Биохимия гормоны. CРОП Гормоны. Гормондар биохимиясы
Скачать 14.09 Kb.
|
Гормондар биохимиясы Есеп 1. Тиреотоксикоздың клиникалық көріністері бар екі науқаста радиоиммундық анализ көмегімен анықталған гормондар концентрациясының өзгерісі төмендегідей:
Патологиялық процестің шоғырлануы туралы қандай қорытынды жасауға болады? Тиреотоксикоз деген не? Бұл аурудың даму себептері? Келтірілген гормондардың синтезделу орны? Жауабы: Тиреотоксикоз дегеніміз тиреоидты горомндардың қанда шамадан тыс болуы және оның мүшелер мен тіндерге токсикалық әсері. Науқастар тітіркенгіштікке, тез ашуланғыштыққа, терлегіштікке, қозғыштыққа және зейін қою қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Науқастарда тәбетінің жоғары болуына қарамастан салмағы төмендеуі, денесінде тремор туындауы, тахикардия және ентігуді, ж.рек жұмысы нашарлауын, АҚ жоғарылауын байқайды. Бұл аурудың себебі болып қалқанша безінің тиреоидты гормондарды секрециясының күшеюінен қалқанша безінің деструкциясынан тиреоидты емес түзілістер, яғни трофобластты ісіктер, Struma ovarii, қалқанша безге метастаздар ятрогенді тиреотоксикоз, яғни тиреоидты препараттарды шамадан тыс қабылдау№ амиодаронды тиреоидит Тиреотоксикоз туындататын аурулардың көбі аутоиммунды болып табылады. Диффузды токсикалық зоб тиреотоксикоздың ең жиі себебі болып табылады. Себебі ол органспецификалық аутоимм ауру. Қан сарысуында тиреоидбелсендіруші антиденелер туындатады, нәтижесінде олар ТТГ рецепторларымен байланысып тиреоциттердегі тиреоидты гормондар секрециясын күшейтеді. Тиреоидты гормондар метаболизмге әсері жоғары, тиреотоксикоздан кейін тіндердің оттегін үлкен көлемде қолдануы, ферменттік жүйелердің белсенділігі артуы және тотығу реакциялары күшеюә анықталады. Осыған орай науқас көп тағам қабылдайды және салмақ қоспайды. 3. Келтірілген гормондар қалқанша безінің тироциттердегі фолликулдарда синтезделеді Есеп 2. Пациентте ұйқы безінің ісігі. Сондықтан инсулин синтезі жоғарлаған және онда келесі симптомдар байқалған: әлсіздік, шаршау, тершеңдік және өзін үнемі аш адамдай сезінеді. Неліктен жоғарыда келтірілген симптомдар дамиды? Инсулиннің артық мөлшерінің зат алмасуына әсері Осының салдары неге ми жұмысының бұзылысына әкелуі мүмкін? Жауабы: Инсулин ұйқы безінің Лангерганс аралшықтарында синтезделетін гормон. Ол зат алмасудың барлық бөлігіне әсері бар. Көмірсу алмасуына: жасушалардың глюкозаны қолдануын белсендердіру; фосфорлану процесстерін күшейту; гликоген синтезін бәсеңдету; глюконеогенезді тежеу; гликолиз процесстерін күшейту; Ақуыз алмасуына: аминқышқылдарына мембраналар өткізгіштігін жоғарылату; иРНК синтезін күшейту; аминқышқылдарының бауырдағы синтезін күшейту және ақуыз ыдырауын тежеу арқылы әсері бар. Май алмасуына: глюкозадан бос май қышқылдарын түзуді күшейту; май ыдырауын бәсеңдету; бауырдағы кетонды денелердің тотығуын күшейту. Енді инсулин ағзада шамадан тыс болса бауырда гликоген көп мөлшерде жиналады, гликогенолиз тежеліп, қандағы глюкоза мөлшері азаяды. Ағзада тотығу тотықсыздану процесстері бұзылып гипоксия дамиды. Осылайша ми жасушаларында метаболизм және энергия алмасу процесстері бәсеңдейді. Симпатоадреналды жүйе белсендіріледі, катехоламиндер көбейіп тахикардия, тітіркенгіштік, қорқыныш сезімі туындайды. Гипоксия шаршағыштыққа, тежелуге апатияға алып келеді. Глюкозаның жеткізіліксіздігі әрі қарай ми құрылымдарына қан келуін күшейтеді, перифериялық қан тамырларда спазм туындап, инфарк орын алуы мүмкін. Ортаңғы және сопақша миды да бұл өзгерістер қамтыса судорога, диплопия, тыныс алу және жүрек жұмысы бұзылады. |