сценарий. жұлдызды сат сцен. І жргізуші Армысыздар, рметті крермендер! Іі жргізуші
Скачать 21.21 Kb.
|
І жүргізуші:Армысыздар, құрметті көрермендер! ІІ жүргізуші:Сәлеметсіздерме ардақты ұстаздар және қадірменді студенттер! І жүргізуші: Бүгінгі кеште өнерлі де, білімді, танымы жүйрік, өз халқының нағыз патриоттары қатысып отыр. Біз назарларыңызға 1а КШМ тобы өнерпаздарының музыкалық сәлемдемесін ұсынамыз, қабыл алыңыздар! ІІ жүргізуші: Сән – салтанат жасайық, Күй сандықты ашайық. Бұл мереке бұл тойға, Әннен шашу шашайық. І жүргізуші: Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы әнмен, тәтті күй. Көңілге түрткі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй - деп алғашқы ән кезегіне жол береміз. ІІ жүргізуші : Төлегенова Аружанды «Көзімнің қарасы» әнімен ортаға шақырамыз. Ән: «Қазақ қызы» Төлепбергенова Мейрамгүл І жүргізуші: Ән… саз… әуен… Бұл сөздерді оқығанда немесе естігенде көңілде бірден халық композиторларының терең сазды, сырлы, сұлу туындылары, қазір өзіміз сүйіп тыңдайтын әдемі әндер келеді. Расында, әнді тыңдай алатын, әуелете айта алатын, бағалай алатын, одан өз жан-дүниесінің бейнесін көре алатын,, сезімтал, сыршыл, сұлулықты сүйетін халықтың ұрпағы болғанымыз қандай бақыт! Мәнерлеп оқу «Тәуелсіздік» Шабахова Илана ІІ жүргізуші: Өнермен терең жүзіп шарықтадың, Мақсатыңды талаппен анықтадың. Сан қырлы таза гауһар секілденіп, Қуантады өзіңді танытқаның, І жүргізуші Көңілім тағы жырлашы, Сұңқардай көкке самғашы. Әсем әнім шырқалса, Туған жердің арқасы Келесі тындайтындарыңыз ағылшын әндерінен топтама орындайтындар Болатова Гүлбақыт Жаксенова Асель ІІ жүргізуші: Бабамыздың мұңысың сен домбыра Анамыздың сырысың сен домбыра Қазағымның жүрегінде жаралған, Даламыздың үнісің сен, домбыра. Домбырадай шежіре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған. Дәулеткерейдің күйі «Көреғұлы» орындайтын Қайратов Шыңғысхан І жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз, Әзірге үлпілдеген құндызымыз. Арасын жер мен көктің бағындырар, Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз ІІ жүргізуші: Біздің халық өнерге мол, бай тегі, Әнші деп те, биші деп те айт оны , - дей келе Төлепбергенова Мейрамгүлді «Қазақ қызы»» әнімен ортаға шақырамыз. І жүргізуші : Би-музыкалық ырғаққа сай қимылымен көрсететін өнер.. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) би өнері шеберліктің биігіне жетті. Сонымен келесі кезекте өнер көрсететін тобымыздың бишілері орындауында қазақ биі қарсы алыңыздар. ІІ жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен, Тізілтіп сөз маржанын тергенімен. Жезтаңдай, бұлбұл даусын әнге қосса, Әнші сұлу көрінер әніменен — деп ақын ағаларымыз жырлағандай тобымыздың әнші ұл-қыздарын ортаға шақырамыз. Ән «Әке – Ана» орындайтын Бақтығалиев Серікбол, Мажит Жангүлім Сисенбай Гүлсезім І жүргізуші: - Біз келешегін алда болжап, өркен жайған, татулығы берік, құшағы кең, достығы мәңгі жайнаған тәуелсіз Отанның ұландарымыз. Сондықтан адал достықты, терең білімді ұрпақ болуымыз керек. ІІ жүргізуші : Сан ғасырлар тарихы мол кешегі, Туған жердің шежіресі деседі. Менің елім Қазақстан- Отаным, Болашағы бізбен бірге өседі. ІІ жүргізуші Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі. І жүргізуші: Біз келешегін алда болжап, өркен жайған, татулығы берік, құшағы кең, достығы мәңгі жайнаған тәуелсіз Отанның ұландарымыз. Сондықтан адал достықты, терең білімді ұрпақ болуымыз керек. ІІ жүргізуші Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, Қанаттарыңыз талмай әрдайым өнер шыңына өрлей берулеріңізге тілектеспіз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар! Хор: «Бір үйдің баласындай» |