ІІ «Құнды сөз құнарлы ой жемісі» бөлімі
Сабақ №
Эссе тақырыбы: Эссе жаза білу өнер
Мәтін
| Эссе бөлімдері
| Кіріспе 30% (90 сөз)
| Өнердің түрі өте көп. Қанша мамандық болса, сонша өнер бар. Эссе жаза білу де үлкен өнер. Қазір тілмен емес, біліммен оза шауып, шын мықтылықты дәлелдейтін заман. Бал тамған тілден у да таматынын ұмытпауымыз керек. Сондықтан, тілдің буынсыздығы мен ойдың түпсіздігін жете түсініп, жазған дүниеміздің мағыналылығы мен жүйелілігіне аса мән беруіміз қажет.
| Эссе тақырыбын түсінгендігі туралы сөйлем
| Сөз жүйелі болса міндетті түрде жүйесін тауып, сөз қадірі мен өз қадірін білетін тыңдарманның санасына тұрақтайды.
| Тақырыптың өзектілігі туралы жазу
| Эсседе қамал бұзатын қаһарлы сөздердің болуы маңызды рөл атқарады.
| Тезис
| Жүзден біреу шешен болып, мыңнан біреу көсем болып, құрылымын сақтай отырып, заман талабына сай эссе жазу, ең алдымен, асқан білімділікті, жинақылық пен ептілікті қажет ететіні сөзсіз.
| Кіріспе бөлімнен негізгі бөлімге өтуші сөйлем
| Негізгі бөлім 60% (180 сөз)
| Эсседе мың шешенді бір мылжың жеңіптінің керін қылып, арзан сөзге батып кетпеу керек. Дәлелдер келтіре отырып, ойды сөзбен әдемі өру талап етіледі. Ақылдың –дария, ойдың – теңіз екенін ескерсек, бұл жерде оқығанымызды емес, тоқығанымызды көрсету маңызды болып табылады.
| Тезисті қолдаушы пікір
| Жазылған эссе майдан қыл суырғандай нақтылық, дәлдіктің арқасында ғана керемет нәтиже береді. Мәселен, өмірдің өзі – ұлы ұстаз екенін білген адам ғана өмірден алған сабақтарын эссемен байланыстыра алады.
| Пікірге қатысты аргумент-дәлел
| Заман талабы осы болғандықтан, біз көштен кейін қалмауға әрекеттенуіміз керек.
| Анализ
| Білімді бесіктен тесікке дейін іздеген адам міндетті түрде дегеніне жетеді.
| Абзацты қорытындылаушы сөйлем
| Қайтсек те біз осы жолда барымызды саламыз.
| Негізгі бөлімнің бірінші абзацынан екінші абзацына көшу сөйлемі
| Эссенің құрылымына келер болсақ, берілген сөз санына, үш бөлімнің аясына айтар ойды сыйғызу өз алдына бір бөлек дүние.
| Тезисті қолдаушы пікір
| Себебі, кейде ой шашыраңқылығының әсерінен біз жазған эссеміздің құрылымына сыйғыза алмай, не керісінше, сөздік қордың аздығынан белгіленген межеге жете алмай қалып жататынымыз тағы бар.
| Пікірге қатысты аргумент-дәлел
| Осындай келеңсіздіктерге ұрынбау үшін әр бір эссеист өзіне сол тақырып төңірегінде жоспар құрып алуы керек деген ойға келдім.
| Анализ
| Жоспар болса, сол жоспар аясында сөз саптап, екпей егін шықпасына, үйренбей білім жұқпасына көз жеткіземіз.
| Абзацты қорытындылаушы сөйлем
| Әрбір ізденген адам қашан да оң нәтижеге жетеді.
| Негізгі бөлімнің екінші абзацынан үшінші абзацына көшу сөйлемі
| Жүре түзелетін көш сияқты біз де ізденіс пен еңбектің арқасында ұшқыр да татымды ойларды өз эссемізде байланыстыра алатын боламыз.
| Тезисті қолдаушы пікір
| Ешкім қолына қалам алып, бірден эссе жазып кеткен жоқ, осылардың ішінде мен де бармын. Жаңа заман – жаңа талап! Ал біз сол талапқа сай болу үшін тырысып жатырмыз.
| Пікірге қатысты аргумент-дәлел
| Ол талап тек эссеге ғана қатысты емес. Ол техника саласында болсын біз елден қалмай, барынша үйренуге әрекет етіп келеміз.
| Анализ
| Меніңше, әрине, бұл дұрыс та. Себебі, адам жан-дүниесі өзгеріске құмар, соған бейім келеді.
| Абзацты қорытындылаушы сөйлем
|
Қорытынды 10% (30 сөз)
|
| Дегенмен, біз орақ ауыз, от тілді шешен болмасақ та, қажет жерде дұрыс сөз тауып, ұтымды пікір жазуымыз керек.
| Кіріспе бөлімдегі тезиске басқа сөйлем арқылы қайта оралу
| Жақсы сөздерді тілге тиек ете отырып жазған жұмыстың соңында біз – еңбекқор адамның тұрғанын байқай аламыз.
| Негізгі бөлім абзацтарының түйіні
| Қорытындылай келе, мен эссе жазу оңай болып көрінгенімен, оған көп білім, уақыт, сөз саптау тағы басқа.керек деген тұжырымға келдім.
| Эссені қорытындылаушы сөйлем
|
Өзін-өзі бағалау:
Менің ойымша, __________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мұғ.кері байланысы
________Эссеңізде талғам бар! Құрылымын тиянақты түсінгенсіз! Жинақы. Ой жүйесі бар! Шешу жолдарын қарастырғансыз! Өзіңізбен терең байланыстырғансыз! Тек сол эссе қай жерде сұралатынын жазғаныңызда ғой... Рақмет! Тілге жеңіл оқылды!____________
Эссе мазмұнын бағалау өлшемшарттары
| Дескрипторлар
| Ұсынылатын Балдары
| Мұғ
балы
|
| Тақырыпты ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі
2 балл
| ұсынылған тақырыпты ұғынуы
| 1
| 1
|
| Проблеманы көрсетуі
| 1
| 1
|
| Дәйектемелер
3 балл
| эссе тақырыбына сәйкес келетін көркем шығармадан алынған дәйектердің болуы, /қажет жағдайда/
Автордың ұстанымын нақтылайтын басқа дереккөздерден алынған дәйектердің болуы
| 2
| 1
|
|
|
| Автордың жеке көзқарасының болуы
| 1
| 1
|
| Композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі
3 балл
| композияциялық тұтастықтың болуы, пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды
| 1
| 1
|
| Ішкі логиканың болуы, жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге өту дағдысының болуы
| 1
| 1
|
| сонылық, ерекшелік (қызықты байланыстар, ойламаған бұрылыстар)
| 1
| 0
|
| Сөйлеумәдениеті
2 балл
| көркем – бейнелеу құралдарды және
стилистік сөздерді, бай лексикасын қолдану
| 1
| 1
|
| эмоционалдылық, тіл шешендігі
| 1
| 0
|
|
| Барлық балдардың жиынтығы
| 10
| 7
|
|
| Сауаттылықты бағалау
Өлшемшарттары
| Дескрипторлар
| Ұсын.балдары
| Мұғ. Балы
|
| Орфография
3 балл
| Орфографиялық қате жоқ, немесе
1 жеңіл қате
| 3
| 3
|
|
| 1-2 қате жіберілді
| 2
|
|
|
| 3-5 қате жіберілді
| 1
|
|
|
| 5-тен көп қате жіберілді
| 0
|
|
| Пунктуация
3 балл
| пунктуациялық қате жоқ,
немесе 1 қате жіберілді
| 3
|
|
|
| 2-3 қате жіберілді
| 2
|
|
|
| 4-5 қате жіберілді
| 1
| 1
|
|
| 5-тен көп қате жіберілді
| 0
|
|
| Грамматикалық
норманы сақтау
2 балл
| грамматикалық қате жоқ немесе,
1 қате жіберілді
| 2
| 2
|
|
| 2-3 қате жіберілді
| 1
|
|
|
| 4-тен көп қате жіберілді
| 0
|
|
| Стилистикалық
норманы сақтау
2 балл
| стилистикалық қателері жоқ, немесе 1 қате жіберілді
| 2
| 2
|
|
| 2-3 қате жіберілді
| 1
|
|
|
| 3-тен көп қате жіберілді
| 0
|
|
|
| Барлық балдардың жиынтығы
| 10
| 8
|
| Жалпы
| 15
| Бағалудың бес балдық жүйесі бойынша баға
| «2»
| «3»
| «4»
| «5»
|
| Мазмұны
| 0–3
| 4–6
| 7–8
| 9–10
|
| Сауаттылығы
| 0-3
| 4-6
| 7-8
| 9–10
|
| |