Главная страница
Навигация по странице:

  • 1 сабақ IDE -мен танысу Бүгін үйренетініміз

  • Python 3.8 программасының жұмыс жасау ортасы (IDE)

  • Программа құрудың кіріктірілген ортасы (

  • Программа құрудың кіріктірілген ортасы және Python тілінде оқыту

  • 2 сабақ Тіл әліппесі. Синтаксис Бүгін үйренетініміз

  • Python тілінің әліпбиі

  • Тіл әліпбиі

  • Программалау тілінің синтаксисі

  • Мысалы: 1) а=7

  • 3 сабақ Деректердің типтері Бүгін үйренетініміз

  • Сандар Python-да сандық мәлімет типтерінің мынадай түрлері бар: int (бүтін сан); float (нақты сан [жылжымалы нүктелі

  • Мысалы: "Сәлем, Python!"

  • пайтон 6 сынып. Python 6 сынып. Ііі блім Python тілінде программалау


    Скачать 0.66 Mb.
    НазваниеІіі блім Python тілінде программалау
    Анкорпайтон 6 сынып
    Дата10.05.2023
    Размер0.66 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаPython 6 сынып.docx
    ТипПрограмма
    #1119617

    Python

    6 сынып

    ІІІ бөлім Python тілінде программалау

    3.1

    IDE-мен танысу

    6.1.2.2 IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолдану;

    3.2

    Тіл әліппесі. Синтаксис

    6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;

    3.3

    Деректердің типтері

    6.3.3.1 деректер түрлерін жіктеу;

    3.4

    Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері

    6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;

    3.7

    Санды енгізу және шығару

    6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;

    3.8

    Сызықтық алгоритмдерді программалау

    6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;


    1 сабақ IDE-мен танысу

    Бүгін үйренетініміз:

    • Python программалау тілі;

    • IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолану.

    Python қазіргі заманға лайықты, жоғары дірежәдегі программалау тіліне жатады. Python тілін 1991 дылы нидерландық программист Гвидо ван Россум ойлап тапқан. Ол қазіргі кезде ең көп таралған программалау тілі болып саналады, бұл тіл қазір көптеген салаларда, соның ішінде веб-сайттар жасауда және жасанды интеллект проблемаларын шешуге қолданылады. Python программалау тілін https://python.ru.updown.com/windows/download сілтемесі арқылы тегін әрі оңай жүктеп алуға болады.

    Алгоритм – алға қойған мақсатқа жету үшін немесе берілген есепті шешу үшін түсінікті де нақты ережелер бойынша орындаушыға жинақы түрде берілген реттелген нұсқаулар тізбегі.

    Кез келген алгоритмді үш негізгі құрылымды қолдана отырып құруға болады:

    1. Сызықтық алгоритм (командаларды тізбектей орындау);

    2. Тармақталған алгоритм (екі опцияның біреуін таңдау);

    3. Циклдік алгоритм (бірдей әрекеттерді қайталау).

    Python 3.8 программасының жұмыс жасау ортасы (IDE)

    Python 3.8 программасын жүктегеннен және орнатқаннан кейін, IDLE(кіріктірілгер орта) ашыңдар.



    Программа құрудың кіріктірілген ортасы (ағылш. Integrated development environment, IDE) – программалаушыға программалық жасақтаманы дамытуға жағдай жасайтын қосымша.

    Программа құрудың кіріктірілген ортасы және Python тілінде оқыту (ағылш. Integrated Development and Learning Environment, IDLE) – программалаушыға программалық жасақтама құруға көмек беретін программалық қосымша.

    Python іске қосылған соң программаның жұмыс істеу ортасы басқа программалау тілдерінен өзгеше екенін байқайсыңдар. Бұл программада тақырып жолы мен мәзір жолағын ғана байқауға болады.



    Python 3.8 программалау тілінің жұмыс ортасы ашылғаннан кейін программаны жазу үшін жаңа бет ашу керек.

    Программада жаңа терезе ашу үшін IDLE ашып, мәзірден File →New File таңдау керек.

    Бос терезе тақырыбы «Untitled» сөзімен ашылады. Жаңа терезеде мына кодты енгізіңіздер:



    Енді мәзірден File→Save таңдаңдар. Ашылған терезеде сұранысқы жауап ретінде программа.ру деп теріп, файлды жұмыс үстеліне немесе құжаттар бумасына сақтаңдар. Python-да құрылңан программа кеңейтілімі .ру.

    IDLE(Python 3.8) программасын іске өоспас бұрын файлды сақтау үшін F5 пернесін басуға да болады. Енді Run→Run Module командасын таңдаңдар. Саөталған программа нәтижесі суреттегідей көрінуі керек:



    Экранда нәтижені көрсету үшін программалық жасақтама кіріктірілген print функциясын қолданылатын функция.

    Сендер Python программалау тіліндегі алғашқы программаларыңды жаздыңдар.

    Осы программаны сақтап, іске қосқаннан кейін Жұмыс үстелінде немесе Құжаттар бумасында программа.ру деп аталатын жаңа белгі пайда болды. Егер оны тінтуірмен екі рет шертсеңдер, экранда қара терезе пайда болып, бірден өшіп қалады. Не себепті бұлай болады?

    Бұл – Python консольдік терезесі (командалық қабық тәрізді). Онда программа басталып, «Наурыз – жыл басы!» сөздерін басып шығарады және солай жабылады.

    Сандармен жұмыс жасайтын мысал келтірейік:

    • 5+8*2 өрнегін Python тілінде есептеңдер



    Жолдар арасындағы бос орын автоматты түрде қойылады. Бос орын қажет болмаған жайғайда, print функциясын шақырған кезде, бос жолға тең sep= “” (ағылш. Separator – бөлгіш) деп аталатын аргументті қосу керек.

    Мысалы:

    Print(“8”, “x”, “9”, “=”, “72”, sep=“”) командасы жолдағы барлық симболды бос орынсыз жазады.



    Егер print функциясын бірнеше рет шақырып, мәліметті жаңа жолға көшірмей, нәтижесі бір жолда жазылуын қаласаңдар, бос жолға тең end=“” аргументін (ағылш. соңы) әр сөз соңына қоюға болады.

    Print(“Мен”, end=“”)

    Программа шығаратын нәтиже:



    Тапсырма:

    Есептерді Python тілінде шығарыңдар.

    1. 3+4*5*2+7

    2. 12-6*2+9

    3. 25/5+9*2

    4. 100-84/9+24+6


    2 сабақ Тіл әліппесі. Синтаксис

    Бүгін үйренетініміз:

    • Тіл әліпбиі, синтаксисі;

    • Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу.

    Python тілінің әліпбиі

    • Латын әліпбиінің бас әріптері (A, B, C … X, Y, Z);

    • Латын әліпбиінің кіші әріптері (a, b, c … x, y, z);

    • Сандар (0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9);

    • Арнайы белгілер ({} [] , . () - + \ * / | % … т.б.).

    Тіл әліпбиі - программаның элементтерін құруда қолданылатын символдар жиынтығы.

    Python тілінің синтаксисі

    • Жолдың соңына нүктелі үтір қойылмайды;

    • Операторлық жақшалар қойылмайды, оның орнына бос орын (пробел), табуляция символы, жаңа жолға көшу таң- басы және қос нүкте қолданылады.

    Программалау тілінің синтаксисі — программа жазу барысында сақталуға тиісті тіл ережелерінің жиынтығы.

    Программаға төмендегідей жол жазып көріңдер:

    # бос программа

    # (тор) символы программаға түсініктеме (комментарий) беру үшін қолданылады, бірақ транслятор оны аудармайды.

    Транслятор - (ағылш. translator - аудармашы) берілген программалау тіліндегі программалау кодын машиналық кодқа түрлендіретін арнайы программа.

    Жазылган программаны іске қосқанда ештеңе өзгермейді. Себебі # символы жай түсініктеме мәтін деп қабылданады, транслятор оны аудармайды.

    Айнымалылар - программанын орындалуы барысында әртүрлі мәндерді қабылдай алатын шамалар. Айнымалылар программадагы ақпараттың орналасу орнын анықтау үшін колданылады.

    Естеріңе сақтаңдар!

    Программа натижесінде экранға шығарылатын сездер тырнақшага (**) алынып жазылады немесе Тырнакша орнына дәйекше (апостроф) колдануга болады.

    Айнымалынын атаулары тек әріптерден, сандардан және астынгы сызықтардан тұрады. Айнымалы атауында сан бола алады, бірак саннан басталмайды.

    Айнымалының мәндері сандар, әріптер, сөздер, символдар және т.б. объектілер бола алады.

    Айнымалыны құру үшін, ен алдымен онын атын жазу керек. Одан кейін теңдік белгісін қойып, айнымалыға мән беру қажет.

    Мысалы:

    1) а=7, мұндағы а - айнымалынын аты. 7-айнымалының мәні:

    2) my4_python – ‘Hello, Python!’ мұндағы my4_python - айнымалынын аты, 'Hello, Python!' - айнымалының мәні.

    Енді есептеулерді орындайтын қарапайым программаларды жазуды үйренесіңдер. Программадағы командалар бірінен кейін бірі орындалады. Ондай программалар немесе алгоритмдер сызықтық деп аталады.

    Кез келген екі санның қосындысын есептейтін программа курып көріндер. Ол үшін программаны түсініп алу керек.

    a, b - айнымалылар.

    Кез келген екі сан мысалы 5+4, 8+9, 20+8, 1+2 т.б. болуы мүмкін. Екі танбалы немесе одан көп таңбалы сандарды мысал ретінде алсандар да болады.

    int () - функциясының мөні бүтін санға түрлендіреді.

    Input () - пернетақтадан деректерді енгізу үшін кірістірілген функция.

    print () - мәліметті экранға шығару үшін кірістірілген функция.

    (Бул функциялармен кейінгі тақырыптарда тереңірек танысасындар).

    a = int (input ('a-ны eнrіз'))

    b = int (input('b-нм eнrіз'))

    print ('косынды', a+b)

    Программа нәтижесі:



    Осы программаны өзгертіп көріңдер:



    Бул программада а, b айнымалыларының мәнін 1-ге арттыра отырып косасындар:

    a= a + 1, b = b + 1.

    Python тілінде арифметикалық амалдарды орындау барысында кыскартылған жазбаларды қолдануға болады.

    Мысалы:

    a = a + b өрнегін қысқартып, а += b, ал а=а-b өрнегін а -= b деп жазуға болады.

    Айнымалының мәнін 1-ге арттыру кезінде і= 1 + 1 өрнегі жиі колданылады. Оны і += 1 деп колдануға болады.

    Тапсырма:

    1. Екі санның көбейтіндісін есептейтін программа құрыңдар.

    2. Екі таңбалы немесе одан да көп таңбалы екі санның қосындысын есептейтін программа құрындар.

    3. Екі санның арифметикалық ортасын есептейтін программа құрындар.


    3 сабақ Деректердің типтері

    Бүгін үйренетініміз:

    • Python тіліндегі мәліметтер типтері;

    • Python-дағы сандар, жолдар, тізімдер.



    Әрі қарай мәліметтер типтерін қарастырасыңдар.

    Сандар

    Python-да сандық мәлімет типтерінің мынадай түрлері бар:

    • int (бүтін сан);

    • float (нақты сан [жылжымалы нүктелі: -0.2, 0.0, 3.14159265 және т.б.]);

    Python тіліндегі сандық типтерге берілген мысалды қарас- . тырындар:



    Программа нәтижесі:



    Жолдар (string)

    Python тілінде тырнақшалар(" ") арасындағы сөздер немесе сандар жолдармен жұмыс жасауға негіз бола алады.

    Тырнакша ішіндегі сөздердің бірінші жолынан бастап соңғы жолына дейін немесе әр символын [][:] таңбаларын пайдаланып киып алып, косымша жолдар жасауға болады.

    Сондай-ақ басталғанға дейін соңғы таңба үшін -1-ден кері индекстеуді, яғни тырнақша ішіндегі символдарды кері жазуды колдана аласындар.

    Жолдар үшін қосу (+) операторы екі жолды қосады, жұл- дызша (*) жолдарды қайталайды.

    Мысалы: "Сәлем, Python!":



    Программа нәтижесі:



    Тізімдер

    Python-дағы тізімдер - құрамдас мәліметтердің ең әмбебап түрі. Тізім тік жақша арасында үтірмен бөлінген элементтерден тұрады ([]). Бір ерекшелігі — бір тізімдегі элементтерде әртүрлі мәліметтер типтері болуы мүмкін. Нөлден соңына дейін қию операторын ([] және [:]) және индекстерді қолдана отырып, тізімде сақталған элементтерге жолдардағы сияқты қолжеткізе аласындар. Дәл жолдағы сияқты қосу (+) операторы екі жолды бірге қосады, жұлдызша (*) жолдарды қайталайды.

    Мысалы:

    Тізімдер құрастырылған. Бірінші тізімде есімдер және сан- дар, екінші тізімде сандар және есімдер. Python тілінде жазып керіндер.



    Нәтижесі:



    type () функциясы

    Айнымалының типін tуре () функциясын пайдаланып аныктауға болады. Қолданылу мысалы суретте көрсетілген.



    type () функциясын жазганнан кейін, Enter пернесін басу арқылы деректердің қай типке жататынын аныктайсындар.

    Мысалда көрсетілгендей а айнымалысы бүтін санға, b айны- малысы жолға, с айнымалысы кортежге жатады.

    Тапсырма:

    1. "Информатика" сөзін "акитамрофни" түрінде кері жазу программасын құрыңдар.

    2. Екі тізім құрыңдар. Бірінші тізімге 5 ұл баланын, екінші тізімге 5 кыз баланың атын жазыңдар. Екі тізімді косатын программа құрыңдар.


    написать администратору сайта