Хиуаз Қайырқызы Доспанова. Хиуаз айырызы Доспанова
Скачать 87.5 Kb.
|
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. Өмірбаяны[өңдеу] Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. 2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды. Қанатты қыз[өңдеу] Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Алға қойған мақсатын қайтсе де орындауға дағдыланған ол, соғыс басталған жылдары Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына қабылданбай қалса да, медицина институтынан алған білімімен тылда еңбек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды. «Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай. ...Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәт төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е. Пескова мен Х. Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері естерін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанғанды. Жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған. Жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі. Айлакер ұшқыш әйелдерді немістер «Nachthexen» («Түнгі мыстандар») деп атаған. Ұшқыш әйелдердің тактикасы: белгілі бір қашықтықты сақтап, өз мақсатына жақындап, ұшақтың гүрілін төмендету. «Түнгі мыстандар» ұшу биіктігін төмендетіп, жауды үстінен бомбалады. Фашисттердің позицияларына жақындағанда аула сыпыратын сыпыртқы дыбысы ғана естілді. Ұшу арасындағы үзіліс: 5-8 минут. Жаз мезгілінде ұшақтың экипажы бір түнде 6-8 әуе сапарын жасады, ал қыста — 10-12. Ұшақтар 28 676 сағат (1191 толық тәулік) әуеде болған. Хиуаз Доспанова мерген-ұшқыш болып, 300-ден астам әуе сапарын жасады. иуаз қауіпсіз белдігін тақпайтын. Бәлкім, бұл әдеті оны өлімнен құтқарған болар. 1943 жылдың көктемінде ұшу алаңына қонуда Пашкова мен Доспанованың ұшағы Макогон мен Свистунова басқаратын ұшақпен соқтығысып қалды. Көп ұзамай, апат болған жерге жедел-жәрдем де келіп жетті. Макогон мен Свистунова мерт болды. Доспанова мен Пашкова дала әскери ауруханасына жеткізілді. Юля операция үстелінде көз жұмды. Хиуаздан да тіршілік нышаны білінбей, оны мәйітханаға апарып, әскери құрбысымен қатар салды. Сосын медбикелер оның жүзі өлі адамға ұқсамайтынын байқап қалады. Қызды ажалдан құтқарып алуға дереу кіріседі. О, ғажап, әлден уақытта кірпігі қимылдап, қыз көзді ашады. Дәрігерлер бiрнеше күн мен түн оның өмiрі үшін күресті. Хиуаздың денесі жансыздана бастады, аяқтарының ампутациясы туралы мәселе көтерiлдi, дегенмен, дәрігер: «Жоқ, мен бұл қызды аяғынан айыра алмаймын! Егер есін жинаса, оған аяқтары керек болады!», — деді. Хиуаз тірі қалды. Алғашқы кезде Хиуаз таяқшаға сүйеніп жүретін, бірақ әуедегі шайқастарға қатысуын жалғастырды. Оны ұшаққа мінгізіп, кейін одан шығуға көмектесті. Уақыт өте келе, Доспанова байланыс штабының басшысы болып тағайындалды. Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/1095 © e-history.kz Соғыстан кейінгі жылдар[өңдеу] Хиуаз Доспанова «Абай» операсы мен «Шоқан Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу» спорт кешенін салуға және көптеген тарихи маңызы бар еңселі ғимараттардың құрылысына ер азаматтармен иық тірестіре жүріп араласып, көптеген игі жұмыстардың ортасынан табылды. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын [1][2] |