Главная страница

қмж жаратылыстану 3-т 2а. 18 саба


Скачать 0.8 Mb.
Название18 саба
Дата22.02.2023
Размер0.8 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақмж жаратылыстану 3-т 2а.docx
ТипДокументы
#949903
страница4 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8

22 сабақ


Бөлім

Жер жəне ғарыш

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Күн бізден қаншалықты алыс орналасқан?

Оқу бағдарламасына сəйкес оқыту мақсаттары

2.4.3.2 ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіру;

        1. бақылау жүргізудің жоспарын құру;

        2. құрылған жоспарға сəйкес бақылау жүргізу жəне қорытынды жасау.

Сабақтың мақсаттары

Ғарыштағы қашықтың ерекшеліктерімен танысу, бақылау жүргізуді үйрету.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Сабақтың басы (10–12 мин)

Оқушылармен сəлемдесу. Қатыспағандарды белгілеу. Сабаққа дайындықты тексеру.

Жағымды көңіл күй орнату. Оқушылардың оқу үдерісіне қосылуы үшін жағдай жасайды.

Жасырылған сөздерді тауып, олардың мағынасын түсіндіруді ұсынады.


Жауабы: шоқжұлдыз.

Сабаққа дайын екендігі туралы хабарлайды.

Өзіндік дайындығын анықтайды. Мұғалімді тыңдауға, сабақтың материалын қабылдауға дайынмын» деген деген оймен сабаққа көңілдерін аударады. Сабақ тақырыбын талқылайды.

Болжамдарын айтады.

Əрбір оқушының сабақ алдындағы көңіл күйін бағалайды.




Сабағымыздың тақырыбы осы. Сабақтың соңында жетуге тиіс мақсатты айтайық.

Сабақтың мақсатын дауыстап айтады.




Оқулық







– Ғарыштағы арақашықтық пен уақыттың ерекшеліктері

туралы білеміз.







II. Сабақтың ортасы (25–23

мин)

Жұлдыздар адамзатты ежелден қызықтырған. Түнгі аспанды зерттеу үшін олар түрлі аспаптарды ойлап тапқан.

1. Алғашқы телескопты ойлап тапқан кім? (Г.Галилей)

Алғашқы телескоптардың арқасында астрономдар жұлдызды аспанды зерделеген. Оқушыларды оқулықтың мəтінімен таныстырыңыз.

  1. Жұлдыздар мен шоқжұлдыздарды көрдіңдер ме?

  2. Қандай шоқжұлдызды білесіңдер?

  3. Жетіқарақшы шоқжұлдызын табыңдар. Ол неге ұқсайды? Несімен қызықты?

Жұмбақты шешеді, сұхбаттасады.


Оқулықтағы мəтінді оқиды, жұлдызды аспан картасынан көреді.

ҚБ: «Үш шапалақ». Нақтылаушы сұрақтардың көмегімен оқылғанның түсінілгенін бағалайды.


Оқулық, бейнежазба

Динамикалық үзіліс

Ғарыш жаттығуы

Қимылдарды орындайды,

жаттығудың сөздерін айтады.




Музыкалық сүйемелдеу

Күн барлық жұлдыздардан ең жақын орналасқан жұлдыз екенін балалардың есіне салыңыз.

  1. Жұлдыздардың бізден қаншалықты алыс орналасқаны туралы ойландыңдар ма?

  2. Күнге дейін қанша уақытта ұшып жетуге болатыны туралы болжам ұсыныңдар.

Мұғалім оқулықтағы мəтінді оқиды.

  1. Ойланыңдар, ғарышта уақыт қалай жүреді?

Болжам жасайды.


Мұғалімнің оқығанын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Білгішбектің хабарын оқиды.

ҚБ: «Ауызша бағалау».

Оқушылардың болжамдарының дұрыстығын бағалайды.

Оқулық

Шығармашылықты, ауызекі тілді, сурет бойынша мəтін құру дағдысын дамытады.

Жұпта немесе топта жұмыс жасап, суретке сүйеніп, ертегі

құрастырады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек».

Оқушылардың

сабақтағы өзіндік

Оқулық, сурет, слайд










оқу əрекетін

өздіктерінен бағалау нəтижесін талдайды.




ІІІ. Сабақтың соңы (10–10 мин)

Ғылыми күнделіктегі тапсырмалармен қызықтырады:

  1. Жұлдызды аспан картасын көріңдер. Жетіқарақшы жəне кішіқарақшы шоқжұлдыздарын табыңдар. Оларды қоршаңдар.

  2. Анықтамадағы сөздерді қолданып, сөйлемдерді толықтырып жаз.

Талқылайды жəне тапсырмаларды орындайды.

Астрономдар ғарыштықарақашықтықты жарықжыларқылыөлшейді.Күн

бізге ең жақын жұлдыз.Бірақ Жерден Күнгедейінгі арақашықтық 150миллионкилометрнемесе

8жарықминут.

Оқушылардың нақты материалды білуін жəне меңгеру деңгейін бағалайды.

Ғылыми күнделік, қарындаштар, қалам.

«Жұлдыздар неге күндіз көрінбейді?» деген тақырыпта бақылау жүргіз. Қорытынды жаса.

  1. Қараңғы түскенін күтіп, бөлменің шамын жақ.

  2. Терезеге жақын келіп, көшеге қара.

  3. Не көріп тұрсың?

  4. Шамды өшіріп, қайтадан терезеден қара.

  5. Енді не көріп тұрсың?

  6. Жұлдыздардың күндіз неге көрінбейтініне қорытынды жаса.

Үй тапсырмасын қалай орындау керектігі туралы нұсқауды мұқият тыңдайды.







Сабақты қорытындылау үшін оқушылар сұрақтарға жауап береді:

  1. Ғалымдар ғарышты ненің көмегімен өлшейді?

  2. Күннің сəулесі Жерге қанша уақытта жетеді?

  3. Жерден Күнге дейінгі арақашықтық қандай?

Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ:

«Бағдаршам». Сұрақтың жауабын білемін бе, жоқ па?




Оқушылардың сабақтағы өзіндік оқу əрекетін, өзінің мақсатқа қарай жылжуын, өздігінен бағалауын ұйымдастырады. Оқушылардан жұлдыздарды бояп, сабақтағы өз жұмысын бағалауды сұрайды:

  • Қызыл қарындаш ештеңе түсінбедім;

Сабақтағы өз жұмысын, оқу материалын меңгеру деңгейін талдайды. Өзінің эмоционалдық жағдайын анықтайды. Өз білімін өзі бағалайды.

ҚБ: «Жұлдыздар».

Оқушылардың əрекеттерін өзіндік бағалау.

Əр оқушы өзінің сабақтағы оқу




  • Сары қарындаш – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын;

  • Жасыл қарындаш – бəрін түсіндім, басқаға түсіндіре аламын.




материалдарын қалай түсінгенін, меңгергенін бағалайды.






23 сабақ

Бөлім

Табиғат физикасы

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Заттар неліктен қозғалады?

Оқу бағдарламасына сəйкес оқыту мақсаттары

2.5.1.3 қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу;

2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нəтиже).

Сабақтың мақсаттары

Құрылған жоспарға сəйкес бақылау жүргізу жəне қорытындылап, тұжырымдау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

І. Сабақтың басы (10–12 мин)

Оқушылармен сəлемдесу. Қатыспағандарды белгілеу. Сабаққа дайындықты тексеру.

Жағымды көңіл күй орнату.

Сабаққа дайын екендігі туралы хабарлайды. Өзіндік дайындығын анықтайды.

Мұғалімді тыңдауға, сабақтың материалын қабылдауға дайынмын» деген деген оймен

сабаққа көңілдерін аударады.

Əрбір оқушының сабақ алдындағы көңіл күйін бағалайды.




Педагог буындардың орнын өзгертіп, сабақта не туралы айтылатынын білуді ұсынады.


– Көмекші сөздерді оқып, қозғалыстың не

- Қозғалыс дене күйінің басқа денелерге қатысты өзгеруі.

Қозғалыс бұл өзгеріс.
Оқушылар қозғалыс мысалдарын келтіреді (мəшине жолмен жүреді, сағат тілдері, адамдар жолмен



Оқушыларды белсенділігі үшін көтермелейді.


Оқулық




екенін еске түсіріңдер.

жүреді, балалар алаңда жүгіріп жүр, ағаштың бұтақтары қозғалады т.б).








Сабақ тақырыбын нақтылау, сабақ мақсаттарын жəне оларға қол жеткізу жолдарын белгілеу бойынша оқушылардың жұмысын ұйымдастырады.

Балалар педагогпен бірге Сабақтың соңында қол жеткізілуі тиіс мақсатты белгілейді (Оған рефлексия сатысында оралады).

ҚБ: «Ауызша бағалау».

Мұғалімнің

ауызша пікір білдіруі.



Оқулық


«Жұлдыздар неге күндіз көрінбейді?» жоспары бойынша бақылаудың қорытындысын сұрайды.



«Жұлдыздар неге күндіз көрінбейді?» деген тəжірибенің нəтижесін таныстырады.

ҚБ: «Екі

жұлдыз, бір тілек».

Үй тапсырмасын

дұрыс орындауларын

Ғылыми күнделік







бағалау.




II. Сабақтың ортасы (25–23

мин)


Оқулықтағы сюжетті суретке қарап, мəн беруді ұсынады.

Оқулықтағы суретке мəн беріп қарайды.






Оқулық





Өзекті сұрақ қояды:

  1. Арбаны, мəшинені, допты қозғалтатын не?

  2. Заттарды қозғалысқа келтіретін не?

Өз болжамдарын айтады: «Қыз арбаны итереді, балалар допты тебеді, бала мəшинені сүйреп келеді. Дене оған əсер еткен

кезде қозғала бастайды» деген болжам айтады.







Өз болжамдарын тəжірибемен растауды

ұсынады.

Заттарды не қозғалтатынын білу үшін

тəжірибежүргіземіз.

  1. Алдыңа қаламсауытты қой.

  2. Заттың қозғалғанын не қозғалмағанын бақыла.

Оқулықтан тəжірибе жоспарын оқиды. Жоспар бойынша орындап, қорытынды жасайды:

Зат итергендіктен қозғалды.

ҚБ: «Ауызша бағалау».

Оқушылардың нақты материалды білуін жəне

Оқулық
Пенал (тəжірибе жүргізу үшін)




  1. Қаламсауытты итер.

  2. Қорытынды жаса.

Ештеңе де өздігінен қозғалмайды. Сүйрегенде немесе итергенде ғана заттар қозғалысқа түседі. Күш заттарды сүйреуге немесе итеруге себепші болатын нəрсе. Күш заттарды қозғалысқа түсіреді, қозғалысты тоқтатады, жылдамдатады немесе оны тежейді, бағытын өзгертеді.

Білгішбектің анықтамасымен танысуды ұсынады:

Күш дегеніміз басқа денелердің тарапынан болатын əсердің өлшемі. Күш көлемі мен бағыты бойынша ерекшеленеді. Күштің бағыты меңзермен көрсетіледі.

Күштің түрлері көп.



Ақпаратты мұқият тыңдайды, ақпараттың тағы бір рет мұқият оқиды. Педагогтің сұрақтарына жауап береді.

меңгеру деңгейін бағалайды.




Педагог оқулықтағы суреттерді көрсетіп, күштің қандай болатынын айтуды ұсынады.

Мысалдарды көрейік.

Бала доппен ойнап жүр. Ол допты жоғары қарай лақтырды. Жер допты өзіне тартатын күш ауырлық күші деп аталады. Ауырлық күші болмаса, жаңбыр жаумайды, өзендер ақпайды. Балалар шана теуіп жүр. Шаналар қарға жанасып жүр. Бұл үйкеліс күші. Екі зат бір- біріне жанасып, бір-біріне қатысты қозғалған кезде үйкеліс күші пайда болады. Үйкеліс күші болмаса, біз мəшинемен немесе велосипедпен жүре алмаймыз.

Магнит металл заттарды өзіне тарта алады, өйткені оның магниттік күші бар. Магниттік күш магниттелген темір немесе металл

денелердің басқа темір магниттелген заттарты тарту қабілеті. Магниттік күш дауыс

Түрлі күштердің мысалдарын келтіреді.





Оқулық




зорайтқыш, тұсбағдардың (компастың) жұмысы үшін қолданылады.

Садақтан оқ атқан кезде серпімділік күші қолданылады. Серпімділік күші күштің формасы бұзылғандықтан, бастапқы күйге оралуға тырысу нəтижесінде пайда болатын күш.

Серпімділік күші шектерді тарту, серіппелі есік ашылып-жабылған кезде пайда болады.

Күш хаттарды қозғалта алады, қозғалысты тоқтата немесе жеделдете алады, қозғалыс

бағытын өзгерте алады.










Динамикалық үзіліс











Ұзын құлақ, сұр қоян Естіп қалып сыбдырды, Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Өлеңде сипатталған қимылдарды орындайды.

  1. Қыста шана тепкенді ұнатасыңдар ма?

  2. Шананы қозғалысқа келтіретін не екендігін еске түсіріңдер.

  3. Тоқтасаңдар, не болады?

  4. Бос шананы сүйреткен жеңіл ме, əлде қиын ба?

  5. Қалай ойлайсыңдар, шананы тегіс жолмен тауға қарай не таудан төмен қарай сүйреген жеңіл ме? Неліктен?

  6. Қандай қорытынды жасауға болады? Қорытынды: шана өзі қозғалмайды. Ол сүйреген не итерген кезде ғана қозғала алады. Денені тарту немесе итеру арқылы

қозғалтудың мысалдарын келтіріңдер.


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, қорытынды жасайды.

Тарту жəне итеру арқылы заттарды қозғалтудың мысалдарын келтіреді.

ҚБ: «Кімдікі дұрыс?»
Топтардың жұмысын бағалайды.



Оқулық




«Кімкүштірек?»ойыны











Балаларға алдымен бала саны бірдей, сосын бала саны əртүрлі командалармен арқан тартуды ұсыныңыз. Артынан дене тұлғасы əртүрлі балаларды таңдап, оларға да арқан тартуды ұсыныңыз. Кімнің жағында күш көп?

Оқушылар арқан тартады. Күшті бөлу нəтижеге қалай əсер ететінін бақылайды.


Ойын бойынша егжей-тегжейлі нұсқау береді. Қауіпсіздік техникасын

қадағалайды.



Арқан

Қорытынды: Күштер шамасына қарай

Қорытынды жасайды.







Суретке қараңдар. Осы сайыста күштердің қайда бағытталғанын көрсет (қарама-қарсы жақтарға).

Қандай команда жеңіске жетеді деп ойлайсыңдар? (Командалардың күштері бірдей).

Екі команда арқанды бірдей күшпен тартса, арқан қозғала ма? (Жоқ).

Қорытынды: егер екі бірдей күш қарама-қарсы бағытта əсер етсе, онда бір күш екінші күшті жояды жəне зат қозғалмайды.

Егер командалардың біріне тағы екі қатысушы қосылса не болады?

Оқулықтағы иллюстрацияларды көреді. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.





Оқулық

Сендер батпырауық ұшырып көрдіңдер ме? Батпырауықты не ұшырады?

Жіпті босатып жіберсе не болады? Батпырауық ұшқан кезде не пайда болады? (Табиғи күш).

Табиғи күштердің мысалдарын келтіріңдер. Табиғи күштер бізге қандай қауіп-қатер əкеледі.

Олар адамға қандай пайда əкеледі?

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.


Өз мысалдарын келтіреді. Табиғи күштердің пайдасы

мен зияны туралы

ҚБ: «Ду қол шапалақ». Дұрыс жəне толық жауаптарды бағалайды жəне көтермелейді.










болжамдарын мысалдармен растайды.










Педагог ғылыми күнделікте тапсырма орындауды ұсынады:

Тарту жəне итеру күштері арқылы қозғалатын заттарды СҮЙРЕУ жəне ИТЕРУ сөздерімен меңзермен жалғаңдар.

Күштердің түрлерін анықтаңдар: магниттік күш, үйкеліс күші, серпімділік күші.

Күштің түрлерін анықта. Меңзермен

сəйкестендір.

Ғылыми күнделікте тапсырма орындайды.

Оқушылардың дəптердегі жұмысын көреді.


Ғылыми күнделік

ІІІ. Сабақтың соңы (10–10 мин)

Материалды қорытындылау үшін мұғалім сұрақтар қояды:

  1. Күш дегеніміз не?

  2. Күштің қандай түрлері болады?

  3. Түрлі күштердің көмегімен қозғалатын денелерге мысалдар келтір.

Сұрақтарға жауап береді. Зерделенген материалды еске түсіріп, қорытындылайды.

ҚБ: «Авторлық орындық».

Оқушылардың нақты материалды білуін жəне

меңгеру деңгейін бағалайды.

Оқулық

Түрлі ақпарат көздерін қолданып, кеменің қалай жасалатынын біл. Оны қандай материалдан жасаған жақсы болатыны туралы ойлан. Кеме жаса. Оны суға сал. Кемені ненің

есебінен қозғалтуға болатыны туралы əңгімеле. Ғылыми күнделікке суретін сал.

Үй тапсырмасы бойынша мұғалімнің нұсқауы мен түсіндірмелерін мұқият тыңдайды.




Ғылыми күнделік, оқулық




Əр оқушының өзін-өзі бағалуын ұйымдастырады. Оқушылардан межедегі жалаушаларды бояп, сабақтағы өз жұмысын бағалауды сұрайды:

  • Қызыл түс ештеңе түсінбедім;

  • Сары түс – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын;

  • Жасыл түс – барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын.

Сабақтағы өз жұмысын, оқу материалын меңгеру деңгейін талдайды. Өзінің эмоционалдық жағдайын анықтайды. Өз білімін өзі бағалайды.

ҚБ: «Мəшине».
Оқушылар рефлексиясының нəтижесін талдайды.

Ғылыми күнделік, қарындаштар, қалам






1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта