33-сабақ. Жұмысқа берілген есептер Мысал 1. Екi бригада тапсырманы 12 күнде орындауы керек едi. 8 күн бiрiгiп атқарған жұмыстан кейiн бiрiншi бригада басқа тапсырма алды, сондықтан екiншi бригада тапсырманы орындау үшiн тағы 7 күн жұмсады. Әрбiр бригада жеке жұмыс iстеген жағдайда тапсырманы орындауға қанша күн жұмсар едi. Мысал 2. Бассейнге екi құбыр жүргiзiлген – құятын және соратын, және бiрiншi құбыр бассейндi сумен толтыруға екiншi құбыр суды сорудан 2 сағ.артық уақыт жұмсайды. Үштен бiрi толтырылған бассейде екi құбыр да бiрге iске қосылғанда, бассейн 8 сағ. Кейiн судан тазарды. Бiрiншi құбыр арқылы бассейндi қанша сағатта толтыруға, ал қанша уақытта екiншi құбыр арқылы тола бассейндi құрғатуға болады? Мысал 3. Бiр трактор бригадасы 240 га жердi, ал екiншiсi одан 35% - ке артық жердi жырту керек. Бiрiншi бригада күнiне екiншiсiне қарағанда 3 га кем жыртса да, жұмысты 2 күнге екiншi бригададан ерте бiтiрдi. Күн сайын әр бригада қанша жер жыртты? |