосомалар жасушаның қарама-қарсы полюстеріне бөлінеді. Бұл өзгерістер митоздық бөлінудің қай кезеңіне сәйкес келеді?

    6. Препаратта митоздық бөлінудің әртүрлі кезеңдеріндегі жасушалар көрінеді. Жасушалардың бірінде екі топ хромосомалар болады, олардың әрқайсысы ядролық мембранамен қоршалған. Бұл өзгерістер митоздық бөлінудің қай кезеңіне сәйкес келеді?

    7. Эксперименттік жолмен жасуша жасанды түрде екіге - ядромен және ядросыз бөлді. Жасушаның бұл бөліктерінің тіршілік етуі қандай?

    8. Митоз уақытындағы жасуша берілген. Онда белоктардың синтезі жүре ме?

    9. Жасуша ядросының интерфаза уақытында жасушасының ядросында ДНҚ-ның екі есе көп болуы сандық әдіспен анықталды. Жасуша циклдің қай кезеңінде?

    10. Жасушада жақсы көрінетін Гольджи кешені бар. Түйіршікті эндоплазмалық тор көп, митохондрия және жасуша орталығы бар. Басқа жасушада көптеген митохондрия, лизосомалардың көп бөлігі және түйіршікті және түйіршіксіз эндоплазмалық тор бірнеше мембраналары бар. Бұл жасушалардың қызметі қандай? Оларда ақуыз синтезі жүре ме?

    11. Бүйрек түтікшелерінің жасушаларында уытты заттардың әсер етуі нәтижесінде тотығу ферменттері мен иондардың белсенді тасымалдану процесінің төмендеуі байқалды. Жасуша ішіндегі қандай құрылымдар бұзылады?





    написать администратору сайта