Главная страница
Навигация по странице:

  • Этиологиясы Инфекция көздері

  • Таралу жолдары: су арқылы (көбінесе) алиментарлы тұрмыстық қатынас Эпидемиологиясы Жұқтыру механизмі

  • Клиникалық көрінісі Холераның 3 деңгейін ажыратады

  • Жеңіл дәрежесі

  • Орта ауырлықта

  • Ауыр дәрежесі Гиповолемиялық шок Жедел бүйрек жеткіліксіздігі олигурия, анурия ОЖЖ бұзылыстар: тырысулар, кома Асқынулары

  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

  • микро. тырысқақ. Холера (Тырыса) Орындаан


    Скачать 2.38 Mb.
    НазваниеХолера (Тырыса) Орындаан
    Анкормикро
    Дата12.12.2022
    Размер2.38 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлатырысқақ.pptx
    ТипДокументы
    #841180

    Холера (Тырысқақ)

    Орындаған: Асылханова А., Жусипалиева С., Жұмабай Н., Хабибулла С., Шопанова М.

    Факультет: Жалпы медицина Курс: 2 Топ: 207 А

    Тексерген: Ерменбек П.


    Холера (тырысқақ) — Vibrio cholerae қоздырғышымен шақырылатын, экзотоксиннің әсерінен сулы-электролитті диареямен және оның нәтижесінде туатын  сусыздану синдромымен жедел өтетін аса қауіпті ішек инфекциясы.



    Қоздырғышы- Vibrio cholerae,
    өте қозғалмалы, үтір түрде иілген, грамм теріс  қысқа  таяқшалар.
    Аэробты, оптимальды  температурада (37˚С), сілтілі ортада жақсы өседі.
    Сыртқы ортаның температурасы 17 ˚С-тан жоғары, су көздерінде өте төзімді.
    Антигендік құрамы: О- соматикалық антиген, Н- жіпшелік антиген. Антигендік қасиеті бойынша О1 серотопқа кіреді.О1 антиген — А,В,С компонеттерінен
    Тікелей күн жарығына сезімтал, 1 минут қайнату оны өлтіреді.
    Күкірт және хлор-сутек қышқылына және дез.ерітіндіге сезімтал.


    Этиологиясы

    Инфекция көздері:
    Холераның типті және атипті түрлерімен ауыратын адамдар (1 гр нәжіспен 107- 109 микроб бөліп шығарады)
    Вибрион тасымалдаушылар (сау, транзиторлы, реконвалесценттер) - (1 гр нәжіспен 102- 105 микроб бөліп шығарады)
    Таралу жолдары:
    су арқылы (көбінесе)
    алиментарлы тұрмыстық қатынас


    Эпидемиологиясы

    Жұқтыру механизмі:
    Фекальді-оральді
    Маусымдылығы: жаз-күз


    Кіру қақпасы - ас қорыту жолы. Вибрион біраз бөлігі асқазанда қышқыл ортада өледі . Қалған бөлігі асқазаннан өтіп,жіңішке ішекке түсіп,сілтілі ортада көбейе бастайды. Энтероциттерге жабысып – адгезия-шырыш қабаттарында 12-24 сағаттың ішінде көбейеді (колонизацияланады), токсикалық заттарды бөледі.

    Патогенезі



    Инкубациялық кезеңі: 1-2 күннен 5 тәулікке дейін
    Басталуы жедел.
    Холераның ең бірінші көрінісі: аяқ астынан пайда болатын диарея (тәулігіне 3-10 реттен 30 ретке дейін), іш өту ауырсынусыз болады.
    Холераға тән нәжіс: сулы, көп мөлшерде (300 мл-ден 1 литрге дейін) , түссіз, иіссіз, «күріш суы» тәрізді, құрамы изотониялық сұйықтыққа тән.
    Құсу — іш өтуден кейін, жүрек айнусыз, жиі, сулы, «фонтан тәріздес» болады.
    Сырқат басынан бірнеше сағаттан кейін сусыздану синдромының алғашқы белгілері пайда болады: Шөлдеу, бұлшық еттердің әлсізденуі, адинамия, балтыр еттердің ауырсынып, тартылуы, тахикардия, гипотония, тыныс алуының жиіленуі, терінің бозғылттығы. Одан кейін бет әлпеті жүдеп, көз айналасы көгеріп, тері тургоры төмендеп, шырыш қабаттары құрғап, цианозданады.


    Клиникалық көрінісі

    Холераның 3 деңгейін ажыратады:

    Жеңіл дәрежесі
    Орта ауырлықта
    Ауыр дәрежесі


    Іш өту 3-10 рет. Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 1-3%-тен аспайды. Тері қабаттары өзгеріссіз. Кейбіреуінде акроцианоз. Шырыш қабаттарының сәл құрғауы. Дене қызуы қалыпты (әлсіздік, бас айлануы). Сырқаттың ұзақтығы 1-2 тәуліктен

    Жеңіл дәрежесі

    Жедел басталады.
    Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 4-6%-ке жетеді. Іш өту жиілігі 15-20 рет. Нәжісі сулы, «күріш суы» тәріздес.
    Сусыздану белгілері өте жылдам дамиды: әлсіздік, бас айналу, шөлдеу, қайталанған құсу, терісінің бозғылттануы, суық тер жабуы, акроцианоз, балтыр бұлшық еттерінің тартылуы.
    Дене қызуы қалыпты, тері қатпарлары баяу түрде жазылады. Тахикардия, гипотония, аздаған олигурия.


    Орта ауырлықта

    Жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 7-9%-ке дейін жетеді.
    Іш өту жиілігі санаусыз.
    Жүрек айну
    Бұлшықеттері тартылады
    Артериальды қысым төмендейді
    Пульс әлсіз, жиі
    Ентігу
    Цианоз
    Олигурия или анурия.


    Ауыр дәрежесі

    Гиповолемиялық шок
    Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
    олигурия, анурия
    ОЖЖ бұзылыстар: тырысулар, кома


    Асқынулары

    Острая почечная недостаточность

    Гиповолемический шок

    кома

    Емі

    Жедел госпитализация
    Айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру:
    Оральды регидратация — регидрон, оралит, цитроглюкосолан
    Парентеральды регидратация- полиионды сүйықтықтықтарды тамыр ішіне еңгізу(ацесоль, трисоль, дисоль, квартасоль т.б.)
    Тетрациклин, доксициклин, эритромицин.

    НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



    написать администратору сайта