қЫЗМЕТ БАБЫНДАҒЫ ІССАПАР. Грамматика Жай сйлем трлері
Скачать 24.77 Kb.
|
Қызмет бабындағы іссапар. Халықаралық серіктес байланыстар Грамматика: Жай сөйлем түрлері Тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беріңіз. Соңғы жылдары шетелге іссапармен бару сирек кездесетін құбылыс емес. Көптеген компаниялар өздерінің шетел серіктестерімен іскерлік байланыстарын кеңейту үшін қызметкерлерін шетелдік іссапарларға аттандырады. Іссапар - еңбек құқығында жұмыс берушінің өкімімен қызметкердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде қызмет бабындағы тапсырманы орындау үшін белгілі бір мерзімге барып қайтуы. Шетелдік іссапарда қызметкер өз ұйымының, компанияның өкілі ретінде ұсынылғандықтан, шетел серіктестер алдында жақсы әсер қалдыруы тиіс. Сондықтан, іссапарға барар алдында сол елдің мәдениетімен танысып, ұлттық ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерін алдын ала қарастыру өте маңызды. Шетелдік іссапарға дайындалу барысында келесі жағдайларды ескеру қажет: - Жарамды іскерлік киім; - Визиткалық карточкаларды ұсыну және қолдану тәртібі; - Танысудың, амандасудың қолайлы нысандары; - Іскерлік келісімдердің өткізілу қағидалары мен тәртібі; - Жұмыс күндері мен уақыты; - Ұйым, компанияның копоративтік мәдениеті; - Тағамдар мен сусындардың дәстүрі, ұлттық тағамдары; - Елдің ұлттық мейрамдары; - Елде кең таралған дін түрі. Қызмет бабымен баратын елдің ресми тілін білмеген жағдайда, кейбір негізгі амандасу, қоштасу, алғыс білдіру, құттықтау сөздерін және сөз тіркестерін есте сақтауға тырысыңыз. Бұл шетел серіктестермен немесе клиенттермен тез ортақ тіл табысуға көмектеседі. Іссапардың нәтижесі қызметкердің дайындық дәржесінен тікелей байланысты. Сондықтан, мәдениет пен діни ерекшеліктерінен басқа, сол елдің нарығын және шетел серіктестер жайлы толық ақпаратты зерттеуге тырысыңыз. Бақылау сұрақтары: 1. Іссапар дегеніміз не? 2. Шетел іссапардың мемлекет ішіндегі іссапардан айырмашылығы қандай? 3. Шетел іссапарға аттанар алдында қандай мәселелер ескерілуі керек? 4. Шетел серіктестердің компания үшін маңыздылығы қандай? Тапсырма 2. «Шетел мемлекеттерде қабылданған этикет нормалары мен дәстүрлері» тақырыбында шағын баяндама дайындаңыз. Тапсырма 3. Диалогты оқыңыз және аударыңыз. Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарына көңіл бөліңіз. Туристтік агенттігінде .Клиент: - Қайырлы күн. Менің есімім Оралов Асқар. Мен «SLS» құрылыс компанияның қаржылық директорымын. Біздің компания Париж қаласына іскерлік сапарға баруды жоспарлады. Менеджер: - Қош келдіңіз. Менің есімім Әлия, шетелдік іссапарларды ұйымдастырушы маманы боламын. Франция еліне қандай мақсатпен барасыз? Клиент: - Біздің бизнесі үшін қажетті жаңа технологияларды игеру мақсатында ірі шетел компанияның тәжірибесімен танысуды ұйғардық. Менеджер: - Сізбен бірге тағы қызметкерлер бара ма? Клиент: - - Иә, менің меңгерушім Сабитова Диана. Менеджер: - Іссапарларыңыз қандай мерзімге жоспарланды? Клиент: - 15 наурыздан 20 наурыз аралығында. Менеджер: - Жақсы, онда біз 15 наурыз күніне авиабилеттерге алдын ала бронь жасап, виза мен сақтандыру полистерді әзірлеуді бастаймыз. Қандай ұсыныстарыңыз бар? Клиент: - Бізге орталыққа жақын қонақ үйлердің тізімін электрондық пошта арқылы жіберіңіз. Сонымен қатар, бізді қарсы алатын гидаудармашыны ұйымдастырыңыз. Менеджер: - Бір апта аралығында барлығы дайын болады. Бізге жеке құжаттарыңызды тапсырыңыз, барлық шығындарды банк шоты арқылы төлейсіз. Мүмкін, Париждегі мәдени бағдарламаны да алдын ала ойластырсақ, қалай қарайсыз? Клиент: - Онда, Сізге іссапардың жұмыс жоспарын жіберемін. Жұмысты саяхатпен байланыстыру өте пайдалы. Кеңесіңізге рахмет. Менеджер: - Бұл біздің міндетіміз. Сау болыңыз. Клиент: - Сізден мәліметті күтемін. Қызметіңіз табысты болсын. Іскерлік кездесуде. Джон Грин: - Қайырлы күн! Мистер Оразбаев, Сізбен кездескеніме өте қуаныштымын. Қызметіңіз қалай? Оразбаев: - Жақсы, рахмет. Сіз өзіңіз қалайсыз? Жол жүру сапарыңыз қалай өтті? Джон Грин: - Тамаша. Мен осындай шуақты жылы күндері өзімді жақсы сезінемін. Бізде Англияда қазір ауар райы өте жаңбырлы. Алматыға келгеніме өте ризамын. Ал енді осындай сәтті күні ісімізді бастайық. Оразбаев: - Иә, әрине. Сіз, басқа келісім жасау мақсатында келдіңіз бе? Джон Грин: - Дәл солай. Алдыңғы жылға мәміле шарты туралы сөйлесу мақсатында іссапарға шықтым. Оразбаев: - Сізге біздің жабдықтау және төлем шарттары қолайлы ма? Джон Грин: - Әбден. Шындығына келе, баға саясаты біз үшін үлкен мәселе. Біздің елімізде құрылыс саласындағы сауда айналымы айтарлықтай төмендеді. Бұл жағдай құрылыс материалдардың бағасына үлкен ықпал етті. Осы жағдайды түсіне отырып, асбест бағасын қайта қарастыруыңызды сұраймыз. Оразбаев: - Түсінікті, бірақ бұл бағаны төмендетудің себебі жеткіліксіз. Джон Грин: - Дегенмен, егер компания сатып алу көлемін бірнеше тоннаға ұлғайтса, онда бізге төмен бағамен ұсынуға қалай қарайсыз? Оразбаев: - Кешіріңіз, мистер Грин, біздің Англияға қосымша жүк тасымалдауды ұйымдастырудың мүмкіндігіміз жоқ. Жобамыз бойынша, өндірістік және үй құрылыс материалдардың көп көлемін жүзеге асыруды жоспарладық. Бұдан басқа, кейбір клиенттермен келісім шарттық қарымқатынастарымыз тығыз байланысты. Барлық жағдайды ескере отырып, біз Сізге өткен жылғы көлемін ғана ұсына аламыз. Джон Грин: - Мистер Оразбаев, біздің компания Сізбен ұзақ уақыт іскерлік қарым-қатынас жасауда. Сонымен қатар, соңғы үш жылғы сатып алу көлемін екі есе ұлғайттық. Сондықтан, барлығын есепке ала отырып, бағаны төмендету туралы шешім қабылдасаңыз, Сізге өте риза боламыз. Оразбаев: - Жақсы. Менің ойымша, бағаны 3 пайызға төмендету шартын қарастыруымыз мүмкін. Бірақ, осы жылдың екінші жарты жылдығында болашақ келісімдердің бағасы өзгеріссіз қалады. Егер Сіз келіссеңіз, біз бағаны төмендетеміз. Джон Грин: - Келістік. Бұл бүгінгі күннің ең тиімді келісімі. Жаңа мәміле дайын болғанда, маған хабарласыңыз. Оразбаев: - Көріскенше, мистер Грин. Грамматикалық анықтағыш: Жай сөйлем синтаксисі. Синтаксис простого предложения. Сөйлем (предложение) выражает законченную мысль. Жай сөйлем түрлері (виды простых предложений). В казахском языке предложения по цели высказывания могут быть хабарлы (повествовательными), сұраулы (вопросительными) и лепті сөйлем (восклицательными). 1. Хабарлы сөйлем сообщает о каком-либо событии. Мысалы: екінші деңгейлі банктер несие береді. 2. Сұраулы сөйлем содержит вопрос. Мысалы: Екінші деңгейлі банктер несие бере ме? 3. Лепті сөйлем выражает чувство, эмоцию говорящего и произносится с восклицанием. Мысалы: Қап, несиені төлей алмадық-ау! Тапсырма 4. Берілген сөйллемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз. 1. Ұлттық банк ақша айналымын реттеп отырады. 2. Инвестор бағалы қағаздар мен шетелдік валютаны сатып алады. 3. Тұтынушылар тауардың сапасына көңіл бөледі. 87 4. Кәсіпорын салықты уақытында төлейді. 5. Қаржылық директорды шетелдік іссапарға жіберді. 6. Өндірісті кеңейту мақсатында шетел серіктестермен байланыс орнатылды. 7. Германия елінде іскерлік кездесулерге уақытында келу керек. 8. Компанияның халықаралық серістес байланыстары жақсы дамыды. 9. Ісспарға баратын елдің мәдени ерекшеліктеріне назар аударыңыз. 10. Әр елде сыйлық ұсынудың дәстүрлері де айырықша. Тақырыптық сөздік 1. Анықтама - справка 2. Дін - религия 3. Қатынас - отношение 4. Қызмет бабындағы іссапар - служебные командировки 5. Мәдени бағдарлама - культурная программа 6. Меңгеруші - заместитель, заведующий 7. Міндеттеме - обязательство 8. Нақтылық - точность 9. Өкіл - представитель 10. Ресми тіл - официальный язык 11. Серіктес - партнер 12. Ұсыныс - предложение 13. Хабарландыру - объявление 14. Халықаралық серіктес байланыстар - международные партнерские отношения 15. Шарт - условие 16. Шартты түрде айтқанда - условно говоря 17. Шетелдік әріптес - зарубежный партнер 18. Іскерлік байланыс - деловые связи 19. Іссапар - командировка 20. Іссапар куәлігі - командировочное удостоверение |