32-сабақ. Қозғалыс есептері Мысал 1. Бiр пункттен, бiрдей бағытпен әрбiр 20 минут өткен кезде автомобильдер шығып жатыр. Екiншi шыққан автомобильдiң жылдамдығы 60км/сағ, ал бiрiншiсiнiң жылдамдығы екiншiсiнен 50%-ке артық. Егер үшiншi автомобиль бiрiншi автомобильдi екiншiге қарағанда 5,5 сағатқа кешiрек басып озатын болса, үшiншi автомобильдiң жылдамдығын тап. Мысал 2. Ұзындығы 64м шеңбер бойымен бiрiне бiрi керi қозғалған екi дене әрбiр 4с сайын кездеседi. Бiр бағытта қозғалған жағдайда бiрiншi дене екiншiсiн әрбiр 32с сайын қуып жетедi. Осы денелердiң сызықтық жылдамдықтарын табыңдар. Мысал 3. Автомобиль әр минут сайын велосипедшiге қарағанда 1500 м артық жүредi, сондықтан ұзындығы 50 км жолға 4,5 сағ. кем уақыт жiбередi. Олардың әрқайсысының жылдамдықтарын тап. |