Бөж физиология Исмайлов Дастан. Хаттамаларды толтыру
Скачать 0.97 Mb.
|
НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ ХАТТАМАЛАРДЫ ТОЛТЫРУ: № 1 тапсырма. «Несеп түзілуінің гормондар арқылы реттелуі. Қанның иондық құрамы» тақырыбы бойынша кесте толтыру.
№ 2 тапсырма. Несептің түзілуіне гидростатикалық қысымның, осмостық қысымның, капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрінің әсері. (Виртуальды физиологиялық тәжірибе) Капсула шумақтарында жүретін сүзілу үдерісіне шумақ мембранасының барлық сүзілу үдерісі жүретін беткі қабаты, шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) әсер етеді. Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) жүректен шығатын қанның (Жүрек шығарылымының) шамамен 20%-ын құрайды және оның көлемі капиллярлардың тарылуы немесе кеңеюіне байланысты болады. Құрал-жабдықтар: жеке компьютер, Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасы. Мақсаты: Несептің түзілу қарқындылығына шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) және онкотикалық қысымның әсерлерін көрсету. Жұмыс барысы: Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасын пайдаланып, бастапқы қалыптағы несептің түзілу қарқындылығы (мл) зерттеледі, содан соң келесі көрсеткіштердің өзгерістері анықталады: капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрі, қанның гидростатикалық қысымы мен онкотикалық қысымы, және де несептің түзілу қарқындылығының өзгеруіне талдау жасалынады. Жұмыстың нәтижесі: алынған көрсеткіштерді жазып алып, қорытынды жасау керек. Осмостық қысымның әсері баяу әсер етті.Капиллярлық қабырға су мен төмен молекулалы заттарға еркін өтеді, бірақ ақуыздарға әсер етпейді. Капиллярлық қабырға арқылы сұйықтықты сүзу жылдамдығы плазма ақуыздарының онкотикалық қысымы мен жүректің жұмысы нәтижесінде пайда болған қанның гидростатикалық қысымы арасындағы айырмашылықпен анықталады. № 3 тапсырма. Несеп түзілуінің жылдамдығына қандағы глюкоза деңгейінің әсері. (Виртуальды физиологиялық тәжірибе) Құрал-жабдықтар: жеке компьютер, Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасы. Мақсаты: Несеп түзілуінің қарқындылығы мен несептегі глюкозаның мөлшеріне гликемияның әсерін көрсету. Жұмыс барысы: Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасын пайдаланып, глюкозаның концентрациялық ерітіндісін вена тамырына енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі несептің түзілу мөлшері мен глюкоза деңгейін анықталады (есептелінеді). Содан соң, бақыланған өзгерістер талданады. Жұмыстың нәтижесі: алынған көрсеткіштерді жазып алып, қорытынды жасау керек. Зəрдің түзілуі бүйрек шумағында басталады. Қан бүйрек шумағы арқылы өткен кезде оның сүзілуі нəтижесінде зəрдің алғашқы түрі жедел түзіле бастайды. Əрі қарай фильтрат бүйрек каналшалары жəне жинаушы түтікшелер арқылы өте бастайды. Осының нəтижесінде фильтраттың құрамы айтарлықтай өзгереді. Орындаған студент: Исмайлов Дастан Тобы: 007-1к Факультеті: ТФП-ФӨТ
|