Главная страница

қмж жаратылыстану 3-т 2а. 18 саба


Скачать 0.8 Mb.
Название18 саба
Дата22.02.2023
Размер0.8 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақмж жаратылыстану 3-т 2а.docx
ТипДокументы
#949903
страница1 из 8
  1   2   3   4   5   6   7   8

18 сабақ


Бөлім

Жер жəне ғарыш

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Күн Жерге қалай əсер етеді?

Оқу бағдарламасына сəйкес оқыту мақсаттары

        1. Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіру;

        2. Жердің табиғи серігін анықтау;

2.1.2.5 құрылған жоспарға сəйкес бақылау жүргізу жəне қорытынды жасау.

Сабақтың мақсаттары

Күн мен Айдың Жер ғаламшарына əсерімен таныстыру, бақылау жүргізу мен қорытынды жасауды үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Сабақтың басы (10–12 мин).

Сабаққа дайындықты тексеру. Жағымды көңіл күй орнату.
Мұғалім оқушыларды оқу үдерісіне қосу үшін жағдай жасайды. Балаларға суреттерге назар аударып, бірінші əріптер бойынша сабақтың тірек сөзі болатын сөзді табуды ұсынады.


– «Күн» сөзі орыс жəне ағылшын тілдерінде қалай айтылатынын кім біледі?

Сабаққа дайын екендігі туралы хабарлайды. Өзіндік дайындығын анықтайды.

Мұғалімді тыңдауға, сабақтың материалын қабылдауға дайынмын» деген деген оймен сабаққа көңілдерін аударады.


Сабақ тақырыбын

талқылайды. Болжамдарын айтады.

Əрбір оқушының сабақ алдындағы көңіл күйін бағалайды.




– Бұл – біздің сабағымыздың тақырыбы. Сабақтың соңында жетуге тиіс мақсатты айтайық.

Сабақтың мақсатын дауыстап айтады.




Оқулықтағы кесте

Табиғи ресурстары туралы əңгімелеуді ұсынады.

1. Адамның табиғи ресурстарды пайдалануы туралы қандай қызықты фактілер таптыңдар?

Табиғи ресурстар туралы

оқыған қызықты фактілерді əңгімелейді.

ҚБ: «Үш

шапалақ».













Оқушылардың нақты материалды білуін жəне меңгеру

деңгейін бағалайды.







2. Күн деген не?

«Күн мен үшін» ойыны

Оқушылардың назарын жағдаяттағы əрбір кейіпкердің өзінше жауап бергеніне аударыңыз. Қазір əртүрлі мамандық иелерінің тұрғысынан осы сұраққа жауап табуға тырысуды ұсыныңыз. Əр топ өз мамандығын ұсынады: дəрігер, диқан, саяхатшы, суретші т.б.

Тапсырма: Өз мамандығыздың өкілі үшін Күннің маңызын айқындаңдар.

Оқушыларға ой өрбітуді ұсыныңыз:

  1. Біздің ғаламшарда неге өмір бар? Ол неге байланысты?

  2. Мəтінді оқып, өз ойларымызды оқулықтағы ақпаратпен салыстырайық.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Əрқайсысы өз пікірін дəлелдейді.

Əртүрлі мамандық иелері

үшін Күннің маңызын айқындайды.


ҚБ: «Ауызша бағалау».

Оқушылардың болжамдарының дұрыстығын бағалайды.




Қорытынды. Күн Жерді жылытады жəне жарықтандырады. Осының арқасында жануарлар айналадағы əлемді көреді. Күн жарығы мен жылуы жануарлармен қатар өсімдіктерге керек. Күн энергиясы өсімдіктерге өсуге көмектеседі, ал өсімдіктердер тірі жан иелерінің бəрінің тіршілігі үшін аса қажет.

Оқушылар өз болжамдарын жасайды, мəтінді оқиды, қорытынды жасайды.





Оқулық.



















2. Жердің ғарыштағы орналасуына болжам жаса:

  • Жер Күнге жақын орналасса, онда ... .

  • Жер Күннен алыс орналасса, онда ... .

  • Күн сөніп қалса, ... .

Болжамдарын ұсынады.

Егер Күн сөніп қалса, Жерге не болады?

Қорытынды: Егер Күн сөніп қалса, бірнеше аптадан кейін Жерде ешқандай өмір қалмайды. Тек Күн ғана Жердегі су мен ауа мұзды қабатқа айналмайтындай температураны қамтамасыз етеді. Тек Күн ғана бізді азықпен қамтамасыз ететін өсімдіктердің өсуі мен жеміс беруіне мүмкіндік

береді.

ҚБ:

«Кімдікі дұрыс?»

Оқулық.




Оқушылардың







болжамдарының







дұрыстығын







бағалайды.




Динамикалық үзіліс

Оқушылар өздері қалауы бойынша өлең жолдары бойынша қимыл-қозғалыстар жасайды.

Қимылдарды орындайды, жаттығу сөздерін айтады.




Музыкалық сүйемелдеу.

Жұмбақты шешіп, табылған шешім туралы білетінін əңгімелеуді ұсынады.
Көлде жүрген ақ үйрек, Түнде бар да, күндіз жоқ.

(Ай)

  1. Неліктен Ай табиғи серік деп аталады?

  2. Күн секілді Ай жарық пен жылу көзі ме?

Жұмбақты шешеді, Жауабын «Мен ... білемін» деген сөздерден бастап, Ай туралы барлық білетінін айтады.

ҚБ: «Жұлдыз ал»

Дұрыс жəне толық жауаптарды бағалайды жəне көтермелейді.

Таныстырылы м, фото, суреттер.







Оқушылардың білімі мен оқулықтағы мақалаға сүйеніп, балаларды Ай бізге ең жақын орналасқан аспан денесі деген қорытындыға əкелеміз.

3. Айдың ғаламшарымыз үшін маңызы қандай?

«Айдың Жердің айналып жүруі» бейнежазбасы көрсетіледі.







Интернет- ресурстар.

Бақылауды жоспар бойынша жүргіземіз. Неге Күн мен Айдың көлемдері бізге бірдей болып көрінеді? Қорытынды жасаңдар.

Балалардың жауаптарын тыңдағаннан кейін оқулықтағы жоспар бойынша бақылау жүргізеді.

  1. Қолына доп ұстаған бастаушы сенен 1 адым қашықтықта тұрсын.

  2. Осы қашықтықтан доптың көлемін өлше.

  3. Бастаушы сенен алдымен 2 адым, содан соң 4 адымға алыстап тұрады.

  4. Осы қашықтықтардан доптың көлемін өлше.

  5. Нəтижені жаз.

  6. Қорытынды жаса.

Бақылау жоспарымен танысып, зерттеуді қалай жүргізетінін өз сөзімен түсіндіреді.

Дəптерде бақылаудың басты белгілерін тіркейді. Соңында көмекші тіректің – көмегімен қорытынды жасайды: Ай мен Күн бізгекөлемі жағынан бірдейболыпкөрінеді, өйткені...

(Күн Айдан анағұрлым алыс орналасқан).




Ғылыми күнделік, доп, сызғыш.

Балаларды Білгішбектің ақпаратымен таныстырамыз:

Айдың бетінде дөңгелек шұңқырларды көруге болады. Ол кратерлер. Олар метеориттердің құлауынан пайда болған.

Балалардан оларды көргендер бар ма деп сұраңыз. Қалай?

7-тапсырма бойынша Ай бетінің моделін жасауды ұсыныңыз.

Ол үшін табаққа ұн себу қажет. Кезекпен ұнға

«метеориттерді» тастар, шарлар жəне басқаларын лақтырады. Айда кратерлер осылай пайда болады.

Тəжірибені орындай келе, оқушылар айдағы кратерлер басқа ғарыш денелерімен соқтығысудан пайда болған деген қорытындыға келеді.







ІІІ. Сабақтың соңы (10–10 мин)

Ғылыми күнделіктегі тапсырмалармен қызықтырады:

1. Анықтаманы аяқтап жазыңдар.

Талқылайды жəне мұғалімнің басшылық етуімен немесе өздігінен

тапсырмаларды орындайды.

ҚБ: «Ду қол шапалақ». Оқушылардың

нақты

Ғылыми күнделік, қарындаштар

қалам.







2. Оқушылардың назарын ғарыш денелерінің көлемдері мен қозғалысына аударыңыз. Оларды

< немесе > белгілері арқылы салыстырып, қорытынды жасаңдар.

Күн – отты ғарыш денесі.Күн– жұлдыз.

Жер – Күн жүйесіндегіғаламшар.

АйЖердіңтабиғисерігі.

Күн Жерге жылу менжарықбереді.

материалды білуін жəне меңгеру деңгейін бағалайды.




8. Ай сөзі тек аспан денесі ме, əлде басқа мағынаны білдіре ме?

Жаңа Айды толған Айдан қалай ажыратуға болады? Түрлі дереккөздерге қара.

Ғылыми күнделіктегі жəне оқулықтағы үй тапсырмасын қалай орындау керектігі туралы

мұғалімнің нұсқауын тыңдайды.







Сабақты қорытындылау үшін оқушылар сұрақтарға жауап береді:

  1. Ғаламшарымыз үшін Күн қаншалықты маңызды?

  2. Ай дегеніміз не?

Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ:

«Бағдаршам» Сұрақтың жауабын білемін

бе, жоқ па?




Əр оқушының өзін-өзі бағалуын ұйымдастырады. Оқушылардан зымыранды бояп, сабақтағы өз жұмысын бағалауды сұрайды:

  • Қызыл қарындаш ештеңе түсінбедім;

  • Сары қарындаш – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын;

  • Жасылы қарындаш – түсіндім, басқа оқушыға түсіндіре аламын.

Сабақтағы өз жұмысын, оқу материалын меңгеру деңгейін талдайды. Өзінің эмоциялық жағдайын айқындайды. Өз білімін өзі бағалайды.

ҚБ:

«Зымыран» Оқушылардың əрекеттерін өзіндік бағалау. Оқушылар рефлексиясының

нəтижесін талдайды







19 сабақ

Бөлім

Жер жəне ғарыш

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Күннің «достарын» білесің бе?




Оқу бағдарламасына сəйкес

оқыту мақсаттары

2.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тəртібін анықтау;

2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын жəне оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру.

Сабақтың мақсаттары

Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тəртібімен таныстыру, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді

үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңдері

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Сабақтың басы (10–12 мин)

Сабаққа дайындықты тексеру. Жағымды көңіл күй орнату.

Мұғалім оқушылар сабақ үдерісіне қосылу үшін жағдай жасайды. Сөздердің орнын ауыстырып, сөзді оқуды ұсынады.



Осы түсінік туралы не білесіңдер?

Сабаққа дайын екендігі туралы хабарлайды.

Өзіндік дайындығын анықтайды. Мұғалімді тыңдауға, сабақтың материалын қабылдауға дайынмын» деген деген оймен сабаққа көңілдерін аударады.

Сабақ тақырыбын талқылайды.

Болжамдарын айтады.

Əрбір оқушының сабақ алдындағы көңіл күйін бағалайды.




Оқушылар кестедегі суреттер бойынша сабақта не туралы айтылатыны туралы болжам жасайды. Сабақтың соңында қол жеткізілуі тиіс мақсатты белгілейді (Оған рефлексия сатысында оралады).

Сабақтың мақсатын дауыстап айтады.

– Күн жүйесінің ғаламшарлары туралы білеміз.




Оқулықтағы кесте, (флипчарт немесе таныстырылымға шығаруға

болады)

Үй тапсырмасын тексеру

«Иə, жоқ» ойыны(оқушылар əрбір жауапқа қол шапалақтап отырады).

  1. Күн бізге ең жақын жұлдыз. (Иə)

  2. Күннің бетіне ғарыш кемесімен қонуға болады. (Жоқ).

  3. Күн от шары. (Иə)

  4. Күн сəулелері Жер бетіндегі барша тіршілік иелеріне зиян тигізеді. (Жоқ)

  5. Ай түнгі аспандағы ең жарық аспан денесі. (Иə)

Жаңа Ай мен толған Айды қалай ажыратуға болатыны туралы əңгімелейді.

Өлшемдер бойынша өзара бағалау:

  1. Жаңа туған Ай мен ескі Ай – бір ғарыш денесі.

  2. Жаңа туған Ай мен ескі Айдың суреттері дұрыс

салынған.










  1. Ай – Күнді айналып қозғалатын ғаламшар. (жоқ. Ай – серік)

  2. Кратерлер – Айдың беткейіндегі бұрынғы теңіздер мен көлдер. (Жоқ. Метеориттердің құлауынан пайда болған шұңқырлар)

  3. Жер Айдан үлкен. (Иə)

  4. Күн мен Ай көлемі жағынан бірдей. (Жоқ. Зат

бізден неғұрлым қашық болса, соғұрлым кішкентай көрінеді).




3. Қалай ажырату керектігін түсіндіреді.




II. Сабақтың ортасы (25–23

мин)

Балаларға оқулықтағы сурет бойынша Күн жүйесіне қарап, ғаламшарлардың атын Күнге əрі орналасуларына қарай анутауды, ең үлкен жəне ең кіші ғаламшарды жəне көршілес ғаламшарларды атауды ұсыныңыз.
Балалармен бірге ғаламшарлар туралы санамақты (стикердегі) бірнеше рет оқытып, олардың ретін жаттатыңыз.


Санамақты бірнеше рет қайталау арқылы Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін жаттайды.






Санамаққа музыкалық сүйемелдеу https://www.youtu be.com/
















Мұғалім ғаламшарлардың неліктен соқтығыспайтыны туралы болжам жасауды, Білгішбектің хабарын оқуды ұсынады.

«Ғаламшарлар қалай қозғалады?» деген тақырыпта зерттеу жұмысын жүргізеді.

Балалар болжамдарын ұсынады. Əр ғаламшар өз орбитасымен қозғалады деп айтуы мүмкін.

Қатысады немесе бақылайды, сұрақтарға

ҚБ:

«Кімдікі дұрыс?» Оқушылардың нақты материалды білуін жəне меңгеру деңгейін

бағалайды.

Таяқшаға байланған таспалар







Ғаламшарлардың қозғалысын көрсету үшін 8 оқушыға ұзындығы əртүрлі 8 таспа таратыңыз (дəлізге шығуға болады).

  1. Бірнеше оқушыға ұзындықтары əртүрлі таспа- ларды үлестір.

  2. Таспаның бір ұшын қарындашқа (таяқшаға) байла.

  3. Жүргізуші «Күн» болып, қарындашты жоғары көтеріп тұрады.

  4. Оны таспаның бір шетін ұстаған «ғаламшарлар», яғни оқушылар айналып жүреді.

  5. Қорытынды жаса.

    1. Қай ғаламшар Күнді ең жылдам айналып шығады, қайсысы ең баяу айналады? Неліктен?

жауап береді, көмекші тіректің көмегімен қорытынды тұжырымдайды:

Барлық ғаламшарларКүнді айналақозғалады.

Əрғаламшардыңөзорбитасыбар.

Ғаламшарлардыңорбитасы Күнненəртүрлі қашықтықтаорналасқан,сондықтан

оларсоқтығыспайды.







Дидактикалық ойын: «Ғаламшарлар, сапқа тұрыңдар!»

Барлық оқушылар қатысуы үшін ойынды бірнеше рет ойнатуға болады. Ғаламшарлардың атаулары жазылған карточкаларды таратыңыз.

– Біз ғаламшарлар Күнді айналып жүретінін білдік. Олардың əрқайсысының орбита деп аталатын жолы бар. Ғаламшарлардың атаулары мен айналу ретін еске сақтауда санамақ көмектеседі.

Ғаламшарлардың атаулары жазылған карточкаларды ұстап , рет-ретімен тізіліп, басқа ғаламшарлар арасындағы орнын белгілейді.

ҚБ:

«Жұлдыз ал». Дұрыс жəне толық жауаптарды бағалайды жəне көтермелейді.

Ғаламшарлардың атаулары жазылған карточкалар.

Айдағы жұлдызшы Ғаламшарларды санады: Меркурий бір, Шолпан – екі,

Үш – Жер, төрт – Марс.

Бес – Юпитер, алты – Сатурн, Жеті Уран, сегіз Нептун.










Сабақтың соңы

Күрделілік деңгейі əртүрлі тапсырмаларды ұсынып, Ғылыми күнделіктегі тапсырмалармен қызықтырады:

1. Күн жүйесінің сызбасын тап жəне қорша.

Талқылайды жəне

Оқушылардың

Ғылыми

(10–10 мин)

мұғалімнің басшылық

нақты материалды

күнделік,




етуімен немесе

білуін жəне

қарындаштар




өздігінен




қалам.







  1. Ғаламшарларды Күннен алыстау орналасуларына қарай ретін көрсет.

  2. Күн жүйесінің ғаламшарлары Күннен əрі

қандай ретпен орналасқан?

тапсырмаларды орындайды.

меңгеру деңгейін бағалайды.




Түрлі ақпарат көздерін пайдаланып, анықта:

  1. Ең үлкен қай ғаламшар?

  2. Қай ғаламшар теңіз патшасының есіміне ие?

  3. Қай ғаламшар алқызыл түсті?

  4. Күн жүйесіндегі ең жылдам ғаламшар қай ғаламшар?

Ғылыми күнделік пен оқулықтағы үй тапсырмасын көреді.







Сабақты қорытындылау үшін оқушылар сұрақтарға жауап береді:

  1. Күннен алыстау орналасуларына қарай Күн жүйесінің ғаламшарларын ретімен ата.

  2. Күн жүйесінің ғаламшарлары қалай қозғалады?

  3. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшарды ата.

Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ:

«Бағдаршам». Сұрақтың жауабын білемін бе, жоқ па?




Əр оқушының өзін-өзі бағалуын ұйымдастырады. Оқушылардан зымыранды бояп, сабақтағы өз жұмысын бағалауды сұрайды:

  • Қызыл қарындаш ештеңе түсінбедім;

  • Сары қарындаш түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын;

  • Жасылы қарындаш – түсіндім, басқа оқушыға түсіндіре аламын.

Сабақтағы өз жұмысын, оқу материалын меңгеру деңгейін талдайды. Өзінің эмоциялық жағдайын айқындайды. Өз білімін өзі бағалайды.

ҚБ:

«Зымыран». Оқушылардың əрекеттерін өзіндік бағалау.

Əр оқушы өзінің сабақтағы оқу материалдарын қалай түсінгенін,

меңгергенін бағалайды.







  1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта