Главная страница
Навигация по странице:

  • Лестют де Граси

  • Идеологиялық күрес

  • Теориялық-тұжырымдық деңгейде

  • Бағдарламалық-саяси деңгейде

  • Өзектілік деңгей

  • Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады

  • Сыртқы ұлттық қауіпсіздік

  • Ішкі ұлттық қауіпсіздік

  • Ұлттық мүдде

  • Қа­зақстанның ұлттық мүддесі

  • Саясаттану. 1ПС. Идеология саясат субъектілеріні белгілі бір шындыа атысты кзарастары мен идеялары жйесі, масаттары, мдделері, мтылыстарыны теоретикалы жйесі. Идеология терминін алаш рет ылыма егізген француз философы Лестют де Граси


    Скачать 19.85 Kb.
    НазваниеИдеология саясат субъектілеріні белгілі бір шындыа атысты кзарастары мен идеялары жйесі, масаттары, мдделері, мтылыстарыны теоретикалы жйесі. Идеология терминін алаш рет ылыма егізген француз философы Лестют де Граси
    АнкорСаясаттану
    Дата05.04.2021
    Размер19.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1ПС.docx
    ТипДокументы
    #191382

    1ПС

    САЯСИ ИДЕОЛОГИЯ МЕН ҰЛТТЫҚ САНА

    Жалпы алғанда, идеология ұғымына келесідей анықматаманы беруге болады. Идеология – саясат субъектілерінің белгілі бір шындыққа қатысты көзқарастары мен идеялары жүйесі, мақсаттары, мүдделері, ұмтылыстарының теоретикалық жүйесі. Идеология терминін алғаш рет ғылымға еңгізген француз философы Лестют де Граси еді. Оның 1801-1815 жылдар аралығында жазылған 4 томдық «Идеология элементтері» бар. Ол өз еңбегінде сана көріністерінің этикалық, моральдік және саяси негіздерін, оның логикалық, психологиялық түсіндірмелерін табуға талпынады.

    Саяси идеология – «қоғамдық санадағы түрлі формада болатын идеялар, елестер, түсініктер жүйесі. Идеология қоғамдық тұрмыстың адам санасында қабылдануының айнасы деп те қарастыруға болады, және ол пайда болғаннан кейін-ақ ол қоғамның дамуына белсенді түрде әсер етеді: дамытады (прогрессивті идеология), оған кедергі келтіреді (реакционды идеология) Таптық қоғамда идеология әрқашан таптық болады. Идеологиялық күрес саяси және экономикалық күреспен қатар таптық күрестің негізгі формаларының бірі болып табылады.

    Саяси идеология деңгейлері

    Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-тұжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік.

    Теориялық-тұжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады.

    Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.

    Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды.

    Саяси идеология қызметі

    Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

    1) танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;

    2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;

    3) жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;

    4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;

    5) бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

    Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы, ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған.

    Тарихты сақтау ұлттық сананы құрметтеу, тарихты білу ұлттық сананы иеленіп отырумен тең. Әрбір тарихи уақыт өрісіндегі жекелеген адамдардың интеллектуалдық қызметі оның бойындағы ұлттық санасымен көрініп отырады. Халыққа ортақ қасиеттер мен тәжірибелерге тұнып тұрған ұлттық сана тарих даналығымен ортақ құндылыққа айналады.

    Зиялыларды елдік, мемлекеттілік идеясына біріктіретін ұлттық сана.

    2ПС

    ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    Ұлттық Қауіпсіздік- азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделерінің, ұлттық құндылықтарының, өмір салтының әртүрлі ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерден қорғалғандығы.

    Ұлттық қауіпсіздік өзара байланысты үш деңгейден тұрады:

    -жеке адамның қауіпсіздігі;

    -қоғамның қауіпсіздігі ;

    -мемлекеттің қауіпсіздігі;

    Олардың өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму деңгейімен анықталады.

    Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін, мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар- ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік ақпарат тарату және тағы басқа.

    Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады.

    Ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.

    Мүдде – дара адам, отбасы, ұлттық немесе қоғам үшін қажетті ма­ңыз­ды­лықты, адамдардың еркі мен әрекет ба­ғыт­тарының объективтік және әлеу­меттік жағдайларға сай айқындалуы.

    Әрбір жеке адам табиғи-материалдық деңгейде өзінің жеке басын қорғауға, өзін қамтамасыз етуге және ұрпақ қалдыру арқылы тіршілікті ұзартуға мүдделі. Осыған орай, адамдар арасында өзара мүдделі катынастар, бәсекелестіктер, кайшылықтар туындайды.

    Әрбір жеке адамның мүддесі, алдымен оның қандай құндылықтарды бағалайтынына байланысты қалыптасады. Ол өз кезегінде қоғамдағы, тарихи кезеңдегі басымдылық танытатын сұраныстармен, қажеттіліктермен, құндылықтар жүйесімен байланысып жатады. Адамның жеке мүддесінің айқындалуына оның алған тәрбиесі, көрген-білгені, білімі, өзі өмір сүретін ортадағы әлеуметтік-саяси жағдайлар тікелей немесе жанама ықпал етеді.

    Ұлттық мүддекең мағынасында – қо­ғамдық өмірдің барлық саласындағы әлеу­меттік-саяси қажеттіліктерді көрсететін ел­дің ұлттық-мемлекеттік мүдделері; тар ма­ғы­­насында – ұлттың немесе басқа этностың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі қажеттіліктерінің көрінісі.

    Ұлттық мүдде белгілі бір ұлт өкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүдделері екендігін ескерсек, ұлттық мүдде мен ұлттық қажеттілік мемлекеттік мүдде мен мемлекеттік қажеттілікпен қатар тұрады.

    Ұлттық мүддені түсіну – өзіндік сана категориясымен тікелей байланысты. Мүдде деңгейінде көрініс берген жеке адамның қалауы мен тілектері бір­тұтас құбылыс болып келетін мате­риалдық және рухани заңдылықтар ау­қымында болады. Бұл адамзат дүниесі тарихының және болашағының рухани біртұтастығын білдіреді. Сондықтан, әрбір қоғамның тұтастығы мен ішкі бірлігінің сақталуы, адамдар мен әлеуметтік топтар арасында түсіністіктің ұлғая түсуі мен әлеу­меттік саланың жете дамуы үшін мүдде деңгейіндегі үйлестік пен үндестік терең болуы шарт, онсыз әртүрлі тартыстар көбейеді. Сонымен қатар, ұлттық мүдде – аса ма­ңызды қоғамдық мүдделердің бірі. Ол мемлекет дамуының ішкі және сыртқы қатынастарының бағыт-бағдарымен, сая­­­сатымен тікелей астасып жатады.

    . Қазақ­стан­ның ұлттық мүддесі тек мемлекеттің немесе бір ғана этностың мүддесі емес. Қа­зақстанның ұлттық мүддесі дегеніміз, ол – жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесі, олардың қоғам өмірінің бар­лық саласындағы теңестірілген мүдде­лері­нің жиынтығы.

    Жеке адам мүд­десі оның конституциялық құқықтары мен бостандығын жүзеге асырудан басталады. Оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуден, өмір сүру деңгейі мен тұрмысын жақ­­сартудан, денсаулығы мен рухани ке­мел­денуіне, интеллектуалдық дамуына қа­­жетті жағдайды жасаудан тұрады.

    Ал, қо­ғамның мүддесі демократияны нығай­туға, құқықтық, әлеуметшіл мемлекет құру мен қоғамдық келісімге негізделуі тиіс. Мем­лекеттің мүддесі оның конституциялық құрылымы, егемендігі мен территориялық тұтастығының бұзылмауына қатысты болады. Еліміздің саяси-экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы заң мен құқық­тық тәртіп негізінде қатаң сақталуы тиіс.

    Ұлттық мүддені жүзеге асыру үшін жеке адам, қоғам және мемлекеттің өзара сенімі болуы шарт. Өзара сенім болмай, өркендеу мен даму болмайды.

    Жеке мүддені ұлттық мүд­деге бағындыра білген кезде ғана мемлекетте мүдде қақтығысы болмайды. Яғни, мүдделер қақтығысы жоқ жерде қоғамда үздіксіз даму үрдісі орын алары сөзсіз.

    САЯСИ ҚАҚТЫҒЫСТАР https://www.tayk.kz/file/sabak/21/57.pdf


    написать администратору сайта