Главная страница

Химия 10 сынып. 8 тжб1. Химия пнінен 1тосана арналан жиынты баалауды тапсырмалары


Скачать 346.97 Kb.
НазваниеХимия пнінен 1тосана арналан жиынты баалауды тапсырмалары
АнкорХимия 10 сынып
Дата31.10.2022
Размер346.97 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла8 тжб1.docx
ТипДокументы
#763849

«Химия» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Электрондардың энергетикалық қабаттарда максимал санымен дұрыс орналасқан қатарды табыңыз .
А) +4 Ве 2 ē, 2 ē , +6 С 2 ē, 4 ē, +19 К 2 ē, 8 ē, 8 ē , 1 ē

В) +7 N 2 ē, 5 ē , +11Nа 2 ē, 8 ē,1 ē , +15Р 2 ē, 8 ē, 5 ē

С) +13АІ 2 ē, 8 ē, 3 ē , +6 С 2 ē, 4 ē , +19К 2 ē , 8 ē, 8 ē, 1 ē

D) +3 Lі 2 ē, 1 ē +11Nа 2 ē, 8 ē, 1 ē , +19 К 2 ē, 8 ē, 8 ē , 1 ē

Е) +6 С 2 ē, 4 ē, +11Nа 2 ē, 8 ē, 1 ē , +8О 2 ē, 6 ē [1]
2.Химиялық реакция типі мен реакция теңдеуі арасындағы сәйкестікті табыңыз.
1. Орынбасу реакциясы А) С2Н4 + Н2О→С2Н5ОН

2. Алмасу реакциясы В) С6Н5ОН + 3Вr2→ С6Н2Вr3ОН +3НВr

3. Қосылу реакциясы С) С6Н12О6→2С2Н5ОН +2СО2

4. Айрылу реакциясы D) ҒеСІ3 +3 NаОН=Ғе(ОН)3 +3NаСІ

1_____, 2_____, 3_____, 4______ [2]

3. Мына элементтердің электрондық конфигурациясын және электрондық формуласын жазыңыз.


Элемент атауы

Электрондық формуласы

Электрондық конфигурациясы

Азот







Магний







[2]
4. Бос орынды қажетті сөздермен толықтырыңыз.

Атомның электрондарын беруі немесе ______ _______нәтижесінде зарядталған бөлшектер _________ түзіледі.Оң зарядталған бөлшектер ____________деп аталады. Теріс зарядталған бөлшектер _______________ деп аталады. Металдар электронды ________, бейметалдар электронды ___________ ________.
[2]

5. Мына қосылыстардың формуласын «нөлдік қосынды» әдісі бойынша құрастырыңыз.

(a) Са2+ және Р3-

(b) Zn2+ және О2-

(c) Cr6+ және О2- [3]
6. Кальцийдің маңызды қосылыстары кальций карбонаты (СаСО3), сөнбеген әк (СаО) және сөнген әк (Са(ОН)2). Осылардың құрамындағы кальцийдің массалық үлесін есептеп, қайсысында кальцийдің массалық үлесі көп екенін анықтаңыз.




[2]


7. Келесі сызбанұсқа бойынша реакция теңдеуін толықтырыңыз және реакция теңдеуін теңестіріңіз.
(а) НСІ + ? → АІСІ3 + ?
_________________________________________________________________
(b) ? + Н2О → NаОН + ?

_________________________________________________________________

8. Күкірт екі қатар оксидтер түзеді. Олардың біреуінің құрамындағы күкірттің масалық үлесі 40%, оттектің массалық үлесі 60 % болады. Осы қосылыстың формуласын құрастырыңыз.



[2]

9. Қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсерінен металдар мен олардан жасалған бұйымдар бүлініп, желінеді. Бұл кезде металдан жасалған бұйымның қасиеті мүлдем өзгеріп, ол біртіндеп бүліне бастайды. Бұл өте зиянды әрі қауіпті процесс жемірілу деп аталады (коррозия — лат. korrosio — желіну деген сөз). Металдардың барлығы жемірілуге ұшырамайды .


(a) Темірден жасалған бұйымдар алюминийден жасалған бұйымдарға қарағанда жылдам жемірілуге ұшырайды . Темірдің алюминийге қарағанда тез жемірілуге түсетініне әсер ететін жағдайларды атаңыз.


[2]

(b) Коррозиядан қорғаудың кез - келген екі жолын ұсыныңыз.
[2]
10. Екі сынауыққа сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісі құйылған. Сынауықтың біреуіне мыс, екіншісіне мырыш ұнтағы салынды.

(а) Сынауықтарда қандай өзгеріс байқалады?

___________________________________________________________________

[1]

(b) Металдардың кернеу қатарын басшылыққа ала отырып, мүмкін болатын реакция теңдеуін жазыңыз.



__________________________________________________________________ [1]

11. Әсетің қолында мыс тиын бар. Ол мектеп зертханасына келіп, осы тиынның қасиетін зерттеп көрігісі келді. Апайынан рұқсат алып, мыс тиынды күміс, натрий және сынап нитарттарының ерітінділеріне салып көрді. Мыс тиынмен осы ерітінділер арасында жүруі мүмкін реакция теңдеулерін болжаңыз. Жүруі мүмкін реакцияға √ белгісін қойыңыз.





AgNO3

NaNO3

HgNO3

Мыс










[1]

(a) мүмкін болатын реакция теңдеуін жазып, реакция теңдеуін теңестіріңі



написать администратору сайта