Алтын күз. Глім тобыны Алтын кз ертегілігі. ткізілген кні 20. 10. 2022ж
Скачать 39 Kb.
|
«Гүлім» тобының «Алтын күз» ертеңгілігі. Өткізілген күні: 20.10.2022ж. Зал іші күз мезгіліне байланысты безендірілген. Балалар әдемі жүріспен отырғыштарына отырады. Жүргізуші; -Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!Сәлеметсіңдер ме,балалар! -Балалар сендерде мұнда не болып жатыр? Жүргізуші: -Олай болса құрметті қонақтар,бүгінгі біздің «Алтын күз»мерекесіне қош келдіңіздер!!! «Алтын астық» Көктемде егін егетін, Күзде жиып беретін. Біздің дала-бай дала, Алтын астық айнала. Ел егінді жинайды Қырманға дән сыймайды. - деп,осында жиылған баршаңыздың,көңілдеріңізді,бүгінгі біздің өтіп жатқан мерекесіне арнап,жүректеріңізге жақсы сезім ұялатқым келіп тұр. Қадірлі балақайлар қыздардың орындауында шашу биі «Жапырактар» биі. Жүргізуші; -Жарайсыңдар қыздар! -Ал енді біздің балаларымыз осы күз мерекесіне арнап тақпақтарын оқып береді. 1 –Рузия Сап – сары ғып даланы, Бояпты ғой күз деген. Құстар қанат қағады, Қоштасқандай бізбенен. 2 -Сұлтан Сап – сары маңай, Сап – сары тоғай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып. 3-Ксения 4–Аида Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. Жүргізуші; -Жарайсыңдар балалар. (Әдемі әуенмен залға күз ханшайымы кіреді) Күз ханшайымы: -Ой, алақай, тамаша, Шашу шашты жапырақ. Бақтың іші алаша, Аунар ма едік жатып ап? Ел егінін орыпты, Ал балалар,балалар. Ойнайық та күлейік, Білім алып білейік. Күз ханшайымы: -Сәлеметсіндер ме балалар! Бүгін сіздерде мереке болып жатыр....... «Күз,күз,кел» Хор (балалар күз әнін орындайды) Күз ханшайымы: - Мен сендерге құр қол келген жоқпын,өзіммен бірге жүмбақтар ала келдім . (сұрақ жауап) (жұмбақ жасыру) 1. Жиып-теріп болатын, Қамбаға астық толатын. Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? (күз) 2. Жерге тырс-тырс тамады, Сайға қарай ағады. Шешуін кім табады? (жаңбыр) 3. Қалың киім ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (пияз) 4. Жер бетінде шашы бар, Жер астында басы бар. Қоянға ұнайтын дәмі бар. (сәбіз) 5. Көппенбек еді көктемде, Дәмі тәтті жегенде. Қызарды күзге жеткенде. (алма) 6.Талдан талға секірген, Жаңғақтарды жеп өскен. Өзі сондай сүйкімді, Табыңдаршы... кім екен? (тиін) (осы кезде ішке секіріп тиін кіреді) Тиін: -Сәлеметсіңдерме балалар! -Мен кіммін? Балалар-тиін(-деп жауап береді) –Дұрыс айтасыңдар,тиінмын. -Мен өзіммен жаңғақтар алып келдім. -Ойын ойнағыларың келеме? -Жарайды балалар олай болса ойын шартын мұқият таңдаңдар. (жаңғақтармен «кім жылдам» ойынын ойнату) Жүргізуші: -Жарайсың тиін ал,енді бізбен бірге отырып балалардың өнерін тамашалайық. (ортаға тақпақ оқитын балалар шығады) 5-Еркебұлан: Жеміс мол теретін, Күз дос екен бізбенен. Бәрін тауып беретін, Жомарт екен күз деген. 6-Мунира: Көрініп еліме, Күндері мереке. Келді ғой жеріме, Күз дейтін мереке. 7-Руслан: Жапырақ ұшты, Суық та түсті. Сонда да бізге, Қызық көп күзде ( хоровод биі) Жүргізуші: -Өте тамаша балалар,олай болса мерекемізді ойын мен жалғасты- райық. Күз ханшайым: (жемістер мен көкеністер ойынын ойнатады ) Саңырауқұлақтар биі Күз ханшайымы: -Балалар менің де уақытым болса өтіп барады,қыс мезгілі аяқ басып келіп қалды, келесі күзге дейін қош сау болыңдар! ( тиінде қоштасады ) Жүргізуші: Күздің осы айында, Алма, алмұрт піседі. Жапырақтар сайраған Сыбдыр, сыбдыр түседі. Сыңғырлайды қоңыраулар, Қыркүйек айында. Сағынышпен біз барамыз, Өнер-білім тойына. Бұл алтын күз.(өлеңі). Жүргізуші: Ал балалар,қонақтар осымен күз мерекесі аяқталды.Сау болыңыздар! |