28 приказ. Главный государственный санитарный врач
Скачать 92.64 Kb.
|
№ 01-1-21/2940-вн от 11.06.2021
ҚАУЛЫСЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ 2021 жылғы 11 маусымдағы №28 11 июня 2021 года №28 Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) бекітілсін. 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекцияның (СOVID-19) профилактикасы бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін. 3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының паспорттары/сертификаттары/вакцинация анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын. 4. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері осы қаулының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған кезде Венгрия, Таиланд және Моңғолия азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне рұқсат етсін. 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен бірлесіп: 1) Әдістемелік ұсынымдарды және Регламентті коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізуге жауапты денсаулық сақтау ұйымдарына жұмыста басшылық алу үшін жіберуді; 2) коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде медицина қызметкерлерін оқытуды жүргізуді қамтамасыз етсін. 6. Тиісті аумақтың, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, төтенше жағдайлар органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомствосының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін. 7. «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 9. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясов Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы «11» маусымдағы № 28 қаулысына 1-қосымша «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» уақытша әдістемелік ұсынымдары 1. Жалпы ережелер Осы «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) коронавирустық инфекцияға (бұдан әрі – КВИ) қарсы вакцинациялауды жүргізу тәртібін айқындайды. КВИ-ға қарсы вакцинациялауға коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары адамдар, сондай-ақ осы инфекцияға қарсы профилактикалық егуді алуға ниет білдірген адамдардың барлығы жатады. КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын контингент және оларды вакцинациялаудың басымдылығы КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға және КВИ-ға қарсы вакциналар көлемінің жеткізілуіне байланысты жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қалауы бойынша қайта қаралады. «Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына (бұдан әрі – 21.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығы) сәйкес КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар жатпайды. Иммуносупрессивті ем қабылдайтын пациенттерде және иммун тапшылығы бар пациенттерде жеткілікті иммундық жауап дамымауы мүмкін. Сондықтан иммундық жүйенің жұмысын тежейтін препараттарды қабылдау иммуногенділіктің төмендеу қаупіне байланысты вакцинациядан бұрын және одан кейін кем дегенде 1 ай қарсы көрсетілім болады. Жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар екпелерді жүргізу үшін уақытша қарсы көрсетілімдер болып табылады. Вакцинация сауыққаннан немесе ремиссиядан кейін 2-4 аптадан кейін жүргізіледі. Жіті ішек ауруларында вакцинация денсаулық жағдайы қалыпқа келгеннен кейін жүргізіледі. КВИ-ға қарсы белсенділігі жойылған вакциналармен (Hayat-Vax, QazVac, КоронаВак және басқалары) және векторлық вакцинамен (Спутник V) екпе алған адамдар қан мен оның компоненттерінің донорлығынан 2 аптаға шеттетіледі. Тірі вакциналарды пайдаланған кезде егілген адамдар қан мен оның компоненттерінің донорлығынан 4 апта мерзімге шеттетіледі. КВИ-дің жіті және сипмтом жоқ түрі бар адамдар КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатпайды. КВИ-ды қоса алғанда, инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі. Бұл ретте, КВИ-мен ауыратын науқаспен өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша жеке қорғаныш құралдарында байланыста болатын медицина қызметкерлері жатпайды. Вакцинациялау алдында КВИ-ға қарсы антиденелердің болуына скрининг (ИФТ және ПТР-зерттеу) жүргізілмейді. КВИ-дің кез келген түрімен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін және вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып, 6 айдан соң вакцинациялаудың толық курсымен егу ұсынылады. Бұл ретте КВИ-мен ауырғандарға сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинация жүргізуге жол беріледі. Халықты вакцинациялау аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде, арнайы контингентті вакцинациялау - тиісті ведомствоның қызмет орны бойынша жүргізіледі. Халық үшін вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және егу процесін жеңілдету мақсатында жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыруға жол беріледі. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды вакцинациялау үшін КВИ-ға қарсы вакцинациялауды үйге барып жүргізу ұйымдастырылады. Иммундауға жататын адамдардың санына сәйкес егу бригадаларының, медицина қызметкерлерінің, оның ішінде иммунологтардың, жалпы практика дәрігерлерінің, терапевтердің, орта медицина персоналының, медициналық білімі бар тіркеушілердің қажетті саны, вакцинаның, басқа да шығыс материалдарының, тоңазыту жабдығының, автокөліктің саны есептеледі. Егу бригадасы әрбір егу пунктінде 1 бригадаға 300 екпеден аспайтын күнделікті жүктемені ескере отырып қалыптастырылады. Бұл ретте, 1 егу бригадасының құрамына: 1 дәрігер, 1 егу мейіргері және қажет болған жағдайда 1 тіркеуші кіреді. Ауылдық жерлерде құрамында: 1 фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда), 1 егу мейіргері, қажет болған жағдайда 1 тіркеушіден егу бригадасын ұйымдастыруға жол беріледі. Иммундауды дайындау және жүргізу жөніндегі іс-шараларды жедел жоспарлау және үйлестіру үшін облыстық, қалалық және аудандық штабтар құрылады. Денсаулық сақтау басқармасы мен өңірлердің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс орталығының жауапты мамандарының ішінен әрбір аудан, қала бойынша иммундауды дайындау және жүргізу жөніндегі іс-шараларды бағалайтын және үйлестіретін кураторларды тағайындайды. Жүргізілген вакцинацияны белгіленген есепке алу нысандарында (КВИ-ға қарсы профилактикалық егулерді есепке алудың жеке журналы, КМАЖ, ҚР ДСМ ХТТ «Вакцинация» модулі (бұдан әрі – Модуль)) вакцинация жүргізілген күнді, екпелердің түрін (I немесе II компонент), препарат өндіретін кәсіпорынды, серия нөмірін, вакцинаға реакцияны көрсете отырып тіркейді. Медициналық ұйымдар модульге егілген адамның жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес егілген адам туралы Жеке деректерді, вакцинаны медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пайдаланылған вакцина туралы деректерді енгізеді. КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына КВИ-ға қарсы жүргізілген вакцинация туралы анықтаманы талап ету бойынша қағаз тасымалдағышта осы әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаның нысанына сәйкес береді. Медицина қызметкері осы Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаның нысанына сәйкес қағаз тасығыштағы КВИ-ға қарсы вакцинациялау туралы анықтамада КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының өткізілген рәсімін өзінің қолымен куәландырады және медициналық ұйымның мөрімен куәландырады. Вакцинация жүргізу барысында медициналық ұйымдар, көшпелі/жылжымалы егу бригадалары жүргізілген егулер, бас тартулар, медициналық қарсы көрсетілім және вакцинаны пайдалану туралы Модульге күн сайын енгізеді. «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Модуль деректерінің негізінде Комитетке өңірлер бөлінісінде жиынтық ақпаратты осы Әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымшаға сәйкес күн сайын келесі күні сағат 7.00-ге дейін ұсынады. 2. Иммундау жүргізудің қауіпсіздігі КВИ-ға қарсы профилактикалық егулерді жүргізуге арналған егу кабинеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрығымен бекітілген «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (бұдан әрі -13.06.2018 жылғы № 361 бұйрық) сәйкес жарақтандырылуы тиіс. Бұл ретте шокқа қарсы терапия құралдарының толықтығын және жарамдылық мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету қажет. КВИ және респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қолайсыз кезеңде емханаға кіру кезінде: 1) байланыссыз термометрияны қамтамасыз ете отырып және КВИ ауруын жоққа шығармайтын симптомдардың болуына сұрау жүргізе отырып, сүзгі орнату; 2) келушілердің қолдарын өңдеуге арналған санитайзерлер орнату; 3) адамдар профилактикалық егулер алу мақсатында медициналық мекемеге барған кезде медициналық маскаларында болуы тиіс; 4) медициналық ұйымдарға келушілер арасында кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау; 5) ауру белгілері бар адамдар анықталған жағдайда олар үшін маскалар беруді және күту мен дәрігердің қарап-тексеруі үшін жеке үй-жай көздеу; аталған пациенттер қызмет көрсету кезінде басымдыққа ие болуы тиіс. Емхана ғимаратында қолжетімді жерлерде КВИ-дің алдын алу үшін қол гигиенасын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат орналастыру, КВИ-дің алдын алу шаралары және КВИ алдын алуда вакцинациялаудың пайдасы бойынша көрнекі құралдар тарату. КВИ-ға қарсы екпелер жүргізу жеке куәлігі болған кезде жүзеге асырылады. Егілетін адамдар маскаларында болуы тиіс. Халықты КВИ-ға қарсы иммундауды ұйымдастыру кезінде: 1) емханаға бару кезінде уақыт аралықтары мен физикалық қашықтық шараларының сақталуын қамтамасыз ету; 2) вакцинацияланған адамдар вакцинациядан кейін 30 минут бойы физикалық қашықтық талаптарын сақтай отырып, медициналық бақылауда болуы тиіс жеке жақсы желдетілетін үй-жай бөлу; бұл ретте КВИ-ға қарсы екпе алған адамдарға «КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізілді, Медициналық бақылау кезеңі 30 минут бойы!» деген белгісі бар арнайы таңбалау бейджін (иммундаудан кейін қолайсыз көріністердің жоқтығы туралы белгі қою үшін 30 минуттан кейін медицина қызметкеріне қайтарылуы тиіс), сондай-ақ жадынамалар және КВИ-ға қарсы вакцинация бойынша басқа да ақпараттық-білім беру материалдарын беру ұсынылды; Жылжымалы / көшпелі егу пункттерін аумақтық денсаулық сақтау басқармасының және вакцинация жүргізу болжанатын ұйымның басшысының келісімі бойынша медициналық ұйымдар ұйымдастырады. Жылжымалы / көшпелі егу пункті үшін: 1) уақытша конструкцияларды орнату және персонал үшін жеке гигиенаны сақтау үшін жағдайлар жасау үшін үй-жайлардың немесе ашық алаңдардың қажетті жиынтығы бөлінеді; 2) вакцинация жүргізетін медициналық ұйымның атауын, жауапты адамдардың байланыс телефондарын, жұмыс кестесін көрсете отырып, вакцинация жүргізу пунктінің орналасқан жері және маңдайшалар туралы көрсеткіштер орнатылады; 3) ғимараттардың цокольдық және жертөле қабаттарында орналастыруға жол берілмейді, конструктивтік жабдықтарды пайдалануға жол беріледі; 4) адамдар көп жиналатын жерлерде жасанды жарықтандырудың жеткілікті деңгейі, адамдар болған кезде тұрақты жұмыс режимі бар рециркуляторларды міндетті түрде орната отырып, ауа алмасу жиілігі қамтамасыз етілген кезде табиғи жарықтандырусыз және желдеткішсіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі; 5) күту, егілушіні қарау, вакцинация жүргізу және вакцинациядан кейін медициналық бақылау аймақтары бөлінеді. Аймақтарды мөлдір емес жабынмен, қалқамен бөлуге жол беріледі; 6) физикалық қашықтық талаптарын сақтай отырып, желдетілетін үй-жайда егілгендерді медициналық бақылауға арналған аймақ ұйымдастырылады; 7) вакциналарды сақтауға арналған тиісті температуралық режимі бар тоңазытқыш жабдығымен (вакциналардың түріне байланысты: плюс 2°С-тан плюс 8°С-қа дейін және/немесе минус 18°С және одан төмен), жұмыс үстелімен, тіркеуге арналған үстелмен, Модульге енгізу үшін интернет желісіне қосылған компьютермен, жүргізілген егулер туралы деректермен, орындықтармен, кушеткамен, тонометрмен, пульсоксиметрмен, термометрлермен, өздігінен бекітілетін шприцтермен, бір рет қолданылатын қалақшалармен, вакцина қалдықтарын зарарсыздандыруға арналған ыдыстармен, пайдаланылған бір рет қолданылатын шприцтерді қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнермен (бұдан әрі – ҚКЖК), шокқа қарсы терапия препараттарымен, жеке қорғаныш құралдарымен (халат, бас киім, қолғап, маска), қолды өңдеуге арналған антисептиктермен жабдықталады. Медициналық қалдықтарды бір күн ішінде жинауға, уақытша сақтауға тіркелген медициналық ұйым жауапты болады. Жылжымалы / көшпелі егу пунктінің егу бригадасы бригадаға ең жоғары жүктемені немесе вакцинациялауға жататын адамдардың санын ескере отырып, вакцинамен қамтамасыз етіледі. Вакцинациялауға арналған препараттар жұмыс істейтін күні алынады, қалған ашылмаған вакциналар күннің соңында емханаға қайтарылады. Вакцинаның мөлшері вакциналардың қозғалысы журналында тіркеледі. Жылжымалы егу пункттерінің немесе көшпелі егу бригадаларының жұмысы үшін тоңазытқыш қондырғысы орнатылған рефрижераторлық үлгідегі белсенді термоконтейнерлерді пайдалану ұсынылады. Иммундауды жүргізу алдында әрбір егілушіге КВИ-ге қарсы алдағы егу туралы ақпарат беріледі, егілушіге профилактикалық егу, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен қолайсыз көріністер, егуден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат беріледі және пациентке осы Әдістемелік ұсынымдарға 3-қосымшаға сәйкес ақпараттық материалдары бар жадынама береді Вакцинациялау алдында осы Әдістемелік ұсынымдарға 4-қосымшаға сәйкес вакцинацияланғандарға сұрау жүргізіледі. Әйел жынысты адамдарды вакцинациялау кезінде міндетті түрде егуді алу сәтінде мүмкін болатын жүктіліктің болуын анықтау қажет (күмән болған жағдайда жүктілікке тестілерді пайдалануды және/немесе вакцинациялау мерзімін ауыстыруды ұсыну қажет). Дәрігер иммундаудан кейін қолайсыз көріністер (бұдан әрі – ИКҚК) туындаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі және шектеу шараларын сақтау қажеттілігі (физикалық қашықтық, қорғаныш маскасын кию және басқалар) туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, КВИ-ға қарсы вакцинация бойынша жадынама бере отырып, II компонентпен вакцинациялау мерзімдері хабарланады. Вакцинация жүргізер алдында дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнезді жинау, сатурацияны, жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысымды өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін аускультациялау және жұтқыншақты тексеру арқылы дәрігердің міндетті тексеруі жүргізіледі. Егер температура 37°C-тан асса, вакцинация кейінге қалдырылады. Вакцинациядан кейін егілген адамдар егу пунктінде 30 минут бойы медициналық бақылауда болады (ИКҚК дамыған жағдайда шаралар қабылдау үшін бақылау аймағында). Егуден кейінгі кезеңде ИКҚК мониторингі үшін егуді алған адамдарға вакцина енгізілгеннен кейін алғашқы 3 күнде егілушінің тіркелген жері бойынша Модульде тіркеу үшін емханаға хабарлау қажеттігі туралы түсіндіріледі. Әрбір егілетін адамға 13.06.2018 жылғы №361 бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде профилактикалық егулерді жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісім немесе бас тарту ресімделеді. |