Главная страница
Навигация по странице:

  • А.Турдиеваның әріптесі, Ағылшын пәнінің мұғалімі: Идилова Румиля Рахметжановна

  • Ж. Кабдуалиеваның әріптесі, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Абирова Салтанат Кабылхановна

  • Үлгі, Мұғалім туралы әріптес пікірі. Х. Абдуллин атындаы орта мектепкмм аза тілі мен дебиеті пніні малімі


    Скачать 16.4 Kb.
    НазваниеХ. Абдуллин атындаы орта мектепкмм аза тілі мен дебиеті пніні малімі
    Анкорпікір
    Дата27.03.2023
    Размер16.4 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҮлгі, Мұғалім туралы әріптес пікірі.docx
    ТипДокументы
    #1016976

    «Х.Абдуллин атындағы орта мектеп»КММ

    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

    Турдиева Ахчигуль Момунжанқызына

    Пікір
    2016 - 2017 оқу жылынан бастап Ахчигуль Момунжанқызымен қызметтес -әріптес болып келемін.

    Ахчигуль мектепте жұмыс атқарып жүріп өзінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық іс-тәжірибесінің озық үлгісін көрсете білді. Өз пәнінен оқушы қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдері – ұстаз еңбегінің таптырмас құралы. Мен әріптес ретінде айтарым, Ахчигуль мектептің мәдени – көпшілік, қоғамдық шараларында біліктілігін көрсетеді.

    Сынып жетекші ретінде де атқарған жұмыстары жақсы. Үнемі ізденіс үстінде, сыныбының психологиялық ахуалын қалыпты жағдайда ұстайды.

    Ахчигуль Момунжанқызы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Тапсырылған кез – келген шаруаны тыңғылықты тындыруға асығады.

    Ахчигуль - жаны таза, ұқыпты адам. Эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік. Жақсы сырлас. Ақыл – парасаты өмірде көрген – білгендігімен ұштасып жатады. Әріптестерімен тату, керек жағдайда көмек қолын созады, ешкімге жамандық ойламайды. Орынды әзіл – қалжыңды сүйеді. Өзіндік мәдениеті жоғары деңгейде.

    Мен Турдиева Ахчигуль Момунжанқызы туралы мінезі ашық, дос көңілді, текті адам деген пікірдемін.

    А.Турдиеваның әріптесі,

    Ағылшын пәнінің мұғалімі: Идилова Румиля Рахметжановна

    «Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО мектеп - интернаты» КММ

    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

    Нурбекова Альмира Калымбековнаға

    Пікір
    2015 жылдың ақпан айынан бастап Кабдуалиева Жанар Абайхановнамен қызметтес -әріптес болып келемін.

    Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы әдістемелік пән бірлестігінің құрамында жұмыс атқарып жүріп өзінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық іс-тәжірибесінің озық үлгісін көрсете білді. Өз пәнінен оқушы қызығушылығын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдері – ұстаз еңбегінің таптырмас құралы. Сөзімнің дәлелі: пән апталықтарында өткізген ашық сабақтарының «өте жақсы» деп бағалануы мен әріптес ретінде мектептің мәдени – көпшілік, қоғамдық шараларында біліктілігінің шыңдалып, көрініс табуы.

    Сынып жетекші ретінде де атқарған жұмыстарынан мін таппайсың. Үнемі ізденіс үстінде, сыныбының психологиялық ахуалын қалыпты жағдайда ұстайды.

    Жанар Абайхановна өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Тапсырылған кез – келген шаруаны тыңғылықты тындыруға асығады.

    Жанар - жаны таза, ұқыпты адам. Эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік. Жақсы сырлас. Ақыл – парасаты өмірде көрген – білгендігімен ұштасып жатады. Екі баланың анасы, отбасында, ұжымында сыйлы жан. Әріптестерімен тату, керек жағдайда көмек қолын созады, ешкімге жамандық ойламайды. Орынды әзіл – қалжыңды сүйеді. Өзіндік мәдениеті жоғары деңгейде.

    Мен Кабдуалиева Жанар Абайхановна туралы мінезі ашық, дос көңілді, текті адам деген пікірдемін.

    Ж. Кабдуалиеваның әріптесі,

    Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Абирова Салтанат Кабылхановна


    написать администратору сайта