Главная страница
Навигация по странице:

  • Факультет: «География және табиғатты пайдалану» Мамндық: «Жерге орналастыру» Студенттің өзіндік жұмысы(Реферат) Орындаған

  • Тексеруші: Дабылова Б.Е. Алматы 2021

  • жотн даму тарихы. Мәди Мусаев ЖОТН СОЖ. Р білім жне ылым министрлігі лФараби атындаы аза лтты университеті Факультет География жне табиатты пайдалану Мамнды Жерге орналастыру Студентті зіндік жмысы(Реферат)


    Скачать 127 Kb.
    НазваниеР білім жне ылым министрлігі лФараби атындаы аза лтты университеті Факультет География жне табиатты пайдалану Мамнды Жерге орналастыру Студентті зіндік жмысы(Реферат)
    Анкоржотн даму тарихы
    Дата13.10.2021
    Размер127 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМәди Мусаев ЖОТН СОЖ.docx
    ТипРеферат
    #246592

    ҚР білім және ғылым министрлігі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті



    Факультет: «География және табиғатты пайдалану»

    Мамндық: «Жерге орналастыру»

    Студенттің өзіндік жұмысы(Реферат)

    Орындаған: Мусаев Мәди

    Тексеруші: Дабылова Б.Е.

    Алматы 2021

    Жерге орналастыру ғылымы және оның дамуы

    Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялықгеодезиялықкартографиялықтопырақтықгеоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.

    20 ғасырдың басында, жедің көбі жекеменшікте болған кезде шаруа ұжымдарының, шаруа жекеменшігінің отрубтық және қысақтық жерлерінде және помещиктердің және басқа жерлердің шекаралары өте дәл аналитикалық тәсілмен жасалған. Жерге орналастыру жұмыстары көбінесе жер бөлудің математикалық және геодезиялық тәсілдерін қолдану және жерді пайдалану құқығы заңмен бекітілген жұмыстарды орындаумен шектелген. Революцияға дейінгі жерге орналастыру жұмыстары жоғарғы айтылған тәсілдермен орындалған.

    Үлкен жер пайдаланушылар, ұжымшарлар мен кеңшарлардың жер пайдаланулары пайда болған кезден бастап жерге орналастыру ғылымы өте тез дами бастады, ал жерге орналастыруды жобалау, осы жұмыстардың құралы ретінде, өте тез дами бастады. Техниканы адамдардың ұжымдық бірлестік еңбегін тиімді пайдалану және ірі жер аумағын ұтымды пайдалану үшін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа тәсілдерін ойлап табу керек болды.

    Шекараларды жер бетінде белгілеу, планға түсіру және жер пайдалану құқығын бекітетін актілермен қамтамасыз ету, яғни техникалық және құқықтық аспектілерімен бірге экономикалық және қоғамдық мәселелерді шешу үшін болды: жаңа ұжымшарлар мен кеңшарлардың шаруашылық орталықтарын, өндіріс бөлімшелерін орналастыру және ұйымдастыру, ауылшаруашылық, алқаптарының түрлерін және құрылымын жарамды түрге келтіру, дұрыс ауыспалы егістіктерді енгізу және т.б.

    Шаруашылық аралық және ішкі шаруашылық жерге орналастыру пайда болды.

    Осы жұмыстарды орындау үшін ғылымның мәнін көтеру керек болды. Жерге орналастыру жұмыстарында және ғылымдарында қоғамдық экономикалық бағыт жер өлшеу, техникалық жұмыстардан басым бола бастады.

    Жерге орналастырудын ұжымшарлар мен кеңшарлардың кезеңінде ғалымдардың арасынан көп еңбек сіңірген ғалымдарды атап кетейік: И.Д. Шулейкин, Н. Бочков, С. Удачин, Н.Н. бурихин және т.б. кейінгі кездегі ғалымдардың арасынан көп еңбек сіңірген ғалымдардың арасынан Гендальман, Тихомирова, Шойхет, Спектор, Мауль, Подольский, Волков, Варламов, Шевченко, Сейфуллин, Белоусова және Қырықбаевтарды атауға болады.

    Кеңес өкіметі кезінде жерге орналастыру ғылымының жалпы теориясы жақсы дамыды: яғни табиғаттық аймақтардың, экономикалық ауандардың ерекшеліктерін ескеретін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа әдістері алға қарыштады.

    Жерге орналастыру мындай жұмыстармен және ғылымдармен өте тығыз байланыста орындалды: жердің құнарлығын бағалау, ауылшаруашылықтық карта жасау, аудандық ауылшаруашылық пландау; келешек жоспарлау, көп жылдық болжау, мелиорациялау, агрооман меллиорациясы, елді мекенді планды жоспарлау.


    написать администратору сайта