Главная страница
Навигация по странице:

  • Көрнекілік эксперимент

  • : табиғи

  • Зертханалык тәжірибелер

  • Практикалық жұмыстар

  • химия. Химиялы зертханалык жмыстары ткізу дістемесі


    Скачать 16.27 Kb.
    НазваниеХимиялы зертханалык жмыстары ткізу дістемесі
    Анкорхимия
    Дата06.12.2021
    Размер16.27 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСӨЖ4.docx
    ТипДокументы
    #293246

    Химиялық зертханалык жұмыстары өткізу әдістемесі

    Химияны оқытудың негізі химиялык эксперимент болғандықтан , оқу үдерісі кезінде зертханалық сабақтар мен практикалық жұмыстарды ұйымдастырумен қатар оған қажетті құрал жабдықтардың заманауи талаптарға сай болуы білім алушылардың химиядан алған білімдерін толык жетілдіре түсуіне мүмкіндік туады . Қазіргі таңда тұлғаның құзіретті болуына білім , білік , дағдымен катар пәндік құзіреттіліктің калыптасуы ерекше рөл атқарады . Осыған орай Химия пәні бойынша пәндік құзіреттіліктер жүйесін химиялык эксперимент арқылы жүзеге асырып , оны күнделікті өмірде қолдану өзекті болып табылады .Қазіргі заманғы тұлгалык бағдарланған окыту тәсілін оку үдерісіне колдану білім алушылардың гылымга , білімге деген қызығушылықтарын арттыруға жол ашады . Осы мақсатта химияның қолданбалы , практикалык және экологиялык бағытын күшейтуді жүзеге асы рудын бірден - бір жолы химиялык эксперимент . Химиялық эксперимент химияны оқыту кезіндегі оқу үдерістің негізгі бөлігі болып табылады . Химиялык экспериментте әрбiр ғылыми түсінік теориядан біртіндеп практикага ұштасуы қажет . Оқытушылар химияның негізін түсіндіру барысында оның тарихынан бастап , әртүрлі химиялык экспериментті қолдану арқылы теориялық білімді нақтылауға үйретеді , ал бiлiм алушылар химиялық эксперментті жүргізу кезінде жалпы заңдылықтарды өздігінен жүйелеп , накты нәтижеге көз жеткізуге тырысады . Химиялык экспериментті жүйелі жүргізудегі бiлiк пен дагды тек кана оқу үдерісінде ғана емес , әрi карай ездiгiнен ғылыми , әдістемелік , практикалық ізденістер жүргізгенде дами түседі . Химиялык экспериментті мынадай бірнеше сатылар арқылы жүргізуге болады:

    • химиялык эксперименттін максаты мен мiндетiн кою

    • химиялык экспериментті талдау

    • химиялык заттар мен химиялык реакцияларды зерделеу

    • химиялык экспериментті жоспарлау , жүргізу және бакылау

    • химиялык эксперименттің орындалу техни касын игеру

    • химиялык эксперименттін нәтижесiн бағалау .

    Әдетте, химия пәні сабағы бойынша орындалатын оку тәжірибелерді жүргізілу тәсіліне байланысты былай жіктейді :

    • көрнекілік эксперимент

    • зертханалык тәжірибелер

    • практикалык жұмыстар

    Көрнекілік эксперимент мұғалімнің немесе бiлiм алушынын , ягни корнелікті тәжірибе корсетушiнiн көмегімен барлык білім алушы лардын байкауы аркылы жасалынады . Көрнекілік эксперименттін максаты химия түсiнігін қалыптастыру , құбылысты қадағалауға , байқауға үйрету .

    Бұл эксперименттің өзін үшке бөлуге болады : табиғи ( оттектің алынуы және касиеттері , ас тұзындағы қоспаларды анықтау т.б. ) , имитациялык ( бром суын иод суына ал мастыру т.б. ) , мультимедиялык ( графиттен алмаздың алынуы ) . Көрнекілік эксперимент тердің түйiндi жетiстiктерi көрнекілігі және білім алушылардың назарын үдеріске аудар ту , химиялык әрекеттесуді жүргізуге қажетті химиялык реактивтердi унемдеу . Алайда эксперименттің бұл түрі арқылы білім алушылардың арнайы біліктерін қалыптастыру мүмкін емес .

    Зертханалык тәжірибелер оны орындаушы сыныптагы бiлiм алушыларға мұғалімнің түсіндіруі арқылы жүргізіледі . Бұл зертханалық жұмыс карапайым жане ұзақтығы 2-3 минутқа созылуы және экспериментті жүргізу барысында кауiпсiз болуы шарт . Зертханалык тәжірибелерге кажетті құрал - жабдықтар мен химиялык реактивтер алдын ала дайындалады . Зертханалық тәжірибелердің мақсаты - жаңа материалды иге ру кезінде байқалатын құбылыстарды зерделеу ( қышқылдар мен негіздерге индикатордың әсері т.б ) . Зертханалық тәжірибелер мұғалімнің жаңа материалды түсіндіру кезінде айтылған түсініктерін дәлелдеуге және соған сәйкес химиялык экспериментті жүргізудің кейбір білік тігі қалыптасуына бағытталады әрі үнемi кажет етеді .

    Практикалық жұмыстар белгiлi бiр тақы рыпты зерделеп жүйелеуде сабақ кезінде мұға катынасуымен , білім алушылардың жүргізетін эксперименті. Практикалық жұмыс тардың мақсаты - практикалық білік , дағдылар ды калыптастыру және кеңейту . Практикалық жұмыстар өзара екіге бөлiнедi : нұсқау бойынша экспериментті жүргізу , мысалы көміртек (IV) оксидiн алу және оның химиялык тәжірибелері сонымен катар эксперименттік есептер , мысалы мыс оксидін үш тәсілмен алу және бұл заттың негiздiк оксид екендігін дәлелдеп шығару .


    написать администратору сайта