Главная страница
Навигация по странице:

  • Жерге орналастыруды жолдары

  • ҚР-ның жер қоры

  • Жерге орналастыру принциптері

  • ҚР-ның Жер реформасы

  • адилхан реферат. Жоспар Жерге орналастыруды жобалауды теореялы негіздері 2


    Скачать 21.35 Kb.
    НазваниеЖоспар Жерге орналастыруды жобалауды теореялы негіздері 2
    Дата12.04.2022
    Размер21.35 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаадилхан реферат.docx
    ТипДокументы
    #464418

    Жоспар:

    1.Жерге орналастыруды жобалаудың теореялық негіздері

    2.Жерге орналастырудың жолдары

    3.Қр.ның Жер қоры

    4.Жерге орналастырудың принціптері

    5.Қр-ның жер реформасы

    Жерге орналастыруды жобалаудың теориялық негіздері.

    Жерге орналастыруды  жобалау курсын сәтті зерделеу үшін экология, экономикалық теория, геодезия, топырақтану, жер кадастрының ғылыми негіздері, кадастрдағы және жерге  орналастырудағы геодезиялық жұмыстар пәндерін білу керек. Бұл пәнді білу жер мониторингі, жер құқығы, жерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу, жерді бонитеттеу және бағалау пәндерін игеру қажет. Аталған пән кадастр мамандығы пәндерінің негізгілеріне жатады. ҚР-ның әр түрлі табиғи жағдайына тән шаруашылық аралық, агроқұрылымдар жерін орналастыру, учаскелік жерге орналастыру жобадарын құру және негіздеу әдістемесін оқытады. Жерге орналастырудың әдістемелік негізіне сүйеніп жерге орналастыруды жобалаудың принциптерін (қағида), классификациясын, жобалық шешімдердің экономикалық тиімділігін анықтауды, жерге орналастыру құжаттарының құрамын және оларды толтыруды үйретеді.

    Жерге орналастыру-бұл  ҚР-ғы нормативтік актілер талаптарына  қайшы келмейтін, белгілі бір  тәртіппен жүзеге асырылатын жерге орналастыру, жерді тиімді пайдалану, қорғау жұмыстарының жиынтығы.

    Жерге орналастыруды  жобалау дегеніміз-жерге орналастырудың әртүрлі түрлері мен пішіндерін зерттейтін ғылым саласы. Жерге орналастыруды  жобалау жерге орналастыру процесінің ең негізгі бөлігі болып табылады. Бұл жоба 2 бөлімнен тұрады: 1) графикалық бөлім; 2) жазбаша бөлім.  Графикалық бөлімінде-жобалық жоспар (шекаралас телімдер, телімнің ауданы, орналасқан жері) көрсетіледі. Жазбаша бөлім- (жобаны шынайыға айналдыру, әртүрлі карталар, геоботаникалық, жерді бағалау, агроэкологиялық және басқалар), схемалар, графиктер, диаграммалар көрсетіледі.

    Жерге орналастыру  процесі келесі этаптардан тұрады:

    1) алдын ала  зерттеу жұмыстары;

    2) жерге орналастыру  жобаларын, схемаларын, болжау сызбаларын  құрастыру;

    3) құжаттарды  қарастыру және бекіту;

    4) бекітілген  жобаны шынайыға айналдыру;

    5) жерге орналастыру  материалдары мен құжаттарды  беру;

    6) жобаның бекітілуі  бойынша іске асуын қадағалау. 

    Жерге орналастыру  ауылдық жерлермен бірге қалалық  жерлерде де өткізіледі. Бұл жұмыстарға қала территориясын жоспарлау, қалааралық жолдарды жобалау, қала айналасындағы елді мекендерді, саяжай жерлерін жобалау. Қала ішін аймақтық аудандарға бөлу, айтылған жерлерді жобаланған мақсатына байланысты пайдалану, қорғау жұмыстары жатады. Жоба жасау кезінде аймақты төтенше жағдайлардан қорғау, техногендік мінездегі зоналарды қоршау, зиянды әсері бар заводтар территориясын бекітуге көп көңіл бөлінеді.

     

    Жерге орналастыруды жолдары

    Жер адамның материалдық саламен байланысты қызметінде өндірістік байланыстардың нысаны болып табылады. Сонымен қатар ол барлық салаларында өндірісті ұйымдастыруда жер басты инженерлік база. Қандайда болмасын құрылыс тұрғызарда (нысандарды жобалауда) жұмыс жер телімінің бөлінуінен басталады. ҚР-ның Жер кодексіне сәйкес жерге орналасу жобасына сай шынайы түрде жер ауданы мен оның шекарасы анықталмай құрылыс жұмыстарын бастауға тыйым салынады. Бұл ереже шахта, кен орындары, энергетика, фабрика, завод, жолдар құрылысы және т.б. нысандарға қатысты. Ал ауыл шаруашылығында жер өндірісінің басты құралы. Сондықтан жерге орналастыру жобаларын жасауда оның сапасына, жанжақтылығына аса үлкен көңіл бөлінеді, онда жер жобалаудың жалпы талаптарымен қатар сол алынған аймақтың ерекшеліктері, климаты, нысандардың орналасуы, шаруашылықта тиімділігі, яғни барлық жағдайлары қарастырылады, ескеріледі. Ауыл шаруашылығында жерде өндірісті ұйымдастыру жерді пайдаланудың сыртқы шекараларын жобалаудан басталып, сол жобаны шынайыға шығарып жүзеге асырумен аяқталады. Жерге орналастыру жобаларын жасау нәтижесінде жеке меншік, ауыл шаруашылық, шаруашылыққа жатпайтын, яғни жерге орналастыру нысандарының қатарына енгізілген жер телімдерінің тығыз тораптары қалыптасады. Жеке жер иелері мен жерді пайдаланушылардың жерлерінде өндірісті аумақтық ұйымдастыруға өзгерістер енгізіледі, болашақта жобалау, оны әлеуметтік экономикалық, экологиялық тұрғыдан және техникалық есептемелерімен негіздеу және соның нәтижесінде аумақты жаңа кеңістікте ұйымдастыру. Жерге орналастырудың жобалаудың негізгі мазмұны болып табылады. Жерге орналастыру жобасының нақты нәтижелері:

    ─ экономикалық тиімді; экологиялық мақсатты техникалық дәл аудандар

    ─ жер иеліктері мен жерді пайдалану шекараларын нақтылау;

    ─ құрылымдардың  жер массивтері;

    ─ шаруашылық өндірістік орталықтардың жерлері;

    ─ жайылым және шабындық жерлері;

    ─ егістік, бау-бақша  жерлері;

    ─ басқа да шаруашылық жер телімдері;

    ─ жерді түрлі  жерлерге бөлетін жолдар, арналар, орман  жолақтары.

    Есептемелерге негізделген осы айтылған нысандар жер планында айқын көрсетіле отырып, жер өндірісінің техникасы мен ұйымдастыруына ықпал етеді. Тиісті өкілетті мекемелер тексерген және заңды түрде бекітілген жерге орналастыру жобасы сол жерді пайдаланудың ұзақ жылдарға арналған құқықтары мен пайдалану тәртібін белгілейді. Жерге орналастыруды жобалау ауыл шаруашылық өндірісі мен оның аймағын ұйымдастыру, табиғатты тиімді пайдалану, табиғатты, жер, суды қорғау шараларымен, мәдени ландшафттар жасаумен тығыз байланысты. Қазіргі жерге орналастырудың салааралық сипаттағы жалпы республика сонымен бірге халық шаруашылығының жеке салаларының көлемін де, жердің пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған іс қимылдарды қамтиды. Сондықтан қазіргі кезде жерге орналастыру құрамында салааралық жерге орналастыру түрі анық белгіленіп отыр. Салааралық жерге орналастыру арқылы жер қорының категорияларға бөлінуі, соңғыларының  көлемінде арнайы мақсаттағы жер қорларының құрылуы, елді мекендердің орналасуы жүзеге асырылады. Елді мекеннің жер массиві, әкімшілік территориялық бірлік немесе ауыл округінің бір бөлігі болып табылады. Салааралық жерге орналастыруға облыстар мен аудандардың шекараларын белгілеу жатады.

    Шаруашылықаралық  жерге орналастыру- бұл бір топ шаруашылық, кей уақытта бүтін аудандардың территорияларда жүргізілуі, бірақ тек жеке саланың шеңберінде.

    Ішкі  шаруашылық жерге орналастыру-тек ауыл шаруашылық кәсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің шеңберінде жүргізіледі. Оның негізгі мақсаттары-жерді өңдеудің негізгі технологиясын енгізуге топырақты техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды қалыптастыруға қолайлы территориялық жағдай жасау.

    Учаскелік жерге  орналастыру- жеке учаскенің шеңберінде жүргізіледі. Жерге орналастырудың бұл түрінде жұмыс жобаларының  типтеріне қарай мынадай түр тармақтарына бөлуге болады:

    1) ауыл шаруашылық  учаскелерді жақсарту;

    2) бүлінген жерлерді  қайта қалпына келтіру (рекультивация);

    3) жаңа жерлерді  игеру;

    4) мәдени техникалық  шараларды жүргізу;

    5) эрозияға қарсы  шараларды жобалау;

    6) мелиоративтік  шараларды жобалау.

    Шаруашылықаралық  жерге орналастыру түр тармақтары мен формалары (кесте.)

     

    ҚР-ның жер қоры

    Қазақстан жер  қоры 7 категорияға бөлінеді, солардың ішінде ең көп орын алып жатқан ауыл шаруашылық жерлері (31,5%). Ауыл шаруашылық жерлеріне ауыл шаруашылық қажеттілігіне бөлінген жерлер жатады және шаруашылықтар үшін бұл жерлердің маңызы зор.

    Елді мекен  жерлеріне қалалардың, қала типтес ауылдардың, ауылдық жерлердің және осы категорияға бөлінген қалалардың іргелес жерлері жатады, елді мекендердің шекаралары бекітілген орындарға дейін есептеледі.

                 ҚР-ның жер қорының категориялары (кесте)



    Жер категориялары

     Аудан  (мың га.)

          Барлығы %

    1

    Ауыл шаруашылығына  арналған жерлер

    82214,1

    31,5

    2

    Елді мекен  жерлері

    20374,6

    8,0

    3

    Өндіріс, транспорт, байланыс, қорғаныс.т.б. жерлер

    2433,4

    0,9

    4

    Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар

    2893,8

    1,1

    5

            Орман қоры жерлері

    23408,8

    9,0

    6

               Су қоры жерлері

    3789,8

    1,4

    7

    Жер қоры (земли  запаса)

    125560,3

    48,1

     

    Барлық  жерлер

    261171,4

    100,0

     

    Өндірістік, транспорттық, байланыс, қорғаныс жерлеріне әр сала бойынша алдарына қойылған талаптарды орындауға бөлінген мекеме жерлері.

    Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жерлеріне ұлттық саябақтар, қорықтар, қорықшалар жерлері жатқызылады. Бұл жерлерге заңды түрде бөлінген және ғылыми-мәдени тұрғыдан мемлекетке бағалы, айырықша ландшафттар кездесетін геологиялық жер бедерлері, жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғауға арналған арнайы жерлер жатқызылады.

     

                   Жерге орналастыру принциптері

    Жерге орналастырудың түріне, тармағына, формасына қарамастан оның қай іс қимылы болсада белгілі  бір принциптерге негізделеді. Принциптер деп- белгіленген шараларды жүзеге асыру басшылығына алынатын аса маңызды методологиялық ережелер, басқаша айтқанда осы дәрежеде қаралатын күрделі міндеттер аталады.

    Жерге орналастыру  принциптерін 2 топқа бөліп қарастырамыз. Жалпы принциптер және жеке принциптер. Біріншілеріне мыналарды жатқызуға  болады:

    ─ қоғамдық, сонымен бірге  ауыл шаруашылық өндірістің тиімділігі мен тұрақты ретабльдігін қамтамасыз ету;

    ─ ауыл еңбеккерлерінің  тұрмыс жағдайларын үздіксіз жақсартып  отыру,

    ─ заңдар мен нормативтік  актілерді қатал ескеріп отыру;

    ─ қабылданған  шешімдерді озатты ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге негіздеу;

    ─ күрделі қаржылардың  барынша үнемделуін және жылдам өтелуін  қамтамасыз ету.

    Жеке принциптерге:

    ─ ҚР-ның Конституциясы  мен жер заңдарына сәйкес жер  қатынастарын жетілдіру;

    ─ бүкіл халық  шаруашылық мүдделіктерін жан жақты ескере отырып, ауыл шаруашылығының жерге деген приоритетін сақтау;

    ─ жерді халық  дәулеті және аса маңызды өндіріс  құралы мен табиғат ресурсы ретінде жоғары тиімділік пен пайдалану және қорғау;

    ─ жерге иелік  ету мен шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең құқық қамтамасыз ету;

    ─ жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың, олардың  межелерімен  аудандардың, жеке шаруашылықтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық  жағдайлармен жердің кеңістік қасиеттерін  барынша ескеру.

    Жерге орналастыру жобаларында берілген әлеуметтік экономикалық тиімділік  пен экологиялық қауіпсіздік осы принциптердің негізінде дәлелденеді. Сонымен бірге бұл принциптер методологиялық  негізі ретінде нақты міндеттерді орындау әдістемесін, демек ненің, қалай және қандай жүйеліктерінде орындалуын себептейді.

         

     

          

     

                      ҚР-ның Жер реформасы

    Жер реформасы  республика экономикасының  нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі жаңа жер иелену және жер пайдалану жүйесін құру жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру техникалық шаралар кешені болып табылады. Оның негізгі міндеті әр түрлі шаруашылық жүргізу формаларына жаңа құқық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау мақсатымен жер қатынастарын өзгерту, демек, жаңа жер құрылысын қалыптастыру және оның негізінде тұрақты түрде ауыл шаруашылық өкімінің көлемін арттырып отыру. Осы міндетті жүзеге асыру барысында жер реформасын, оның жеке кезеңдерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандыру, осы жөнінде бірқатар зерттеулер жүргізу қажеттіліг пайда болады. Өкінішке орай совхоздарды жекешелендіру және колхоздарды қайта құру жөніндегі жалпы аграрлық реформа, негізінен аграрлы экономикалық ғылымының ұсыныстары тиісті деңгейде ескерілмей, ал кей кездерде мүлде оларға кері жүргізілді.Бұл күрделі процесс шеттен тыс асығыстықпен, аймақтармен шаруашылық нақты табиғи және экономикалық ерекшеліктері еленбеуімен сипатталады. Шаруашылықтардың басым бөлігі тек атауларын өзгертуге ұмтылу ауыл шаруашылық өндірістің құлдырауына әкеліп соқтырды. Егістік көлемдері мен қоғамдық өндірістегі мал басы күрт қысқарды. Осының барлығы жұмыс орындарының азаюына, шаруашылық жүргізу жүйесінің , сонымен бірге топырақ қорғау, егіншілік жүйесінің сақталмауына себеп болды. Өндірістегі дағдарыстың салдарынан әлеуметтік салада да қиын жағдай қалыптасты. Бірқатар шағын аудандарда білім беру, медициналық, сауда, мәдени тұрмыс мекемелері жабылып қалды. Бұның нәтижесінде ауыл тұрғындарының қалаға және басқа ірі елді мекендерге көшу процесі үдей түсті. Жер реформасы жалпы аграрлық реформамен өзара байланысты. Экономикалық салаларда орын алған қиыншылықтар елдің жер қорының балансынада едәуір теріс ықпал жасады. Материалдық және ақшалай қаражаттың тапшылығына байланысты бұрын колхоздар мен совхоздардың қарамағына берілген көбінесе егістік жерлер сұраныссыз қалды. Бүкіл жер қорының жартысынан астамы босалқы арнайы жер қоры құрамына ауысты, ал өңдеудегі жыртылған жердің көлемі 2 есе азайды. Көптеген жер үлестері арам шөптермен басып кетті.  Экономикада әсіресе оның аграрлық саласында орын алған дағдарыс елеулі түрде ғылымның дамуына теріс әсер етті. Сол кездегі жерге орналастыру ғылымының жеткілікті қаржыландырылмағанына байланысты тәжірибелік жұмыстардың жүзеге асырылуына ықпал жасай алмады. Жерге орналастыру қарапайым техниалық әрекеттер мен ғана шектеліп отырды. Жобаларды жасау және оған қажетті материалдарды жаңарту жұмыстары толық тоқтатылды. 1990 жылы ауылда орын алған кері процестер уақыт өте бара экономикада пайда болған жағымды өзгерістермен алмаса бастады. Ауыл шаруашылық өндірісін қолдау жөніндегі президент пен үкіметтің іс әрекеттері арасында аграрлық саясатта ауылдық тауар өндірісін жан жақты дамыту бағытты басшылыққа алынды.


    написать администратору сайта