Мемлекеттік емиханға дайындық жұмысы. 9 сынып - 1. Іі нса аза тілі пнінен мтін мазмны бойынша растырылан бір дрыс жауапты тест тапсырмалары берілген
Скачать 19 Kb.
|
ІІ нұсқа Қазақ тілі пәнінен мәтін мазмұны бойынша құрастырылған бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары берілген.Мәтінді мұқият оқып, берілген тест тапсырмаларына дұрыс жауап беріңіз. Адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі - денсаулық. Бізді ештеңе мазаламай, еш жеріміз ауырмай тұрғанда, дүниені төңкеруге, маңызды шаруалармен айналысуға дайынбыз. Ал ауру келсе, ештеңеге зауқымыз соқпайды, өмірдің мәні кеткендей болады. Денсаулық дұрыс болуы үшін дұрыс тамақтанудың орны маңызды. Дана халқымыз «Ауру – астан» деп бекер айтпаған. Сау адамның тамақ рационында ақуыз бен майлар, көмірсу жеткілікті мөлшерде болуы шарт. Ет пен сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, табиғи әрі құнарлы тамақтарды пайдаланған абзал. Тез дайындалатын тамақтар (пицца, гамбургер, қытырлақ чипстер мен фри, т.б.), газды сусындар, көп мөлшердегі қант, дүкен йогурттары мен тәттілерінен бас тартқан жөн. Қазіргі таңдағы ең үлкен дерт – гаджеттер де денсаулыққа айтарлықтай кері әсерін тигізіп жатыр. Статистика бойынша 5 миллионға жуық бала телефонға телміріп, ұзақ уақыт қозғалмағаннан қайтыс болады екен. Бұл – дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметі. Түнде ұзақ кітап оқу, компьютер мен телефонды артық пайдалану көзімізге үлкен зиянын тигізеді. Инновациялық технологияның ғасыры дегенімізбен, гаджеттердің қолданысын барынша азайту керек. Денсаулыққа кері әсерін тигізетін тағы бір фактор – жаман әдеттер: темекі тарту, спиртті ішімдіктер пайдалану. Осының бәрі де өмірімізді едәуір қысқартады. Аталған әдеттер тек сол адамның өзіне ғана емес, айналадағылардың бәріне өз зиянын тигізеді. Өмір – қозғалыс. Денсаулықтың да дұрыс болуы үшін белсенді өмірдің маңызы зор. Спорт – денсаулық кепілі. Спорт деген тек спортшылардың ғана емес, күллі адамзаттың өмірінде орын алуы шарт. «Гимнастика, физикалық жаттығулар және жаяу жүру жұмысқа қабілетті, денсаулығы мен шаттыққа толы өмірін сақтап қалғысы келетін әр адамның күнделікті өмірінде орын алуы тиіс» деп Гиппократ айтып кеткен. Денсаулық – зор байлық. Бұны барлығы біледі, тек көп адам мән бере бермейді. Адамның өмірге келуінде бір үлкен мақсат болса, сол мақсатты орындауы үшін, сапалы өмір сүруі үшін деннің саулығы аса маңызды. Ал дені саудың – жаны сау екені бесенеден белгілі. Дені сау болу қиын дүние емес, тек әр адам өз ағзасын есіте білсе, дер кезінде көмек көрсете алса, өз өмірі үшін жауапкершілік ала білсе болғаны. (интернет желісінен https://forum.stan.kz/) 1. Денсаулықтың адам өміріндегі құндылығы [1] А) Адам үшін құндылығы жоқ. В) Адам үшін құндылығы орташа. С) Адам үшін құндылығы жоғары. D) Адам өміріндегі маңыздылығы төмен. Е) Құндылыққа жатпайды. 2. Денсаулықты дұрыс ұстаудағы маңызды дүние [1] А) Денсаулықтың дұрыс болуы үшін белсенді өмірдің маңызы зор. В) Темекі тарту, спиртті ішімдіктер пайдалану. С) Түнде ұзақ кітап оқу. D) Компьютер мен телефонды артық пайдалану. Е) Тез дайындалатын тамақтарды пайдалану. 3. Мәтінге сай келетін тақырыпты анықтаңыз. [1] А) Спорт – денсаулық кепілі. В) Еңбектің маңызы.. С) Өмір – қозғалыс D) Денсаулық – зор байлық. Е) Гаджеттердің адам өміріндегі маңызы. 4. Берілген мақалдың мағынасын анықтаңыз. «Дені саудың – жаны сау». [1] А) Денсаулығы мықты адамның өмірге деген құлшынысы болмайды. В) Дені сау адамның тәні де, жаны да аман. С) Денсаулыққа аса мән бермеу. D) Жалқаулыққа бой алдыру. Е) Денсаулыққа деген көзқарас. 5. Адамның күнделікті өмірінде басты орын алуы тиіс [1] А) Адамның гаджеттерді шамадан артық қолдануы. В) Адамның өз қызметіне көңіл аударуы. С) Денсаулықты жақсарту үшін спортпен айналысу, белсенді өмір сүру. D) Түні бойы кітап оқу. Е) Тез дайындалатын тағамдарды қолдану. 6. Мәтіннің адам өміріндегі мақсаттар мен оған қол жеткізудің амалдары туралы айтылған бөлімі [1] А) І бөлім В) ІІ бөлім С) ІҮ бөлім D) Ү бөлім Е) ҮІ бөлім 7. Мәтіннің стилі [1] А) ғылыми В) көркем-әдеби С) публицистикалық D) ауыз-екі сөйлеу Е) ресми іс -қағаздар 8. Денсаулық- ең басты құндылық деген пікірге сәйкес келетін сөйлемді анықтаңыз.[1] А) Адам өмірінде денсаулықтан да маңызды нәрселер бар. В) Қаражатың болса, кез-келген ауруды түзей аласың. С) Ең басты құндылық – бай болу. D) Денсаулық – адамның ең басты байлығы, денсаулықты сатып ала алмайсың. Е) Адамның ең басты байлығы- оның жоғары қызмет істеуі. 9. Қазақта айтылатын «Ауру- астан» деген сөздің мағынасы [1] А) Табиғи өнімді, дәрумені бар тағамдарды пайдалану денсаулықты нығайтады және аурудың алдын алады. В) Кез- келген тағамды жей беруге болады деген сөз. С) Дұрыс уақытылы тамақтанбау, денсаулыққа зиян келтіретін тағамдарды жиі қолдану ауруға әкеліп соғады. D) Денсаулыққа мән бермеу деген сөз. Е) Денсаулыққа мән беру деген сөз. 10. Мәтін мазмұны бойынша келесі сұраққа жауап беріңіз. Инновациялық технологияның ғасыры дегенімізбен, гаджеттердің қолданысын барынша азайту керек деген дұрыс па? [1] А) Дұрыс, себебі гаджеттерді уақытынан тыс қолдану нәтижесінде, адам денсаулығы төмендеу фактілері көбейді. В) Дұрыс емес, гаджеттердің ешқандай зияны жоқ. С) Гаджеттер адам өмірінде ең бірінші орында, сондықтан оның қолданысын барынша көбейту керек. D) Гаджеттерсіз адам өмірінің маңызы жоқ. Е) Дұрыс, себебі гаджеттер тым көп уақытты алады, жалқаулыққа әкеледі. Дұрыс жауап кілттері:
Дайындаған: Ибраева Б.О. қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі |