Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұзына бойлай ауыстыру әдісі

  • Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау

  • Ойық жаралардың құралуы

  • «Кесу күші»

  • Ойық жаралар белгілері

  • 1-ші дәреже

  • 2-ші дәреже.

  • 3-ші дәреже

  • 4-ші дәреже

  • Халі ауыр науқастар күтімі. Халі ауыр науастар ктімі принцптері


    Скачать 22.9 Kb.
    НазваниеХалі ауыр науастар ктімі принцптері
    Дата16.02.2022
    Размер22.9 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаХалі ауыр науқастар күтімі.docx
    ТипДокументы
    #363387

    Халі ауыр науқастар күтімі принцптері
    Науқас күтімі – емдік үдерістің бөлінбейтін бөлігі, ол науқас зардабын азайтуға бағытталған және емге басым жағдайды жасайтын іс-шаралар кешені. Дұрыс ұйымдастырылған күтім емнің, ауру болжамының тиімділігін анықтайды, сондықтан «ем» және «күтім» түсініктерін шектемеу керек.

    Күтім - науқастың түрлі қажеттіліктерін қанағаттануына көмектесу: тағамда, сусында, жуынуында, қозғалысында, физиологиялық қажеттіліктерінде. Күтім сапасы емнің және ауру болжамының тиімділігінің көзі болып табылады. Науқас күтімі емнің негізгі тиімді бөлігі болып табылады.

    Күтім бойынша іс-шаралар көлемі ауру ағымынан, ауырлығынан, науқастың жастық-жыныстық айырмашылығынан, психикасынан және басқада факторларға байланысты болады, сонымен қатар күтімді орындау тәсілдері нақты науқасқа ғана арналуы қажет.

    Күтім шарттары:

    • Қауіпсіздік (науқас жарақатының алдын алу)

    • Құпиялылық

    • Науқас сезім абыройын сыйлау (науқас келісімі, оңашалануды қамтамасыз ету)

    • Науқаспен және оның отбасы туыстарымен тиімді қатынасу

    • Науқас дербестігін мадақтау

    • Жұқпалы аурулар қауіпсіздігі

    Ауруханада науқас күтімін мейірбике жүзеге асырады, кейбір жағдайда кіші медициналық қызметкер немесе науқас туысыда қатысады. Науқас денсаулығына жауапты ретінде дәрігер күтімнің бар қыр-сырын білуі тиіс.

    Науқас күтімінің негізгі екі бағытын анықтайды: жалпы күтім және арнайы күтім.

    Жалпы күтім ауру түріне байланысты емес және қорғау режиміне, науқас психикасын қорғау, аяу шарттарына сәйкес құралады. Оған бөлменің санитарлы тәртібін сақтауды, науқасқа ыңғайлы жағдай жасауды (жайлы төсек), гигиеналық тазалықты орындауды (науқас киімімен, төсек жаймасын ауыстыруға, туалетті жүзеге асыруға, термометрияда, тамақтануда, физиологиялық қажеттіліктерін атқаруда көмектесу және т.б.), науқас жағдайының өзгерістерін бақылауды, сонымен қатар, асқыныстардың алдын алу іс-шараларын жүргізуді талап етеді.

    Арнайы күтім – тек нақты бір ауруларда жүргізілетін күтімнің арнайы іс-шаралары – хирургиялық, гинекологиялық, жұқпалы ауруларда және т.б. Мысалы, науқасты урографияға немесе басқа рентгенологиялық зерттеу әдістеріне дайындау.

    Науқас күтімі кезінде төсек жаймасын ауыстыру


    Стационарда жағдайы ауыр науқастардың күтім іс-шарасының ең міндетті және күрделісі, бұл төсек жаймасын ауыстыру. Қозғалуға тыйым салынған жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын ауыстыру өте сақтықпен орындалып, жақсы көңіл-күйге және терінің инфицирленуінің қаупін алдын алуға, ойық жараның дамымауына әрекет етуі керек.

    Іс-шараны жасар алдында таза төсек жайма жиынтығын (жайма, жастық тысы, көрпе тысы) және лас төсек жаймасын салатын қап дайындау қажет. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіріп, келісімін алу міндетті. Науқас жағдайын және одан келетін көмек қабілетін бағалау. Қолды гигиеналық әдіспен жуып, бір реттік қолғап пен алжапқыш киеді.

    Науқастың аз физикалық күш жұмсауы үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысуы қажет. Жайма матрасты тек үстінен және жан-жағынан ғана жаппай, сонымен қатар дөңбек жағын да жабуы керек. Жайма жиектерін салбыратпай барлық жағынан матрас астына бүктеп салады. Лас жайманы клеенкалы қапқа жинайды және палатадан алып кетеді. Кір жуатын бөлмеге дейін төсек-жаймасы арнайы бөлмеде (лас төсек - жаймасы) немесе арнайы бакта, контейнерде сақталуы қажет.

    Төсек – жаймасын ауыстырудың бірнеше әдістері бар, бірақ күнделікті тәжірибеде көлденеңнен және ұзына бойлай ауыстыру кең қолданылады.

    Ұзына бойлай ауыстыру әдісі төсекте белсенді қимыл жасауға және аунауға рұқсат етілген науқастарда төсек-жаймасын ауыстыру кезінде қолданады.

    Көлденең ауыстыру әдісі науқасты бүйіріне ауыстыруға болмайтын кезде, бірақ денесінің жоғарғы жағын көтеруге болатын кезде қолданылады.

    Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау

    Ұзақ төсек режимінде жатқан науқастарда ойық жараның дамуы мүмкін, әсіресе науқас көп уақыт бойы арқасымен жатқан қалпында болса. Басқа себептеріне терінің жүйесіз күтімі немесе оның болмауы, ыңғайсыз төсек немесе төсек жаймасын сирек ауыстыру, дұрыс тартып салынбауы жатады.

    Ойық жаралар – терінің және жұмсақ тіндердің шығыңқы сүйектермен төсек арасында ұзақ жаншылу әсерінен беткей немесе терең зақымдалып, семуі [6, 7, 29, 32].

    Ойық жаралардың құралуы

    Ойық жараның пайда болуына үш фактор әсер етеді:

    • қысым

    • «кесу күші»

    • қажалу

    • Қысым– адамның сүйенетін беткейлерінде өз дене салмағының әсерінен дене тіндерінің басылуы жүреді. Тіндердің басылуынан тамырлар диаметрі азаяды, тіндерге қан келуі азайып, «тіндердің ашығу» жағдайы дамиды. Толық басылғаннан кейін 2-3 сағат ағымында некроз (өлуі) дамиды. Осал тіндердің басылуының күшеюі төсек жаймасымен, тығыз байламдарымен және адам киімімен күшейеді.

    • «Кесу күші» - тіндердің бұзылуы және механикалық зақымдалуы тіндердің ауысуымен жүреді. Тіндердің ауысуы науқас төсегінен төмен түсіп кетіп, бас жағына қарай тартылғанда, сонымен қатар мед.қызметкердің немесе науқас туыстарының дұрыс емес қозғау нәтижесінде дамиды. Төмен жатқан тіндердің микроциркуляциясы бұзылып, тін оттегі жетіспеушілігінен өледі. Кейбір ауыр жағдайда бұлшықеттің және лимфа түйіндерінің жыртылуы жүреді де терең ойықтардың дамуына әкеледі.

    • Қажалу – «кесу күшінің» бөлігі болып табылады, бұл терінің мүйізді қабатының бөлінуін шақырып, оның беткейінде ойықтардың дамуына әкеледі. Теріні ылғалдандыру қажалу күшін күшейтеді. Көбіне зәрі тоқтамайтын, күшті тер бөлінетін науқастарда және ылғалды заттарды кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін (синтетикалық) киім кигенде немесе ылғалды сіңдірмейтін беткейі бар заттарда орналасу (пластикалық орындықтар, клеенкалар немесе сирек ауыстырылатын төсеніштер) .

    Ойық жараларды дамытатын қаупі бар басқа да факторлар:

    • Төмен немесе жоғары дене салмағы

    • Қозғалыстың шектелуі

    • Анемия

    • Протеинді, аскорбин қышқылын аз қолдану

    • Сусыздану

    • Гипотензия

    • Зәрді немесе нәжісті ұстай алмау

    • Неврологиялық бұзылыстар (сенсорлы, қозғалысты)

    • Перифериялық қан айналым бұзылысы

    • Терінің жұқаруы

    • Мазасыздану

    • Естің ауысуы

    • Кома

    • Кең хирургиялық кірісулер

    • Кереует тұтқыштары

    • Науқасты бекітетін құралдар

    • Омыртқа, жамбас сүйектері, құрсақ қуысы мүшелерінің жарақаттары және жұлынның зақымдалуы.

    Ойық жаралар белгілері

    Ойық жараның бірінші дәрежесінде терінің бозаруы, цианоздануы, ісінуі, зат алмасу үдерісінің бұзылыстарын көрсетеді. Содан кейін эпидермистің бөлінуі жүреді – көпіршіктер пайда болып, алғашында түссіз, содан кейін іріңді қосылыс пайда болады. Беткей некроз (гангрена) дамып, терінің терең қабаттарына, маңындағы тіндерге таралады. Ауру дамуының 4 дәрежесін анықтайды (сурет 61):

    1-ші дәреже. Эпидермальді және тері қабаттарымен сипатталады. Науқас терісінде тұрақты қызарумен, көкшіл таңбалар пайда болады. Олар басқан кезде жоғалмайды және сау тіндерге таралмайды. Бұл дәрежеде үдеріс қайтымды және басылуды жойғаннан кейін қанайналым қалпына келеді.

    2-ші дәреже.  Тері жамылғысының бүтіндігінің терең емес бұзылыстары май шелі қабатына таралғандығы айқын байқалады. Басылған жерлерде тұрақты көкшіл тартқан гиперемия байқалады. Терінің тырналып зақымдалуы, көпіршіктер мен терең емес кратерлер пайда болады.

    3-ші дәреже. Тері жамылғысының барлық қабаттарында бұлшықетке дейінгі қабатта толық бұзылыс немесе тіндердің некрозы дамиды. Патологиялық үдеріске бұлшықеттерде шалдыққан. Сұйық бөліністер болуы мүмкін.

    4-ші дәреже. Барлық жұмсақ тіндер зақымдалған. Зақымдалған тіндерде – теріде, бұлшықетте, сіңірде (сүйекке дейін) қуыстар пайда болады. Тіндерде жылан көздер мен қуыстар кездеседі.



    написать администратору сайта