реферат. 1 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК. Хіх . Хviiiхіх асырдаы йелдерді ытысаяси мртебесі
Скачать 22.81 Kb.
|
1 ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ МӘРТЕБЕСІ (ХVIII-ХІХ ҒҒ.) ХVIII-ХІХ ғасырдағы әйелдердің құқықтық-саяси мәртебесі қандай болды? Осы кезеңге тән қазақ қоғамындағы әйелдердің атқаратын қызметі шаруашылық, саяси, әлеуметтік салаларда болды. Әйелдер құқықтық және мәртебелік жағынан ерлерге қарағанда төмен дәрежеде болды. Сол себепті оларға белгілі бір шектеулер қойылды.Яғни олар құрылтайларға, ақсақалдар кеңесіне қатыса алмады.Ал отбасындағы кез-келген мәселе төңірегінде әйелдер толығымен белсенділікке ие болды.Олар үй шаруасымен айналыса отырып, ерлерінің көмекшісі бола білді. Қазақ әйелдері қоғамдық және шаруашылық өмірмен қатар саяси өмірде де ерекше үлкен рөлге ие болып отырды. ХVIII-ХІХ ғасырдағы қазақ әйелдерінің қоғамдағы мәртебесін келесідей салалар бойынша топтастыруға болады Ел басқару ісінде ханымдар:Бопай ханша,Айғаным ханым,Күнімжан ханша,Фатима ханша. Жауынгерлік рух немесе жауға тойтарыс берген батыр ханымдар:Айтолқын ару,Айбике батыр,Гауһар Тоқтауқызы,Бопай Қасымқызы Ел анасы атанған дана ханымдар: Топыш ханым, Айғаным ханым, Айкүміс ханым, Абайдың анасы – Ұлжан мен әжесі – Зере. 2 Сурет сабақ Жауапты: Юсуп Асия Тақырып: Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы. Осы аталған тақырып бойынша 7-сыныпқа арналған авторы З.Е. Қабылдиновтың 2018 жылы «Қазақстан тарихы» оқулығында §8-9. «Ресей империясының Қазақ хандығын қосып ала бастауы» тақырыбында Бопай ханымның рөліне қатысты ешқандай мәлімет келтірілмеген.Осы аталған тақырыпты өту барысында Бопай ханымның саяси рөліне баға беріп, қазақ-орыс қатынастары барысындағы саяси ықпалына қатысты мәліметтерді оқушыларға осындай кесте ретінде қосымша түсіндіріп кетуге болады.Осылайша, Бопай ханымның ел билеу мен мемлекеттің тұтастығын сақтаушы рөлінен басқа, оның осыншама маңызды саяси істермен шұғылданумен қатар, ұрпақ тәрбиелеп, болашақ ел билеуші қайраткерлерді өсірудегі еңбегіне жоғары баға беруге болады. 8-сыныпқа арналған авторлары Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева Қазақстан тарихы оқулығында Абай Құнанбаев тақырыбы бойынша сабақ өтуде оның даналық жолына әсер етуші әжесі Зере, мен анасы Ұлжанның ықпалы туралы мәліметтер кездеспейтінін аңғарған болатынбыз. Осы тақырыпты оқушыларға өту барысында осы мәселені қолға алып, осындай қосымша мәліметтер келтірдік. Абай Құнанбаев есімінің әлемге танылуында оның өміріне әсер етуші әжесі мен анасының еңбегі ерекше екенін көрсетуге тырыстық. Осы дипломдық жобаны орындаушылар,яғни біздер аталған тақырыптарды мектептің 7-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығына енгізу арқылы, оқулықтың сапасын арттыруға көмекші құрал болады деген сенімдеміз. Себебі, ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылы мектеп оқулықтарының сапасын арттыру, оның ішінде Қазақстан тарихы оқулығын қайта басып шығару бастамасын қолдай отырып, оқулыққа біз келтірген мәліметтерді қолдануды ұсынамыз. Аталған осы тұлғалардың қазақ хандығы мен мемлекеттілігі тұсында атқарған қызметі мен үлгі болар істері болашақ ұрпақ үшін қажетті. Сол себепті де, бұл жобадағы мәліметтердің барлығын оқулыққа қосымша мәлімет ретінде қосуды ұсынамыз. 3.2 Қазақ әйелдерінің бейнесін оқытудың әдістемелік негіздері Дипломдық жобаны орындау барысында алдымызға қойған міндеттерді орындауда оқушылардың тарихи танымы мен рухани тәрбиесін арттыруда «Қазақ қоғамындағы әйелдердің рөлі» тақырыбында арнайы бағдарламалық курсын әзірлеп, практикада қолдануды мақсат еткен болатынбыз. Қазіргі таңда мектеп бағдарламаларында қазақ тарихындағы ержүрек, батыр, тұлға әйелдердің өмірі мен өнегелі істеріне қатысты нақты тақырыптар берілмеген. Осы орайда, «Мектеп бағдарламасында қазақтың ержүрек әйелдерін дәріптеу қаншалықты маңызды?,-деген заңды сұрақ туындайды. Бұл біріншіден, әйелдердің әлеуметтік-саяси белсенділігі арқылы қазақ қыздарын данагөй, ұстамды және еліміздің тірегі болуға тәрбиелесе; Екіншіден, қазақ қоғамында өзінің ақыл-парасатымен елге танымал әйел тұлғаларды үлгі ету қажеттілігінен; Үшіншіден, оқушыларды тұлғалық тағылымы арқылы тәрбиелеуде рухани-тәрбиелік мәні бар осындай курстар қажет деп есептейміз. Себебі, өз ұлтының ұлттық дәстүрлері негізінде тәрбие алған әрбір қазақ аруы, болашақта өз ұлтының ұлы тұлғаларымен, әдет-ғұрпымен мақтану арқылы, бағалай алады. Курстың негізгі мақсаты – тағылымды істерімен тарихта аты қалған қазақ ханымдарының өмірімен таныстыру және олардың жеке қасиеттерінің жиынтығын қазақ қыздарының рухани тәрбиесінде тиімді пайдалану. Мерзімі: Курсты өту кезеңінің біріншісі – берілген тақырыптар бойынша оқушыларға сабақ өту, ал екінші кезеңде курс бойынша сапалық қасиеттерді анықтау мақсатында сауалнама жүргізу. Курсқа қатысушылар. Курсқа қатысушылар жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушылары. Қазіргі кезеңдегі төтенше жағдайын ескере отырып, барлық сабақтар тек онлайн форматта «zoom платформасында» өткізілді. Сол себепті де әрбір сабақты аптасына 1 рет 30 минутқа есептеп өткіздік. Білімділік дағдысы: Курска қатысушылар нені біледі. – қазақ хандығы тұсындағы қазақ ханымдары мен ел аналарының өмірімен танысады,әлеуметтік-саяси белсенділігі туралы білімдерін кеңейтеді; Біліктілік дағдысы: қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрған қазақ әйелдерінің даралық, қайсарлық, тәрбиелік, білімділік қасиеттерін үлгі ету; қазақ қыздарының бойында елжандылық, қайраткерлік, даналық, көрегендік секілді сапалы қасиеттерді дарыту арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушыларын тәрбиелеу, олардың бойында асыл қасиеттердің көрініс табуы. Бірінші кезең. Аталған курс бағдарламасын құрастыруда командалық жұмыс жасалынды. 3-тараудан тұратын курс бағдарламасының негізгі тақырыптары мен қарастырылатын мәселелерді орындауда келесідей жұмыстар атқарылды: 1-тарауы «Ел басқару ісіндегі қазақ ханымдары» құрастырушы – Таженова Ақзада; 2-тарауы «Жауынгерлік рух немесе жауға тойтарыс беру» құрастырушы – Юсуп Асия; 3-тарауы «Ел анасы мен даналық» құрастырушы – Қасымбекова Береке. Бірлескен жұмыстың арқасында осындай бағдарламаны құрастырып, жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына алғаш рет тәжірибеден өткіздік. Аталған тараулар бойынша қарастырылатын тақырыптар пәннің мазмұнын ашып, мақсатқа жетуге көмектеседі. Курс бойынша тақырыптарды өту барысында оқушылар шағын кітапшалардағы мәліметтерді пайдалана отырып, әрбір тарихи тұлғаның өмірі мен белсенділігіне байланысты мәліметтерді игере алады. Бұл кітапшадағы барлық мәліметтерді жинақтай келе, тарихи тұлғалардың тағылымдық өнегесін жинақтап, кестеге түсірген болатынбыз. Бірінші кезең Курс бағдарламасы 3 тараудан тұрады: 1-тарау. Ел басқару ісіндегі қазақ ханымдары; 2-тарау. Жауынгерлік рух немесе жауға тойтарыс беру; 3-тарау. Ел анасы мен даналық. Тараулар бойынша жалпы 10 тақырыптан тұратын сабақ өткізген болатынбыз. Екінші кезең. Сауалнама алу жүргізілді. «Қазақ ханымдары» атты курс тыңдаушылары арасында сауалнама жүргізілді. Курсқа қатысқан 10 оқушы қыздың барлығы осы сауалнамаға қатыстырылды. Сауалнама https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe_WNgG-oOypK_IYRHEflUhqm4tWesAUDKuCI8nbuJ-iTp4CA/viewform?usp=sf_link сілтемесі арқылы алынды. Қорытынды. Осы курс оқып шыққан соң мектеп оқушылар қазақ тарихындағы дара тұлғалардың өмірі мен өнегелі істерін, олардың батырлығы мен қажырлығынан үлгі алып өсетін болады. Сондықтан да жалпы орта мектептегі қыз балаларды тағылымдық өнеге арқылы тәрбиелеу өз нәтижесін береді деп есептейміз.
7-сыныпқа арналған авторы З.Е. Қабылдиновтың 2018 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан «Қазақстан тарихы» оқулығында «Жоңғар шапқыншылығы» кезеңіндегі қазақтың батыр қыз-келіншектерінің де белсенді қатысқаны туралы айталады. «Қазақтың қайсар қыздары» сериясында жоңғар шапқыншылығында аса белгілі болған Айбике, Айтолқын, Гауһар сынды батыр қыздардың ерлігі, сол кездегі ерлермен қатар айтылған болатын. Оқулықта: «Жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың қайсар қыз-келіншектері де белсене қатысты. Атап айтқанда, Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелi Гауһар барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық iрi шайқастарға да қатысты» [45, 20-б.],-деген мәлімет бар. Ал, осы кезең бойынша 8-сыныпқа арналған авторлары Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева «Мектеп» баспасынан шыққан оқулықты тек соғысқа қатысқан хандар, билер, батырлар туралы ғана мәліметтер кездеседі. Сондықтан да жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі соғысқа қыз-келіншектердің де қосқан үлесі барын ескере келе, осы оқулыққа енгізу керек деген ұсынысымызды жолдаймыз. 2015 жылы 11-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» (аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелер) атты оқулықта (авторлары: Т. Тұрлығұл, С. Жолдасбеков, Л. Қожакеева, Г. Жусанбаева) жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Гауһар қыздың ерлігі туралы мәліметтер жақсы көрсетілген. Онда Гауһар асқан ерлік жасап, жау қоршауын бұзып шығып, жаудың соғыс күші мен дайындығы туралы мәліметтерді жеткізгені көрсетілген [46, 18-б.]. |