анаприлин. Хинидин сульфаты
Скачать 0.85 Mb.
|
Хинидин сульфатыНегізгі әсері: Кезбе жүйкеден жүрекке қозудың берілуін тежейді, сонымен қатар кардиотроптық симпатикалық әсерді біршама азайтады. α- Адренорецепорларға тежегіщ әсер көрсеткенде шеткі қан тамырлар жағынан көріністер байқалады.Қолданылуы: Артериялық қысымды төмендетеді.Жанама әсері: Құлақта шу, бас ауыру, көрудің нашарлауы. Диарея, жүрек айну, құсу жиірек болады. Кейде идиосинкразия байқалады. Тромбоцитопениялық пурпура ауыр асқыну болып табылады.Аналогтары: Кинидин Дурулес, Кинилентин.НовокаинамидМНН: прокаинамид хлоридіНегізгі әсері: Хинидинге қарағанда ваголитикалық оның белсенділігі аз айқындығымен сипатталады, жүрекке симпатикалық әсерді төмендетеді.Қолданылуы: Қызбамен, буын және бұлшықет аймағында ауыру сезімдерімен, терілік бөртпелермен, сирек жағдайда агранулоцитоз және қызыл жегі синдромның дамуында қолданылады.Жанама әсері: жүрек айну, құсу, диарея, тырысу.Аналогтары: Новокаинамид буфус, Новокаинамид-Ферейн, Прокаинамид-Эском.ДизопирамидМНН: ритмилен. Негізгі әсері: аритмияға қарсы айқын әсер көрсетеді. Хинидин сияқты жиырылғыш миокардтың және өткізгіштік жүйенің барлық бөлімдеріне әсер етеді. Қолданылуы: Қарыншалық аритмия. Жанама әсері: Ауыз қуысының, көздің шырышты қабаттарының құрғауына, аккомодацияның бұзылыстарына, зәр бөлінудің тежелуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, жүрек айну, құсу болуы мүмкін. Аналогтары: Корапейс, Норпейс, Палпитин, Ритмодан. АймалинМНН: аритмал. Негізгі әсері: Жүректің негізгі функционалдық көрсеткіштерін хинидин тәрізді өзгертеді, бірақ миокардтың жиырылғыштығын аз төмендетеді. Аймалин жүректік артериялық қысымды айтарлықтай төмендетпейді, тәждік қан айналымды жақсартуы мүмкін. Қолданылуы: Экстрасистолияда, жүрекшенің пароксизмалды жыбырлағыш аритмиясында қолданылады. Жанама әсері: Диспепсиялық бұзылыстар, кейде әлсіздік туғызады. Аналогтары: Гилуритмал, Промалин, Ритмос. АнаприлинМНН: ПропранололНегізгі әсері: Жүректің эфференттік иннервациясының рецепторларына айрықша әсер ететін Адренергиялық әсерді бәсеңдететін β-адреноблокатор.Қолданылуы: Суправентикулярлық және қарыншалық аритмия, митралды стеноз, тиреотоксикоз,адреномиметик және оймақгүл гликозитерімен шақырылған аритмия.Жанама әсері: Жүрек жетіспеушілігі, жүректік тежелу, шеткі тамырлардың тонусының жоғарылауы, бронхоспазм, дәрілік гипогликемияны ұзартады(қант диабетімен ауыратын науқастарды абайлап тағайындау керек).Аналогтары: Пропранолол гидрохлориді, Индерал, Обзидан.7 Метопролол ( корвитол, эгилок) – β1-адренорецепторларды таңдамалы тежейді.Қолданылуы: артериялық гипертензия, жүрек аритмиясы және стенокардия.Жанама әсерлері: бастың ауруы, шаршағыштық, ұйқы бұзылуы.7 АтропинМНН:АтропинНегізгі әсері: Жүректің эфференттік иннервациясының рецепторларына айрықша әсер ететін Холинергиялық әсерді бәсеңдететін М-холиноблокатор.Қолданылуы: Бронхоспазмда. Кезбе жүйке болып келетін эфферентті доғамен жүрекке теріс рефлексті жояды. Атриовентикулярлы өткізгішті жақсартады. Холиномиметикалық заттардың гипотензивті әсеріне кедергі жасайды және ынталандырғыш әсерін жояды. Холинергиялық иннервацияны тежейді.Жанама әсері: Ауыз қуысының құрғауы, аккомодацияның бұзылуы, тахикардия, көз іші қысымының жоғарылауы, обстипация (іштің қатуы), зәр бөлінуінің бұзылуы.Аналогтары: Бекарбон, Бускопан, Атропин Нова7 Калий хлориді ХПА: Potassium chloride. Негізгі әсері: Жүректің жиырылғыштық ырғағын сиретеді, жиырылғыштық белсенділігін төмендетеді; өткізгіштігін, автоматизмін және миокардтың қозғыштығын тежейді. Қолдану көрсеткіштері: Эктопиялық аритмияны, миокард инфарктісі мен жүрек гликозидтерімен уланғанда дамыған аритмияны, гипокалиемияны емдеуде қолданады. Жанама әселері: Парестезия, диспепсиялық бұзылыстар, жүрекшелік-қарыншылық өткізгіштік төмендеуі, толық атриовентрикулярлық блокада, бүйрек қызметінің бұзылысы. Жұптасқан препараттары: Аспаркам, Панангин, Аспангин (калий және аспарагинаты); поляризациялық қоспа (калий хлориді+инсулин+глюкоза). 9 Магний препараттары (сульфаты, хлориді, оротат, аспарагинаты) Негізгі әсері: Кардиомиоциттерге калий иондарын қайтарады, ал кальций ионын түсуін тежейді, жүрек қозғыштығының төмендетеді. Қолдану көрсеткіштері: Жүрек гликозидтерімен уланғанда, мультиформды қарыншалық тахикардияда, гимагниемияда пайдаланады. Жүрек гликозидтері (оймақгүл препараттары) Қолдану көрсеткіштері: Суправентрикулярлық тахиаритмия, пароксизмалды тахикардия, жүрекшенің дірілдеуі және жыбырлауы. Жанама әсерлері: атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы, брадикардия, эктрасистолия, диспепсиялық бұзылыстар. 9 Аденозин Негізгі әсері: Атриовентрикулярлық өткізгіштікті тежейді, тәждік қан тамырларды кеңейтеді, миокардтың жиырылығыштығын төмендетеді. Қолдану көрсеткіштері: Суправентрикулярлық тахиаритмияда қолданылады. Жанама әсерлері: Бет терісінің қызаруы, тыныс алудың бұзылуы, қысқа уақытқа атриовентрикулярлық блокада тудырады. 9 |