Халі ауыр науқастарды куту. Халі ауыр науастарды куту
Скачать 26.92 Kb.
|
Халі ауыр науқастарды куту Халі ауыр науқастың төсеніштері мен іш киімдерін ауыстыру 7 күнде бір рет болуы керек. Егер төсеніштері ластанса, онда тез арада ауыстырылады. Ал операциядан кейінгі науқастардың төсеніштерін қажетіне қарай ауыстырып отырады. Ластанған төсеніштері мен киімдері арнайы клеенкадан тігілген қапқа салынып, арнайы жуылатын орынға жіберіледі. Ал жұқпалы ауру мен операциядан кейінгі төсеніштер мен іш киімдер жуу алдында зарарсыздандыруға тартылады. Әрбір науқас ауруханадан шыққан соң, төсеніштер, іш киімдер, матрастар ауыстырылып, зарарсыздандыру камерасында зарарсыздандыруға тартылады. Ауыр халде жатқан науқастарға көрсетілетін күтімнің ең бастылары: науқастың төсегін, іш киімдерін ауыстыру; теріні күту және ойылудың алдын алу; ойылуды емдеу; ауызды, құлақты, көзді, мұрынды күту. Ауыр халдегі науқастың астын жуып шаю Жуып шаюға қажетті ыдысты (25-ЗО°С жылы су құйылған Эсмарх кружкасын немесе баска ыдысты). домалақтанған мақталарды, дәрет ыдысын, клленка, шымылдық, қолғап, корнцанг дайындау. Іс-әрекеттің реті: 1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз. 2. Науқасқа іс-шараның жүргізілу ретін түсіндіріңіз. 3. Шымылдық құрыңыз. 4. Науқастың астына клеенка төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз. 5. Дайындалған қажетті заттарды науқастын төсегінің жанына әкеліңіз. 6. Жыныс мүшелерін жалаңаштаңыз. 7. Жыныс мүшесінің басын ашыңыз. 8. Жыныс мүшесінің басын ұш жағын абайлап тарта отырып жуыңыз. 9. Жыныс мүшесінің басын уретра тесігінен сыртқа карай бағыттап айналдыра отырып дымқыл мақтамен жуыңыз. 10.Жыныс мүшесінің ұшын қалпына келтіріңіз. 11 .Ұманы жуу үшін науқасқа аяғының арасын ашуын өтініңіз. 12. Ұманы, оның үстіндегі тері қыртысын дымқыл мақтамен жайлап жуыңыз. Құрғатыңыз. 13. Мақтаны ауыстыра отырып, тік ішек тесігін жуыңыз. Құрғатыңыз. 14. Шап аралығын тұтас жуып, құрғатыңыз. Дәрет ыдысын алып тастаңыз. 15. Қолғапты шешіп, зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 16. Науқасқа ыңғайлы жатуына көмектесіңіз. 17. Науқастың тәсегін реттеңіз. 18. Қолданылған заттарды өңдеңіз. 19. Қолдарыңызды өңдеңіз. Төсек тартып жатқан науқастар физиологиялық шығарымдарын төсекте орындауға мәжбүр. Сондықтан дәрет ыдысы мен зәр қабылдағышты мейірбике береді. Дәрет ыдысын беру Төсек тартып жатқан науқастарға ішегін және қуығын (әйелдер) босату үшін дәрет ыдысын беру қажет. Қалыпты жағдайда адам үлкен дәретке тәулігіне 1 рет, ал кіші дәретке тәулігіне 5-6 рет отырады. Дәрет ыдысы резеңке, эмалданған, пластмасс болады. Дәрет ыдысын, клеенка, шымылдық дайындау. Іс-әрекет реті: 1.Таза зарарсыздандырылған дәрет ыдысын ағынды жылы сумен шайыңыз. Дәрет ыдысында біраз су қалдырыңыз. 2. Қолдарыңызды жуыңыз, колғап киіңіз. 3. Науқастың тесегін қоршағандардан шымылдықпен бөліңіз. 4. Науқастың оң жағына тұрыңыз. Науқасты жуындыру Жылы су кұйылған леген, сүлгі дайындап алу керек. Іс-әрекет реті: 1. Қолдарынызды жуып, колғап киіңіз. 2. Сүлгіні суға матырып алыңыз. 3. Дымқыл сүлгімен науқастың бетін, содан кейі кұлактарын, мойнын, қолдарын сүртіңіз. 4. Екінші сүлгімен кұрғатыңыз. 5. Қолғапты шешіп, қолдарыңызды жуыңыз. Сыртқы жыныс мүшелері мен шап аралығының терісі жиырылған жер күнделікті жууды қажет етеді. Өздігінен қозғалатын науқастар бұл үшін бидені пайдаланады. Ауыр халдегі науқастарды әр дәретке отырған сайын, ал нәжісі мен зәрі тоқтамайтындарды - шап қыртысы терісінің сызылуын және қабынуын болдырмау үшін күніне бірнеше рет шайып жуу керек. Әйелдерді жиірек жуып шаяды. Төсек орынды ауыстыру Төсек орын мен іш киім таза болуы қажет. Оларды 7-10 күнде 1 рет, қажеттігіне қарай одан да жиірек ауыстырады. Төсек орын мен іш киімді ауыстыру өте епті жүргізілуі керек.Төсек тартып жатқан ауыр халдегі наукастардың төсек орыи ауыстырудын екі тәсілі бар. I тәсіл: 1.Науқасты жайлап бір қырына жаткызыңыз, жастықты алып тастаныз. 2.Босаған жактагы кір жапкышты ұзына бойына бинт тәрізді шиыршықтаңыз. 3.Босаған жерге ұзынша бойына бүктелген тазасын төсеңіз. 4.Науқасты таза жапқышқа екінші қырымен жатқызыңыз. 5.Ұсталынған жапқышты алып тастаңыз. 6.Тазасын төсеп, тегістеңіз. 7.Жастығын салып, науқастың үстін жабыңыз. 8.Ұсталынған жапқышты қапқа салып, шаруашылық мейірбикесіне өткізіңіз. 9. Палатаны ылғалды тазалап, желдету керек. II тәсіл: Науқасқа мүлдем қозғалуға болмайтын жағдайда көмекшінің көмегімен жүргізіледі: 1. Таза жапқышты көлденеңінен шиыршықтаңыз. 2. Көмекші науқастың денесін әр тухынан көтеріңкіреп, демеп тұрады. 3. Мейірбике төсек жапқышты бас жағынан бастап ауыстырады. 4. Ұсталынған жапқышты шиыршықтайды, оның орнына тазасын төсейді. 5. Таза жапқышты төсеп, тегістеңіз. 6. Жастығын салып, науқастың үстін жабыңыз. Іш киімін ауыстыру Іс әрекет реті: 1. Қолдарыңызды жуыңыз. 2.Науқастың денесікің жоғарғы болігін мүмкіндігінше көтеріңкіреп, қолдарыңызды арқасынан төмен ұстаңыз. 3.Көйлектің етек жағын кымқыра үхтап, оны жайлап желкесіне карай ысырыңыз 4.Наукастың екі қолын көтеріп басынан шешіп, қолдарын босатыңыз. 5.Киіндіргенде керісінше тэртіппен киіндіреді. 6. Науқастың бір колы зақымданған болса, онда алдымен көйлекті сау қолынан, содан кейін зақымданған қолынан шығарады. Ал кигізерде керісінше: алдымен ауру, содан кейін сау қолына, сосын басына кигізіп, аркасына жазыңыз. 7. Қатаң төсектік тәртіптегі науқастар үшін жырығы артында болатын көйлекті пайдаланыңыз. 8. Ұсталынған іш киімдерді арнайы қапқа жинаныз да шаруашылық мейірбикеге өткізіңіз. Зәр қабылдағыш пен дәрет ыдысын зарарсыздандыру 1. Дәрет ыдысын ағынды сумен шайыңыз. 2. Жөкемен жуыңыз. 3. 1% хлорамин ерітіндісіне 1 сағатқа салыңыз. 4. Ағынды сумен шайып, қурғатыңыз. 5. Арнайы бөлмелерде сөрелерде немесе науқастың төсегінің астындағы орындықшаға қойып сақтайды. Ауыр науқастарда ойылулар (decbitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндер(некрозы) болуы мумкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады. |