Несеп шы_ару ж_йесі.Б_Ж. Боранбай К_ркем. Хаттамаларды толтыру
Скачать 19.59 Kb.
|
НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ ХАТТАМАЛАРДЫ ТОЛТЫРУ: № 1 тапсырма. «Несеп түзілуінің гормондар арқылы реттелуі. Қанның иондық құрамы» тақырыбы бойынша кесте толтыру.
№ 2 тапсырма. Несептің түзілуіне гидростатикалық қысымның, осмостық қысымның, капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрінің әсері. (Виртуальды физиологиялық тәжірибе) Капсула шумақтарында жүретін сүзілу үдерісіне шумақ мембранасының барлық сүзілу үдерісі жүретін беткі қабаты, шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) әсер етеді. Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) жүректен шығатын қанның (Жүрек шығарылымының) шамамен 20%-ын құрайды және оның көлемі капиллярлардың тарылуы немесе кеңеюіне байланысты болады. Құрал-жабдықтар: жеке компьютер, Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасы. Мақсаты: Несептің түзілу қарқындылығына шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) және онкотикалық қысымның әсерлерін көрсету. Жұмыс барысы: Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасын пайдаланып, бастапқы қалыптағы несептің түзілу қарқындылығы (мл) зерттеледі, содан соң келесі көрсеткіштердің өзгерістері анықталады: капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрі, қанның гидростатикалық қысымы мен онкотикалық қысымы, және де несептің түзілу қарқындылығының өзгеруіне талдау жасалынады. Жұмыстың нәтижесі: алынған көрсеткіштерді жазып алып, қорытынды жасау керек. Қортынды: 1) бастапқы қалыптағы несептің түзілу қарқындығы 135 мл/мин-ге тең болды. 2) Капсулаға қан әкелетін қантамырдың диаметрін кішірейіткенде несеп түзілу қарқыны 75мл/мин-ге тең болса, диаметрді үлкейткен жағдайда несеп түзілу қарқындығы 135мл/мин-ге мәнге ие болды. 3)Капсулаға қан әкететін қантамырдың диаметрін кішірейіткенде несеп шығару жылдамдығы 180мл/мин-ге тең. Ал диаметрді үлкейіткенде несеп түзілу жылдамдығы 135 мм/мин-ге мәнге тең. 4) Қанның гидростатикалық қысымын арттырғанда(100-ге тең) несеп түзілу жылдамдығы 279мм/мин болса, қысымды төмендеткенде(20-ға тең) несеп түзілу қарқындылығы 45мм/мин-ге тең болды. 5)Қанның онкотикалық қысымын арттырғанда(40мосмоль/л) түзілу жылдамдығы 90 мм/мин-ге тең. Төмендеткен жағдайда(20мосмоль/л) несеп түзілу қарқындылығы 180 мм/мин-ге тең. Осыдан байқағаным, капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрі, қанның гидростатикалық қысымы мен онкотикалық қысымының несеп түзілу қарқындылығына әсер етуі әрқалай. Әсер етуіне байланысты несеп түзілу жылдамдығы да өзгеріп отырады. Pf=70-(25+5)=40. Тәжірбие бойынша Pf=55-(30+5)=20-ға тең. Шумақтық сүзілу коэффициенті жүрек коэффицентінің 20% құрайды. Оның үлкен болуы капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрі капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметріне тікелей байланысты. № 3 тапсырма. Несеп түзілуінің жылдамдығына қандағы глюкоза деңгейінің әсері. (Виртуальды физиологиялық тәжірибе) Құрал-жабдықтар: жеке компьютер, Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасы. Мақсаты: Несеп түзілуінің қарқындылығы мен несептегі глюкозаның мөлшеріне гликемияның әсерін көрсету. Жұмыс барысы: Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасын пайдаланып, глюкозаның концентрациялық ерітіндісін вена тамырына енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі несептің түзілу мөлшері мен глюкоза деңгейін анықталады (есептелінеді). Содан соң, бақыланған өзгерістер талданады. Жұмыстың нәтижесі: алынған көрсеткіштерді жазып алып, қорытынды жасау керек. Қортынды: 1)Глюкоза ертіндісін вена тамырына енгізбеген кезде, , несеп түзілу мөлшері екінші тәжірбиеге қарағанда аз болды. Несепті пробирка құйып, NaOH пен CuSO4 ертінділерін қосып қыздырған кезде, ерітінді түсін көк түсін өзгертпеді. Реакция мәні теріске тең болды. Несеп түзілуінің мөлшері 120 мл/минға тен болды. 2) Вена тамырына глюкоза ертіндісін қосып тәжірбие жасаған кезде несеп мөлшері бірінші тәжірбиеге қарағанда көп болды. Құрамында глюкоза бар несепті пробирка құйып, NaOH пен CuSO4 ертінділерін қосып қыздырған кезде, ерітінді түсін қызғылт түске өзгертті. Реакция мәні оңға тең болды. Несеп түзілуінің мөлшері 210 мл/минға тең болды. Бұдан байқағанымыз глюкоза нефрон каналына түседі. Одан осмостық қысым көтеріліп, глюкоза өзіне суды тартады. Нәтижесінде несеп шығаруды тездетеді. Орындаған студент Боранбай Көркем факультеті ТФП тобы20-014-1к
|