Атмосфералық ауа гигиенасы.. атмосфералық ауа гигиенасы. І. Таырыбы Ауа ортасыны гигиеналы маызы. Организмге ауадаы физикалы жне химиялы факторларды сер етуімен байланысты ауруларды алдын алу. Іі. Масаты
Скачать 15.1 Kb.
|
І.Тақырыбы: Ауа ортасының гигиеналық маңызы. Организмге ауадағы физикалық және химиялық факторлардың әсер етуімен байланысты аурулардың алдын алу. ІІ.Мақсаты: ауа ортасының гигиеналық мәселелері және атмосфералық ауа ластануымен байланысты туындайтын аурулардың алдын алу шараларымен таныстыру. III.Дәріс тезистері: Атмосфералық ауаның гигиеналық сипаттамасы және денсаулыққа әсері. Атмосфералық ауа жер бетіндегі тіршілікті, ағзаның қалыпты өмір сүруі және оның еңбекке жарамдылығын қамтамасыз етіп тұратын жер шарын қоршаған газ тәрізді қабат. Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттері. Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттері адамның денсаулығына және атмосфералық ауаның өзін-өзі тазартуына өте үлкен әсерін тигізеді. Ауаның физикалық қасиеттеріне барометрлік қысым, температура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы және оның электрлік жағдайы жатады. Атмосфералық қысым. Жердің тарту күші ауаны жерге тартады, сөйтіп қысым пайда болады. Температурасы 00 жағдайындағы теңіз деңгейінің ауа қысымы қалыпты деп есептелінеді, ол сынап бағанасымен 760мм-ге тең (1атмосфера) немесе 101,3 КПА. Сыртқы қысым ішкі қысыммен тең, сондықтан адам ағзасы атмосфера ауырлығын сезінбейді. Төменгі атмосфералық қысым. Жер бетінен жоғарылаған сайын, ауаның қысымы төмендей береді, әрбір 10,5м-ге биіктеген сайын қысым сынап бағанасы бойынша 1мм-ге төмендейді. Жоғарғы атмосфералық қысым теңіз деңгейінен төмен әр түрлі тереңдікте байқалады. Оған метро жұмысшылары, су астында жұмыс істейтіндер, сүңгуірлер ұшырайды. Әрбір 10м тереңдікте ауаның қысымы 1атмосфераға артады. Жоғарғы атмосфералық қысым жағдайында жұмыс істеу үшін арнайы скафандрлер, камера-кессондар болуы қажет. Кессондарда жұмыс істеу 3 кезеңге бөлінеді: 1.Компрессия 2. Жоғарғы атмосфералық қысымда жүру 3. Декомпрессия Температура. Ауаның температурасы географиялық жазықта орналасуына байланысты әр түрлі болып келеді. Мысалы, жер бетіндегі ең жоғары температура оңтүстікте-Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия мемлекеттерінде байқалады. Бұл елдерде күннің ыстығы +630С, ал суық кезеңде-150С болуы мүмкін. Планетамызда ең төменгі температура Антарктидада тіркелген -940С. Ылғалдылық –ауаның су буларымен қанығуының көрсеткіші. Ылғалдылықтың 3 түрі бар. 1.Абсолютті ылғалдылық 2.Максимальды ылғалдылық 3.Салыстырмалы ылғалдылық Ауаның қозғалысы. Ауа әрдайым қозғалыста болады. Ауаның қозғалысы оның бағыты мен жылдамдығымен сипатталады. Күн радиациясы және оның биологиялық әсері. Күн сәулесінің радиациясы-күннен шығатын интегралды (бүтін) бірыңғай сәуле ағыны. Физикалық тұрғыдан алғанда күн радиациясы – толқын ұзындығы әр түрлі электромагниттік сәулелер. Атмосфералық ауаның химиялық құрамы.
Ауаны ластаушы көздер. Атмосфералық ауаның ластануы туралы өзекті мәселе XX ғасырдың II-жартысында өндіріс орындарының, техника, транспорт дамуымен байланысты өзінің шыңына жетті. Қазіргі кезде атмосфераға жылына жүздеген, миллиондаған тонна өндіріс қалдықтары шығарылуда. Ауаның бактериалды ластануы. Ауаны ластаушы негізгі көз-топырақ. 1г топырақта миллиардтаған микроағзалар бар. Олардың ауадағы мөлшері тәулік, жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Суық кезеңде ауа тазалау, ал ыстық кездерде олардың мөлшері күрт артады. Халық көп жинаған жерде олардың саны да көп. Мысалы, қалада 1м3 ауадағы микроағзалар саны 30-40 мың болса, қала сыртында 1м3-те 100мың. Микроағзалардың ауадағы мөлшері метеорологиялық факторлармен де байланысты. Биіктікке жоғарылаған сайын олардың саны азаяды. Мысалы, 1м3 ауада 500 метр биіктікте шамамен 1300, 2500 м-де-240, 4000м-де-79, 6000м-де-27 микроағза бар. |