Главная страница
Навигация по странице:

  • Пуринді нуклеотид ыдырауы

  • Холестерол. Рк-3 Камаладин 237 группа. Холестерол синтезіні реттелуі


    Скачать 109.27 Kb.
    НазваниеХолестерол синтезіні реттелуі
    АнкорХолестерол
    Дата14.12.2021
    Размер109.27 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаРк-3 Камаладин 237 группа.docx
    ТипДокументы
    #303121

    1. Холестерол синтезінің реттелуі.

    Холестерол синтезінің басты ферментінің (ГМГ-КоА-редуктаза) реттелуі әр түрлі жолмен жүреді. ГМГ-КоА-редуктазаның фосфорлануы /фосфор-сыздануы Инсулин/глюкагон қатынасының артуы кезінде бұл фермент фосфорсызданып, белсенді күйге көшеді. Инсулиннің әсері 2 фермент арқылы, іске асады: ГМГ-КоА-редуктаза киназасының фосфатазасы арқылы, бұл фермент киназаны белсенділігі жоқ фосфорсызданған күйге көшіреді; ГМГ-КоА-редуктаза фосфатазасы арқылы, бұл фермент ГМГ-КоА-редуктазаны фосфорсыздандырып, оны белсенді күйге көшіреді. Бұл реакциялардың нәтижесінде ГМГ-КоА-редуктаза фосфорсызданып, өзінің белсенді күйіне көшеді. Қорыта келгенде, абсорбция кезінде холестерол синтезі күшейеді. Бұл кезеңде холестерол синтезі үшін қажет субстрат - ацетил-КоА да жеткілікті болады (көмірсулар бар тамақтарды қолдану нәтижесінде, себебі ацетил-КоА негізінен глюкоза ыдырауы кезінде түзіледі). Абсорбция біткеннен кейінгі кезде, глюкагон А протеинкиназасы арқылы ГМГ-КоА-редуктазаның фосфорлануын үдетіп, оны белсенділігі жоқ күйге көшіреді. Глюкагонның бұл әсері ГМГ-КоА-ркдуктаза фосфатазасын және ГМГ-редуктаза киназасын фосфорлау арқылы, ГМГ-редуктазаны фосфорланған, белсенділігі жоқ күйде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде абсорбция біткен кезеңде және ашығу кезінде холестерол синтезі тежеледі. ГМГ-КоА-редуктаза синтезінің тежелуі. Метаболиттік жолдардың соңғы өнімі (холестерол), ГМГ- редуктаза генінің транскрипциялану жылдамдығын баяулатады, сөйтіп өз синтезін тоқтатуға жағдай жасайды. Бауырда холестериннен өт қышқылдарының синтезі белсенді түрде жүреді, сондықтан өт қышқылдары синтездің соңғы өнімдері ретінде ГМГ-редуктаза генінің белсенділігін токтатады. ГМГ-редуктаза молекуласының белсенділігі, синтезі аяқталған соң 3 сағат көлемінде сақталатын болғандықтан, метаболиттік жолдың соңғы өнімімен тежеуарқылы реттелутиімді реттелу жолы болып табылады.

    Өтке тас байлану. Өтте холестерин 3 түрлі күйде болады: 1) Коллоидты. 2)Сұйық кристалды. 3) Қатты кристалды. Осы үшеуінің ішінде ең тұрақсыз сұйық кристалды түрі, яғни холестериннің бұл түрі коллоидты немесе қатты кристалды түріне оңай көше алады. Егерде өттегі холестерин концентрациясы артатын болса, ондағы коллоидттық бөлшектердің түрақтылығы төмендеп, холестерин тұнбаға түсе бастайды. Ол біртіндеп өсіп, алдымен қиыршық құм, сонан соң тас, ал сонан соң үлкен "тау" түзеді. Тұнбада билирубин, кальцийдің ерімейтін фосфат, оксалат сияқты түздары да тұнбаға түседі. Бұл түзілген тастар өт жолдарының бітеліп қалуына әкеп соқтырады, ал өт

    жолдарының бітелуі майдың қорытылуын, алмасуын нашарлатады. Өттегі түзілген тастарды операция жасау арқылы алып тастайды. Кейбір дәрі-дәрмектер тастардың еруіне мүмкіндік береді. Мысалы, хенодезоксихоль қышқылын қолданады, ол холестериннің синтезін төмендетіп, холестериннің ерігіштігін арттырады. Мұнымен қатар, ерекше диетаны сақтау қажет, яғни құрамында майлар және көмірсулар көп болатын тамақты күнделікті рационнан алып тастау қажет.


    1. Биогендік аминдер.



    СО2

    Амин қышқылы Биогенді амин

    Декарбоксилаза ПФ

    Жалпы амин қышқылдарының декорбоксильденуі нәтижесінде түзілген аминдер көбінесе биологиялық белсенді аттар болып келеді. Олар нейромедиаторлар қызметін атқарады (серотонин,дофамин, ГАМҚ және т.б.) ал гормондарға келетін болсақ норадреналин,адреналин жатады және де жергілікті реттеуші әсері бар реттеуші факторлар гистамин, карнозин,спермин т.б.

    Серотонинге келетін болсақ - бұл жолдардың нейромедикалық торы. Бүйрек үсті бездері мен орталық жүйке жүйесі ароматты аминқышқылы декарбоксилазаның әсерінен түзіледі 5 -гидрокситриптофан аминқышқылынан түзіледі. Бұл ферменттің талғамдылығы кең және тирозиннен алынған триптофанды да, ДоФА-ны да декарбоксилдей алады. 5 – гидрокситриптофон фенилаланингидроксилаза жіне Н4БП қатысуымен триптофаннан түзіледі.

    Серотонин мелатонин гормонына айналады және организмдегі метаболизмдегі күнделікті және мерзімді өзгерістерді реттейді және репродуктивті функцияны реттеуге қатысады. Серотонин - бұл әсер етудің кең спектрі бар биологиялық белсенді зат. Тегіс бұлшықеттің жиырылуын бедсендіреді, қан тамырларын тарылтады, қан қысымын, дене температурасын, тыныс алуды, антидепрессантты реттейді, ал кейде аллергиялық реакцияларға қатысады.

    О2 Н2О СО₂

    Триптофан ​ 5-окситриптофон ​Серотонин

    Н₄БП Н₄БП Декарбоксилаза

    ПФ Мелотанин

    NADP⁺ NADPH+H⁺

    Кейбір биогенді аминдер нейротрансмиттер қызметін атқарады және зат алмасу процестерін, жасушалар мен мүшелердің қызметін реттейді. Мысалы, гистидинді декарбоксилдеу нәтижесінде биогенді амин, гистамин түзіледі.

    СО₂

    Гистидин ГИСТАМИН

    Гистидиндекарбоксилаза

    ПФ

    Барлық органдар мен тіндерде гистамин бар. Әсіресе өкпе мен тері тіндерінде. Гистамин жұлын мен мида кездеседі. Гистамин асқазанның шырышты қабатында түзіліп, пепсин мен тұз қышқылының бөлінуіне әсер етеді. Гистамин ақуызы дәнекер тіннің қалың жасушаларында гепарин кешені түрінде өндіріледі және жинақталады. Гистамин қандағы базофил және эозинофил түйіршіктерімен байланысады.

    Негізгі биогенді аминдер бастапқы заттары амин қышқылдары болып келеді.Биогенді аминдерге катехоламиндерді де жатқызамыз.Дофамин мидың ортаңғы бөлімінің медиаторы болса ал норадреналин гмпаталамуста қоздырғыш медиатор және синаптикалық жүйке жүйесі мен мидың әртүрлі бөлімдерінің медиаторы. Адреналин болса стресс кезінде белснді түзілетін негізгі зат алмасуды реттейтін және жүрек бұлшықетін күшейтетін гормон.
    3) Пуринді нуклеотидтез синтезінің жүруінің екі жолы бар.

    1 жол – Нуклеин қышқылдар ыдырағанда түзілетін пуриндік азоттық негіздерден түзілуі, бұл процесс жасуша үшін тиімдірек.

    2 жол – Пуринді азотты негіздердің жай заттардан қайта түзілуі.

    1 жолға нақтырақ тоқталатын болсақ, дайын пуриндік азоттық негіздерден түзілуі фосфорибозилпирофосфат құрамындағы рибозофосфаттық топтың дайын азоттық негізбен байланыс түзуінен жүреді. Бұл байланыс ьүзілу үшін екі түрлі фермен керек.

    1) Аденинфосфорибозилтрансфераза – аденил қышқылын түзуге қатысады.



    2) Гипоксантин – гуанин – ффосфорибозилтрансфераза – инозин және гуанил қышқылдарын түзуге қатысады.

    Гипоксантин+ФРПФ->инозилат+H4P2O7

    Гуанин+ФРПФ->гуанилат+H4P2O7
    Сонымен, фосфорибозилпирофосфат АМФ, ГМФ синтезіне қатысады. Егер бұл ферменттер тежелсе пуриндік азоттық негіздер бұзылады. Несеп қышқылы тым көп бөлінеді.Нәтижесінде, адамда нейрофизиологиялық ауытқу пайда болып, ашуланшақ, қызба, өзін тістеп жұлуға дейін барады. Бұл ауру медицинада Леша Нихан синдромы деп тіркелген.

    Екінші жолына келер болсақ, глицин, аспартат, глутамат, тетрагидрофолий қышқылы мен СО2 қатысуымен жүреді.

    Жалпы синтездің барлық реакцияларын 4 этапқа бөлуге болады.

    1. 5-фосфорибозиламин синтезі

    Глюкоза 6 фосфат-рибоза-5-фосфат

    |Mg2+

    |АТФ

    ФРПФ

    Глн->Глу. |амидотрансфераза

    5фосфорибозил-1амин
    5фосфорибозил-1аминге глицин, глутамин, аспартат, СО2, формил-ТГФК қосу арқылы біз инозин қышқылын ала аламыз. Жалпы пурин сақинасының синтезіне 6 АТФ молекула энергия жұмсалады.

    инозин қышқылы
    Инозин қышқылы әрі қарай ГМФ (гуанинмонофосфат) пен АМФ(аденозинмонофосфат) , яғни аденил мен гуанин қышқылы азоттық негіздерді түзуге қатысады.


    Аденозинмонофосфат пен гуанозинмонофосфат синтезі

    1) ГМФ екі реакция нәтижесінде түзіледі. Ең алдымен ИМФ ксантозилмонофосфатқа дейін тотығады. Фермент: ИМФ дегидрогеназа.

    Оттек көзі – су, сутек акцепторы – НАД. Сосын ГМФ синтетаза жұмыс жасайды. Ол амин тобының жеке клеткалық донорын қолданады. Яғни глумтамин қ., Энергия көзі – АТФ.

    2) АМФ те 2 реакциядан түзіледі. Бірақ донор ретінде аспарагин қ. қолданылады.

    Бірінші реакцияда аспартаттың қосылуына ГТФ ыдырауының энергиясы қолданылады. Фермент – аденилсукцинатсинтетаза.

    Екінші реакцияда аспаргин қышқылының бөліктері жойылады, фумарат түрінде. Фермент – аденилсукцинатлиаза.
    АТФ және ГТФ нуклеозидтрифосфаттардың түзілуі.

    ГТФ синтезі 2 стадияда жүзеге асады. АТФ-тан макроэргті фосфатты топтардың тасымалына негізделген. АТФ синтезі кішкене басқаша жүреді. АДФ пен АМФ те АТФтің макроэргтік байланыстарының нәтижесінде түзіледі.

    АДФ тен АТФ синтезіне митохондрийдегі АТФ – синтаза ферменті қатысады. Тотыға фосфорлану реакциялары нәтижесінде АТФ түзіледі.
    4) Есеп

    Леше Нихан синдромы- фосфорибозилпирофосфат синтетаза ферментінің белсенділігің төмендеуі нәтижесінде азоттық негіздердің алмасуы бұзылады, ол қанда несеп қышқылының жоғарылауына әкеледі.

    Аллопуринол-бұл негізінен гиперурикемия (қандағы зәр қышқылының жоғарылауы) және оның асқынулары, мысалы, подагра үшін қолданылатын дәрі.

    Аллопуринол-гипоксантиннің құрылымдық изомері (адам ағзасында кездесетін табиғи пурин). Ксантиноксидаза гипоксантин мен ксантиннің кейінгі тотығуына жауап береді, организмде зәр қышқылы пайда болады. Оның бітелуі организмдегі зәр қышқылы өндірісінің төмендеуіне, сондай-ақ гипоксантит пен ксантин деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Бұл рибонуклеотидтер деңгейінің жоғарылауы амидофосфорибозилтрансферазаның қайтымды тежелуін тудырады. Бұл несеп қышқылы мен оның тұздарының дененің сұйық орталарында және зәрде концентрациясының төмендеуіне байланысты, бұл урат тұнбасының еруіне ықпал етеді және олардың ұлпалар мен бүйректерде пайда болуына жол бермейді.
    Пуринді нуклеотид ыдырауы:



    написать администратору сайта