Главная страница
Навигация по странице:

  • Макала

  • Кіріспе

  • Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр.

  • Латын әліпбиіне көшу туралы сөз қозғалғаннан бастап жұртшылық арасында пікірталас өршіп кетті.

  • Елінің болашағын ойлаған әр азамат, зиялы қауым өкілдері, әртүрлі мамандық иелері латын әліпбиіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ой бөлісіп жатыр.

  • Қорытынды

  • Менің пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға.

  • Әдебиеттер

  • Ғарифолла Есім.

  • «Латын әліпбиінің жаңа үлгісі таныстырылды» // «Егемен Қазақстан» порталы, 11.09.2017 жыл

  • Таубай Айбек Мақала. Макала Латын ліпбиін пайдалану мемлекеттілікті іс жзінде барлы баыттарын озайтын маызды ажеттілігі болып табылады


    Скачать 24.52 Kb.
    НазваниеМакала Латын ліпбиін пайдалану мемлекеттілікті іс жзінде барлы баыттарын озайтын маызды ажеттілігі болып табылады
    Дата23.11.2021
    Размер24.52 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТаубай Айбек Мақала.docx
    ТипДокументы
    #279397

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
    М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
    мемлекеттік университеті.

    Орындаған:Таубай Айбек ТР 21к

    Тексерген:

    Макала

    Латын әліпбиін пайдалану мемлекеттіліктің іс жүзінде барлық бағыттарын қозғайтын маңызды қажеттілігі болып табылады. Қазақ жазуының қалыптасуы күрделі және көп қырлы процесс болып саналады. Тарихи және саяси оқиғалар тілдік ортаға және олардың жазбаша ойлар жолдарын қалыптастыруына үлкен әсер етті. Ғасырлар бойы графиканы өзгертудің бір маңызды себебі қазақ дыбыстық ауқымының кейбір элементтерінің айтуы ерекшелігі болғандықтан белгілі бір алфавитті таңдауды қиындатты. Араб, латын немесе славян графиктерін пайдалана жүріп және пайдалану үшін қазақ халқының ғалымдары, әйгілі тұлғалары мен қайраткерлерінің арасындағы талай уақыт бойы келіспеушілік пен пікірталас сүйемелдеуіне пайда болды. Уақыт талаптарына байланысты, сондай-ақ ағылшын тілінде бірқатар пәндерді оқыту, жас ұрпақ үшін көп тілді ортаны дамытуға байланысты латын алфавитін таңдау туралы жалпы шешім қабылданды. Бұл мақалада осы процестің негізгі мәселелері қарастырылады.

    Кіріспе


    Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның оң жылында қызу талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі екендігі бәрімізге белгіліақ. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» -деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз керектігі де түсінікті.

    Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр. Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз жөн сияқты. «Бұл үдеріс жақсы дайындықты және ойластырылып жүргізілуді қажет етеді. Осы орайда, ХХ ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз дұрыс. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде.

    Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандардың бар екендігін жасырмаймыз және олардың санда ры да баршылық. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білуіміз қажет сияқты.

    Заң қабылданды, екі рет тіл дамыту бағдарламалары дайындалды.

    Президентіміз Қазақстанның болашағы – қазақ тілі деген сөзді де айтты.

    Амал нешік, бірақ іс жүзінде баяу жылжудамыз. Ілгерілеу бар, әрине...

    Дегенмен де жүз қазақтың арасындағы бір орыс үшін бүкіл мәжілісті. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» (Абай) дегендей, бүгінде сол

    тіліміз пікір айтушылардан кенде емес. Бірақ бүгінгі пікір кешегідей

    емес. Пайымдап қараған адам, бейнелеп айтқанда, ит талаған терідей

    додаға түсіп, серкедей бұтарланған тіліміздің мүше-мүшелерін әр

    көкпаршының қолынан көруге болады.Латын әліпбиіне көшу туралы сөз қозғалғаннан бастап жұртшылық арасында пікірталас өршіп кетті. Мысалы, «латын әліпбиін қабылдаған жағдайда келешек ұрпақ кирилл жазуы негізіндегі бұрынғы бай жазба мұрамызды оқи алмай қалады» деген пікірге, екінші біреулер: «Қазақтың жазба мұрасы көп жылдық тарихы бар елдерге қарағанда (қытай, араб, француз) аз, сондықтан қазіргі жағдайда барлық жазба мұрамыз бен жәдігерлерімізді латын әрпіне бірте-бірте көшіріп алуға мемлекетіміздің мүмкіндігі жетеді» дейді. Мұндай пікірлер көпақ, көп...

    Елінің болашағын ойлаған әр азамат, зиялы қауым өкілдері, әртүрлі мамандық иелері латын әліпбиіне қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ой бөлісіп жатыр. Дегенмен, мәселенің байыбына терең бармай, әліпби өзгертуді бұрынғы кирилл әріптерін латын әріптерімен ауыстыра салу деп түсінетіндер де бар. Егер бұлай түсінсек, яғни қазіргі қырық екі әріпті латын әріптерімен жай ғана алмастыра салсақ, одан ештеңе өзгермейді

    Қорытынды


    Латын әліпбиіне кіруәлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе медицина мен басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша жазылады (Semei anasy //https://aikyn.kz).

    Менің пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға. Алысқа бармай-ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады.Сонда отырыпақ, өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Латын әліпбиіне көшіу – ол, өз әліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік әлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан тез арада көшуіміз кажет деген пікірдемін.

    Әдебиеттер

    1. «Латын әліпбиі . 21.02.2016 жыл

    2. «Латын әліпбиіне көшу қаншалықты маңызды?» Линвистердің пікірлері «Егемен Қазақстан» газеті, 10 тамыз 2016 жыл

    3. Ғарифолла Есім. «Латынға өткенде қазақша әуезді жоғалтып алмау керек» // «Қазақ әдебиеті» газеті

    4. Базарбаева З. «Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді» // «Қазақ үні» ұлттық портал. 17.10.2017 жыл,

    5. «Латын әліпбиінің жаңа үлгісі таныстырылды» // «Егемен Қазақстан» порталы, 11.09.2017 жыл

    6. «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» // Орталық Қазақстан. – 18 сентября 2017

    7. «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы қанша?» // «Семей айнасы», 13.05.2017 жыл

    8. Автордың аты-жөні, тегі: Кулахметова М.С., Кабишев Б.

    9. Журнал: ҚазҰУ Хабаршысы

    10. Жыл: 2018

    11. Қала: Алматы

    12. Категория: Филология


    написать администратору сайта